- •Зертханалық сабақтардың жоспары
- •1.1. А нүктесінің проекция жазықтықтарындағы нақты және жорамал көлеңкелерін салу керек.
- •1.2. Ав кесіндісінің проекция жазықтықтарындағы көлеңкесін салу керек.
- •1.3. Жазық фигураның проекция жазықтықтарындағы көлеңкесін салу керек.
- •2.1. Ав кесіндісінің жазықтығына түсетін көлеңкесін анықтау керек.
- •2.2. Авcd жазық фигурасының жазықтығына түсетін көлеңкесін анықтау керек.
- •3.1. Айналу беттерінің өзіндік және құлама көлеңкелерін салу керек.
- •3.2. Құрама айналу беттерінің өзіндік және құлама көлеңкелерін салу керек.
- •3.3. Құрама айналу беттерінің өзіндік көлеңкелерін салу керек.
- •4.1. Капительдердің өзіндік және құлама көлеңкелерін салу керек.
- •5.3. Қабырға қуысындағы көлеңкені салу керек.
- •5.4. Баспалдақтың өзіндік және құлама көлеңкелерін салу керек.
- •10.1. Берілген ab кесіндісін бес бірдей бөліктерге бөлу керек.
- •10.2. Берілген ab кесіндісінің нақты ұзындықтарын анықтау керек.
- •10.3. Берілген а және b түзулерінің арасындағы бұрышының нақты шамасын анықтау керек.
- •13.1. Арка қуысындағы көлеңкені салу керек.
- •13.2. Көпжақтардың өзіндік және құлама көлеңкелерін салу керек.
- •14.1. Интерьер перспективасын салу керек. Көкжиек сызығы мен сурет жазықтығын қалауынша таңдау керек.
- •15.1. Жарық көзі нүктелік болып берілген жағдайдағы интерьерде көлеңкелерді салу керек.
13.1. Арка қуысындағы көлеңкені салу керек.
13.2. Көпжақтардың өзіндік және құлама көлеңкелерін салу керек.
Негізгі әдебиеттер: 1 нег.[212-216]
Қосымша әдебиеттер: 4 қос.[265-272], 5 қос.[270-278], 9 қос.[347-354]
Бақылау сұрақтары:
1. Перспективада айналу беттерінің көлеңкесін салу ретін айтыңыз?
2. Нүктелі (күн) жарық көзінің екінші проекциясы қай жерде орналасады?
3. Перспективада көлеңкелерді салу үшін жарық сәулелерінің бағытын қалай анықтайды?
14-тапсырма. Интерьер перспективасы. Фронталь және бұрыштық перспектива. Көру нүктесі мен бұрышын таңдау.
Әдістемелік нұсқаулар.
Сабақтың мақсаты – сызықтық перспективада көлеңкелерді салуды үйрену. Сабақтың алдында 14-дәріс мұқтасарының жадығаттарын оқып, дайындалу керек. Жарық сәулелерінің бағыты нысанның композициясын мейлінше жақсы анықтайтындай етіп таңдалады.
14.1. Интерьер перспективасын салу керек. Көкжиек сызығы мен сурет жазықтығын қалауынша таңдау керек.
Негізгі әдебиеттер: 1 нег.[212-216]
Қосымша әдебиеттер: 4 қос.[286-290], 5 қос.[255-261]
Бақылау сұрақтары:
1. Интерьер перспективасын салғанда көру бұрышы қандай болу керек?
2. Сурет жазықтығы қалай таңдалады?
3. Планда дөңгелек бөлме интерьерінің перспективасы қалай салынады?
15-тапсырма. Интерьерде көлеңкелер салу.
Әдістемелік нұсқаулар.
Сабақтың мақсаты – Интерьер перспективасында көлеңкелерді салуды үйрену. Сабақтың алдында 15-дәріс мұқтасарының жадығаттарын оқып, дайындалу керек.
15.1. Жарық көзі нүктелік болып берілген жағдайдағы интерьерде көлеңкелерді салу керек.
Негізгі әдебиеттер: 1 нег.[212-216]
Қосымша әдебиеттер: 4 қос.[286-290], 5 қос.[270-278]
Бақылау сұрақтары:
1 Интерьерде көлеңкелерді салу үшін қандай жарық көзін пайдалану ұсынылады?
2. Көрушіге қатысты жарық көзі қалай орналасады?
3. Жарық сәулесінің екінші проекциясы деген не?
