Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
d_1241_rister_konspektteri_11_doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆
  1. Құрылыстың материалдық-техникалық базасы

Құрылыстың материалдық-техникалық базасын: құрылыс-монтаждау, өнер-кәсіптік-өндіріс және инфрақұрылымдық деп үш буынға бөлу қабылданады.

Құрылыс-монтаждау буынға өз құрал-саймандарымен және кадрларымен жалпы құрылыс және мамандандырылған құрылыс - монтаж ұйымдары кіреді. Бұл буын құрылыстың өндіріс циклін аяқтайды (ғимараттар, биналар, жолдар және т.б. салады).

Өнеркәсіптік-өндіріс буын құрылыстарды заттық қорлармен - құрылыс ма-териалдарымен, бұйымдармен және контрукциялармен қамсыздандырады .

Инфрақұрылымдық буын қызметтің негізгі екі түрін:

- инженерлік және көлік желілерін пайдалану, құрылысты жинақтау, маши-налар мен механизмдерді жөндеу;

- әлеуметтік-экономикалық жағдайларды дамыту - әлеуметтік-тұрмыс шарттар жасау, кадрларды кәсіпшілік дайындау, олардың мамандықтарын жоғары-латуды қамтады.

Егер өнеркәсіптік-өндіріс буынды толық қарап шықсақ, онда ол: «құрылыс материалдарының өнеркәсібі» және «құрылыс бұйымдары мен контрукциялар өнеркәсібі» болып екі салаға бөлінеді.

Құрылыс материалдарының өнеркәсібі 15 шағын салалардан түзеледі:

1. Цемент өнеркәсібі

2. Асбоцемент бұйымдар өнеркәсібі

3. Жұмсақ жабу материалдар өнеркәсібі

4. Құралмалы ТБ және Б бұйымдары мен контрукциялар өнеркәсібі

5. Қабырғалық материалдар өнеркәсібі

6. Құрылыстық керамика өнеркәсібі

7. Полимерлік шикізат негізінде алынатын құрылыс материалдар өнеркә-сібі

8. Руда емес қазба құрылыс материалдарының өнеркәсібі

9. Әрлеу материалдарын шығару және өңдеу бойынша өнеркәсіп

10. Ұсақ саңылаулы толтырғыштар өнеркәсібі

11. Әк, гипс және жергілікті тұтқыр заттар және олардан бұйымдар алатын өнеркәсіп

12. Жылу доғарушы материалдар өнеркәсібі (минералдық мақта және т.б.)

13. Метал емес рудалық өнеркәсіп (каолин, тальк, слюда, гранит, т.б.)

14. Асбест өнеркәсібі

15. Басқа да шағын салалар (тауарлық бетон, құрылыс ерітіндісі, асфальт бетоны, құм - цемент черепица және т.б.)

Ал «құрылыс бұйымдары және контрукциялары өнеркәсібі» саласында бірыңғай республикалық мамандандырылған басқару буындары болмайды (минис-тірліктер, ведомтстволар). Бұл сала кәсіпорындары барлық министірліктердің құ-рылыс бөлімшелерінің құрамына енеді.

  1. Қр құрлыс материалдар өндірісінің даму концепциясы және ұлттық экономика мен халыққа қажетті өнімді өндіруге арналған бөлек өндірістерді қайта кескіндеу

Егер соңғы 40-50 жыл ішіндегі статистикалық мәліметтерді талдаса, онда, күрделі қаражаттандырудың ең үлкен салыстырмалы үлесі өнеркәсіпке және ауыл шаруашылығына, сонымен қатар химиялық өнеркәсіпке (Каратау фосфориттері - Шымкент және Тараз қалалары, Актаудан Қызылордаға дейін мұнай және газ көздері) жұмсалатынын көруге болады. Өнеркәсіп салаларынан басқа құрылыс материалдарының үлкен саны сонымен бірге азаматтық-тұрғын құрылысқа, әсіресе кішіқабатты құрылыс үшін майда даналық бұйымдар керектігі көрінеді.

40 жыл бұрын Қазақстан аймақтары бойынша құрылыс-монтаж жұмыстар бөлінуі келесідей болатын:

- Батыс Қазақстан ( Ақтөбе, Атрау, Орал облыстары) - 10,3%

- Солтүстік Қазақстан (Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавел, Ақмола облыстары) - 38,8%

- Оңтүстік Қазақстан (Алматы, Шымкент, Джамбыл, Қызылорда облыстары) - 19,9%

- Шығыс Қазақстаны (Өскемен, Семей) - 9,1%

- Орталық Қазақстан (Қарағанды) - 22,0%___________

Барлығы :100,0%

Соңғы уақытқа дейін ең үлкен құрылыс Қарағанды, Қостанай, Алматы, Ақмола және Павлодардың облыстарында жүргізілді.

Ал кәзіргі уақытта - Актау, Атрау, Қызылорда және Ақмола облыстарында, сонымен қатар Алматы қаласында жүргізілуде.

Сонымен қатар келешекте үкен құрылыс Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Қазақстанда жүргізілмек.

Соңғы уақытқа дейін өнеркәсіптік құрылыс құрылымы келесідей болатын:

- химиялық -13,9%

- қара металлургия -18,0%

- түрлі түсті металлургия -19,2%

- мұнай газ -4,6%

- көмір -4,7%

- электр техникалық -13,4%

- машина жасау -4,2%

- орман, қағаз және ағашөңдеу -0,9%

- құрылыс материалдарының өнеркәсіптері -9,9%

- жеңіл өнеркәсіп -7,0%

- тамақ өнеркәсібі - 4,2%__________________________

Барлығы :100,0%

ҚР-да құрылыс материалдарының келешектегі өнеркәсіп дамуының тал-дауы, цемент, асбоцемент, шыны, керамикалық өнеркәсіптер, рулонды жамылтқы материалдардың өндірістері және санитарлық-техникалық бұйымдардың дамуына республикада барлық қажетті шарттардың бар екенін көрсетеді.

Салалық құрылымдар (структура) құрылуы - бұл, саяси, экономикалық және әлеуметтік факторлардың жиынтық ықпалымен жасалатын процес.

Саланың ішкі құрылымындағы өзгерістерді анықтайтын, өте маңызды фактор, бұл ғылыми - техникалық алға басу болып табылады. Ол конструкциялар мен бөлшектердің жаңа түрлеріне, еңбек құрал-саймандарына, технологиялық про-цестерге, материалдар мен қуаттарға алып келеді; бұйымдардың толық зауыттық даярлығы, жаңа әсерлі құрылыс бөлшектер және жылу қабаты бар бұйымдар; құрылыс бұйымдары мен контрукциялар өндірісін механикаландыру және автоматтандыру негізгі қорларды жаңартуға ертіп әкеледі.

Құрылыстық бұйымдар және контрукциялар өнеркәсібі сала ішіндегі байланыстармен сипатталады. Сала ішіндегі өз өнімін тұтыну 20% құрайды, қалған өнім басқа салаларға жіберіледі.

Құрылыс контрукциялары және бөлшектері өнеркәсібінің сала ішіндегі құрылымындағы жылжуларды талдау үшін Коп озу коэффициентін қолданады. Ол шағын сала (контрукциялар мен бөлшектердің қандай болмасын түрлер өндірістері) өсу екпінінің tкд барлық сала өсу екпініне tотр қатынасын анықтайды.

Соңғы он жылдықтарда бұл коэффициент бөлек шағын салалар бойынша:

- құрама темірбетон бойынша -1,03

- әрлеу, термо - және жылу оқшаулағыш материалдарды өңдеу бойынша -1,95

- ірілендірілген монтаждау түйіндер және бұйымдар өндірісі бойынша -1,22

- өндірісімен және алюминий қорытпалардан жасалынатын контрукциялар және бөлшектер өндірісі бойынша -1,23

- желімденген ағаш контрукциялар өндірісі бойынша -1,95 құрастырды.

Қорытып айтқанда, құрылыста бұйымдардың, ғимараттардың және бина-лардың массасын азайтуға мүмкіндік беретін прогресшіл контрукциялар мен бөл-шектерді қолдануға бағыт алынды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]