Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
namefix-239.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

10.1. Берілген ab кесіндісін бес бірдей бөліктерге бөлу керек.

10.2. Берілген ab кесіндісінің нақты ұзындықтарын анықтау керек.

10.3. Берілген а және b түзулерінің арасындағы  бұрышының нақты шамасын анықтау керек.

10.4. ABCD шаршысының АВ қабырғасының перспективасы берілген. Шаршының перспективасын салу керек.

10.5. Кубтың AG диагоналінің екінші проекциясы берілген. Кубтың перспективасын салу керек.

Негізгі әдебиеттер: 1 нег.[212-216]

Қосымша әдебиеттер: 4 қос.[228-238], 5 қос.[231-238], 9 қос.[259-270]

Бақылау сұрақтары:

1. Горизонталь кесінділерді пропорционал бөліктерге бөлу қандай тәсілмен орындалады?

2. Суретке параллель кесінділерді перспективада қалай бөледі?

3. Суретке перпендикуляр түзулер үшін қандай нүкте өлшеу нүктесі болады?

4. Вертикаль түзулер үшін қандай нүкте өлшеу нүктесі болады?

5. Суретке параллель түзулер үшін қандай нүкте өлшеу нүктесі болады?

6. Перспективада шеңберді тең бөліктерге қалай бөледі

7. Тор тәсілімен перспективаны салудың ретін айтыңыз.

8. Зат жазықтығында орналасқан өзара қиылысатын екі түзудің арасындағы бұрыштың натурал шамасын қалай анықтайды?

11-тапсырма. Перспективада айналу беттерін салу. Сызықтық беттердің перспективасы.

Әдістемелік нұсқаулар.

Сабақтың мақсаты – перспективада метрикалық есептерді шешуді үйрену. Сабақтың алдында 11-дәріс мұқтасарының жадығаттарын оқып, дайындалу керек.

Студенттер шеңбердің перспективалық кескінін, сонымен қатар шеңберді бірдей бөліктерге бөліктеуді білу керек.

11.1. Шеңбердің AB диаметрінің перспективасы берілген. Шеңбердің перспективасын салу керек.

11.2. Зат жазықтығында жатқан шеңбердің перспективасын салу керек. Шеңбердің центрінің перспективасы және радиусының нақты шамасы берілген.

11.3. Шеңбердің AB диаметрінің перспективасы берілген. Шеңбердің перспективасын салу керек.

11.4. Зат жазықтығында жатқан шеңбердің перспективасын салу керек. Шеңбердің центрінің перспективасы C және радиусының нақты шамасы R берілген.

Негізгі әдебиеттер: 1 нег.[212-216]

Қосымша әдебиеттер: 4 қос.[238-245], 5 қос.[231-238]

Бақылау сұрақтары:

1. Параллель жазықтықтарда орналасқан осі бір шеңберлердің перспективаларын салудың қандай тәсілдерін білесіз?

2. Айналу бетінің перспективасы қалай салынады?

3. Перспективада шеңберді тең бөліктерге қалай бөледі?

12-тапсырма. Сәулетшілер тәсілі. Бір тоғысу нүктесінің көмегімен сәулетшілер тәсілімен нысанның перспективасын салу.

Әдістемелік нұсқаулар.

Сабақтың мақсаты – сызықтық перспективаны сәулетшілер тәсілімен салуды үйрену. Сабақтың алдында 12-дәріс мұқтасарының жадығаттарын оқып, дайындалу керек. Сәулетшілер тәжірибесінде бұл тәсіл кеңінен қолданылады. Бұл тәсілде нысанның негізгі бағыттардағы түзулердің бір немесе екі тоғысу нүктелерін және пландағы проекциялаушы сәулелерді – перспектива вертикальдарын пайдаланады. Бұл вертикальдарда планда проекциялаушы сәулелермен анықталатын нүктелер салынады. Перспективаны дұрыс орындау үшін көру нүктесінің орны мен көру бұрышын дұрыс таңдау маңызды. Көру бұрышының тиімді шамасы 28-30.

12.1. Ғимараттың перспективасын бір тоғысу нүктесін қолдану арқылы сәулетшілер тәсілімен салу керек.

12.2. Баспалдақтың перспективасын салу керек. Сурет жазықтығын қалауынша таңдау керек.

Негізгі әдебиеттер: 1 нег.[212-216]

Қосымша әдебиеттер: 4 қос.[245-256], 5 қос.[238-254], 9 қос.[244-258]

Бақылау сұрақтары:

1. Ғимараттың планы мен фасадына қарап көру бұрышының шамасын қалай анықтайды?

2. Көру бұрышының тиімді шамасы неге тең және ол неге шектеулі?

3. Бір тоғысу нүктесін пайдаланып, сәулетшілер тәсілімен перспективаны салу ерекшелігі неде?

13-тапсырма. Перспективада көлеңкелер салу. Есептер шығару.

Әдістемелік нұсқаулар.

Сабақтың мақсаты – сызықтық перспективада көлеңкелерді салуды үйрену. Сабақтың алдында 13-дәріс мұқтасарының жадығаттарын оқып, дайындалу керек. Жарық сәулелерінің бағыты нысанның композициясын мейлінше жақсы анықтайтындай етіп таңдалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]