Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ОМ каз. 2015-2016.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

71. Транскрипция терминациясының іске асырылу жолы:

1. терминациялық аймақта тікенектіқұрылымның қалыптасуы немесе реттеуші ақуыз сигма-фактормен әрекеттесуі арқылы іске асады

2. терминациялық аймақта ілмек тәрізді құрылымның қалыптасуы немесе РНҚ полимеразаның реттеуші ақуыз – ро-фактормен әрекеттесуі арқылы іске асады

3. РНҚ-полимеразаның терминаторлық бөліктегі мағналы кодонмен немесе реттеуші ақуыз– сигма фактормен әрекеттесуі арқылы іске асады

4. РНҚ-полимеразаның реттеуші ақуыз – пси-фактормен және сигма-фактормен әрекеттесуі арқылы іске асады

5. РНҚ-полимеразаның экзондармен немесе интрондармен, мағыналы кодондармен әрекеттесуі арқылы іске асады

72. а-РНҚ пісіп жетілу үрдісі тән және ондаіске асырылады:

1. эукариоттық гендерге тән, кодталмайтын қатарлардың (интрондардың) кесілуі, кодтайтын қатарлардың (экзондардың) тігілуі

2. эукариоттық гендерге тән, экзондардың кесілуі, «кэп қалпақшасының» жалғануы

3. прокариоттық гендерге тән, экзондардың кесілуі, «кэп қалпақшасының» жалғануы

4. прокариоттық гендерге тән, экзондардың алынуы және қалған интрондардың тігілуі

5. эукариоттық гендерге тән, альтернативті сайленсингтену, қалған интрондар түрлі комбинациямен тігіледі

73. Альтернативті сплайсинг тән және онда іске асырылады:

1. прокариоттық гендерге тән, пісіп - жетілген а-РНҚ да экзондар әртүрлі комбинациямен тігіледі, геннің кодтау мүмкіндігін төмендетеді

2. эукариоттық жасушаларға тән, экзондардың кесілуі, интрондардың түрлі комбинациялануы, жасушаның энергиялық мүмкіндігін арттырады

3. эукариоттық гендерге тән, интрондардың кесілуі, экзондардың түрлі комбинациямен тігілуі және гендердің кодтау мүмкіндігін арттырады

4. эукариоттық гендерге тән, «кэп қалпақшасының» жалғануы, экзондардың алынып тасталынуы және интрондардың түрлі комбинациямен тігілуі

5. прокариоттық жасушаларға тән, «кэп қалпақшасының» жалғануы, интрондардың алынып тасталынуы және экзондардың түрлі комбинациямен тігілуі

74. Транскрипциялық факторлар қатысады:

1. прокариоттар гендерінің репликациясының инициация кезеңінде ДНҚ -ны РНҚ- полимеразамен байланыстыруға қатысады

2. прокариоттар гендерінің транскрипциясының инициация кезеңінде ДНҚ -ны РНҚ- полимеразамен байланыстыруды қамтамасыз етуге

3. эукариоттар гендерінің транскрипциясының терминациясы кезеңінде ДНҚ -ны РНҚ- полимеразамен байланыстыруға қатысады

4. эукариоттар гендерінің транскрипциясының инициациясы кезеңінде ДНҚ -ны РНҚ- полимеразамен байланыстыруға қатысады

5. прокариоттар гендерінің трансляциясының инициациясы кезеңіде ДНҚ -ны РНҚ- полимеразамен байланыстыруға қатысады

75. ДНҚ –ның РНҚ-полимеразамен байланыс түзетін бөлігі:

  1. аттенуатор

  2. регулятор

  3. промотор

  4. оператор

  5. терминатор

76. а-РНҚ синтезделу процессі басталады:

  1. геннің реттеуші бөлігінен, интроннан,геннің реттеуші бөлігіндегі бірінші нуклеотидтен

  2. трансляцияның басталу нүктесінен, экзонда,реттеуші бөлігіндегі үшінші нуклеотидтен

  3. промотардан, репрессорданреттеуші бөлігіндегі соңғы нуклеотидтен

  4. оператордан, аттенуатордан,геннің трансляциясының бастапқы нүктесінен

  5. геннің кодтайтын бөлігіндегі бірінші нуклеотидтен, транскрипция басталатын нүктеден