- •10 Есеп
- •11 Есеп
- •12 Есеп
- •13 Есеп
- •14 Есеп
- •15 Есеп
- •16 Есеп
- •17 Есеп
- •19 Есеп
- •20 Есеп
- •21 Есеп
- •22 Есеп
- •18 Есеп
- •23 Есеп
- •24 Есеп
- •25 Есеп
- •26 Есеп
- •27 Есеп
- •28 Есеп
- •29 Есеп
- •30 Есеп
- •31 Есеп
- •66 Есеп
- •67 Есеп
- •68 Есеп
- •69 Есеп
- •70 Есеп
- •71 Есеп
- •72 Есеп
- •73 Есеп
- •74 Есеп
- •75 Есеп
- •76 Есеп
- •77 Есеп
- •78 Есеп
- •79 Есеп
- •80 Есеп
14 Есеп
Дәрігердің қабылдауындағы пациент көбіне пісірілген тағамдармен қоректенеді, көкөністер мен жеміс-жидектер рационында жоқтың қасы. Науқас әлсірей беретіндігін, қызыл иегінің қанайтындығын, тістерінің босап кеткендігін, буындарының қақсайтындығын, есте сақтау қабілетінің нашарлағандығын, жиі суық тиіп ауыратындығын айтып шағымданды. Дәрігер тексеру барысында коптеген петехиялар, тері қабатының бозаңдығын байқады. Қан талдауы гипохромды анемияны көрсетті. Берілген белгілердің механизмін түсіндіріңіз.
Шешу алгоритмі:
Берілген жағдайға қажетті витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, әріптік белгісін көрсетіңіз
Қандай тағамдардың құрамында болатындығын түсіндіріңіз. Бұл витамин қандай ферменттердің құрамына кіреді?
Бұл витаминнің авитаминозы кезінде капиллярлардың тез жарылғыштығымен, сонымен қатар байланыстырғыш ұлпалардың дәрменсіздігімен түсіндірілетін өзгерістерді көрсете реакция теңдеуін жазыңыз, ферменті атаңыз.
15 Есеп
Созылмалы гастритпен және аш ішектің шырышты қабатының зақымдануымен ауыратын науқастың қанын талдағанда эритроциттер, лейкоциттер, гемоглобин мөлшерінің төмендегені, жетілмеген ірі жасушалар-мегалобласттар бар екендігі анықталды. Орталық және перифериялық нерв жүйесінде ауытқулар, атап айтқанда есте сақтау қабілетінің нашарлауы, парездер және сал ауруының белгілері байқалды. Берілген белгілердің механизмін түсіндіріңіз.
Шешу алгоритмі:
Берілген жағдайға қажетті витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, әріптік белгісін көрсетіңіз
Берілген витаминнің сіңірілуі қандай факторға тәуелді және ол қай жерде түзіледі?
Берілген витаминнің қатысуымен жүретін реакция теңдеулерін жазыңыз.
16 Есеп
Антибиотиктермен ұзақ уақыт емделгеннен соң пациентте мұрынның жиі қанауы, бір жерін сәл кесіп алса да қан көп кетуі, көздің тор қабығына қан құйылуы тәрізді белгілер байқалды. Аскорутинді қабылдау нәтиже бермеді. Берілген белгілердің механизмін түсіндіріңіз.
Шешу алгоритмі:
Берілген жағдайға қажетті витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, әріптік белгісін көрсетіңіз.
Берілген витаминнің антивитаминдері және синтетикалық аналогы қалай аталады, бұл витамин қандай тағамдарда кездеседі?
Бұл витаминнің биологиялық әсерін сипаттаңыз.
17 Есеп
Қышқылды фосфатаза ферменті фосфор қышқылының күрделі эфирлерінің гидролизі реакциясын жылдамдатады. Бұл фермент көк бауыр, простата жасушаларында түзіледі, эритроциттер, тромбоциттер, макрофагтар және остеокласттар құрамында болады. Бұл фермент сперматозоидтар акросомасында болады, және ұрықтану кезінде ооцит плазмолеммалары фосфолипидтерін ыдыратады. Қышқылды фосфатаза ферментінің ең жоғары ферментативтік активтілігі қышқылдық ортада, рН-ң 4,7-6,0 мәнінде болады.
Шешу алгоритмі:
Реакция жылдамдығының рН-қа тәуелділік графигін тұрғызыңыз. рН-ң өзгеруімен қышқылды фосфатаза активтілігінің өзгеру себебін түсіндіріңіз.
Ферменттің тобын, топшасын және кіші топшасын анықтаңыз.
Берілген ферментті анықтаудың диагностикалық маңызы.
