- •7 .Дәрістер кешені
- •1.Жаңа топты құру.
- •2. Анықтаманың жаңа элементтерін құру.
- •3.Анықтама топтары мен элементтерін көшіру.
- •4.Анықтама элементтері мен топтарын өзгерту.
- •5. Жою таңбасын және анықтама элементтерін жою.
- •6. Жою таңбасын келесі мүмкіндіктер арқылы жүзеге асады:
- •7. Элементтерді көшіру
- •8. Таңдама және іріктеу
- •4.Анықтамалар
- •Тақырып 3. Ақшалай қаржылар есебі
- •3.1.Анықтамалар
- •3.2.Кассалар анықтамасы
- •3.3 Ұйымның банктік шоттары
- •Тақырып 4. Қорлар есебі
- •Тақырып 5. Негізгі құралдар мен меа есебі
- •Тақырып 6. Контрагенттермен бір-бірімен есеп айырысу есебі.
- •Тақырып 8. Өндірістің есебі
- •Тақырып 9. Ққс есебі және табыс салығының есебі
- •Тақырып 10. Есептілік
3.3 Ұйымның банктік шоттары
Ұйымның банктік шоттары туралы мәлімет Банктік шоттар анықтамасында сақталынады. Әр бір ұйым үшін банктік шоттардың өзіндік тізімі анықталған. Ұйымның есеп айырысу шоттары туралы ақпаратын ашу үшін Кәсіпорын – Ұйым мәзірін ашып, «Өту» түймесін басып, берілген тізімнен Банктік шоттар пунктін таңдау керек. Банктік шоттар туралы мәліметтерді толтыру кезінде келесі ақпараттар көрсетіледі:
Атауы – есеп айырысу шоты атауы көрсетіледі.
Банк – Банктер анықтамасынан есеп айырысу шоты ашылған банк таңдалынады.
Шот № - банктегі шот нөмірі.
Түр – шот түрі: есеп айырысу, депозиттік, басқалай және т.б.
Ашылу күні – есеп айырысу шотының ашылған күні.
Жабылу күні – есеп айырысу шотының жабылған күні.
Валюта – банктік шот есебі валютасы. Валютаны Валюта анықтамасынан таңдауға болады.
Тікелей емес есеп айырысу банкі – Банктер анықтамасынан тікелей емес есеп айырысулар жағдайындағыбанк таңдалынады.
Топтың «Төлемнің ерекше шарттары үшін төлем тапсырмасы жаузалары» жолында төлем құралдары баспа нысанының сәйкес жолдарында құрылатын мәтінін енгізуге болады.
Құжатта күнді жазбаша көрсету – берілген банктік шот таңдалған құжаттың баспа түрінде осы жалаушаны қою кезінде құжат күнінде ай санмен емес, жазбаша жазылады. Мысалы, егер төлем тапсырмасы күні 18.01.2009 ж. болатын болса, құжаттың баспа түрінде ол келесі түрде көрсетіледі – 2009 ж. 18 қаңтары.
Бүтін болған жағдайда, соманы 00 – сіз көрсету – бұл жалаушаны орнатқан кезде төлем тапсырмасындағы бүтін сома «=» белгісімен басылады, мысалы, сома 20 теңге, егер жалау орнатылса, 20= түрінде басылады, екінші жағдайда 20-00 болады.
Әр бір банктік шот үшін ұйымның банктік шоттары бойынша ақша қаржыларының қозғалысы проводкалары құрылатын есеп шоттары орнатылады. Ұйым банк шоттары есеп шоттары Банктік шот анықтамасы элемент түрінің құралдар панелінде орналасқан «Өту» түймесі көмегімен беріледі.
Банктік шот анықтамасында контрагенттердің банктік шоттары туралы ақпарат та сақталады. Әр бір контрагент үшін өзіндік банктік шот немесе банктік шот тізімі анықталады. Контрагенттің банктік шотын Контрагенттер анқытамасы элементі түрінен беруге болады
Банктер
Банктер анықтамасында контрагенттердің есеп айырысу шоттары мен ұйымның банктік шоттары ашылған банк туралы ақпарат сақталынады. Банктер анықтамасын Банктер мен кассалар – Банктер мәзірмен ашуға болады.
Банктер анықтамасын толтырған кезде келесі деректер көрсетіледі :
Атауы – банк атауы;
БИК - БИК банка;
Корр.шот - банктің корреспонденттік шоты;
РНН - банк РНН - і;
Қала – банк орналасқан қала;
Төлем жүйесіндегі код – КЦМР төлем жүйесіндегі банкішілік код жүйесі. Бұл деректі зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы төлемдері, міндетті әлеуметтік төлемдер, ұйым жұмысшыларының өзіндік шоттарына төлемдер аударатын банктерге толтыру міндетті. Код 8 белгіден тұрады, бұл жол келесі қағидаға сәйкес толтырылады: «К» әрпі (латын бас әрпі), «3», «4», «7», «8», «9» банк БИК мәні цифрлары және «0» екі белгісі. Мысалы, банк БИК 190701310, онда төлем жүйесі коды келесі түрде болады - К0731000.
Комиссия пайызы – банк операцияларын жүзеге асыруы үшін банк алатын комиссия пайызы.
Сонымен қатар банк мекен – жайы мен телефоны бойынша байланыс ақпараты көрсетіледі.
Кіріс төлем тапсырмасы
Кіріс төлем тапсырмасы құжаты ұйымның есеп айырысу шотына басқа ұйымдардан төлем тапсырмасы бойынша ақша қаржыларының келіп түсу операцияларын тіркейді. Бұл құжатты Банктер мен кассалар - Кіріс төлем тапсырмасы әзірі көмегімен жүзеге асыруға болады.
Жаңа төлем тапсырмасын құру кезінде бағдарлама ағымдағы пайдалану үшін орнатылған бөлек мәндерді автоматты түрде орнатады.
«Кіріс нөмірі» жолында төлем тапсырмасы нөмірі мен оның күні көрсетіледі. «Ұйым» жолына Ұйымдар анықтамасынан ұйым таңдалынып, ақша қаржылары есептелінетін банк шоты «Банктік шот» жолына жазылады.
«Төлеуші» жолы Контрагенттер анықтамсынан таңдау арқылы толтырылады.
Құжаттың деректемелік құрамы төлем алынған операция түріне байланысты болады. Кіріс Төлем тапсырмасы құжатында келесі шаруашылық операциялар болады:
«Сатып алушы төлемі»;
«Жабдықтаушының ақша қаражатын қайтаруы»;
«Несие мен қарыз бойынша есептесу»;
«қолма – қолсыз ақша қаржыларының басқалай келіп түсуі»;
«контрагенттермен басқалай есеп айырысулар»;
«Шетел валютасын сатып алу»;
«шетел валютасын сатудан түсім»;
«Зейнетақы салымдарын қайтару»;
«Әлеуметтік төлемдерді қайтару»;
«Сатып алушы төлемі» операциясымен сатып алушыдан қолма – қолсыз ақша қаржыларының келуі тіркеледі. Өзара есептесу келісім – шарты ретінде «сатып алушымен» түрі орнатылған келісім – шарт таңдалынады. Құжатты толтыру кезінде автоматты түрде келісім – шарт бойынша есеп айырысу жағдайы анықталып, түскен сома аванс және төлемге бөлінеді.
Жабыдықтаушы қайтарған есеп айырысу шотына ақша қаржыларының түсуін тіркеу «Жабдықтаушының ақша қаражатын қайтаруы» операциясы арқылы рәсімделеді. Келісім – шарты ретінде «жабдықтаушымен» түрі орнатылған келісім – шарт таңдалынады.
«Сатып алушы төлемі» мен «Жабдықтаушының ақша қаражатын қайтаруы» операциялары үшін командалық панельде «Тізім» түймесі бар. Мұндай түр бір құжат бойынша ақша қаржылары бірнеше келісім – шарт немесе бірнеше есеп айырысу құжаттары бойынша немесе төлем кезінде әр түрлі ҚҚС мөлшерменмен алынса таңдалады.
Қолма – қолсыз ақша қаржылары несие және қарыз бойынша түскен кезде «Несие мен қарыз бойынша есептесу» операциясы қолданылады. Келісім – шарты ретінде «басқалай» түрі орнатылған келісім – шарт таңдалынады.
«Контрагенттермен басқалай есеп айырысулар» операциясы ұйымдар бойынша басқалай есеп айырысулар тіркеледі, жүйені қолданушы корреспонденциялық шотты өзі таңдап, орнатып, есептің аналитикалық объектілерін өзі толтыруы тиіс.
Шығыс төлем тапсырмасы
Ұйымның есеп айырысу шотынан ақша қаржыларын шығару операцияларын көрсету үшін Шығыс төлем тапсырмасы құжатын пайдаланылады.
Жаңа төлем тапсырмасын құру кезінде конфигурация ағымдағы пайдалану үшін орнатылған бөлек мәндерді автоматты түрде орнатады. Түрдің толтыру құжаты, түрдің командалық панеліндегі «Операциялар» мәзірі арқылы таңдалатын төлем сипатына байланысты болады.
Шығыс төлем тапсырмасы құжатында келесі шаруашылық операцияларды таңдауға болады:
«Жабдықтаушыға төлем»;
«Сатып алушыға ақша қаржыларын қайтару»;
«Контрагенттермен несие мен қарыздар бойынша есеп айырысу»;
«Салықты аудару»;
«Ұйымның басқа шотына аудару»;
«Контрагенттермен басқалай есеп айырысу»;
«Жалақыны аудару»;
«зейнетақы салымдарын аудару»;
«Әлеуметтік төлемдерді аудару»;
«Орындау қағазы бойынша аудару»;
«Басқалай қолма – қолсыз ақша қаржыларын шығару».
Өзіндік операция түрі қарастырылмаған басқа жағдайларда «Басқалай қолма – қолсыз ақша қаржыларын шығару» операциясы қолданылады. «
«Орындау қағазы бойынша аудару» операциясы кассадан орындау қағазы бойынша сомалар берілген уақытта таңдалады.
«Баспа» құжатында құжаттың баспалы түрінде болуы тиіс ақпарат көрсетіледі, көбінесе төлем арналым мәтіні, төлем арналым коды, бюджеттік классификация коды.
Шығыс төлем тапсырмасы құжатында «Төленді» және «Салық есебінде көрсетілсін» жолдары бар. «Төленді» жолы егер төлем тапсырмасы банкпен орындалса және құжатты төлеу күні көрсетілсе, толтырылады. «Салық есебінде көрсетілсін» жолы құжатты салық есебінде көрсету қажеттігі болған жағдайда толтырылады.
Төлем ордері (ақшалай қаржылардың түсуі)
Банктік шоттарға ақша қаржыларын басқалай алғашқы құжаттармен орындалатын – төлемдік емес тапсырмалар бойынша ақша қаржыларын шығару конфигурацияда Ақша қаржыларын кірістеу Төлем ордері құжатымен тәркеледі.
Төлем ордері (ақшалай қаржылардың түсуі) құжаты көмегімен Кіріс төлем тапсырмасы құжатындағы барлық шаруашылық операцияларды көрсетуге болдаы, одан басқа 1030 «Жолдағы ақша қаржылары» шотымен проводка құру үшін «Ақша қаржыларын инкассациялау» қосымша операциясы да бар.
Төлем ордері (ақшалай қаржылардың шығуы)
Банктерде ұйым шотынан басқалай есеп айырысу құжаттары – төлемдік емес тапсырмалар бойынша ақша қаржыларын шығару конфигурацияда Ақша қаржыларын шығару Төлем ордері құжатымен тәркеледі.
Шығыс төлем тапсырмасы құжатынан ол баспалық түрінің жоқтығымен және төлем бойынша мәліметтердің деректермен ерекшеленеді.
Банк көшірмесі
Қолма – қолсыз ақша қаржылары қозғалысын тіркейтін төлем құжаттары жүргізу кезінде бухгалтерлік проводкаларды құрмауы мүмкін. Төлем құжаттары бухгалтерлік проводкаларды құжаттарда «Төленді» белгісі орнатылып, төлем күні көрсетілген уақытта құра алады. Төлем фактісін тіркеуді Банк көшірмесі өңдемесі жеңілдете алады, оны Банктер мен кассалар – Банк көшірмесі мәзірі арқылы ашуға болады.
Берілген өңдеу топтық өңдеуге және қалдықты бақылауға арналған. Өңдеуді орнату үшін ұйымды, есеп айырысу шотын және төлем күнін көрсету керек.
Төленген банктік құжаттар бойынша Банк көшірмесінің кестелік бөлігін толтыру үшін «Тек қана төленгендерді шығару» белгісін орнатып, «Толтыру» түймесін басу керек.
Егер бұл белгі орнатылмаса, «Толтыру» түймесін басқан кезде көшірменің кестелік бөлігі ұйым таңдаған және есеп айырысу шоты бойынша банктік құжаттармен және төленбеген құжттармен толтырылады.
Банктік құжаттардың берілген тізімінде банктен алынған көшірме мәліметі бойынша төлем жалаушаларын орнатып, «Орындау» түймесін басу керек. Сондықтан бұл өңдеме автоматты түрде таңдалған барлық құжат бойынша төлем белгілерін орнатады. Төлем күні өңдемеде көрсетілген күнге сәйкес келеді.
Шот бойынша банктік көшірмені қарау үшін барлық төлемдерді тіркегеннен кейін «Тек төленгендерді шығару» белгісін орнату керек.
Ақша қозғалысы туралы есеп (тікелей әдіс)
Ақша қозғалысы туралы есеп ақшалай қаржылар қозғалысы туралы есепті тікелей әдіспен құру үшін арналған. Есепті Есептер – Регламенттелген есептер мәзірі арқылы құруға болады.
Бұл есеп үшін ақпарат ақшалай қаржылар есебі шотынан олардың қозғалыс түрі бойынша жинақталады.
