- •10 Есеп
- •11 Есеп
- •12 Есеп
- •13 Есеп
- •14 Есеп
- •15 Есеп
- •16 Есеп
- •17 Есеп
- •19 Есеп
- •20 Есеп
- •21 Есеп
- •22 Есеп
- •18 Есеп
- •23 Есеп
- •24 Есеп
- •25 Есеп
- •26 Есеп
- •27 Есеп
- •28 Есеп
- •29 Есеп
- •30 Есеп
- •31 Есеп
- •66 Есеп
- •67 Есеп
- •68 Есеп
- •69 Есеп
- •70 Есеп
- •71 Есеп
- •72 Есеп
- •73 Есеп
- •74 Есеп
- •75 Есеп
- •76 Есеп
- •77 Есеп
- •78 Есеп
- •79 Есеп
- •80 Есеп
23 Есеп
Барбитураттар (натрий амиталы және тб) медицинада ұйықтатқыш заттар ретінде қолданылады. Бірақ бұл препараттарды емдік дозадан 10 есе артық қабылдаса өліп кетуі де мүмкін. Барбитураттардың организмге токсикалық әсері неге негізделген?
Шешу алгоритмі:
Осы препараттар әсер ететін процестердің схемасын салыңыз.
Схемадан барбитураттармен біріншілік ингибирленетін процесс этабын көрсетіңіз.
Олардың ағзаға әсерінің салдарын сипаттаңыз.
24 Есеп
20-шы ғасырдың басында 2,4-динитрофенол секілді жарылғыш заттар шығаратын әскери заводтарда жұмыс істейтіндер салмақтарын тез жоғалтатындығын медицина қызметкерлері байқады. Осы негізде медицинада 2,4-динитрофенолды дене салмағын азайтатын препарат ретінде қолданды. Бірақ кейін жоғары токсикалық әсері мен кейбір жағдайларда соңы қазалы болғаны байқалғандықтан қолдану тоқтатылды. 2,4-динитрофенолдың жоғары токсикалық әсері неге байланысты?
Шешу алгоритмі:
Қандай үрдістің осы препаратпен бұзылғаны байқалады?
Әсер ету механизмін сипаттаңыз.
2,4-динитрофенолды дене салмағын азайтатын препарат ретінде пайдалануы неге негізделгенін түсіндіріңіз.
25 Есеп
Митохондрия суспензиясына 2 ммоль цитрат және 2 ммоль АФД қосты. Субстраттың тотығу жылдамдығын оттекті жұтуы бойынша есептеді. Бірнеше уақыттан кейін реакция тоқтап қалды. Неге?
Шешу алгоритмі:
ҮКЦ-да цитраттаң альфа-кетоглутар қышқылы түзілу реакциясын жазыңыз.
Оттектің сіңіруімен және АДФ-ты пайдалануымен қай этап байланысты екенің анықтаңыз; тотығатын субстратты атаңыз.
БТ схемасы түрінде тотығатын субстраттан оттекке сутектің жолын көрсетіңіз; Р/О коэффициентің көрсетіңіз.
26 Есеп
Науқаста пируватдекарбоксилазаның генетикалық жетіспеушілігі анықталды. Бұл қандай зардаптарға алып келуі мүмкін?
Шешу алгоритмі:
Осы фермент катализдейтін реакция теңдеуін жазып беріңіз.
Осы реакцияның өнімі қандай процестерде қолданылады.
Осы процестердің бұзылуның зардаптары туралы қорытынды шығар.
27 Есеп
Клиникаға емізуден кейінгі диареямен ауыратын нәресте келіп түсті. Диагноз қою үшін лактозаға толеранттығын тексеру үшін тест жүргізді. Науқасқа ашқарынға суда еріген 50 г лактоза берді. 30, 60 және 90 минут өткеннен кейін қаннан глюкоза концентрациясын анықтады. Нәтижелер қандағы глюкоза мөлшерінің өзгермегендігін көрсетті. Алынған нәтижелердің мүмкіндік себептерін атап айтыңыз және дәлелдеңіз.
Шешу алгоритмі:
Лактозаның ішекте сіңірілуінің реакциясының схемасын жазып, ферментін көрсетіңіз.
Неге қандағы глюкоза мөлшері өзгермеді, түсіндіріңіз.
Осы науқаста сүт тағамдарын көтере алмаушылық бұдан кейін де жалғасады ма. Жауапты дәлелдеңіз.
28 Есеп
Қант диабеті – созылмалы гипергликемиямен сипатталатын ауру (ашқарында қандағы глюкоза мөлшері 6,1 мМ/л-ден көп болса), инсулиннің жеткіліксіз бөлінуі немесе әсерінің болмауынан болады. Қанда глюкозаның деңгейiң төмендету тәсiлдердiң бiрi «Глюкобай» препаратын қолдануды болып табылады. Оның әсер етуші заты –акарбоза, оның құрылысы тетрасахарид және көмірсулар алмасуына қатысатын альфа-гликозидаза жіңішке ішек ферментінің ингибиторы. Акарбозы бар препараттармен емдеу барысында жіңішке ішекте глюкозаның түзілуі және оның қандағы мөлшерінің өзгеруін түсіндіріңіз.
Шешу алгоритмі:
Көмірсулардың ішекте қорытылу схемасын салыңыз.
Осы қосылыспен ингибирленетін ферменттерді ата шығыңыз.
Акарбозамен осы ферменттерді ингибирлеу типін атаңыз.
