- •Мазмұны
- •1. «КазАгроЭкс» ақ және оның технологиялық сипаттамасы
- •1.1 Кәсіпорынның әкімшілік басқару жұмыстары
- •1.2 Технологиялық залдың сипаттамасы, қондырғылар мен жабдықтар
- •2 Астықты сақтау кезінде жүретін сапалық көрсеткіштер
- •2.1. Дәннің ұзақ сақтауға төзімділігі туралы.
- •2.2. Дәннің тыныс алуы.
- •3. Астықтың өздігінен қызуы
- •3.1 Өздігінен қызу процесінің мәні
- •3.2 Астық сақтаудың жағдайлары, өздігінен қызу үрдісінің дамуы.
- •3.3 Өздігінен қызудың алдын – алу шаралары.
- •4 Астық массасының органилептикалық физикалық, химиялық және технологиялық көрсеткіштері
- •Пайдаланылған әдебиеттер
1.1 Кәсіпорынның әкімшілік басқару жұмыстары
Басқарма төрағасы.Барлық құрылымдық бөлімшелердің, цехтардың жəне өндірістік бірліктердің тиімді өзара іс-əрекеті жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.Олардың қызметін əлеуметтік жəне нарықтық басымдықтарды, жұмыстың тиімділігін арттыруды, өнімдерді өткізу көлемдерінің өсімін, өндірілетін өнімнің пайдасын, сапасын жəне бəсекеге қабілеттілігін ұлғайтуды ескере отырып өндірісті дамытуға жəне жетілдіруге бағыттайды. Жергілікті бюджет, жеткізушілер, тапсырыс берушелер жəне кредиторлар, банк мекемесін, сондай-ақ шаруашылық жəне еңбек шарттарын (келісім-шарттарды) жəне бизнес-жоспарларды қоса алғанда барлық міндеттерді орындауды қамтамасыз етеді.
Басқарма төрағасының бірінші орынбасары – қаржылық директор кəсіпорынның қаржы ресурстарының қозғалысын басқаруды жəне қаржылық қатынастарды реттеуді жүзеге асырады. Бухгалтерияның, экономикалық қызметтің, ауылшарушылығы бөлімінің жəне ақпараттық технологиялар бөлімінің жұмысына жетекшілік етеді.
Бас бухгалтер шаруашылық-қаржылық қызметтің бухгалтерлік есебін ұйымдастыруды жəне материалдық жəне қаржылық ресурстарды үнемді пайдалануды, кəсіпорын меншігінің сақталуын бақылауды, кəсіпорынның қаржылық ресурстарының қозғалысын басқаруды жəне қаржылық қатынастарды реттеуді жүзеге асырады.
Бухгалтерия кəсіпорынның бухгалтерлік есептілігін ұйымдастыруды жүзеге асырады. Кəсіпорын қызметтерінің жұмысымен байланысты шығындарды оңтайландырудың мониторингін жүргізеді. Материалдық, еңбек жəне қаржылық ресурстарды үнемді пайдалануды, кəсіпорын меншігінің сақталуын бақылаудың мониторингін жүргізеді.
Экономикалық қызмет саланың жай-күйін жəне үрдістерін талдаудың негізінде кəсіпорынның бірыңғай экономикалық саясатын қалыптастыруды жүзеге асырады. Өнімді (жұмыстар мен қызметтерді) өндіру жəне өткізу процесіндегі дамытуды экономикалық жоспарлауды жүзеге асырады.
Ақпараттық технологияларды қамтамасыз ету бөлімі есептеуіш, локальді есептеу желілер құралдарға жəне коммуникациялық жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Ауыл шаруашылығы бөлімі астық сатып алуды жүзеге асырады, мекеменің үздіксіз жұмысы үшін өндірістік бөлімшелерді шикізатпен қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылығы саласында кəсіпорын стратегиясын, ауыл шаруашылығы кəсіпорындарымен, əртүрлі меншік нысанындағы тауар өндірушілермен, астық өндіру жəне сату жөніндегі ірі компаниялармен ынтымақтастық бағдарламаларын əзірлейді.
Басқарма төрағасының құқықтық ұйымдық-кадрлық мəселелер жөніндегі орынбасарыбасқарманы ұйымдастыруды, мекеменің персоналының қалыптасуы мен дамуын, құқықтық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Заң бөлімі мекемедегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді, кəсіпорын мүдделерін заңды қорғауды жүзеге асырады.
Жалпы бөлім кəсіпорынға жəне оның бөлімшелеріне шарушылық, материалдық-техникалық жəне əлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Қауіпсіздік жəне күзет қызметі ғимараттың, үй-жайдың, жабдықтың, өнімдердің, техникалық құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Персонал бойынша директор Компания қызметкерлерінің білікті штатын ұйымдастыруды жүзеге асырады.
