Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
d_1241_rister_konspektteri_11_doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

3.3. Өндірістік қалдықтардың әртүрлі түрлері және оларды құрылыс материалдар, бұйымдар және контрукциялар өндірісінде қолданудың әсерлілігі

Құрылыс, материалдық өндірістің барлық өнімінің үштен біріне жуық массасын тұтынатыны белгілі. Материалдық қорлар құрылыс-монтаж жұмыстар өндірісіне барлық шығындардың жартысынан көбін құрайды.

Құрылыста екінші қайтара шикізат және өнеркәсіп қалдықтарын кеңінен қолдану қор жинақтаудың өте маңызды бағыты болып табылады.

Өнеркәсіптік қалдықтарды пайдаланудың келешегі маңызды бағыттарының бірі шикізатқа қажеттіліктің 40% жабуға мүмкіншілік беретін, оларды құрылыс материалдар өндірісінде қолдану болып табылады. Оларды қолдану табиғи шикізаттарды қолданумен салыстырғанда құрылыс материалдарын дайындау барысында шығындарды 30% дейін түсіруге рұқсат етеді, күрделі қаражаттар үнемділігі 35-50% дейін жетеді. Сонымен қатар, топырақтың, судың, ауаның ластануына жол бермеу есебінен, қоршаған орта күрт сауықтырылады.

Мысалы, БЭО (біріккен экономикалық одақ) мәліметтері бойынша жылу қуат қалдықтарын:

- Германияда - 80%

- Францияда - 65%

- Англияда -53 %

- Бельгияда -44 % - қолданады.

ЖЭО (жылу электр орталықтары) күлді шлак қалдықтарын:

- цемент

- силикатты кірпіш

- жеңіл ұсақ саңылаулы толтырғыштар

- ұялы бетондар

- ауыр және жеңіл бетондар

- ерітінділер

- шлак сілті массалар – өндіру үшін қолданады.

100 т цементтің 20 т клинкерін ЖЭС ұшқын-күл салмағымен ауыстырса, ол 4 т көмір және 20 кВтсағ электр қуатын үнемдейтінін, ғалымдар орнатты. Күлді клинкермен бірге ұнтау цемент шығаруды 20% көбейтеді.

Чехияда шығарылатын 2,8 млн. м3 ұялы бетонның 68% ұшқын-күл қолдану арқылы өндіреді.

АҚШ-та кірпіш және керамикалық блоктар 68-77% ұшқын-күл, 20% шлак және 3% сұйық шыныдан тұратын массалардан дайындалады.

ТМД елдерінде күлдішлак қалдықтарын қолданудың жалпы көлемі олардың жылдық пайда болуының 14% құрайды. Бұл өте аз және сондықтан ҚР жоғарыда көрсетілген мақсаттар үшін оларды қолдануды арттыруға мүмкіншілік бар.

ЖЭС күлдерінен басқа Қазақстанда үлкен көлемде келесі өндірістік қалдықтар: металлургия шлактары және шламдары, көмір байытудың және кендер шығаруының қосымша өнімдері, фосфор өндірісінің электротермиялық шлактары, құрамында гипс бар және темірлі қалдықтар, ағаш химиясы және ағаш өңдеулер қосымша өнімдері, құрылыс материалдарының қосымша өнімдері бар, оларды құрылыс материалдарына және әртүрлі тағайындау бұйымдарына өңдеу қажетті.

Мысалы, газобетон және оның негізінде жасалынатын бұйымдар сияқты материалдар Қазақстанда іс жүзінде шығарылмайды, мұнда оларды және де басқа көптеген материалдарды шығаруға толық мүмкіндік бар.

3.4. Сала кәсіпорындарын орналастырудың негізгі принциптері

Өндірістік күштерді орынды орналастыру - өте маңызды ел экономикасы-ның дамуы мен өндіріс әсерлілігінің жоғарылау шарттарының бірі.

Өндірістердік күштерді орналастыру - бұл өндірістер мен еңбек қорларын мемлекеттік экономикалық аудандарға тарату.

Нарық өзі барлығын өз орнына орналастырады деген ой кейде біздің санамызда орын алады. Бірақ көптеген капиталистік елдердің тәжірибесі және біздің «жабайы нарық» көрсеткендей – бұл мүлдем олай емес. Мемлекет араласуысыз, стратегиялық жоспарлаусыз және бұл сұрақтарды жөнге салусыз өндірістік күштер біркелкісіз және тиімсіз бөлініп кетеді. Сонымен қатар, тез арада пайда түсіру, шикізат қорларын және жұмысшы күштерді қанап пайдалану және т.б. және осымен келешекте ел экономикасына бүтіннен зиян келтіруге алып келеді.

Өндірісті орналастырудың өте маңызды заңдылықтарын келесі бейнемен қисынға келтіруге болады:

1. экономикалық аудандар арасында еңбектің аумақтық тиімді халықшаруашылық орынды мамандандыруын қамтамасыз ету арқылы бөлу

2. экономикалық аудандардың шаруашылығын, оларда шығарушы және өңдеуші өнеркәсіптер құрып кешенді дамту

3. елде, қоғамдық еңбекті тиімді халықаралық бөлінуін есепке ала, өзара тиімді сауда серіктік принциптерінде өндірістерді орналастыру

4. қоршаған орта күзеті. Бұл проблема аймақтық және глобальды (Орта Азияға сібір өзендерін әкелу, Семей ядролық полигоны, Арал және т.б.)

5. өндірістік күштердің ел қорғаныс қабілеті жоғарылауын есепке ала орналастыру

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]