- •Шукенов и.И.
- •Дәрістер конспекттері
- •Курстың заты, әдістері және мақсаттары
- •Құрылыс материалдар өнеркәсібінің ұлттық экономикадағы және
- •Құрылыстың материалдық-техникалық базасы
- •Қр құрлыс материалдар өндірісінің даму концепциясы және ұлттық экономика мен халыққа қажетті өнімді өндіруге арналған бөлек өндірістерді қайта кескіндеу
- •Заманауи нарықтық шарттарда құрылыс бұйымдары мен конструкциялары өнеркәсібінде құрылымдық өзгерулерді анықтаушы факторлар және сала дамуын тездету жолдары
- •2.1.1. Ұлттық табыс
- •2. Заттық өндіріс экономикалық нәтижелілік теориясының негізгі жайлары
- •2.1. Еңбек қызметінің ақырғы нәтижесі
- •2.1.2. Күрделі қаражаттың салыстырмалы экономикалық нәтижелілігі
- •2.1.3. Келтірілген шығындар
- •2.3. Өндіріс нәтижелілігін талдау әдісі
- •2.4. Салыстыруға болатын түрге түрлерді келтіру әдістеме негізі
- •3. «ҚмБжКө»-дегі шикізат және отын-қуат қорлары, республикада сала орналасуы
- •3.1. Қр шикізат базасының сала дамуы мен орналасуына мағнасы
- •3.3. Өндірістік қалдықтардың әртүрлі түрлері және оларды құрылыс материалдар, бұйымдар және контрукциялар өндірісінде қолданудың әсерлілігі
- •3.4. Сала кәсіпорындарын орналастырудың негізгі принциптері
- •3.5. Құрылыс бұйымдары мен контрукциялар өнеркәсіптерін орналастыру ерекшеліктері
- •3.6. Құрылыс бұйымдары мен контрукциялар кәсіпорындарының даму және орналастыруын экономикалық негіздеу
- •3.7. Қр құрылыс материалдар өнеркәсіптерінің даму және орналастыру
- •4. Күрделі құрылыс
- •4.1. Өнеркәсіптік құрылыс және саланың онан арғы дамуына арналған оның мағынасы
- •4.2. ҚмБжКө-не бөлінетін күрделі қаражаттар, олардың құрамы мен құрылымы
- •4.3. Салыстырмалы күрделі қаражаттар
- •4.4. Күрделі құрылысты жоспарлау және жобалау
- •4.5. Кәсіпорынды қайта құру және техникалық қайта қаруландыру ұғымы
- •4.6. Құрылыстың сметалық құны
- •4.7. Шетел инвестициялары мен несиелерін құрылыс материалдарының бөлек прогресшіл түрлеріне жұмсау басымдылығы
- •4.8. Нарықтық экономика шарттарында күрделі қаражаттардың әсерлілігін жоғарылату келелі мәселелері
- •5. Құрылыс материалдар өнеркәсібі және құрылыс индустриясының негізгі қорлары
- •5.1. Өндіріс процесінде негізгі қорлардың орны және олардың құрылымы
- •5.2. Негізгі қорларды қолдану
- •5.3. Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі
- •6. Өндіріс кәсіпорындар және саланың айналым қаражаттары
- •6.1. Айналым қаражаттар ұғымы, олардың құрамы және құрылымы
- •6.2. Нормаланатын айналым қаражаттар
- •6.3. Айналым қаражаттар құру қайнары
- •6.4. Кәсіпорынның нормаланатын толық қаражаттар есептері
- •6.5. Кәсіпорынның нормаланатын айналым қаражаттар есептері
- •6.5.1. Материалдардың негізгі қорларын жасауға арналған айналым қаражаттар
- •6.5.2. Аяқталмаған өндірістегі айналым қаражаттар
- •6.5.3. Дайын өнімнің айналым қаражаттары
- •7.2. Өзіндік құнді төмендетуді жоспарлау
- •8. Пайда және рентабелділік
- •Өнімді жүзеге асыру және кәсіпорын табысы
- •8.2. Рентабелділік
- •9. Саладағы ғылыми-техникалық алға басу
- •9.2. Өндіріс дамуының қарқынды жолы
- •10. Өнім сапаларын жоғарылатудың экономикалық негіздері
- •10.1. Өнім сапасын жоғарылатудың мағынасы
- •10.2. Өнім сапасын басқару жүйесі
- •10.3. Өнім сапасынының құрылымы мен басқару жүйелерінің функциялары
- •10.4. Өнім сапасының нормативті деңгейін орнату
- •10.5. Өнім сапасын сандық бағалау
- •10.6. Өнім сапасының берілген деңгейін қамтамасыз ету және оған жету
- •10.7. Құрылыс объектілерін пайдалану шығындарына
- •11. Өзара алмастыратын материалдар, бұйымдар және контрукциялар өндіріснің нәтижелілігі
- •11.1. Негізгі жағдайлар
- •11.2. Өзара алмастыратын өнім өндірісінің мақсатқа лайықтылығын бағалау
- •12. Нарықтық экономикаға өту
- •12.1. Нарықтық экономиканың пайда болу себебі және «көрінбейтін қол» принциптері.
- •12.1.1. Нарық
- •12.2. Сұраныс пен ұсыныстың нарықтық бағалар тепе-теңдігі.
- •12.3. Құнсыздану.
- •12.4. Қаржыны экономиканы реттеу және өндірісті ынталандыру үшін қолдану.
- •12.5. Кәсіпорындарды жекешелендіру.
- •13. Маркетинг
- •13.1. Маркетингінің әлеуметтік-экономикалық маңызы
- •13.2. Тауарлардың сапасын және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •13.2.1. Бәсекеге қабілеттілік және сапа, олардың маркетинг
- •13.2.2. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемелік тәсілдері
- •13.3. Өткізу қызметін талдау
- •13.4. Бағаның қалыптасуы және нарық құрылымы
- •13.4.1 Сурет. Сұраныс пен баға арасындағы байланыс
- •13.4.2 Сурет. Сала үшін сұраныс пен баға тәуелділігі
- •13.5. Жоба шешімдерінің экономикасы
9. Саладағы ғылыми-техникалық алға басу
Жоспар
9.1. Ғылыми-техникалық алға басудың заманауи кезең ерекшелігі
9.2. Өндіріс дамуының қарқынды жолы
9.3. Кәсіпорынның негізгі өндіріс қорларының физикалық және рухани тозығы
9.4. Құрама темірбетон бұйымдар өндірісі зауыттарындағы ғылыми-техникалық алға басу
9.5. Негізгі құрылыс материалдарды өндіруде және қолдануындағы ғылыми-техникалық алға басу
9.1. Ғылыми-техникалық алға басудың заманауи кезең ерекшелігі
Кез келген қоғамның, соның ішінде біздің елдің де, ең негізгі мақсатына жетуге арналған, халық өмірінің заттық және мәдениетті деңгейін көтеру үшін, халық шаруашылық салаларын техникалық қайта құруды іске асыру қажетті. Бұл мақсаттқа жету негізінде ғылыми-техникалық алға басулар жатулары тиісті.
Ғылыми-техникалық алға басу - бұл еңбек құралдарының (машиналар, жабдықтар, механизмдер) еңбек заттарының (материалдар, бұйымдар, бөлшектер және конструкциялар) дамуының толассыз процесі және еңбек заттарына (технологияларға, ұйымдастыруларға, жоспарлауға және процесті басқаруға) ғылым және техника жетістіктер негізінде еңбек құралдарының әсер ету тәсілдері.
Қарқындату – бұл, өндірістің өсіп келе жатқан әсерлі құралдарын, еңбекті ұйымдастыру түрлерін және ғылыми-техникалық алға басу жетістіктеріне сәйкес технологиялық процестерді қолдануға негізделетін, өндіріс даму процесі.
Ел халық шаруашылығының алдында экономикалық және ұйымдық-техни-калық проблемаларды шешуге арналған ғылыми-техникалық алға басу жетістікте-рін қолдану мақсаты тұрады. Ол үшін ғылыми зерттеулердің онан әрі дамыту, өндірісті ең маңызды толық жетілдіру жолдарын іздеу, өндіріс аппаратын жаңарту, өндіріске ғылым және техника (отандық және шетелдік) жетістіктерін енгізу қажет-ті.
Өткен ғасырдың 50-ші жылдарында басталған адам қызметі дамуының барлық облыстарында, ғылыми-техникалық революция деп аталатын, техникалық даму екпіндері, ғылыми-техникалық алға басуда терең сапалы өзгерістерге алып келді.
Оның алдыңғы даму кезеңдерінен түбегейлі айырмашылығы:
- барлық әлемді қамтып, әр түрлі елдерде қоғамдық өндірістің техникалық даму бағыттар жалпылығына ертіп әкелетін, процес ғаламдығынан;
- өндірістік күшке айналған, ғылымның ерекше орынынан;
- ғылым және техника дамуының жылдам екпіндерінен - үш айқындама көзқарастан тұрады.
Өндіріс көлемдерінің өсуіне қарқынды немесе экстенсивті жолмен қол жеткізуге болады.
Қарқынды жол сапалы көрсеткіштерді жақсарту: еңбек өнімділігін жоғары-лату, жетілген машиналарды, технологиялық процестерді, өндірісті ұйымдастыру түрлерін қолдану есебінен өндірісті өсірумен сипатталады.
Экстенсивті жол негізінде техникалық деңгейді сақтау арқылы өндірісті ке-ңейтумен сипатталады.
Қарқынды даму жолы негізгі болып табылады.
9.2. Өндіріс дамуының қарқынды жолы
Үдету шаралары:
- еңбек өнімділігін жоғарылату, қуаттылықты үлкейту, қорлардың шығындарын төмендету және т.б. көмегімен өндіріс резервтерін табу және жүзеге асыру;
- өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру;
- жаңа технологиялық процестерді, шикізаттар, материалдардар, қуат қайнарларын және т.б. қолдану - үш топ көмегімен қамсыздандырылуы мүмкін.
Бірінші топқа кәсіпорындарды жартылай фабрикаттармен, қуатпен, шикізатпен, жабдықтау бойынша және кәсіпорынды басқару жүйесін ұйымдастыру шараларынан, көмекші жұмыстарды және қызмет көрсетуші топтарды (көлікті, жөндеу шаруашылығын және т.б.) реттеуден тұрады. Сонымен қатар кадрлармен жұмыс жасау, олардың мамандандықтарын жоғарылату, әрқайсысының функционалдық міндеттерін айқын орындату үлкен мағынаға ие.
Жабдықтар қолданылуын алмастырулар санын арттыру, олардың жөндеу уақытын қысқарту есебінен жақсартуға болады.
Бірінші топ шараларының есебінен өндіріс дамуы айқын шекпен шектеледі.
Шаралардың екінші тобы үш: механикаландырылған, автоматтандырылған және автоматты процестерді қолдану кезеңдерден түзеледі.
Механикаландыру - жұмысшының еңбегін механикалық құрылғыларды қолдану есебінен жеңілдету. Мысалы: бетон төсеуіш операторы, бетон қоспасын қолмен тегістейтін жұмысшыны ауыстырады.
Автоматтандырылған процес бұл жұмысшы өзінің білек күшінің арқасында тек қана жұмысты орындап қоймай, сонымен қатар осы жұмысты орындаушы механизмдерді де басқармайды. Мысал ретінде бетонды ылғалды жылумен өңдеуді реттейтін құрылғыларды келтіруге болады.
Автоматтндырылған агрегаттар мен кешендерді, ал одан әрі бүтін кәсіп-орындарды жасау - сонымен қатар ғылыми-техникалық алға басу кезеңдерінің бірі. Машиналар және механизмдер берілген бағдарламалар бойынша жұмыс істейтін жағдайларда, оператор жұмыс істеушіден бақылаушыға айналдырылады және профилактикалық жұмыстар өткізеді, олқылықтарды жояды.
Құрылыс бұйымдар мен контрукциялар өнеркәсібінде негізгі өндіріс процестерінің механикаландыру дәрежесі салыстырмалы жоғары: мысалы, бетон қоспасын даярлау, бетонды қалыптау және жылумен өңдеу, арматуралық дайындауларды даярлау және басқалар.
Салада, үлесіне жалпы еңбек шығындарының 30-60% келетін, қызмет етуші және көмекші процестерді механикаландыру жөніндегі жұмыс маңызы өте нашар. Бұл жұмыстарда 50% жақын жұмысшылар саны қызмет етеді. Әсіресе нашар механикаландырылған– бұл зауыт ішіндегі көлікте арту-түсіру, қызмет көрсету және механизмдер жөндеу жұмыстар.
Автоматтандырылған технологиялық жүйелерді сала зауыттарында енгізу тек енді ғана басталуда. Кәзіргі уақытта, қабылдау құрылғыға салынатын перфокартаның бұйрығы бойынша бетон қоспасының керекті мөлшерін және қажетті түрін беретін автоматтандырылған бетон араластыру түйіндері жасалған. Автоматтандырылған зауыттарды жасау бұл келесі болашақ жоспар.
Шаралардың үшінші тобы - жаңа өндірістік процестерге ауысу. Мысалы, стендтік өндірісті сол өндірістік аудандарда конвейерлікке ауыстыру өнім шығаруды 1,5-2 есе өсірге, еңбек шығындарын 20-30% және өзіндік құнды 5-7% кемітуге мүмкіндік береді.
а. Негізгі кәсіпорын өндірістертік қорларының физикалық және рухани тозуы
Негізгі әсіпорын өндірістік қорлары, уақыт өтуіне байланысты, лайдалану процесінде физикалық және рухани тозықуға шалдығады.
Физикалық тозық өндірістік қорлардың берілген түрлерінің пайдалану сапаларының төмендеуінде: жабдықтар өнімділітерінің азаюы, жөндеу жиілігі мен құнының өсуінен және т.б. байқалады. Негізгі өндірістік қорлардың белсенді бөлімдері үшін физикалық және рухани тозық, жабдықтар орындау, жұмысшы операциялардың санына пропорционалды, ал енжар бөлім тозығы, әдетте, олардың қызмет (ұзақ өмірлік) уақыттарына пропорционалды ұлғаяды.
Негізгі қорлардың рухани тозығы әрқашан уақытқа пропорционалды, кәсіпорында қолданылатын технология мен жабдықтаудың ғылыми-техникалық алға басуымен және өнімнің өзгеруіне байланысты анықталады. Рухани тозықтың маңызы, қолданылатын жабдықтар конструкцияларының арзандауына орай құнын жоғалтуға немесе жаңа жоғары өндіруші жабдықтардың пайда болуына байланысты болады. Рухани тозық, жұмыс істейтін негізгі өндірістік қорлар экономикалық нәтижесіз екенін білдіреді. Үлкен дәрежеде рухани тозыққа қорлардың белсенді бөлімдері душар болады.
Технологияны толық жетілдіру немесе жабдықтарды жаңарту қажеттілігін ескеруші, құрылыс бұйымдары мен контрукцияларының өнеркәсіп кәсіпорындары-ның өнімдер өзгеруі, жаңа технология және жоғары өндіруші жабдықтар пайда болуына байланысты өзгерілерден бірнеше есе тез пайда болады.
Техникалық жағдайлары әлі жұмыс істей алатын, рухани ескірген негізгі қорларды (жабдықтарда, ғимараттарды және биналарды) жою барысында, кәсіпорын шығынға ұшырайды.
Мысалы, әлі пайлануға (олардың артық ұзақ өмірлілігінен) болатын өндірістік ғимараттар, биналар, қатынас жолдарды қайта құруға алып келетін, өнім даярлау технологиясы өзгереді. Бұл ғимараттар мен биналар пайдаланудың аз мезгіліне есептелген болса, онда олар арзандауға түсер еді.
Осыған байланысты негізгі қорлардың рухани және физикалық тозу мезгілдерін жақындастыру проблемасы көтеріледі. Бұндай жақындасу төрт жолмен жүзеге асырылуы мүмкін: рухани тозу мезгілдерін арттыру, қорлардың керексіз ұзақ өмірлігін жою, уақыт ағынында қорларды қарқынды қолдану және тұрақты техникалық алға басумен ескертілінетін, қорларды мүмкін өзгерулерге лайықтау.
Негізгі қорлардың рухани тозу мерзімдерін келесі факторлар:
- ғимараттарды, биналарды және жабдықтауды жобалау барысында, дүниежүзілік ғылым және техника жетістіктеріне негізделген, ең болашақты шешімдерді қабыл алу;
- келешегі зор өнімдер шығару жоспарлау;
- кәсіпорынның осы жобасы бойынша, өндірістік қуаттылықтардың жобасын өңдеу және оларды енгізу арасындағы кезеңді лезде қысқарту есебінен жоғарылатуға мүмкіндік бар.
Техникалық алға басу бұл толассыз процес. Мысалы, қандай да болмасын жабдықтың рухани тозу мерзімі, өзінің көрсеткіші бойынша ескіден басым түсетін уақытта, бірте-бірте жиналған білімдер жаңа агрегатты жасауға мүмкіндік беретін кезде, оны ауыстыру мақсатқа лайықты болады.
Бұл кезең келесі шарт орындалған жағдайда орын алады:
мұнда
-
жаңа техниканы
жасауға
және
енгізуге,
кәрі техниканы
жоюға,
өндірісте кәрі техниканы
жаңаға
(осы
кезеңдегі кәсіпорын
қуаттылығының
төмендеуі)
ауыстыруға
байланысты
шығындарға
сәйкес, толық шығындар;
-
жаңа және кәрі техниканы,
сәйкес
қолданудың
толық халық
шаруашылық
күшті әсері.
Негізгі өндірістік қорлардың керексіз ұзақ өмірлігін жою, осы қорлардың күтілетін рухани тозу мерзіміне жақын, жұмыс қорын тудыруға мүмкіндік беретін, ғимараттардың жобалық шешімдерін қабыл алу және жабдықтарды қолдану есебінен жетуге тиісті.
Уақыт ағынында қарқындылау қолдану, жұмыс қорлары жұмыс циклдер санымен белгіленетін негізгі қорлардың белсенді бөліміне жатады. Егер, мысалы, темірбетон даярлау барысында, жабдықтардың жұмысшы қоры 2000 айналым құрастыратыны белгілі болса, онда, олардың календарлық тозу мезгілі тәулікте жұмысшы алмастыру санынан және алмастырудағы жабдықтар айналымдарының сандарынан тәуелді болады.
Сондықтан:
,
Мұнда
-
қаралатын жабдықтың жұмысшы қорының
біру мерзімі, яғни оның физикалық тозу
мезгілі, жылдар;
-
жабдықтың жұмысшы қоры, өндірістік
циклдер саны;
-
жабдықтың жоспарлы жұмыс қорының уақыты,
жыл ішіндегі сағаттар;
-
жабдықтың жұмысшы тәртібінің 1 сағатына
келіп-кетіп тұрылатын, жұмысшы циклдердің
орта саны.
Демек, ауысымдылықты және жабдықтың жұмысшы циклдерінің (алмасты-руды) 1 сағатқа санын үлкейте, жабдықтың жұмысшы қорын қысқа календарлық мезгілде бітуіне қол жеткізуге, яғни оның рухани және физикалық тозу мез-гілдерін жақындатуға болады.
Негізгі өндірістік қорлардың технологиялық иілгіштігі, жабдықтарды, жабдықтауды немесе барлық өндіріс технологияларын маңызды қайтақұрусыз және жаңа өнім шығаруға өту, сонымен қатар технология облысында жаңа өңдеулерді енгізу және өндірісті ұйымдастыру, жабдықтар мен жабдықтауды жаңарту жабдықтау қасиеті болып табылады.
Өндіріс технологиялық иілгіштігі өндіріс қайта құруына дейін оның рухани тозығы себебінен анықталған жабдықтардың қызмет мезгілін ұзартуға рұқсат етеді.
Мысалы, өткен жылдар тәжірибесі бойынша, ірі панельді үй құрылысында үйлердің сериялары 5-7 жыл циклділікпен алмастырылды, сондықтан техноло-гиялық икемділігі осындайды оның толық қайта құруын (жабдықтарды толық ауыстыру және т.б.) салыстыру бойынша аз шығындармен жасауға мүмкіндік беретін негізгі жабдықтау белсенді бөлімін сәйкес қайта құруды жасауға тура келді.
Жоғарыда келтірілген жайлар бірдей өлшемде бүтін кәсіпорынға, бөлек технологиялық бойларға, агрегатқа, машинаға, сонымен қатар ерекшелігін есепке ала, негізгі қорлардың енжар бөлімдеріне жата алады.
Негізгі қорлардың рухани тозу мезгілі физикалық тозудан әлдеқайда азы-рақ, бірақ кейбір жағдайларда керісінше болуы мүмкін.
б. Құрама темірбетон бұйымдар өндірісі зауыттарындағы
ғылыми-техникалық алға басу
Құрама темірбетон өндірісінің дамуы мен толық жетілдіруі күрделі құрылыс шеңберінде техникалық алға басуға недәуір мөлшерде жағдай жасайды.
Техникалық алға басу құрама темірбетон зауыттарында, төменде қарастырылған, бірнеше негізгі бағыттар бойынша өнім және оның өндіріс технологиялары өзгеруінен байқалады.
Өнім номенклатурасының кеңейуі - бұл тағайындалуы бойынша әр алуандығымен, пайдалану сипаттамасымен және сыртқы көрінісімен, ғимараттар мен биналар құрылысында қажеттілікті қанағаттандыру мақсатымен бұйымдардың үлгілер, маркілер санының артуы.
Бұйымдар номенклатурасының кеңейуімен бір уақытта олардың бірыңғай-лануы, жалпы саны минимумге келтіруге бейімделеді.
Зауыттың әрбір технологиялық бойы бір бұйымдардың басқалармен тұрақты ауыстырылуына лайықталған болуы тиісті. Осыдан сондай ауыстыруға лайықталған: оңай қайта жиналатын қалыптар, қайта жинау посттары, қалыптардың шапшаң қоймалары және т.б., жабдықтау мен жабдықтар жасау қажеттілігі көрінеді.
Құрама темірбетон зауыттарында өнім сапасын жоғарылату техникалық алға басудың өте маңызды бағыты. Ол өзіне келесі шаралар қосады:
- барлық заманауи талаптарға жауап беретін, жоспарланған ұзақ өмірлік қамсыздандыратын және пайдалану кезеңінде қаражаттардың артық шығынын болғызбайтын, өнім шығаруға бағытталған ұйымдастыру, техникалық және технологиялық шаралардың өткізу;
- зауыттық даярлықтың дәрежесін жоғарылату. Мысалы, құрылыста соңғы өңдеу үшін беттері (әктеуге, түс қағаз желімдеуге және т.б.) дайындалған, ТББ зауыттары үшін терезе және есік ойықтары және т.б. орналастырылған бұйымдар шығару. Бұл өңдеу посттары мен бойларын жасауды талап етеді, сапалы қалыптар болуын, жазушы құрылғылары бар бетон төсеуіштер, бұйымдарды тасу және қоймада құнтты сақтауда қорғау;
- егер техникалық мүмкін және экономикалық мақсатқа лайықты болса, нормативтер орнықтырған, талаптардан тыс өнім сапасын жақсарту. Бұл бірінші кезекте қоршаушы контрукциялардың жылу-, су-, дыбыс өткізбеу қасиеттерін, жағымсыз (агрессиялық) пайдалану шарттарында уақыт ағынындағы контрукциялардың беріктігін жақсартуға жатады.
Қуыс денелі, қабырғалы бұйымдар өндірісі, маркасы жоғарылау бетоннан жасалған бұйымдар, алдын ала кернелген темірбетон есебінен құрамалы темірбетонның материалсыйымдылығы мен көлемдік массасын төмендету. Көлемдік массаны төмендету көлік шығындарын, ғимараттар мен биналар негіздеріне жүкті тиеулерді, соның ішінде, сейсмикалық жүкті тиеулерді кемітеді. Бұл ұсақ саңылаулы толтырғыштардан жасалған және ұялы бетондарды қолдану арқылы іске асады.
Темірбетон бұйымдарының бетон құрастырушыларын өзгерту техникалық алға басудың маңызды бағыты болып табылады. Бетонға арналған жергілікті толтырғыштар біздің еліміздің барлық аймақтарында молшылықта емес. Кейбір аудандарда ірі құм жоқ (мысалы, Қызылорда облысында, ал Шымкент облысында жарым-жарты), оларды жүздеген километр қашықтықтан темір жолмен тасыйды. Бізде табиғи саңылаулы ірі де, ұсақ та толтырғыштар жоқ.
Осыған орай оларды өндіру қажеттілігі жергілікті шикізаттардан және өндірістік қалдықтардан – домна шлактары, фосфор өндірісінің шлактары, ЖЭО күлдері, майда құмдар, бентонит сазбалшықтары және т.б. пайда болады.
Тұтқырлардың сапасын жақсарту және оларды қолданудың тәсілдері. Құрама темірбетон даярлау барысында жоғары маркалы және кірпіш ғимараттар тұрғызу барысында қалау ерітінділерінде төмен маркалары цементі қолдану қажетті. Цемент қасиеттерін жақсартуды (суға төзімділікті және коррозиялық тұрақтылықты жоғарылату керек жағдайда) оған полимерлік заттарды қосу жолымен жеткізуге болады.
Бетондағы цемент шығынын әртүрлі қоспалар қолдану, су-цемент қатына-сын қысқарту арқылы, азайтуға ұмтылу керек.
Арматуралауға болат шығын қысқарту. Бұған бұйымдарды лайықты құрастыру жолымен жетеді. Болаттар шығынын төмендетудің басқа жолы - болаттардың жоғары маркаларын қолдануды арттыру. Мысалы, В-1 орнына Вр-1 болатты қолдану болат шығынын 2%, ал А-ІV орнына А-V - 20% төмендетеді. Алдын ала кернелген темірбетонды қолдану сонымен қатар кернеусіз контрукция-лармен салыстырғанда арматуралық болат шығынын кемітеді.
Құрама темірбетон өндіріс технологиясын өзгерту. Бұйымдарды даярлауда, бірінші кезекте жылумен өңдеу өндірістік цикл ұзақтығын қысқартуға, келесі факторлар есебінен қол жеткізуге болады:
- химиялық қоспаларды қолданумен және бетонды алдын ала жылыту арқылы жылу өңдеуін тездету;
- жоғары қысыммен (автоклавта) жылу өңдеуін тездету;
- көп құрамды тұтқырларды (гипспен) қолдану арқылы жылу өңдеуді қоспау.
Қалыптау процестерін толық жетілдіру. Мақсат, қалыптау сатысында (бе-тон қоспасын қалыпқа құю уақытында) уақытты азырақ жұмсап, бетонның тығыз құрылымын алу. Бұл, нығыздау түрімен (тік дірілдету, соққы тәсілмен дірілдету, жүктеумен және дірілжүктеумен дірілдету, тереңдік дірілдеткіштермен нығыздау), үстіңгі-белсенді заттарды, соның ішінде суперпластификаторларды қолдануымен, түзеледі.
Технологияны толық жетілдіру және қалыптау бойларын ұйымдастыру жоғары өнімді технологияларға – технологиялық процестерді құрама механикалан-дыруға мүмкіндік беретін, еңбек шығындарын қысқартатын, өнімнің сапасын (стендтік және агрегатты-ағымды бойлармен салыстырғанда) жоғарылататын конвейерлік бойларға өту жолымен жүзеге асыру тиісті.
Пайдалану сапаларын жақсарту және жабдықтардың металл сыйымдылы-ғын төмендету қалыптардың металл сыйымдылығын төмендету есебінен, сонымен қатар оңай қайта жиналатын қалыптарды жасау, полимерлік материалдардан жасалған қалыптарды қолдану арқылы жүзеге асады.
Сонымен, құрама темірбетон зауыттарында техникалық алға басу олардың қызметтерінің барлық жақтарын: өнімді, технологияны және өндірісті ұйымдастыруды, жабдықтарды, шикізат материалдарын қамтады.
в. Негізгі құрылыс материалдар өндірісі мен қолдануындағы ғылыми-техникалық алға басу
Арматуралық болатты үнемдеудің негізгі резерві әдеттегі арматурамен салыстыру бойынша жоғары төзімді арматураны қолдану болып табылады. Жоғары төзімді болаттың физика-механикалық қасиеттері нығайтылмағанға қарағанда едәуір жоғарырақ және сондықтан ол (массасы бойынша) алдын ала кернелген конструкцияларды қалыптау үшін азырақ керек болады. Жоғары төзімді сым, сонымен қатар алдын ала кернелген темірбетонды арматуралау үшін қолданылатын арқандар және бұрымдар даярлау үшін қолданылады.
Тұтқыр зат ретінде портландцемент алдыңғы қатарда келеді. Оның негізінде: пуццоландық, тез қатаюшы, жоғары беріктікті, сульфатқа төзімді, шлакты портландцемент және т.б. шығарылады.
Цементтің пайдалану сапаларын жоғарылату, оның құны мен қуат сиымдылығын төмендету оның құрамында белсенді минералды қоспалар (пуццолан, сиштоф және т.б.) қолдану, аралас цементтер (гипстіцементті-пуццоланды және т.б.) өндіру, бірқатар өндіріс қалдықтарын (шлактар, ЖЭО күлдер және т.б.) қолдану жолымен қамтамасыз етіледі. Сонымен, ЖЭО күлін қосу арқылы алынған цементтен жасалған бетон, әдеттегі бетонмен салыстыру бойынша бірқатар артықшылықтарға ие. Олар: жақсы қолайлы төселу, гидратация барысын-да төмен жылу шығару, жоғары сульфатқа төзімділік.
Цементке кремнеземды қосу (ферроқорытпалар өндірісінің қалдықтары) бетонның су өткізбеушілігін жоғарылатуға, көлемді контрукцияларды бетондау кезде контрукция массасы мен жылу шығаруды төмендетуге рұқсат етеді. Осы қосымшамен бетон өртке төзімдірек және жылу өткізгіштігі кемірек.
Тез қатаятын цементтерді қолдану жылумен өңдеу кезеңін 11-15 сағат орнына 4-6 сағатқа дейін қысқартуға немесе одан бас тартуға және әдеттегі шарттарда бетонның жіберу беріктігін 16-20 сағатта алуға рұқсат етеді.
В25-В30 класты бетондар орнына жоғары беріктікті бетондардан жасалған контрукцияларды қолдану элементтердің қимасын едәуір және арматуралық болаттар шығынын жарым-жарты төмендетуге рұқсат етеді. Бұл жағдайда, қысуға жұмыс істеуші бұйымдарда бетонның ең үлкен үнемділігі 40% дейін, ал иілетін және біліктен тыс қысылатын элементтерде біршама аз 15-20% дейін жетеді. Жоғары беріктікті бетондар болып класы В45 және одан жоғары бетондар есепте-леді.
Жеңіл толтырғыштар және ұялы бетондардан жасалған конструкцияларды қолдану, ауыр бетоннан жасалған конструкциялармен салыстырғанда, контрукция-лардың массасын 1,5-2 есе, болаттар шығынын - 10-15%, цементті - 10%, дайын-дауға, тасымалдауға және монтаж жасауға еңбек шығындарын - 20% төмендетуге рұқсат етеді. Осындай конструкциялардың жоғары жылуқорғау қасиеттері себебі-нен ғимараттарды пайдалануда қуат шығындары төмендейді.
Жақын арадағы жылдарда жасанды ұсақ саңылаулы толтырғыштардың өндірістік технологиялары: шлакты пемза, аглопорит, ісінген перлит, вер-микулит және т.б. жөнінде біраз жұмыс істеу қажетті. Қазақстанның шикізат қорлары іс жүзінде оның барлық аймақтарында бұны жасауға рұқсат етеді.
Контрукцияды жеңілдетуге құм бетоннан және шабылған сым болаттан (болатфибробетон) дисперсиялық арматуралап, сілтіге төзімді шабылған шыны талшығымен (шыныфибробетон) және басқа жоғары төзімді талшықтармен арматуралап орындаумен қол жеткізуге болады.
Келешекте бетон және темірбетон өндірісінде химияландыруға: қатаю үдеткіштерін, пластификаторларды, суперпластификаторларды, комплексті химия-лық қоспаларды, қатып қалған бетонды мономерлермен қоректендіруді, бетонға полимерлерді қолдануды (цемент массасынан 25% дейін), сонымен қатар цементті қолданбай тұтқыр ретінде тек қана полимерлерді (бетонполимерді), қолдануға назар бөлу керек.
Бетон қоспасын даярлау кезде: иондалған сумен, бетон қоспасы компонент-терін сорғалап ағатын араластырғыштарда өңдеумен, жоғары айналу жылдамдық-ты бетон араластырғыштарды қолданумен, бетон қоспасын араластыру мен қызды-руды бірлестіре цементті белсенділендіру технологиялары ескеріледі.
Бетон қоспасын нығыздау барысында, бұйымдардың қалыптасу процесінде, көп жиілікті дірілдетуді қолдануды, дірілрезонансты және төмен жиілікті соққы дірілдеумен нығыздауды, қосымша (қайта) дірілбелсенділендіруді қолданудың келешегі бар.
Контрукцияларды даярлауда алюминийлік қорытпаларды, асбестцементті, гипсті, ағашты, полимерлерді кеңінен қолдануға ұсыныс жасалынады.
Полимерлік материалдарды қолданудың болашағы: құрылыста және құрылыс бұйымдарында қолданылатын полимерлік материалдардың әрбір тоннасы металды 1,8 т, цементті 2,9 т, үнемдеуге рұқсат етеді, қоршау контрукцияларының массасын 5-10 есе және еңбек шығынын 2-3 есе төмендетеді.
Полимерлерді, бізде, әсіресе, Қазақстанның оңтүстігінде, топырақтардың жоғары тұздалу шарттарында, газ шаруашылығында коррозияға төзімділігіне бай-ланысты су өткізу және дренаж құбырлары үшін қолдану нәтижелі.
Ең жаңа ғылыми жетістіктерден автоматтық кесу кезде, дәнекерлеуде, материалдарды термиялық өңдеуде, жапырақ материалдарды пішуде және басқаларда лазер қондырғыларын игеру келешегі бар. Иондық-плазмалық өңдеу технологиясы металл бөлшектердің бетіне жабулар түсіру, плазмалық дәнекерлеу, минералды құрылыс материалдардың бет плазмалық еріту үшін келешегі бар.
Жаңа техника мен технологияларды қолдану алдын ала берілген: жоғары механикалық беріктік, төмендетілген орта тығыздық, жоғары коррозиялық беріктік, ұзақ өмірлік, жоғары эстетикалық көрсеткіші және әрине, экономикалық нәтижелілік қасиеттері бар материалдар алуға рұқсат етеді.
Кәзіргі уақытта осыған ұқсас материалдар өңделген - бұл метал байланыс-тырушы негізінде (алюминийлік қорытпалар) және әдеттегі толтырғыштардан (шағыл, құм, керамзит, пемза және т.б.) тұратын метон (металбетон). Бұндай мате-риал температуралық, үйкеліс, соққы және химиялық әсерге қарсы тұратын жұқа қабырғалық контрукциялары үшін қолданылады. Сонымен қатар шлактысілті бетондар (шлактар және ішінде шлак бар қалдықтар) өңделген, бұл жағдайда цемент қолданылмайды. Олар өте берік, су өткізбейтін, коррозияға төзімді, уатылуға өте төзімді, теріс температураларда қатуға қабілетті; аз жылу шығаруға, төмендетілген жылу өткізгіштікке, жоғары қызуға тұрақтылыққа және сәндікке тартымдылыққа ие болады.
Кристалданған шыны – ситалл (шлакты ситалл, күлді ситалл, петроситалл) технологиясы өңделген. Олар агрессиялық орталарға төзімділіктің жоғары физика-механикалық көрсеткіштеріне және керемет сырт пішінге ие.
Қарқынды алға басу бағыттарының келтірілген үлгілері құрылыс материал-дар, бұйымдар және контрукциялар технологиясының даму жолдарының резерв-терін көрсетеді.
