- •Курс бағдарламасы (syllabus) Пәннің аты: «Психология»
- •1 Пәннің мақсаты мен міндеттері
- •«Психология» пәні бойынша оқу үрдісінің күнтізбелік графигі
- •Магистранттардың білімін бағалау
- •3 Пән мазмұны
- •3.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •3 Дәріс. Тұлға психологиясы
- •4 Дәріс. Таным процестері қызметінің психологиялық ерекшеліктері
- •5 Дәріс. Адамның эмоциялық-еріктік сферасының ерекшеліктері
- •6 Дәріс. Іс-әрекет психологиясы
- •3.1 Дәріс мазмұны
- •1 Дәріс. Ғылым ретінде психология пәні мен міндеттері
- •2 Дәріс. Психология ғылымы дамуының негізгі тарихи кезеңдері
- •7 Дәріс. Инженерлік іс-әрекеттің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
- •12 Дәріс. Ұжымның әлеуметтік-психологиялық мәселелері
- •13 Дәріс. Әлеуметтік үлкен топ және бұқаралық құбылыстар психологиясы
- •14 Дәріс. Басқару қызметінің психологиялық ерекшеліктері
- •15 Дәріс. Инженер қызметіндегі басқару қарым-қатынасының әлеуметтік-психологиялық мәселелері
- •3.2 Практикалық (семинар) сабақтар мазмұны.
- •Мөж тапсырмалары және сағат саны
- •Моөж тапсырмалары және сағат саны
- •4. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •4.1 Негізгі әдебиет тізімі
- •4.2 Қосымша әдебиет тізімі
- •Сабақ кестесі
Мөж тапсырмалары және сағат саны
МӨЖ 1. Ғылым ретінде психология пәні мен міндеттері
Тапсырма.
Психодиагностикалық әдістемелер мен тестерді практикалық қолдану (М.Люшер, Г.Айзенк, Г.Роршах және т.б.)
Әдістемелік ұсыныстар: М.Люшер, Г.Айзенк, Г.Роршах әдістемелерін адам тұлғасына қатысты қолдану тұрғысынан талдаңыздар. Аталған әдістемелер көмегімен қандай психологиялық ерекшеліктерді анықтауға болатынын анықтаңыздар. Аталған әдістемелерді таныс адамдарыңызға немесе курстастарыңызға қолданыңыздар және жасалған жұмыстар туралы есеп құрастырыңыздар.
Ұсынылатын әдебиет:
Нег.: 7 [12-70], 4 [5-91, 132-145], 8 [10-90]
Қос.: 4 [4-41], 6 [7-19, 48-63]
МӨЖ 2. Психология ғылымы дамуының негізгі тарихи кезеңдері
Тапсырма.
Психология ғылымының категориялық аппаратын құрыңыз және психологиялық терминдер мен ұғымдар сөздігін құрастырыңыз.
Аристотель, Платон, Р.Декарт, В.Вунд еңбектеріндегі психика туралы ілім.
Әдістемелік ұсыныстар: танымал философтар мен ағартушылардың еңбектерін талдаңыздар. Қайнар көздерді қарастыру негізінде ежелгі грек ойшылдарының психологияға қосқан үлестерін анықтаңыздар және психиканың жан, тән мен сана туралы ілім ретінде қарастырылуын анықтаңыздар. Психологиялық оқу әдебиеттеріне сүйене отырып, психологиялық терминдер мен ұғымдар сөздігін құрастырыңыз.
Ұсынылатын әдебиет:
Нег.: 5 [3-62, 101-284, 367-489], 2 [13-35, 186-214]
Қос.: 2 [10-13,131-246], 3 [10-32, 62-170]
МӨЖ 3. Тұлға психологиясы
Тапсырма.
1. «Мен – инженер-басшымын» Эссе.
2. Студент тұлғасының психологиялық картасын құрастырыңыз.
3. Тұлғаға психологиялық мінездеме. Тұлғаны тестілеу, темперамент типтерін, мінез акцентуациясы типтерңн анықтау (Леонгард, Личко)
Әдістемелік ұсыныстар: заманауи инженер-басшы қандай болуы керектігі туралы жеке пікіріңізді айқындайтын қысқа көлемді және еркін композициялы шығарма жазыңыз. Өз ойыңызды қысқаша тезис түрінде келтіріңіз және дәлелдемелермен, дәйектермен қорытып жазыңыздар. Темперамент типтерін және мінездің даму ерекшеліктерін анықтайтын тестер іріктеңіздер. Оларды өткізу және интерпретациялау нұсқауларымен танысыңыздар. К.Леонгард, К.Личко бойынша өзіңіздің және таныстарыңыздың темперамент типін және мінез акцентуациясы типін анықтаңыз.
Ұсынылатын әдебиет:
Нег.: 7 [262-325], 4 [335-511], 8 [511-641]
Қос.: 3 [66-88], 5 [195-301]
МӨЖ 4. Таным процестері қызметінің психологиялық ерекшеліктері
Тапсырма.
Зейінді зерттеудің психодиагностикалық әдістері (Шульте кестелері және т.б.)
Зейінділікті жаттықтыру.
Есті дамытуға арналған практикалық әдістемелер мен жаттығуларды қолдану.
Әдістемелік ұсыныстар: психологиялық әдебиеттен зейіннің ерекшеліктерін зерттеуге арналған психодиагностикалық әдістемелерді (мысалы, В.Шульте кестелері) іріктеңіздер және өз зейініңізді зерттеңіздер, сонымен бірге зейінділікті жаттықтыруға арналған жаттығуларды қарастырыңыздар. Осылайша есте сақтауды дамытуға бағытталған әдістемелерді өзіңізге қолданыңыздар.
Ұсынылатын әдебиет:
Нег.: 7 [155-273], 4 [165-311], 8 [177-435]
Қос.: 5 [40-78]
МӨЖ 5. Адамның эмоциялық-еріктік сферасының ерекшеліктері
Тапсырма.
Монотондылық және болдыру күйлері
Іс-әрекеттің экстремалды, стрестік жағдайларындағы психикалық күйлер
Аффект және оның өту деңгейлері
Стресстік күйлердің ерекшеліктері
Фрустрация, депрессия, апатия
Әдістемелік ұсыныстар: жеке тұлғаның психикалық күйлерінің анықтама-сипаттамасын құрастырыңыздар. Психикалық процестердің туындау себептері мен салдарларын сипаттаңыздар.
Ұсынылатын әдебиет:
Нег: 4 [435-461], 7 [465-506], 8 [551-587]
Қос: 3 [264-311], 5 [110-128], 6 [137-158]
МӨЖ 6. Іс-әрекет психологиясы
Тапсырма.
Ойлау операцияларын дамытуға арналған практикалық жаттығулар
Зияткерлікті өлшеудің психологиялық тәсілдері (ақыл-ой тестері, Дж.Равен матрицалары және т.б.)
Әдістемелік ұсыныстар: психологиялық әдебиетті пайдалана отырып ойлау операцияларын дамытуға арналған практикалық жаттығуларды талдаңыздар және оларды өзіңізің курстастарыңызға қолданыңыздар. Ұсынылған тестер көмегімен өз интеллект деңгейіңізді өлшеңіз, есеп құрастырыңыз.
Ұсынылатын әдебиет:
Нег.: 7 [155-273], 4 [165-311], 8 [177-435]
Қос.: 6 [40-78]
МӨЖ 7. Инженерлік іс-әрекеттің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
Тапсырма.
«Менің топқа бейімделуім» - эссе.
Социометрия көмегімен өз тобыңыздағы тұлғааралық қарым-қатынасты анықтаңыз
Әдістемелік ұсыныстар: студентік топқа өзіңіздің бейімделуіңіз туралы жеке пікіріңізді айқындайтын қысқа көлемді және еркін композициялы шығарма жазыңыз. Өз ойыңызды қысқаша тезис түрінде келтіріңіз және дәлелдемелермен, дәйектермен қорытып жазыңыздар. Социометриялық әдістеменің мәнін, мақсатын, өткізу әдістемесін зерттеңіздер. Социоматрицалар дайындаңыз және студенттік топта социометриялық тест өткізіңіз. Алынған нәтижелерді талдаңыздар, қорытынды жасаңыздар.
Ұсынылатын әдебиет:
Нег.: 7 [349-387], 4 [528-601], 6 [157-189]
Қос.: 2 [148-187], 5 [205-301]
МӨЖ 8. Кәсіби өзіндік сананы тәрбиелеу және оның қалыптасуы
Тапсырма.
Өзін өзі бағыттау әдістері, оның нақты адамға қолданылуын талдау.
Маманның өзін өзі бағыттау негіздері.
Әдістемелік ұсыныстар: Маманның өзін өзі бағыттау әдістеріне психологиялық ұсыныстар құрастырыңыздар. Қолданылатын әдістерге талдау жасаңыздар, әр әдістің тиімділігі бойынша өз көзқарасыңызды білдіріңіздер.
Ұсынылатын әдебиет:
Нег.: 7 [155-273], 4 [165-311], 8 [177-435]
Қос.: 2 [48-87], 5 [20-30]
МӨЖ 9. Қарым-қатынас іс-әрекет формасы ретінде
Тапсырма.
1. Іскерлік қарым-қатынас этикасы және мәдениеті бойынша хабарлама.
2. Батысеуропалық және шығыс дәстүрлі мәдениетіндегі іскерлік қарым-қатынас этикасы ерекшеліктері.
3. Іскерлік хат алмасу этикеті, байланыс құралдары және т.б. арқылы қарым-қатынас.
Әдістемелік ұсыныстар: аталған тақырыпқа дайындық барысында іскерлік қарым-қатынас этикеті бойынша қайнаркөздерге жүгінген дұрыс. Мәдениеттен басқа әсер ету, түсіну, тұлғаны қабылдау механизмдері маңызды болып табылатынына назар аударыңыздар.
Ұсынылатын әдебиет:
Нег.: 4 [511-528], 6 [127-156]
Қос.: 1 [215-260], 5 [56-89]
МӨЖ 10. Қақтығыстың психологиялық ерекшеліктері
Тапсырма.
Өз ЖОО оқытушылардың педагогикалық қарым-қатынас стильдеріне талдау жасаңыз. Қандай стильдер басым.
Тұлғаның табандылық пен жанжалшылдық деңгейлерін зерттеудің психологиялық әдістері.
Қарым-қатынас барысында қақтығыстың туындауының алғышарттары.
Әдістемелік ұсыныстар: педагогикалық қарым-қатынас стильдерін анықтауға арналған әдістемелер көмегімен өз ЖОО оқытушыларын диагностикалық зерттеу жүргізіңіздер, қандай стильдер басым екендігін анықтаңыздар. Қысқаша есеп құрастырыңыздар. Мини зерттеу жүргізіңіздер: студенттік топтарда қақтығыстар жағдайларын туындататын себептерді талдаңыздар.
Ұсынылатын әдебиет:
Нег.: 7 [368-374]
Қос.: 1 [173-187], 2 [255-272]
МӨЖ 11. Педагогикалық әсер ету психологиясы
Тапсырма..
Топтағы бір магистрантқа психологиялық-педагогикалық мінездеме құрастырыңыз.
Топтың психологиялық-педагогикалық паспортын құрыңыз.
Әдістемелік ұсыныстар: бұрын алынған диагностикалық материал негізінде топтағы бір магистрантқа психологиялық-педагогикалық мінездеме құрастырыңыздар. Мінездемеде тұлғалық ерекшеліктерді (мінез акцентуациясының типін, темперамент типін), таным процестерінің (зейін, ес, ойлау) ерекшеліктерін көрсетіңіздер және жалпы қорытынды жасап, ұсыныстар беріңіздер.
Ұсынылған сұлба бойынша топ паспортын құрастырыңыздар.
Топ мүшелерінің саны.
Топ қай уақыттан бастап құрылған.
Қандай бірлескен әрекеттер жүзеге асырылады (оқу сабақтары, киноға бару, туған күндер тойлау және т.б.)?
Ұнайтын әңгімелесу және пікір алмасу тақырыптары.
Топ мүшелерінің бүркеншік аттары.
Топ көшбасшылары.
Топ көшбасшысының беделі неде.
Қаншалықты жиі және неге байланысты қақтығыстар болады?
Қақтығыстар топқа қалай әсер етеді?
Қақтығыстар әдетте қалай?
Топ туралы жалпы қорытынды.
Ұсынылатын әдебиет:
Нег.: 7 [262-325], 4 [335-511], 8 [511-641]
Қос.: 2 [66-88], 5 [195-301]
МӨЖ 12. Ұжымның әлеуметтік-психологиялық мәселелері
Тапсырма.
Кіші әлеуметтік топтағы өзара әсердің ерекшеліктері.
Кіші топтағы динамикалық процестерге сипаттаман.
Өндірістік топтағы тұлғааралық қарым-қатынас құрылымы.
Әдістеме көмегімен өзіңіздің тыңдай алатыныңызды анықтаңыз.
Қарым-қатынас кедергілеріне талдау жасаңыз.
Әдістемелік ұсыныстар: берілген тақырыпқа дайындалу барысында кіші топтағы тұлғаааралық өзара әсер етудің негізгі механизмдерін қарастырыңыздар. Психологиялық әдебиеттерден адамның тыңдай алатындығын анықтауға көмектесетін тестер іріктеңіздер. Қарым-қатынастағы кедергілерді, олардың қарым-қатынасқа әсерін және олармен қалай күресуге болатынын талдаңыздар.
Ұсынылатын әдебиет:
Нег.: 7 [62-72], 4 [335-511], 8 [51-64]
Қос.: 3[66-88], 5[195-301]
МӨЖ 13. Әлеуметтік үлкен топ және бұқаралық құбылыстар психологиясы
Тапсырма.
Үлкен әлеуметтік топтардағы іс-әрекетті ұйымдастыру жолдары.
Тұлғаның тобырдағы әрекеті. Бұқараны, тобырды басқару түрлері.
Экстремалды жағдайдағы тобырдың психологиялық әрекеті.
Тобырды басқару әдістері.
Әдістемелік ұсыныстар: дайындық барысында үлкен әлеуметтік топтағы іс-әрекетті ұйымдастыру ерекшеліктері немен сипатталатынын анықтаңыздар. Адамның тобырдағы құлық ерекшеліктеріне, тобырды басқару мәселелеріне көңіл бөліңіздер. Негізгі ережелерді құрастырыңыздар.
Ұсынылатын әдебиет:
Нег: 4 [374-381]
Қос: 3 [98-112], 5 [136-154]
МӨЖ 14. Басқару қызметінің психологиялық ерекшеліктері
Тапсырма.
Манипулятивті стратегияларға талдау жасаңыз. Аудиторияға әсер ету барысында қандай тәсілдерді қолдануға болады.
Басқарудың жеке стильдерін құру жолдары.
Жетекші тұлғасының психологиялық ерекшеліктері.
Өндірістік ұжымды тиімді басқарудың әлеуметтік-психологиялық заңдылықтарын құру.
Әдістемелік ұсыныстар: изучите манипулятивные стратегии, в чем их суть, как можно защитить себя от манипуляции, как манипуляция используется в процессе обучения. Изучите способы воздействия на аудиторию, примените их на практике. Составьте план по следующим пунктам: управление как воздействие на обучаемых и коллег, управление как информационное обеспечение современного производства, управление в производственном процессе.
Ұсынылатын әдебиет:
Нег.:7 [511-641], 11 [301-347]
Қос.:11 [5-39]
МӨЖ 15. Инженер қызметіндегі басқару қарым-қатынасының әлеуметтік-психологиялық мәселелері
Тапсырма.
1.Общие характеристики делового и управленческого общения
2.Ролевое поведение в деловом общении
Әдістемелік ұсыныстар: психологиялық әдебиетті қарастыру негізінде әлеуметтік топтағы рөлдік қарым-қатынас, жетекшінің қызметкерлермен қарым-қатынасы және тұлғааралық қарым-қатынас ерекшеліктеріне назар аударыңыздар. Әртүрлі елдердегі, әртүрлі психологиялық жағдайлардағы іскерлік қарым-қатынас ережелері мен нұсқаулар құрастырыңыздар.
Ұсынылатын әдебиет:
Нег.: 4 [511-528], 9 [127-156]
Қос.: 2 [215-260], 5 [456-489]
