Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
namefix-239.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2.2. Авcd жазық фигурасының  жазықтығына түсетін көлеңкесін анықтау керек.

Негізгі әдебиеттер: 1 нег.[233-237]

Қосымша әдебиеттер: 4 қос.[124-147], 5 қос.[161-174], 9 қос.[328-336]

Бақылау сұрақтары:

1. Құлама және өзіндік көлеңке туралы түсінік.

2. Көлеңке салуда қиюшы сәулелер жазықтықтары әдісін қолдану орны.

3. Көлеңке салуда кері сәулелер әдісі.

3-сабақ. Негізгі геометриялық формалардың көлеңкелері. Жанама конустар мен цилиндрлер тәсілімен көлеңкелерді салу. «Шығару шамасымен» көлеңкені салу.

Әдістемелік нұсқаулар.

Сабақтың мақсаты – комплекстік сызбада негізгі геометриялық формалардың көлеңкелерін салуды үйрену.

Сабақтың алдында 3-дәріс мұқтасарының жадығаттарын оқып, дайындалу керек. Алдымен конустың, цилиндрдің, сфераның өзіндік және құлама көлеңкелерін салу әдістерін меңгеру керек. Айналу беттерінің көлеңкелерін салу үшін жанама конустар мен цилиндрлер тәсілін қолдану қажет. Есептің берілгендерін көшіру кезінде көлеңкелер түсетін жағында бос орынды көбірек қалдыру керек. Көлеңкелерді сызықшалау арқылы көрсету қажет. Өзіндік көлеңкелер құлама көлеңкелерге қарағанда жарықтау болу керек. Ол үшін өзіндік көлеңкелерді сызықшалағанда сызықтарды сиректеу, ал құлама көлеңкелерді сызықшалағанда сызықтарды жиірек жүргізу керек.

Студенттер есептерді жұмыс дәптерлерінде шығарулары керек. Жұмыс дәптері ретінде А4 форматындағы сызуға арналған альбомдарды қолдану керек.

Тақырыпты толық меңгеру үшін мына есептерді шығару керек.

3.1. Айналу беттерінің өзіндік және құлама көлеңкелерін салу керек.

3.2. Құрама айналу беттерінің өзіндік және құлама көлеңкелерін салу керек.

3.3. Құрама айналу беттерінің өзіндік көлеңкелерін салу керек.

Негізгі әдебиеттер: 1 нег. [233-237]

Қосымша әдебиеттер: 4 қос.[147-155], 5 қос.[161-174], 9 қос.[336-343]

Бақылау сұрақтары:

1. Конустың көлеңкесін салу реті.

2. Конус және цилиндрдің көлеңкелерін сызғышсыз салып көріңіз (конус төбесі жоғарыда және төменде болуын ескереміз).

3. Айналу беттердің көлеңкелерін салуда жанама конус пен цилиндр әдісін қолдану.

4. «Шығару шамасымен» көлеңкелер салу әдісі.

5. Өзіндік және құлама көлеңкелердің шектеу сызықтарының өзара қандай байланысы бар? Сызбада мысал келтіріңіз.

6. Көлеңке салуда горизонталь және фронталь қосымша көмекші жазықтықтар қандай жағдайда қолданылады?

7. Айналу беті өзінің «шығару шамасы» қабырға жазықтығында белгілі болғанда өзіндік көлеңке шекарасының кез келген нүктесінің шығару шамасы қалай анықталады?

4-сабақ. Негізгі сәулет формаларының көлеңкелері. Қуыстарда көлеңкелер салу, кронштейннің көлеңкесін салу, сәулет тетіктердің көлеңкелері. Карниздің (ернеудің), тақталардан ұстынға түскен көлеңкелерді салу.

Әдістемелік нұсқаулар.

Сабақтың мақсаты – комплекстік сызбада негізгі геометриялық формалардың көлеңкелерін салуды үйрену.

Сабақтың алдында 4-дәріс мұқтасарының жадығаттарын оқып, дайындалу керек. Қабырға қуыстарындағы көлеңкелерді, колоннаның қабырғадағы көлеңкесін, абактан колоннаға түскен көлеңкені, дөңгелек плитадан колоннаға түсетін көлеңкені салу тәсілдерін жақсылап меңгеру қажет. Кронштейннің көлеңкесін екінші (профиль) проекциясын қолдану арқылы салу тәсілін, сонымен қатар «шығару» тәсілін игеру керек.

Тақырыпты толық меңгеру үшін мына есептерді шығару керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]