- •Курс бағдарламасы (syllabus) Пәннің аты: «Психология»
- •1 Пәннің мақсаты мен міндеттері
- •«Психология» пәні бойынша оқу үрдісінің күнтізбелік графигі
- •Магистранттардың білімін бағалау
- •3 Пән мазмұны
- •3.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •3 Дәріс. Тұлға психологиясы
- •4 Дәріс. Таным процестері қызметінің психологиялық ерекшеліктері
- •5 Дәріс. Адамның эмоциялық-еріктік сферасының ерекшеліктері
- •6 Дәріс. Іс-әрекет психологиясы
- •3.1 Дәріс мазмұны
- •1 Дәріс. Ғылым ретінде психология пәні мен міндеттері
- •2 Дәріс. Психология ғылымы дамуының негізгі тарихи кезеңдері
- •7 Дәріс. Инженерлік іс-әрекеттің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
- •12 Дәріс. Ұжымның әлеуметтік-психологиялық мәселелері
- •13 Дәріс. Әлеуметтік үлкен топ және бұқаралық құбылыстар психологиясы
- •14 Дәріс. Басқару қызметінің психологиялық ерекшеліктері
- •15 Дәріс. Инженер қызметіндегі басқару қарым-қатынасының әлеуметтік-психологиялық мәселелері
- •3.2 Практикалық (семинар) сабақтар мазмұны.
- •Мөж тапсырмалары және сағат саны
- •Моөж тапсырмалары және сағат саны
- •4. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •4.1 Негізгі әдебиет тізімі
- •4.2 Қосымша әдебиет тізімі
- •Сабақ кестесі
3.1 Дәріс мазмұны
1 Дәріс. Ғылым ретінде психология пәні мен міндеттері
Ғылыми психологияның әдіснамалық негіздері. Психология ғылымының кұрылымы және мазмұны. Психология ғылымының зерттеу пәні. Психологиялық зерттеу әдістерінің жіктелуі. Психологиялық зерттеу пәнін анықтау. Психологиялық кеңес беру, дамуды түзету, психикалық дамудың эксперименталдық диагностикалау және т.б. әдістері мен әдістемелері туралы жалпы түсінік.
2 Дәріс. Психология ғылымы дамуының негізгі тарихи кезеңдері
Ежелгі дәуірдегі психологиялық білімдер. Жан туралы ілім (Платон, Аристотель). Жан мен тәннің айырмашылығы туралы Декарт ілімі. Басқа ғылымдар жүйесіндегі психология ғылымының қалыптасуы. Психологияның алғашқы ғылыми парадигмалары. Таным философиялық теориясы, тәжірибе мен сана туралы ілімдер. Психологиядағы функционализм позициясы (У.Джеймс). Бихевиоризм теориясы. Гештальт-психологиясының пайда болуы. Психоанализдің (З.Фрейд) туындауы. Когнитивті психология негіздері. Гуманистік (экзистенциалды) психологияның туындауы. Психика туралы жалпы ұғым. Психика құрылымы. Психиканың көріну түрлері. Психикалық процестер, күйлер мен сапалар. Жоғары жүйке жүйесінің нейрофизиологиялық механизмдері. Сана, оның қызметі мен механиздері туралы жалпы түсінік.
3 Дәріс. Тұлға психологиясы
Тұлға туралы жалпы ұғым. Тұлға сипаттамалары. Тұлғаны зерттеу тарихы. Заманауи тұлға теориялары. Тұлғаның гуманистік теориясы. А.Н.Леонтьевтің тұлға концепциясы. Тұлғаның психикалық қасиеттерінің салыстырмалы орнықтылығы мен тұрақтылығы. Тұлға құрылымын анықтауға әртүрлі тұрғыдан қарау. Тұлға құрылымының негізгі компоненттері. Тұлға бағыттылығын құраушы элементтер. Тұлғаның биологиялық және әлеуметтік құрылымы. Жеке ерекшеліктер туралы ұғым. Темперамент. Мінез. Қабілеттер.
4 Дәріс. Таным процестері қызметінің психологиялық ерекшеліктері
Танымдық процестерге сипаттама, инженерлік қызметтегі олардың рөлі. Түйсіктің жіктелуі. Қабылдау, оның түрлері мен ерекшеліктері. Зейін психологиялық теориялары. Ес түрлерінің жіктелуі. Ойлау, оның түрлері. Техникалық ойлау инженердің кәсіби қызметінің негізі ретінде.
5 Дәріс. Адамның эмоциялық-еріктік сферасының ерекшеліктері
Психологиядағы эмоциялар туралы ұғым. Адамның эмоциясының түрлері. Эмоциялар, сезімдер, көңіл-күй, аффект, стресс. Фрустрация. Эмоцияның физиологиялық негізі. Эмоциялық стресс, оның физиологиялық механизмдері, стрестен арылу тәсілдері. Ерік, оның психологиялық ерекшеліктері. Еріктік акті құрылымы. Абулия.
6 Дәріс. Іс-әрекет психологиясы
Іс-әрекет туралы ұғым. Адам іс-әрекетінің құрылымы. Әрекеттер мен қозғалыстар. Әрекеттер мен амалдар. Іс-әрекеттің саналы және автоматтандырылған компоненттері. Еңбек, оқу, қарым-қатынас және ойын адам іс-әрекетінің негізгі түрлері ретінде және оларға салыстырмалы сипаттама. Еңбек тұлғаны қалыптастырудың шарты ретінде. Түрткілендіру туралы түсінік. Іс-әрекеттегі түрткі және түрткілендіру. Тәуелділік: түрткі мен қажеттіліктер. Түрткілендіруді анықтау. Түрткілендіру және іс-әрекет. Каузальдік атрибуция теориясы. Жетістікке жету және әртүрлі іс-әрекет түрлерінде сәтсіздіктен құтылу мотивациялары теориялары. Түрткілердің жіктелуі. Бақылау локусы туралы ұғым.
