Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ОМ каз. 2015-2016.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

8.1. Онкогенездің генетикалық табиғаты

8.2. Мақсаты: Студенттерде жасушаның ісіктік трансформациясының себептері және молекулалық-генетикалық механизмдері туралы білімді қалыптастыру.

8.3. Тапсырмалар:

8.3.1. Онкогенез, онкогенезге алып келетін факторлар.

8.3.2. Онкогенездің негізгі генетикалық механизмдері.

8.3.3. Протонкогендер және онкогендер, олардың жасушалардың ісіктік трансформациясындағы рөлі.

8.3.4. Антионкогендер, олардың жасушалардың ісіктік трансформациясындағы рөлі.

8.3.5. Онковирустар, олардың жасушалардың ісіктік трансформациясындағы рөлі.

8.3.6. Онкогенездің молекулалық механизмдері туралы білімнің медицинадағы маңызы.

8.4. Орындау түрі: реферат дайындау немесе презентация.

8.5. Рефераттың құрылымы:

1) беттік парақ ( талапқа сай безендіру);

2) мазмұны (рефераттың бөлімдерін,бетін ретімен орналастырып нөмірлеу);

3) кіріспе (талданатын мәселенің мәнін, маңыздылығы мен өзектілігін көрсету және рефераттың мақсаты мен тапсырмаларын анықтау);

4) негізгі бөлім (рефераттың әрбір бөлімі жеке мәселені немесе оның бір жағын қамту керек және алдыңғы бөлімдермен логикалық байланысты болуы қажет, бұл бөлігіне кестелер, сызбалар, суреттер және т.б. енгізуге болады);

5) қорытынды (тұжырым жасалынып, реферат тақырыбының жалпы қорытындылары беріледі, ұсыныстар жасалынады);

6) әдебиеттер тізімі.

7) Жұмыстың презентациясы.

5. Рефератты безендіруге қойылатын талаптар:

а) рефераттың көлемі 10-15 беттен аспауы қажет (қосымша беттер реферат көлеміне кірмейді);

б) реферат сауатты түрде орындалуы қажет, қателіктерін тексеру;

в) қолданған әдебиетке сілтеу көрсетілуі керек ол әдебиет ретіне сай нөмірленуі қажет;

г) әдебиеттер тізімі мәтін соңында ретімен көрсетілуі қажет.

Презентация құрастыру талаптары:

а) презентация «Microsoft Power Point» бағдарламасы бойынша құрастырылады;

б) слайдтар саны 10-15 кем болмау керек;

в) презентациялық слайдтарға үлкен мәтіндер жазыуға болмайды, жеңіл қабылданатындай және сауатты жасалынуы керек;

г) соңғы слайдта библиография көрсетілуі қажет.

8.6. Тапсыру мерзімі: «Молекулалық биология негіздері» тарауынан болатын аралық бақылауға дейін.

8.7. Бағалау шарттары: 100 балмен бағаланады, бұл 100%- ке сәйкес келеді.

8.8. Әдебиеттер:

8.8.1. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М.: Академкнига, 2006.

8.8.2. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М., 2003. С.501-520.

8.8.3. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск: Сиб.унив. изд-во, 2007.

8.8.4.Галицкий В.А. Канцерогенез и механизмы внутроклеточной передачи сигналов // Вопросы онкологии.-2003.-Т.49,№3.-С.278-293.

8.8.5.Ганцев Ш.К. Онкология: Учебник для студентов медицинских вузов.-М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2006.-488 с.

8.8.6. Наследственные болезни: национальное руководство/под.ред.акад. РАМН Н.П. Бочкова.-М.: ГЭОТАР-Медиа, 2012.

8.9. Бақылау:

8.9.1.Онкогенез дегеніміз не?

8.9.2. Протоонкоген и онкоген, ұғымы.

Үш тілдегі түсіндірме сөздер:

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Канцерогенез – ағзаның қалыпты жасушаларының ісік жасушасына айналуына алып келетін көп сатылы күрделі үрдіс

Канцерогенез – сложный многоэтапный процесс, ведущий к глубокой опухолевой реорганизации нормальных клеток организма

Cancerogenesis – complex, multistep process of development of malignant tumors

Протоонкогендер – жасушаның бөлінуін, өсуін және жасушалардың өзара әсерін реттейтін гендер, олардың мутациясы қатерлі ісіктің дамуына әкеледі

Протоонкогены – гены, регулирующие деление, рост и взаимодействие клеток, мутации которых приводят к развитию злокачественной опухоли

Protooncogenes – specific group of genes, regulating cell division and growth, mutations of which result in development of malignant tumor

Супрессор гендері – жасушаның бөлінуін және жіктелу үдерісінен шығуына тежеуші әсер ететін гендер

Гены-супрессоры оказывают тормозящее влияние на процессы клеточного деления и выхода из процесса дифференцировки

Suppressor-genes – group of genes suppressing action of oncogenes and preventing process of oncogenesis

Қатерлі ісіктер – жасушаның бақыланусыз бөлінуімен, инвазивті өсіумен және моноклондылығымен сипатталатын ісіктер

Злокачественные опухоли – опухоли, характеризующиеся бесконтрольным делением клеток, инвазивным ростом и моноклональностью

Malignant tumors – tumors characterized by unlimited division of cells, invasive growth and monoclonality

Құрастырушы: оқытушы Танеева Г.Т.

8-тақырып (СӨЖ)