Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2015 sill гпиир пс каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
775 Кб
Скачать
☆
    1. Моөж тапсырмалары және сағат саны

МОӨЖ 1. Ғылым ретінде психология пәні мен міндеттері

Тапсырма.

1. Бақылау психологиялық зерттеу әдісі ретінде.

2. Инженерлік психология, пайда болу тарихы.

Өткізу формасы: ұжымдық пікірталас.

Әдістемелік ұсыныстар: психологиялық әдебиеттерді оқып, олардағы бақылау әдісінің психологиядағы жетістіктері мен кемшіліктерін тұжырымдаңыздар. Инженерлік психологияның туындау және даму тарихын қарастырыңыздар. Оның мақсаты мен міндеттері қандай екеніне, аталған ғылымның зерттеу пәне нені құрайтынына, заманауи инженерге қандай білім беретінініе көңіл бөліңіздер.

Ұсынылатын әдебиет:

Нег.: 7 [12-70], 4 [5-91, 132-145], 8 [10-90]

Қос.: 4 [7-19, 48-63], 6 [10-78]

МОӨЖ 2. Психология ғылымы дамуының негізгі тарихи кезеңдері

Тапсырма.

1. Ми және сана.

2. И.М. Сеченов, И.П. Павловтың рефлекторлық теориясы.

3. Сана дамуының психологиялық заңдылықтары.

4. И.М.Сеченовтің «Бас миы рефлекстері» еңбегі, психология ғылымының дамуындағы оның маңызы

Өткізу формасы: Қайнаркөздермен жұмыс, ұжымдық пікірталас.

Әдістемелік ұсыныстар: проанализировать первоисточники Ч.Дарвина, И.М.Сеченова, И.П.Павлова с целью определения основных психологических идей и воззрений ученых. Представить и понять, что такое сознание и как функционирует мозг человека.

Ұсынылатын әдебиет:

Нег.: 5 [3-62, 101-284, 367-489], 2 [13-35, 186-214]

Қос.: 2 [10-13,131-246], 3 [10-32, 62-170]

МОӨЖ 3. Тұлға психологиясы

Тапсырма.

  1. Әлеуметтік стереотиптер, жеке тұлға қойылымы, ұшқары ойлар (предрассудки).

  2. Тұлғаның ортаға бейімделуі.

  3. В.С.Мерлин бойынша интегралдық дербестік.

Өткізу формасы: ұжымдық пікірталас.

Әдістемелік ұсыныстар: практикалық мысалдар арқылы әлеуметтік стереотиптердің, жеке тұлға қойылымы мен ұшқары ойлардың адамдардың қарым-қатынастары мен өзара әсер етулерін құруға, олардың бірін-бірі қабылдау процесіне әсер ететінін дәлелдеу керек. В.С.Мерлин бойынша интегралдық дербестік компоненттерін қарастырып, өз пікірлеріңізді негіздеіңздер.

Ұсынылатын әдебиет:

Нег.: 7 [262-325], 4 [335-511], 8 [511-641]

Қос.: 3 [66-88], 5 [195-301]

МОӨЖ 4. Таным процестері қызметінің психологиялық ерекшеліктері

Тапсырма.

1. Тұлғаның эмоциялық ерекшеліктері.

2. Өзінің психикалық күйлерін меңгерудің психологиялық механизмдері. 3. Ақпаратты есте сақтаудың әртүрлі механизмдері.

4. Мнемотехникалық тәсілдер.

Өткізу формасы: ұжымдық пікірталас, практикалық жаттығулар мен тәсілдер.

Әдістемелік ұсыныстар: адамның эмоциялық тұлғалық ерекшеліктері бойынша хабарлама дайындаңыздар. Адамның эмоциялық өмірі жануарлардан өзгеше ме әлде жоқ па екендігін анықтаңыздар. Өзінің эмоциялық күйін басқаруда қандай механизмдер іске қосылады, қандай тәсілдерді қолдануға болатынына назар аударыңыздар. Есте сақтау механизмін дамытуға және ақпаратты жаңғырту тәсілдеріне арналған жаттығулар іріктеңіздер.

Ұсынылатын әдебиет:

Нег.: 7 [155-273], 4 [165-311], 8 [177-435]

Қос.: 5 [40-78]

МОӨЖ 5. Адамның эмоциялық-еріктік сферасының ерекшеліктері

Тапсырма.

1. Тұлғаның психикалық күйлерінің анықтамалық сипаттамасын құрыңыз, психикалық күйлердің туындауының мүмкін болатын себептері мен салдарын баяндаңыз.

Өткізу формасы: ұжымдық пікірталас, психодиагнистикалық әдістеме.

Әдістемелік ұсыныстар: психикалық күйлердің пайда болуының негізгі себептері мен салдарын атап көрсетіңіздер. Сонымен қатар психикалық күйлерді анықтау (диагностикалау) жолдары мен әдістеріне назар аударыңыздар. Психикалық күйлерді көріну күштеріне қарай жіктеңіздер.

Ұсынылатын әдебиет:

Нег: 4 [435-461], 7 [465-506], 8 [551-587]

Қос: 3 [264-311], 5 [110-128], 6 [137-158]

МОӨЖ 6. Іс-әрекет психологиясы

Тапсырма.

1. Іс-әрекеттің әртүрлі түрлерінің қалыптасуының жалпы және арнайы заңдылықтары.

2. Іс-әрекеттің дамуы барысында құрылымдық түрленуі.

Өткізу формасы: ұжымдық пікірталас.

Әдістемелік ұсыныстар: іс-әрекеттің мәнін, мазмұнын қарастырыңыздар, әрбәр жас кезеңінде іс-әрекет түрлерінің даму ерекшеліктерін бөліп көрсетіңіздер. Іс-әрекеттің негізгі түрлерінің дамуының психикалық алғышарттарына көңіл бөліңіздер.

Ұсынылатын әдебиет:

Нег.: 7 [155-273], 4 [165-311], 8 [177-435]

Қос.: 6 [40-78]

МОӨЖ 7. Инженерлік іс-әрекеттің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері

Тапсырма.

1. Инженерлік психология пәні, міндеттері.

2. Инженерлік-техникалық қабілеттер.

3. «Адам-машина-орта» жүйесін инженерлік-психологиялық бағалау.

4. Инженер тұлғасының кәсіби қалыптасуы.

Өткізу формасы: ұжымдық пікірталас.

Әдістемелік ұсыныстар: инженерлік психологиясының арнайы ерекшелігін, оның инженерге не беретінін анықтаңыздар. Инженерлік іс-әрекет ерекшеліктерін, адамның танымдық, коммуникативті, құлықтық белсенділігіне әсер ететін инженерлік қызметтің кәсіби ерекшеліктерін қарастырыңыздар.

Ұсынылатын әдебиет:

Нег.: 7 [349-387], 4 [528-601], 6 [157-189]

Қос.: 2 [148-187], 5 [205-301]

МОӨЖ 8. Кәсіби өзіндік сананы тәрбиелеу және оның қалыптасуы

Тапсырма.

1. Маманның өзін өзі бағыттау негіздері.

2. Іскерлік қарым-қатынас этикасы мен мәдениеті.

Өткізу формасы: ұжымдық пікірталас, өзін реттеу бойынша практикалық жаттығулар мен тәсілдер.

Әдістемелік ұсыныстар: маманның өзін реттеу әдістерін пайдалануы бойынша психологиялық нұсқаулар құрастырыңыздар. Қолданымдағы әдістерге талдау жасаңыздар, әр әдістің тиімділігі жөнінде өз көзқарасыңызды білдіріңіздер. Іскерлік қарым-қатынас этикасы мен мәдениеті бойынша ұсыныстар құрастырыңыздар.

Ұсынылатын әдебиет:

Нег.: 7 [155-273], 4 [165-311], 8 [177-435]

Қос.: 2 [48-87], 5 [20-30]

МОӨЖ 9. Қарым-қатынас іс-әрекет формасы ретінде

Тапсырма.

1. Қарым-қатынастың өзара әсер ретіндегі психологиялық аспектілері.

2. Іскерлік қарым-қатынастағы рөлдік құлық.

3. Қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру бойынша тренингтік жаттығулар.

Өткізу формасы: ұжымдық пікірталас, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға арналған тренинг-жаттығулар.

Әдістемелік ұсыныстар: берілген тақырыпқа дайындық барысында іскерлік этикет бойынша әдебиеттерді қарастырған дұрыс. Мәдениеттен басқа адамдарға әсер ету, түсіну және адамдарды қабылдаудың психологиялық механизмдері маңызды болып табылатынына көңіл бөлу керек.

Ұсынылатын әдебиет:

Нег.: 4 [511-528], 6 [127-156]

Қос.: 1 [215-260], 5 [56-89]

МОӨЖ 10. Қақтығыстың психологиялық ерекшеліктері

Тапсырма.

1. Қақтығыс жағдайларын басқару.

2. Қақтығыстың дисфункционалды салдары.

3. Қақтығыссыз әрекет тәсілдері.

Өткізу формасы: ұжымдық пікірталас, тренинг.

Әдістемелік ұсыныстар: берілген сұрақтар бойынша реферат түрінде мәлімдеме дайындаңыздар. Мини зерттеу жүргізіңіздер: студенттік топта қақтығыс жағдайларын тудыратын себептерді талдаңыздар. Қақтығыссыз құлық әдістеріне талдау жасаңыздар. Қақтығыс жағдайларын шешуге арналған ұжымдық психологиялық ойын өткізуге дайындалыңыздар. Өндірістік, студенттік, педагогикалық ортада болатын қақтығыс жағдайларына мысал келтіріңіздер, қақтығыстан шығу жолдарын немесе аталған қақтығыс жағдайларындағы құлық стратегиясын ұсыныңыздар.

Ұсынылатын әдебиет:

Нег.: 7 [368-374]

Қос.: 1 [173-187], 2 [255-272]

МОӨЖ 11. Педагогикалық әсер ету психологиясы

Тапсырма..

1. Қабылдау стереотиптері немесе қабылдаудың бұзылуы.

2. Аудиторияға және жеке адамдарға әсер етудің негізгі тәсілдері.

Өткізу формасы: ұжымдық пікірталас, тренинг.

Әдістемелік ұсыныстар: Қабылдау стереотиптерін қарастырыңыздар. Қабылдау стереотиптері не үшін қажет және қалай қалыптасатынын анықтаңыздар. қабылдаудың бұзылуы неліктен болатынын қарастырыңыздар. Аудиторияға әсер ету тәсілдерін, олардың практикада қолданылуын зерттеңіздер. Аудитория алдында мәлімдеме жасауға кез-келген тақырып дайындаңыздар және оны жүзеге асырыңыздар.

Ұсынылатын әдебиет:

Нег.: 7 [262-325], 4 [335-511], 8 [511-641]

Қос.: 2 [66-88], 5 [195-301]

МОӨЖ 12. Ұжымның әлеуметтік-психологиялық мәселелері

Тапсырма.

1. Инженер тұлғасына ұжымдық әсер етудң ерекшеліктері.

2. Тұлғаның әлеуметтік топта әлеуметтенуі мәселелері.

Өткізу формасы: Әлеуметтік-психологиялық тренинг.

Әдістемелік ұсыныстар: өзіңізге таныс топ мысалы бойынша топтық іс-әрекет тиімділігінің топтың рөлдік және құлықтық құрылымына тәуелділігін сипаттаңыздар. Тұлғалардың топтағы мәдениеті, жасы, тіл табысу деңгейі, тәрбиелілігі олардың өзара әрекет ету сипатына әсер ететініне баса назар аударыңыздар.

Ұсынылатын әдебиет:

Нег.: 7 [62-72], 4 [335-511], 8 [51-64]

Қос.: 3[66-88], 5[195-301]

МОӨЖ 13. Әлеуметтік үлкен топ және бұқаралық құбылыстар психологиясы

Тапсырма.

1. Адамның тобырдағы әрекетінің психологиялық ерекшеліктері.

2. Тобырдағы эмоциялық жұқтырудың әлеуметтік-психологиялық механизмдері.

Өткізу формасы: ұжымдық пікірталас.

Әдістемелік ұсыныстар: үлкен әлеуметтік топта орын алуы мүмкін болатын бұқаралық құбылыстарды сипаттайтын мінездеме құрастырыңыздар. Адамның тобырдағы құлқын, оның қалай өзгеретінін сипаттаңыздар. Предложите рекомендации по управлению большой социальной группой. Тобырдағы эмоциялық жұқтырудың механизмдерін атап көрсетіңіздер.

Ұсынылатын әдебиет:

Нег: 4 [374-381]

Қос: 3 [98-112], 5 [136-154]

МОӨЖ 14. Басқару қызметінің психологиялық ерекшеліктері

Тапсырма.

1. Басқару қызметіндегі жетекшінің психологиялық-педагогикалық міндеттері.

2. Заманауи бизнесті басқару психологиясы.

3. Кәсіпкерлік іс-әрекет психологиясы.

Өткізу формасы: ұжымдық пікірталас.

Әдістемелік ұсыныстар: басқару психологиясында жетекшінің қызметкерлермен өзара қарым-қатынас орнатуы маңызды аспект болып табылатынын талдаңыздар. Өзара қарым-қатынастың бірнеше стильдері бар. Басшының коммуникативтік, ұйымдастырушылық қабілеттеріне баса назар аударыңыздар.

Ұсынылатын әдебиет:

Нег.:

Қос.:

МОӨЖ 15. Инженер қызметіндегі басқару қарым-қатынасының әлеуметтік-психологиялық мәселелері

Тапсырма.

1. Келіссөздер жүргізу психологиясы.

2. Байланыс қүралдары арқылы хат алмасу этикасы, қарым-қатынас мәдениеті.

3. Іскер адам имиджі.

Өткізу формасы: ұжымдық пікірталас.

Әдістемелік ұсыныстар: берілген сұрақтарға дайындалу барысында имидждің қалыптасуына қандай факторлар әсер ететініне, іскер адамның сыртқы келбеті неден және қалай құралатынына көңіл бөлу керек. Іскерлік қатынастарды манипуляциялау мәселелері және манипуляциядан қалай қорғану керектігін қарастырыңыздар. Келіссөздер жүргізу кезеңдері мен келіссөздердің жетістігіне әсер ететін психологиялық механизмдерді талдаңыздар.

Ұсынылатын әдебиет:

Нег.: 4 [511-528], 9 [127-156]

Қос.: 2 [215-260], 5 [456-489]