Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экзаменационные задачи для фарм казахский 2015-2016 учебный год.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147 Кб
Скачать
☆

29 Есеп

Науқастың бауырында глюкозо-6-фосфатазаның тұқымқуалаушылық кемістігі анықталды. Бұл науқаста гликогеннің метаболизмі қалай өзгереді? Бұл жағдайдан кейін: бауырда тамақтан кейін гликоген синтезі жүре ме, гликогенолиз және глюкозаның қанға постабсорбтивті кезеңде шығуы? Шешу алгоритмі:

  1. Гликогеннің мобилизациялау схемасын көрсет.

  2. Гликогеннің мобилизациялануына қатысатын ферментті көрсет және кемісті (дефектілі) ферментті белгіле.

  3. Бұл бауырдағы үрдістің, бұлшықеттегі үрдістен қалай ерекшеленетінін көрсет.

30 Есеп

Емтихан кезінде студенттің қандағы глюкоза мөлшері 7мМ/л тең екендігі анықталды. Егер студент ол емтиханға дейін 4 сағат бұрын тамақтанса, глюкозаның қандағы мөлшерінің өзгеру себебін анықта?

Шешу алгоритмі:

  1. Глюкозаның қалыпты жағдайдағы концентрациясын көрсет және бұл жағдайда студент қанында қай гормонның мөлшері жоғарлайтынын ата.

  2. Бауырда бұл гормонмен активтенетін үрдістің схемасын және реттеуші ферментті көрсет.

  3. Реттеуші ферментке гормонның әсер ету механизмін және гормондық сигналдың трансмембранальді берілу жолын көрсет.

31 Есеп

Адам көмірсулардан тұратын түскі тамақтан кейін 30 минут өткен соң жылдам физикалық жұмыс жасады (мысалы, қауіптен қашу). Осы жағдайда қаңқа бұлшық еттерінде гликоген синтезінің тоқтауы және ыдырауының стимулденуінің себебін түсіндір?

Шешу алгоритмі:

  1. Гликоген синтезінің схемасын көрсет. Гликоген синтезіне қосылған глюкозаға жұмсалған энергияның реакциясын көрсет.

  2. Гликогенолиз схемасын жаз және бұлшық етте глюкозо-1-фосфататың СО2 мен Н2О-ге дейін тотығуы кезінде түзілетін АТФ санын көрсет.

  3. Стресс жағдайында қай гормонның мөлшері жоғарлайтынын және бұл гормонның реттеуші ферменттің синтезі мен гликоген ыдырауының белсенділігіне қалай әсер ететінін көрсет.

(32)37 есеп

Пируват түзілетін глюкозаның катаболизмі аэробты да, анаэробты да жағдайда жүреді. Аэробты да, анаэробты да жағдайда глюкозаның ыдырауында екі молекула пируват түзілгенше неше АТФ түзіледі?

Шешу алгоритмі:

  1. Гликолиз схемасын және АТФ синтезін қажет ететін реакцияны көрсет.

  2. Гликолиздің тотығу реакциясын формула пайдалана отырып жазыңыз.

  3. Аэробты да, анаэробты да жағдайда НАДН2-нің пайдалану реакциясын сипатта.

(33)38 есеп

Спринтер мен стайер 100 м және 10 км арақашықтықта өзара жарысып жатыр. Спринтер жүз метрлікті бітірді, ал стайер онынышы километрді жүгіріп жатыр. Бұл жүгірушілердің бұлшық ет жұмысын энергиямен қамтамасыз етуінің айырмашылығын көрсет.

Шешу алгоритмі:

  1. Стайердің бұлшық ет жұмысының энергия көзі болып табылатын глюкоза катаболизмінің схемасын көрсет.

  2. Дегидрлеу реакциясына қатысатын субстраттарды жаз, БТ (биологиялық тотығу) тізбегінде сутегінің бір субстраттан оттегіне дейінгі жолын көрсет.

  3. Спринтер мен стайердің глюкозаның арнайы катаболизм жолының энергетикалық эффектісінің және соңғы өнімінің құрамының, үрдіс барысындағы айырмашылықтарын көрсет.

(34)39 есеп

Тексерілу кезінде науқаста анемия анықталды және эритроциттерде Хайнц денешіктерінің табылуы-оттегінің активті түрлерімен гемоглобиннің цистеиндік қалдықтарының SH-тобының тотығу барысында гемоглобин протомерлерінің агрегациясы және дисульфидті байланыстар түзілді. Эритроциттер метаболизмінің қандай бұзылыстары, осындай клиникалық жағдайлардың себептері болуы мүмкін.

Шешу алгоритмі:

  1. Қандай реакциялар көмегімен гемоглобиннің цистеиндік қалдығы жағдайдың тұрақтылығын сақтайды және осы үрдіске қатысатын коферментті ата.

  2. Коферменттің қайта қалпына келген формасы түзілетін үрдістің схемасын жазыңыз.

  3. Көрсетілген клиникалық жағдайға себеп болатын және керекті коферменттің жеткіліксіздігіне алып келетін қай ферменттің қызметі бұзылғанын көрсет.

(35)40 есеп

Емханаға екі студент қан құрамындағы қантты тексеруге келді. Анализ нәтижелері дайын болғанда, 1-ші студентте қандағы глюкоза мөлшері 5,6 мМ/л, ал 2-ші студенттің қандағы глюкоза мөлшері 7 мМ/л екені анықталды. Алынған нәтижелерді талқылау кезінде, 2-ші студенттің таңертең тексеруге дейін жарты сағат бұрын тәтті шай ішкені анықталды. Алынған анализдерге қорытынды жасаңыз.

Шешу алгоритмі:

  1. Неліктен биохимиялық зертханада глюкозаның мөлшерін анықтау,қатаң түрде аш қарында жүргізіледі?

  2. Глюкозаның қандағы қалыпты мөлшері және тамақтанғаннан кейінгі жоғарылаған мөлшері қандай болады?

  3. Бауырда тамақтанғаннан кейін глюкоза мөлшерінің жоғарлауынан қандай үрдіс жылдамдайды?

(36)41 есеп

Ауыр физикалық жұмыс кезінде глюконеогенездің және ашығу кезіндегі ең басты субстрат глицерин, ол майлардың тотығуы және ыдырауы кезінде түзіледі. Глюкозаның 1 молекуласының синтезіне неше молекула глицерин және АТФ керек екенін анықта.

Шешу алгоритмі:

  1. Глюкозаның глицериннен синтезін керекті метаболиттермен толықтырыңыз: Глицеринглицерол-3-фосфатдигидроксиацетонфосфат234глюкоза

↕

1

  1. Бастапқы екі реакцияны формуламен, ферменттерін және коферменттерін көрсете отырып жаз.

  2. Схема түрінде АТФ-ті қажет ететін реакцияны көрсет.

(37)42 есеп

Цинганың клиникалық көріністері – тері астында және шырышты қабықтың астында қанның жинақталуы, қызыл иектің қанауы, тістің түсуі, анемия. Бұл ауру қай витаминнің жетіспеушілігінен пайда болады және қандай процесстің бұзылуына әкеледі?

Шешу алгоритмі:

  1. Осы витаминді ата, оның формуласын жаз.

  2. Бұл витаминнің қандай белок синтезіне қатысатынын анықта, бұл белоктығ құрылысын сипатта.

  3. Осы витамин қатысатын реакцияны көрсет, оның функциясын түсіндір, ферментті ата; осы реакцияның жүруі үшін қандай заттың керек екенін көрсет.

(38)43 есеп

Коллагеннің альфа-тізбегі көп мөлшердегі глициннің қалдықтарынан тұрады. Глицин басқа аминқышқылға алмасып кететін мутациялар келесі ауыр зардаптарға әкеледі: сүйектің сынғыштығына, тістің ауытқуына, буындардың аса қозғалтқыштығына және т.б. Неліктен осындай көрсеткіштер байқалады?

Шешу алгоритмі:

  1. Коллагеннің аминқышқылдық құрамын көрсетіңіз; осы құрамның коллагеннің құрлысының қалыптасуындағы маңызын түсіндіріңіз.

  2. Коллагеннің біріншілік құрылысының ерекшеліктерін және оның негізгі қызметін атаңыз.

  3. Тропоколлагеннің қалыпты молекуласын түзу үшін глицин қалдықтарының маңызын түсіндіріңіз.

(39)44 есеп

Адам тағамының құрамына линоль, линолен, олеин қышқылдары кіреді. Ас қабылдағаннан кейін 1 сағат өткенде хиломикрондардың құрамында пальмитин, линоль, стеарин және олеин қышқылдары басымды екені анықталды. Осы нәтижелерді түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Тағаммен түскен майдың гидролизінің реакциясын жазыңыз

  2. Ішек қабырғасындағы ТАГ ресинтезінің сызбанұсқасын жазыңыз

  3. Тағам майларының құрамы және хиломикрон құрамындағы майлардың арасындағы айырмашылықтарды түсіндіретін реакцияларды жазыңыз.

(40)45 есеп

Құрамына майлар және көмірсулар кіретін тағаммен тамақтанғаннан кейін, қан сарысуының түрі өзгеріп, лайланады («сүттәрізді сарысу»), ал 2-3 сағат өткеннен кейін қайтадан мөлдір сұйықтыққа айналады. Осы өзгерістерді түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Неліктен майлы тағам қабылдағаннан кейінгі қандағы өзгерістерді «алиментарлық гиперлипидемия» деп атайды? Түсіндіріңіз.

  2. Өте майлы тағамды қабылдағаннан кейін 1 сағат өткенде, липопротеиндердің қайсысы қанда басымды болады?

  3. Осы липопротеиндердің негізгі комоненттерін атаңыз?

(41)46 есеп

40 жастағы науқас әйелдің өт қапшығында, өт жолдарын жауып, өттің ішекке түсуін бұзатын өт тастары бар екені анықталды. Өттің секрециясының бұзылуының барлық салдарын атаңыз.

Шешу алгоритмі:

  1. Өт қышқылдарының формуласын жазыңыз.

  2. Липидтердің қорытылу өнімдерінің сіңірілуіндегі өт қышқылдарының қызметін көрсетіңіз және сызбанұсқа салыңыз.

  3. Осы науқаста қандай заттардың тапшылығы болуы мүмкін және оның белгілері мен салдары.

(42)47 есеп

Май қышқылдарының синтезі жүретін жасушаларда, сол үрдіспен қатар глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуы (ПФЦ) жүреді. Осы үрдістердің арасындағы байланысты түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. ПФЦ және май қышқылдарының синтезінің сызбанұсқасын көрсетіңіз

  2. Май қышқылдарының синтез реакцияларын ПФЦ-мен қамтамасыз ететін коферментті және оның құрамындағы витаминді атаңыз. Осы коферменттің қатысуыменен жүретін май қышқылдарының синтез реакцияларын жазыңыз

  3. Неліктен бауырда, май тінінде, эритроциттерде ПФЦ өте қарқынды жүреді?

(43)48 есеп

Тәжірибелі жануарларды құрамында көміртектің радиоактивті атомдары бар глюкозамен қоректендірді. Бірнеше сағаттан кейін адипоциттердегі майларды зерттегенде, радиоактивті көміртек глицерол және май қышқылдары радикалдарының құрамында табылғаны анықталды. Шешу алгоритмі:

  1. Глюкозаның ацетил-КоА-ға дейін катаболизмін жазыңыз.

  2. Фосфотриозадан глицеролға дейін липонеогенез сызбанұсқасын жазыңыз.

  3. Сызбанұсқа түрінде май қышқылдарды синтездейтін жолын көрсетіңіз.

(44)49 есеп

Майлар энергияны көп қажет ететін молекулалар болып табылады. Майлардың құрамына қарап осыны түсіндіріңіз. Трипальмитиннің бір молекуласы тотыққан кездегі АТФ санын санаңыз. Шешу алгоритмі:

  1. Осы қосылыстың гидролиз реакциясын жазыңыз.

  2. Пальмитиннің бір молекуласы тотыққан кездегі АТФ санын санаңыз.

  3. Глицериннің тотығу реакцияларын жазыңыз және және осы үрдіс кезінде түзілетін АТФ санын санаңыз. Трипальмитиннің бір молекуласы тотыққан кездегі толық АТФ санын санаңыз.

(45)50 есеп

Тұқым қуалау ауыруларының біреуінде, қанқа бұлшықеттерінде карнитиннің синтезіне қатысатын ферменттердің ақауларының нәтижесінде, карнитиннің концентрациясының төмендеуі байқалады. Неліктен осы науқастарда ауыр дене жұмысын істейтін қабілеті төмен болады?

Шешу алгоритмі:

  1. Май қышқылдарының алмасуындағы карнитиннің ролін көрсететін сызбанұсқасын жазыңыз.

  2. Осы науқастарда қай метаболиттік жолдың жылдамдығы төмендегенін көрсетіңіз.

  3. Неліктен науқастардың бұлшықеттерінің жасушаларында микроскоппен көрінетін үлкен май вакуольдары табылатынын түсіндіріңіз.

(46)51 есеп

Тәжірибелі жануарларды 1 апта бойы құрамында көміртектің радиоактивті атомдары бар глюкозаның артық мөлшерімен қоректендірді. Сосын 2 күн бойы ашықтырды. Қандарында құрамында радиоактивті көміртек бар кетон денелері анықталды. Тәжірибенің нәтижелерін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Глюкозаның ацетил-КоА-ға дейін катаболизмін жазыңыз.

  2. АцетилКоА-ның кетон денелерінің синтезіне пайдалану сызбанұсқасын көрсетіңіз

  3. Глюкозаның катаболизміне және кетон денелерінің синтезіне қатысатын негізгі ферменттерді атаңыз.

(47)52 есеп

60 жастағы екі ер адамның қанындағы жалпы холестерол деңгейін және ТТЛП/ТЖЛП индексін анықтады. Екеуіндеде жалпы холестерол деңгейі – 6,0 мМ/л болды, ал ТТЛП/ТЖЛП индексі бірінші науқаста – 4, ал екіншісінде – 3,1. Алынған нәтижелерді бағалаңыз.

Шешу алгоритмі:

  1. Қай науқаста атеросклероздың және оның асқынуының қауіпі жоғары болады.

  2. Холестериннің тасымалдануындағы ТЖЛП ролін көрсететін сызбанұсқаны жазыңыз.

  3. Неліктен ТТЛП атерогенді липопротеиндер деп, ал ТЖЛП – антиатерогенді деп атайтынын түсіндіріңіз.

(48)53 есеп

Науқаста жедел панкреатит. Сол кезде ұйқы безі жолдарының қабырғалырының қабынуы және ісінуі, жол құысының тарылуы, тоқырау (жүрмей қалу) құбылыстары байқалады. Осындай науқастаға жедел медициналық жәрдем қажет. Ұйқы безі сөлінің бөлінуінің бұзылуы неге қауіпті екенін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Ұйқы безі сөлінде қандай ферменттер синтезеледі.

  2. Олардың активтену жолдарын, проферменттердің активаторларын атаңыз.

  3. Ұйқы безі тінінде олардың активтенуі қандай салдарға әкелетінін түсіндіріңіз.

(49)54 есеп

Науқастың асқазан сөлінде лактат және өт пигменттері жоғарлағаны анықталды. Осы кезде қандай аурулар болуы мүмкін.

Шешу алгоритмі:

  1. Өнімі лактат болатын үрдісті атаңыз. Неліктен лактат асқазанда жиналады. Оның бар болуын қандай сапалық реакциямен анықтауға болады?

  2. Асқазан сөлінің ролін, асқазан сөлінің қышқылдықтарының түрлері және қалыпты жағдайдағы көрсеткіштері атаңыз

  3. Неліктен асқазан сөлінде өт пигменттері, оларға сапалық реакция

(50)55 есеп

Асқазан жарасы бар аурудың асқазанының бір бөлігін алып тастады. Операциядан кейін тексеру нәтижесінде белоктардың қорытылу процесі айтарлықтай өзгермеді.Алынған зерттеу нәтижесін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Асқазанда синтезделетін пептидазаны, оның активтену механизмін және активаторын атаңыз.

  2. Панкреатидтік (ұйқы безі) пептидазаларды және энтероциттердің (ішек жасушаларының)

ферменттерін атаңыз.

  1. Бұл ферменттер пептидазалардың қай тобына жатады?

(51)56 есеп

Дені сау тышқандарды ұзақ уақыт құрамында лейцин, валин и фенилаланин жоқ жасанды белоктық рационда ұстады.Бұл кезде азоттық баланс қалай өзгереді?

Шешу алгоритмі:

  1. Азоттық балансқа анықтама беріңіз.

  2. Бұл амин қышқылдары (лейцин, валин, фенилаланин) ағзада синтезделетін мүмкіндіктеріне қарай қандай аминқышқылдарының тобына жатады?

  3. Оң және теріс азотты баланстардың мүмкін болатын себептерін атаңыз.

(52)57 есеп

Науқаста миокард инфаркты деген болжаммен қанында АЛТ (аланинаминотрансфераза) және АСТ (аспартатаминотрансфераза) активтіліктері анықталды.Осы патология кезінде қандай аминотрансферазаның активтілігі көп мөлшерде артады және неге? Көрсетілген патологияны толық анықтау үшін қанда басқа қандай ферменттер анықталатынын атаңыз?

Шешу алгоритмі:

  1. АЛТ және АСТ катализдейтін реакцияны атаңыз.

  2. Бұл реакциялардың амин қышқылдары метаболизміндегі маңызын түсіндіріңіз.

  3. Энзимодиагностика принципін түсіндіріңіз.

(53)58 есеп

Науқастың зәрінде креатинин концентрациясы 30мМ/л (қалыпты жағдайда 88-176мМ/л).

Қандай тіннің зақымданғаны деп болжам жасауға болады?

Шешу алгоритмі:

  1. Креатинин туындысы болатын амин қышқылдарын атаңыз.

  2. Креатинин түзілу схемасын жазыңыз және осы үрдіске қатысатын тіндерді атаңыз.

  3. Осы жағдайда аурудың қанында қандай ферменттер артады?

(54)59 есеп

Ірімшікте (творог) барлық алмастырылмайтын амин қышқылдары бар.Бауырды май басуда ауруға көбірек ірімшік жеу ұсынылады.Неге мұндай диета аурудың жағдайын жақсартатынын түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Бауырдан триацилглицериндерді тасымалдауға қатысатын затты атаңыз; ол заттың құрамына кіретін заттарды атаңыз.

  2. Холин синтезделетін реакцияны жазыңыз, бұл реакцияға қандай алмастырылмайтын амин қышқылы керек?

  3. Құрамына холин кіретін фосфолипид формуласын жазыңыз.

(55)60 есеп

Тырысу кезінде жедел жәрдем бөлімінің дәрігері науқас ағзасына ГАМҚ (гамма аминомай қышқылы) енгізеді.ГАМҚ арнайы рецепторлары арқылы нерв тіндерінде тежелу үрдісін туғызады, талмалы құбылысты тежейді.Неліктен В6 витаминінің жетіспеушілігінен тырыспа болуы мүмкін? Тырыспаға икем ауруларға қандай амин қышқылын ұсынуға болады, амин қышқылының алмасуының бұзылуына байланысты.

Шешу алгоритмі:

  1. Ағзадағы ГАМҚ түзілетін орнын және функциясын көрсетіңіз.

  2. ГАМҚ түзілу схемасын және инактивациясын жазыңыз, осы үрдістерге қатысатын ферменттер мен коферменттерді атаңыз.

  3. ГАМҚ синтезіне қатысатын ферменттің құрамына кіретін витаминді атаңыз.

(56)61 есеп

Аддисон ауруының бір себебі (қола түстес ауру, гипокортицизм, бүйрек үсті безінің гипофункциясы) бүйрек үсті безінің жасушаларының атрофиясы.Кортикостероидтармен ұзақ емдеген кезде аурудың негізгі симптомы бұлшық ет әлсіздігі, гипогликемия, бұлшық еттерде дистрофиялық өзгерістер, артериялық қысымның төмендеуі, кей жағдайда тері мен шырышты қабаттарда пигментация артуы байқалады. Аурудың бұл симптомдарын қалай түсіндіруге болады?

Шешу алгоритмі:

  1. Негізгі белсенді кортикостероидтарды атаңыз және олардың қызметін көрсетіңіз.

  2. Қандай кортикостероидтардың жетіспеуінен бұл ауруда гипогликемия, бұлшық еттерде дистрофиялық өзгерістер болады?

  3. Аддисон ауруы кезінде гипогликемия мен қан қысымының төмендеу механизмін түсіндіріңіз.

(57)62 есеп

Таулы аймақта тұратын 18 жастағы қыз бала эндокринологқа келесі шағымдармен келді: жалпы әлсіздік, дене температурасының төмендеуі, көңіл күйінің төмендеуі. Пациент қанда ТТГ және йодтиронинді анықтауға жіберілді.Анализ нәтижесі қанда ТТГ және йодтиронин концентрацияларының төмендегенін көрсетті. Науқаста қандай ауру деп болжам жасауға болады?

Шешу алгоритмі:

  1. Мұндай аурудың себебі не болуы мүмкін және тұратын жері мен аурудың пайда болуы арасында байланыс барма?

  2. Йодтирониндердің синтезінің реттелу схемасын көрсетіңіз.

  3. Бұл патологияда профилактика үшін қандай диетаны сақтау керек.

(58)63 есеп

39 жастағы науқас үнемі аштық, шөлдеу сезіміне, тез шаршайтынына , қалыпты дене шынықтыру жүктемесі мен аппетитінің жақсы болғанына қарамастан салмағының азайғанына шағымданды.Аш қарынға глюкоза мөлшері 7мМ/л болды.

Шешу алгоритмі:

  1. Қалыпты жағдайдағы қандағы глюкоза мөлшерін көрсетіңіз және науқаста қандай ауруды болжауға болады?

  2. Көрсетілген симптомдардың механизмдерін түсіндіріңіз.

  3. Диагноз қою үшін қосымша қандай зерттеулер жүргізу керек? Бұл кезде қандай нәтиже күтуге болады?

(59)64 есеп

Ер адам есінен танып қалды. Сонымен қатар оның өңі бозарған, денесі салқындаған.Есін жинату кезінде оның қалтасынан глюкометр ( глюкоза мөлшерін анықтауға арналған прибор), шприц табылды.

Шешу алгоритмі:

  1. Қандай патологиялық жағдай деп болжам жасауға болады және бұл жағдай қандай ауруда байқалады?

  2. Неліктен бұл жағдайда есінен тану байқалады және науқастың қалтасында глюкометр мен шприцтің болуы немен байланысты?

  3. Қандай алғашқы көмек көрсету керек және неге?

(60)65 есеп

Аурухананың инфекциялық бөліміне сарғыштану белгісі байқалған және әлсіздікпен, дене температурасы жоғарлаған (+38,5С) науқас түсті.Тікелей және тікелей емес билирубин концентрациялары жоғарлаған.Зәрде тікелей билирубин және уробилин анықталған.Науқаста сарғыштанудың қандай түрі?

Шешу алгоритмі:

  1. Тікелей және тікелей емес билирубиннің түзілу схемасын көрсетіңіз.

  2. Тікелей емес билирубиннің конъюгация реакциясын жазыңыз және тікелей және тікелей емес билирубиннің қасиетттерін атаңыз.

  3. Бауыр патологиясына диагноз қою үшін қанда бауырдың қандай ферменттерінің активтілігін анықтайды және энзимодиагностикаға негізделген негізгі принциптерді атаңыз.

(61)66 есеп

Науқас белінің ауратынына, ісіну пайда болғанына, әлсіздік және қан қысымының артқанына шағым жасады.Дәрігер науқастың бүйрегінің ауырғаны туралы болжам жасады.Дәрігер неге осындай болжам жасағанын түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Бүйректің зақымданғанын анықтау үшін қан мен зәрде қандай биохимиялық көрсеткіштерді анықтау керек?

  2. Бүйректің зақымданғанда қан мен зәрдің анализінде қандай өзгерістер болады (қан сарысуында белоктардың электрофорезінде)

  3. Неге бүйрк ауруы кезінде қан қысымының артатынын схема түрінде көрсетіңіз.

(62)67 есеп

Науқастың жіліншігінің төменгі жағы сынғандай ауырады.Соңғы кезде арықтағаны және әлсіздік байқалады.Дәрігер науқастың сүйек тіні зақымданағаны туралы болжам

жасады.Осы болжам неге негізделген?

Шешу алгоритмі:

  1. Науқаста сүйек тіні зақымданағанын анықтау үшін қандай арнайы ферменттерді анықтау керек?

  2. Бұл жағдайда қанда қандай макроэлементтерді анықтау керек?

  3. Диагнозды анықтау және емдеу үшін қандай гормондарды анықтау керек, олардың физиологиялық әсерін.

(63)68 есеп

Қабылдау бөліміне буындары қабынған мен жүрегі ауырған науқас түсті. Науқасқа қандай биохимиялық анализдерді өткізуге жолдама бересіз?

Шешу алгоритмі :

  1. Асқынған қабыну кезінде қан сарысуында белоктар фракцияларының мөлшері қалай өзгереді?

  2. Созылмалы қабыну кезінде қан сарысуында белоктар фракцияларының мөлшері қалай өзгереді?

  3. Қауіпті фаза белоктарын атаңыз және оларға қысқаша сипаттама беріңіз.

(64)69 есеп

Науқас ревматология бөлімінде ем алып жатыр. 15 ші күн қан сарысуында белоктық фракцияны зерттеген кезде: альфа-1-глобулиндер – 5%, альфа-2-глобулиндер – 7%, бета-глобулиндер – 18%, гамма-глобулиндер – 23% болды. Альбуминдердің мөлшері қалыпты жағдайда.Көрсетілген анализде бұзылыстар байқалады ма?

Шешу алгоритмі :

  1. Қалыпты жағдайда қан сарысуында белоктар фракцияларының мөлшері қандай?

  2. Электрофорез әдісінің маңызы неде?

  3. Асқынған және қауіпті қабынуда белоктар фракцияларының қатынасы қалай өзгереді?

(65)70 есеп

Науқас ішінің үзілісті және айналдыра ауратынын, әсіресе сол жақ қабырғасының асты қатты ауырады. Соңғы кезде жиі іші өтеді, әсіресе майлы тағам қабылдағаннан кейін.Нәжісінеде май бар екені анықталды.Дәрігер ұйқы безінің зақымданңанына болжам жасады.Бұл болжам неге негізделген?

Шешу алгоритмі:

  1. Ұйқы безінің зақымдануында қанда қандай арнайы фермент артады? Ол фермент қандай класқа және қай топқа жатады?

  2. Неге майлы тағамды қабылдағаннан кейін іш өту байқалады және онда май анықталады?

  3. Тағам триглицеридтерін гидролиздейтін ұйқы безінің ферментін активтеуге қандай заттар керек?