Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
yerdaulet_ot4et.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

1.2 Технологиялық залдың сипаттамасы, қондырғылар мен жабдықтар

Технологиялық залдың негізгі қызметі дән сапасын зерттеу және биохимиялық талдау жасау болып табылады. Технологиялық залда барлық заманауи жабдықтар мен қондырғылар орналасқан. Сонымен қатар, астық сапа көрсеткіштерін автоматтандырылған лазерьлік сәулемен, сканерлеу әдісі арқылы жұмыс істейтін жабдықтар бар. Олар астықтың сағыздылығын, шынылығын, ақуыздық құрамның мөлшерін және т.б. сапа көрсеткіштерін тез әрі анық көрсетеді. Технологиялық зал аналитикалық жабдықтарды өндіретін Perten Instruments, Brabender cекілді әлемдік жетекші компаниялардың өнімдерімен жабдықталған. Бұл залда негізінен астық сапасына зерттеу жүргізіледі. Биохимия және дән сапасы зертханасы осы залда орналасқан. Технологиялық зал 3-суретте көрсетілген.

Дән сапасын технологиялық бағалау зертханасы 1961 жылы, алдымен В.Р.Вильямс атындағы  Қазақ егіншілік ҒЗИ-ның бидай селекциясы бөлімінің құрамынан   жасақталды. Зертхананың құрылу мақсаты —  технологиялық бағалау қорытындысына сәйкес, тұқым сапасы бойынша бидайдың селекциялық процессін қамтамасыз ету.

Сурет 3 – «Қазагроэкс» АҚ технологиялық залы

Лаборатория зерттеулерінің негізгі бағыттары төмендегідей: 

Әдістемелік әзірлемелер (дән сапасының биохимиялық детерминантасының сипаттамасы және зерттеуі;  дән сапасының жаңа бағалау әдістерін әзірлеу; аналитикалық негізді автоматтандырылған экспресс-жүйелерге ауыстыру);

Дән сапасының генетикалық жүйелерін маркерлеу және дәнді пайдаланудың соңғы типі бойынша селекциялық бағдарламаладың дифференциациясын қамтамасыз ететін  бағалаушы  жүйесін жетілдіру (бидай – нан пісіруші, кондитерлік, макарон, арпа – сыра пісіруші, жарма, мал азықтық, т.б.), мал азықтық және  азықтық емес (биотехнологиялық) пайдалану мен селекцияны  MAS-деңгейге (marker assisten selection) ауыстыру.

Ортаның әрекеттесу генотипі модельдерінің негізінде  өнім мен сапа бойынша тұрақты түрлі технологиялық типтегі ауылшаруашылық дақылдарын өсіру аймақтарын анықтау және оңтайландыру;

Технологиялық залдан бөлек кәсіпорын аумағында астық тұқымдастарына және жоғары сұрыпты дән селекциясына зерттеу жасайтын тұқымдық лаборатория орналасқан. Мұндағы негізгі қызмет астықтың сапа көрсеткіштерін анықтап, оған баға беру болып табылады. Тұқымдық лаборатория суреті төменде келтіріледі.

Сурет 4 – тұқымдық лаборатория

«Казагроэкс» АҚ еліміздегі астық сапасына баға беретін зертханалар жүйесі екенін айтқан болатынбыз. Қоғамның жұмысын нәтижелі және тездету үшін жаңа технологиялық машиналармен, қондырғылармен жабдықталған. Әлемдік нарықта жетекші компаниялардың бірі perten instrumentsкомпаниясы болып табылады.

Perten instruments компаниясының жабдықтары

Perten instruments компаниясы әруақытта өндірістің белсенді қатысушысы болды. Компания АҚШ ауылшаруашылығы министрлігімен және IAOM, ICC, AACC секілді ұйымдармен бірге жұмыс істейді. Әлемнің түкпір – түкпірінде, дәлірек айтсақ 100 шақты мемлекетте өз қызметін жүзеге асырады. Компания кей елдерде тікелей қызмет атқарса, кей елдерде жергілікті дистрибьюторлық компаниялармен серіктестік қызмет атқарды. Ол компаниялар Perten instruments компаниясының бөліктес құрамы болып табылады. Ол компаниялардағы қызметкерлердің барлығы астық сапасын бақылау, ұн, тағам өндірісі және жем өндірісі саласы бойынша жоғары санатты мамандар болып табылады.

DA 7300 маркалы лекті БИК анализаторы БИК диапазондағы заманауи онлайн анализаторы болып табылады. Астық, ұн, тағам және жем өндірісінде қолданылады. Анализатор өнім жайлы дәл қазіргі уақыттағы ақпаратты жылдам әрі анық көрсетеді. Құрылғының суреті төменде көрсетілген. Астық сапасы жайлы ақпаратты жедел беруі келесідей артықшылыққа ие:

  • үрдісті автоматтандырылған бақылау жүйесі

  • жеделдетілген іске қосу және бағаны өзгерту

  • барлық өнімді толық бақылау

  • жоғарғы қауіпсіздік техникасы

  • экономикалық тиімді

Сурет 5 - DA 7300 маркалы лекті БИК анализаторы

Инфраматик 8800 маркалы БИК астық анализаторы дәнді және майлы дақылдардағы ақуыздың құрамын, ылғалдылықты және майлылықты анықтайды. Инфраматик суреті төменде көрсетілген. Бұл құрал заманауи жабдықтар арасындағы ең таңдаулысы және озық үлгіде жасалған жабдық болып табылады. Қолдануға тиімді, құрылысы қарапайым, салмағы жеңіл, габариттік өлшемдері кішкентай, лаборатория жағдайында қолдану өте тиімді.

Сурет 6 - Инфраматик 8800 маркалы БИК астық анализаторы

Бұл құрал қолданушыларға еркіндік беру мақсатында шығарылған мобильді заманауи құрылғы болып табылады. Ол астық сараптамасын далалық жағдайда, өңдеу орындарында және қоймаларда анықтауға арналған. GPS модулмен қамтамасыздандырылған. Ол протеиндік картамен жабдықталған.

Глютаматик – сағыздың сапасы мен санық анықтауға арналған құрылғы.

Макарон өнімдерін және нан пісіру кезінде қолданылатын ұнның күші мен сағыздылығы соңғы өнімнің сапасын анықтайды. Глютаматик жүйесі сағыздың сапасы мен санын анықтауға арналған стандарт болып табылады.

Сағыздың саны мен сапасы нан, пішінәй, крекерлер мен макарон өндірісіндегі негізгі көрсеткіш болып табылады. Бөлке нанның суретінде шикі сағыздың саны нанның сапасына едәуір әсер ететіні белгілі.Төменде суреті көрсетілген.

Артықшылықтары мен ерекшеліктері:

  • Сағыздың саны мен сапасын анықтау – дайын өнімнің сапасын жақсарту мүмкіндігі

  • Ұн мен астық үшін – сағыздың құрамын анықтау мүмкіндігі

  • Сағыздылықтың анық көрсеткіші

Лабораториялық диірмендер

Perten instruments компаниясы лабораториялық диірмендердің екі түрлі үлгісін жасайды: балғалы және дискілі

Дискілі диірмендер астық үлгілерін өңдеу кезіндегі ондағы ылғал мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді, ал осы уақытта балғалы диірмендер көптеген басқа мақсаттарда қолданылады. Мысалы: құлау санын анықтауда, Глютаматик жүйесі үшін және БИК анализатор үшін. Төменде диірмен суреті келтірілгін.

Сурет 8 - Лабораториялық диірмендер

Артықшылықтары мен ерекшеліктері:

Құлау саны мен сағыздылық индексі – құлау санын анықтауға арналған диірмен және сағыздылық индексін анықтау үшін сынама ала алады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]