- •7 .Дәрістер кешені
- •1.Жаңа топты құру.
- •2. Анықтаманың жаңа элементтерін құру.
- •3.Анықтама топтары мен элементтерін көшіру.
- •4.Анықтама элементтері мен топтарын өзгерту.
- •5. Жою таңбасын және анықтама элементтерін жою.
- •6. Жою таңбасын келесі мүмкіндіктер арқылы жүзеге асады:
- •7. Элементтерді көшіру
- •8. Таңдама және іріктеу
- •4.Анықтамалар
- •Тақырып 3. Ақшалай қаржылар есебі
- •3.1.Анықтамалар
- •3.2.Кассалар анықтамасы
- •3.3 Ұйымның банктік шоттары
- •Тақырып 4. Қорлар есебі
- •Тақырып 5. Негізгі құралдар мен меа есебі
- •Тақырып 6. Контрагенттермен бір-бірімен есеп айырысу есебі.
- •Тақырып 8. Өндірістің есебі
- •Тақырып 9. Ққс есебі және табыс салығының есебі
- •Тақырып 10. Есептілік
1.Жаңа топты құру.
Анықтаманың жаңа элементтер тобын құру үшін келесідей мүмкіндіктерді қолданылады. Олар:
● Мәзір командасында әрекет ету тақтасы – жаңа топ;
● Құрал-саймандар панелінде пиктограмманы басу арқылы;
● «Ctrl+f9» пернелерін басу;
● Тышқанның оң жағын басып, мәзір терезесінен жаңа топты ашу.
2. Анықтаманың жаңа элементтерін құру.
Оны құру үшін келесідей жағдайлар болады:
мәзір командасында әректе ету тақтасы – қосу;
құрал-саймандар тақтасында пиктограмманы басу арқылы;
«Insert» пернесін басу арқылы.;
тышқанның оң жағын басып, мәзір командаларының ішінен қосу таңдау.
Егер иерархиялық анықтамаларға енгізілетін жаңа элемент, белгілі бір топқа кіру үшін, онда элементті сол топтың ішінен ашу керек. Анықтаманың элементтерін тіркеуді жеңілдету үшін 1С: кәсіпорын жүйесінде мәліметтерді көшіру механизмі қарастырылған.
3.Анықтама топтары мен элементтерін көшіру.
Анықтамадағы жаңа топтар мен элементтерді енгізу бұрын енгізілген топтар мен элементтерді көшіру арқылы жүзеге асыруға болады..
Анықтамадағы мәліметтердің бірін көшіру үшін белгілі бір әдістерді қолданылуы мүмкін, ол үшін тышқанды көшірілетін топтың немесе элементтің үстіне апарылады:
мәзір командасында әрекет ету тақтасы – көшіру,
құрал-саймандар панелінде пиктограмманы басу;
«F9» пернесін басу;
Тышқанның оң жағын басып, мәзір терезесіндегі көшіру командасын таңдау.
Нәтижесінде анықтаманың жаңа элементтеріндегі барлық элемент үлгісінің деректемелерінен көшіріледі, жаңа элемент нөмірімен белгіленеді. 1С: кәсіпорын тәртібінде анықтамадағы барлық топтар мен элементтерді өзгертуге болады.
4.Анықтама элементтері мен топтарын өзгерту.
Анықтама элементтері мен топтарын өзгерту үшін келесідей әрекет жасауға
болады:
мәзір командасында әрекет тақтасы- өзгерту;
құрал-саймандар тақтасында пиктограмманы таңдау;
«Enter» пернесін басу;
«F2» пернесін басу;
Топты (элементті) тышқанды екі рет басу арқылы ашу.
Тышқанның оң жағын басып, мән-мәтін мәзіріндегі - өзгерту командасын таңдау.
5. Жою таңбасын және анықтама элементтерін жою.
Объектілерді жою үшін 2 тәртіп қарастырылған – объектіні жоюға таңбалау және объектіні бірден жою.
Анықтаманың элементі мен тобын жоюға таңбалау келесі жолдармен жүзеге асырылады:
мәзір командасындағы әрекет ету құралдары – жою таңбасын орнату;
құрал-саймандар тақтасындағы пиктограмма басу;
өшіру пернесін басу;
Тышқанның оң жағындағы мерзімді ашып, жою таңбасын таңдау.
Сервистік рәсім көмегімен элементтер мен топтарды келесі жағдайлармен өшіруге болады. Операция – таңдалған объектіні жою. Егер де конфигурациялау кезеңінде элемент немесе топты жою таңбалаусыз мүмкін болса, келесі мүмкіндіктер қолданылады.:
мәзір командасының әрекет ету – жою құралдары арқылы;
«Shift + delete» пернелерін басу арқылы;
Тышқанның оң жағындағы мәзірді ашып, «жою» командасын таңдау.
6. Жою таңбасын келесі мүмкіндіктер арқылы жүзеге асады:
- мәзір командасы құралынан әрекет ету – жою таңбасын орнату;
- құралдар тақтасында пиктограмманы басу;
- «delete» пернесін басу арқылы;
- тышқанның оң жақ пернесін басу арқылы, мән-мәтін мәзірін шақыру және жою таңбасын алу командасын таңдау.
