- •«Жүйе», «білім беру», «кәсібилендіру» ұғымдары
- •3.2. Химиялық білім бері жүйесінің негізгі компоненттері
- •Химияны оқытудағы дидактиикалық үлгілер
- •Химиялық білім берудің қызметі мен мақсаты
- •Заттардың физикалық қасиеттерін сипаттау
- •Химия курсының мазмұнының құрылымы
- •Дидактикалық бірліктегі білім беру мазмұнының құрылымы
- •Химия курсы құрылымының негізі
- •Химия курсы құрылымының негіздері
Химия курсы құрылымының негізі
Химия білім берудің мазмұны белгілі бір құрылымы мен құрамңға ие. Мектептегі химия курсы әдістемелік, психико - педагогикалық және ғылыми - теориялық сияқты белгілі негіздерге сүйеніп жасалады(11- кесте) .
Химия курсы құрылымының негіздері
Негіздер (мысалдар) |
Не үшін? Не береді? |
Әдістемелік (тану теориясы) |
Білмейтіннен білгенге дейінгі жолды қамтамасыз етеді |
Психолого - педагогикалық (дамыту, түсіну, оқыту, тәрбие беру теориялары) |
Білім алушының есептерді шешу, тәрбиелеу, дамыту үшін қызмет атқарады |
Ғылыми - теориялық (химияның ғылыми - теориялық консепциясы) |
Химия білім берудің ірге тасын қалау, химия курсының құрылымы, химия білім берудің мәселесін шешуді қамтамасыз етеді. |
Әдістемелік негіз: білмейтіннен білгенге дейінгі жолды қамтамасыз ету, жаңа білімді қабылдау,рационализация технологиясын дамыту үшін керек.Маңызды әдістемелік негізге: әдістемелік іс -әрекет (интегративті, жүйелі, кешенді, инновациалы, оңтайлы), бейімделу теориясы жатады.
Психилого - педагогикалық негіз - білім алушының есептерді шешу, тәрбиелеу, дамыту үшін қажет. Маңызды психико - педагогикалық негізге тәрбие берудің дәстүрлі және жаңа теориялары, білім беру практикасында тексерілген оқушылардың білімі мен дамуы жатады.
Ғылыми - теориялық негіз- химия білім берудің ірге тасын қалау, химия курсының құрылымы, химия білім берудің мәселесін шешуді қамтамасыз ету үшін қажет. Маңызды ғылыми - теориялық негізге білім беру және теория жүзіндегі ғылыми - теориядық химиялық концепциялар жатады (атом - молекулалық ілім, зат құрылысы теориясындағы Д.И. Менделеевтің периодтық заң және периодтық кестесі, зат құрылысы мен химиялық байланыс ілімі, электроиттік диссоциация теориясы, органикалық заттардың химиялық құрылысының заманауи теориясы). Ғылыми - теориялық негіз химия білім берудің барлық деңгейіндегі есептерді шешуді қамтамасыз етеді(эмпирикалық, теориялық ), атом - молекулалық ілімнен бастап қиындатылған заманауи электронды - кеңістіктерді меңгеруді көздейді.
