- •Мазмұны
- •1. «КазАгроЭкс» ақ және оның технологиялық сипаттамасы
- •1.1 Кәсіпорынның әкімшілік басқару жұмыстары
- •1.2 Технологиялық залдың сипаттамасы, қондырғылар мен жабдықтар
- •2 Астықты сақтау кезінде жүретін сапалық көрсеткіштер
- •2.1. Дәннің ұзақ сақтауға төзімділігі туралы.
- •2.2. Дәннің тыныс алуы.
- •3. Астықтың өздігінен қызуы
- •3.1 Өздігінен қызу процесінің мәні
- •3.2 Астық сақтаудың жағдайлары, өздігінен қызу үрдісінің дамуы.
- •3.3 Өздігінен қызудың алдын – алу шаралары.
- •4 Астық массасының органилептикалық физикалық, химиялық және технологиялық көрсеткіштері
- •Пайдаланылған әдебиеттер
3.2 Астық сақтаудың жағдайлары, өздігінен қызу үрдісінің дамуы.
Өздігінен қызу үрдісінің интенсивті дамуы және пайда болуы көптеген себептерге тәуелді, жалпылай айтқанда «сақтау шарттары» , сонымен қоса астық массасының жағдайы да кіреді, астық қоймасының жағдайы, оларда астық сақтау шарттары, оларды күту әдістері. Сақтау шарттары өздігінен қызу кезінде басты роль атқарады. Бір өздігінен қызу шарттарында жай, ал екіншілерінде тез дамуы мүмкін.
Өздігінен
қызу үрдісінің жалпы сипаттамасы. Астық
массасының өздігінен қызуы 10-15
С-дан
төмен болмаған жағдайда басталады.
Әдетте аз температурада өздігінен қызу
болмайды, себебі астық массасының
интенсивті үрдіс кезінде құрам
бөліктерінің өмір сүру әрекеті нолге
жақын, тіпті ылғалдылығы жоғары болса
да.
Өздігінен қызудың кез-келген түрінің дамуының жалпы заңдылығы бар(1-сурет).
Үрдіс басында температура 25-30 С-қа дейін көтеріледі – АВ кесіндісі 25 С-қа дейінгі астық массасындағы газ алмасу үшін оптимальді емес.
25-30 С-қа жеткенде мезофильді микрофлораның дамуына оптимальды жағдай туады, әсіресе көгерген саңырауқұлақтар үшін. Көгерген саңырауқұлақтардың қалыпты өсуі болады.
Aspergillus және Penicillium, және токсинді заттар (афлотоксиндер) - Aspergillus flavus . Е бактериясы herbicola саңырауқұлақтармен ығысады, микрококкалар және спора түзуші бактериялар жылдам дамиды, сонымен қоса микроорганизмдердің жалпы саны біртіндеп төмендейді. 25-30 С-та тұқым мен астықтың интенсивті дем алуы жоғарлайды. Астық массасында, әсіресе микорорганизмдердің өмір сүру әрекетінен, жылудың көп мөлшері жиналады және ол өте тез 50-55 С – ВС ауданға дейін қызады.
Астықтың физиологиялық белсенділігі оның ылғалдылығы, температурасы және микрофлара құрамына байланысты. Алдында айтып кеткендей ылғал мен температура тыныс алу интенсивтілігі мен жылудың бөлінуіне әсер етеді. Сақтаулы астықтың өмір сүру үрдісінің негізінде температураның жоғарлауына әкелетін барлық үрдістер оның критикалық ылғалдылықтан жоғары болған кезде дамиды. Ол 10-15 температурадан жоғары болғанда аз байланған намесе бос ылғал болған кезде жүреді. Сондықтан өздігінен қызу ең бірінші ылғалды немесе шикі күйінде сақтауға қойылған астықтың партияларында болады. Әсіресе микрофлораның өмір сүрі қабілетін және жфлудың бөлінуін тамшылы сұйық ылғалдың пайда болуы күшейтеді. Астықтың сақталуына көптеген факторлар әсер етеді. Өсіп - өну шарттары, пісу және жинау кезіндегі астықтың пісіп – жетілу дәрежесі, өнімді жинау әдістері.
Әлі дұрыс жетілмеген үсікке ұшыраған, өніп кеткен, дәндері бар астықтың партиясында өздігінен қызу жиі және тез болады, ал дәл сондай ылғалдылықтағы сау астықта ондай сирек кездеседі.
3.3 Өздігінен қызудың алдын – алу шаралары.
Астық сақтау орындарының құрылысы мен күйіне астықтың өздігінен қызу үрдісіне астық сақтау орындарының астықты басқа сыртқы факторлардың әсерінен қорғау дәрежесі мен қамсыздандырылады. Астықтыың саны мен сапасын сақтау үшін оны ауа райының жағдайларынан, ылғалдануынан, жоғары температурасы, астық қорын зақымдаушыларынан, ластануынан қорғау керек. Егер астық сақтау орны гидроизолирленген болса салынған конструкцияның жылу өткізгіштігі аз болса,и неғұрлым герметикалық болса соғұрлым сақтау үрдісін ұйымдастыру оңайға түседі, өздігінен қызу қаупі де азаяды. Еденнің, шатырдың , қабырғалардың жеткіліксіз гидроизоляциялауы болған жағдайда астық массасына су кетіп оның өздігінен қызуына жағдай жасайды. Қабырғаларды, еденнің және шатырдың жылуөткізгіштігі жоғары болса астық массасында температура айырымы болып үйіндінің ішкі және сыртқы аймақтарында ылғалдың бір жерден екінші жерге өтуі пайда болады. Бұл жағдайда өздігінен қызу болып кетуі мүмкін.
Сыртқы ауаның астықтың сақтау орнына оңай кіріп кетуі температура айырымын туғызуы мүмкін. Бұл өздігінен қызуды тудырады. Егер құрылымның ішіне ауа кіру шектелсе, әсіресе күз бен көктемде өздігінен қызу ошағының пайда болу мүмкіндігін азайтуға болады.
Сақталынатын астықтың тұрақтылығы көбінесе үйіндінің биіктігіне, кептіру кезінде тәртіптер сақталған жағдайда, тазалу және белсенді желдету кезінде жақсы нәтиже береді. Үйіндінің биіктігі астық массасының күйіне байланысты. Егер астықтың ылғалдылығы жоғары болса оның физиологиялық белсенділігі жоғары болады да, керсінше үйіндінің биіктігі аласа болу керек.
Кептірілген және салқындатылған астық сақтауға тұрақты және сондықтан оны ұзақ уақыт сақтау үшін элеватордың силостарында үйіндінің биіктігі және одан жоғары болуы мүмкін. Бұндай астық толығымен тиелген қоймаларда да жақсы сақталады. Оның биіктігі 4-6 метрге жетеді. Шикі астық партиясы бұдан азарақ қабатпен орналастырады, алайда бұл 1 метр биіктіктегі үйіндіде де өздігінен қызудың болмайтындығына кепіл бермейді. Мұндай астықты жүйелі бақылап тұрумен ғана уақытша кептіргенге дейін сақтауға болады. Технологиялық тәртіптерді бұзу және әртүрлі үрдістер енгізу өздігінен қызуды тоқтатпайды, оны тездетіп болдыру да мүмкін.
Астық тазалау машиналарының дұрыс жұмыс істемеу салдарынан қоспалардың көлемі көп болуы мүмкін және бұл кезде астық сақтағышқа тиеу кезінде өздігінен сұрыптау жүреді. Үйіндінің әртүрлі аймақтарында қоспалар жиналып қалуы мүмкін, бұл да өздігінен қызудың тууына әсер етеді.
