- •7 .Дәрістер кешені
- •1.Жаңа топты құру.
- •2. Анықтаманың жаңа элементтерін құру.
- •3.Анықтама топтары мен элементтерін көшіру.
- •4.Анықтама элементтері мен топтарын өзгерту.
- •5. Жою таңбасын және анықтама элементтерін жою.
- •6. Жою таңбасын келесі мүмкіндіктер арқылы жүзеге асады:
- •7. Элементтерді көшіру
- •8. Таңдама және іріктеу
- •4.Анықтамалар
- •Тақырып 3. Ақшалай қаржылар есебі
- •3.1.Анықтамалар
- •3.2.Кассалар анықтамасы
- •3.3 Ұйымның банктік шоттары
- •Тақырып 4. Қорлар есебі
- •Тақырып 5. Негізгі құралдар мен меа есебі
- •Тақырып 6. Контрагенттермен бір-бірімен есеп айырысу есебі.
- •Тақырып 8. Өндірістің есебі
- •Тақырып 9. Ққс есебі және табыс салығының есебі
- •Тақырып 10. Есептілік
Тақырып 3. Ақшалай қаржылар есебі
Дәрістің мақсаты - ақшалай қаржылар есебінің түсінігін қарастыру.
Негізгі ұғымдар - қолма – қол және қолма – қолсыз ақша, банк, кіріс касса ордері, шығыс касса ордері, кіріс төлем тапсырмасы, шығыс төлем тапсырмасы, төлем ордері, ақшалай қаржылар қозғалысы баптары, субконто, инвестиция, сатып алушы төлемі, контрагенттер, инкассациялау, касса кітабі, аванстық есеп, төлем, жабдықтаушыға төлем, регламенттелген есептер.
Дәріс жоспары:
3.1.Анықтамалар
3.2.Касса операциясының есебі
3.3.Банк операциясының есебі
3.1 Қазақстан үшін «lС: Бухгалтерия 8.1» конфигурациясында қолма – қол және қолма – қолсыз ақшалай қаржылар есебін жүргізу мүмкіндігі жүзеге асырылған. Ұйымның касса және есеп айырысу шоттары бойынша ақшалай қаржылар қозғалысы есебін ұйымдастыру үшін келесі анықтамалар қарастырылған:
Ақшалай қаржылар қозғалысы баптары
Кассалар
Банктер.
Құжаттар:
Кіріс касса ордері;
Шығыс касса ордері;
Кіріс төлем тапсырмасы;
Шығыс төлем тапсырмасы;
Ақшалай қаржының түсуі туралы төлем ордері ;
Ақшалай қаржының шығуы туралы төлем ордері;
Сонымен қатар «банк көшірмесі» өңдемесі.
Ақшалай қаржылар қозғалысы Баптары анықтамасы
Конфигурациядағы ақшалай қаржылылар есебінің барлық шоттарының Ақшалай қаржылар қозғалысы баптары атты анықтамада негізделген «Ақшалай қаржылар қозғалысы шоттары» кері субконтосы бар. Берліген субконто бойынша есепті ұйымдастыру конфигурацияда ақшалай қаржылар объектілері бойынша ғана емес, сонымен қатар ақшалай қаржылар қозғалысы операциялары бойынша ақпаратты бақылауға мүмкіндік береді. Бұл үшін ақшалай қаржылар есебі бойынша барлық құжаттарда «АҚҚ бартары» атты деректемелер болады. Бұл деректемелрді толтырған кезде Ақшалай қаржылар қозғалысы баптары атты анықтамасынан элементтер таңдалынып алынады, мысалы: «жабдықтаушылар мен мердігерлерге төлемдер», «Тауарды, жұмысты, қызметті сатудан түскен ақшалай қаржылар» және т.б. Ақшалай қаржылар қозғалысы баптары атты анықтамасын Банк және касса - Ақшалай қаржылар қозғалысы баптары мәзір арқылы ашуға болады.
Ақшалай қаржылар қозғалысы Баптары анықтамасында келесі деректемелермен толтырылады:
3.2.Кассалар анықтамасы
Кассалар анықтамасы кәсіпорын кассалары бойынша ақпаратты сақтауға арналған. Кассалық операциялар есебін регламенттелген есеп валютасы бойынша ғана емес, Валюта анықтамасында анықталған баспа да валютада жүргізуге болады. Касса анықтамасын мәзірдің Банк және касса – Кассалар арқылы ашуға болады.
Кассалар анықтама элементі келесі деректемелерден тұрады:
Атауы – касса атауы. Касса анықтамасында әрқашан да «негізгі касса» атты элемент болады. Атауы кассы;
Жауапты тұлға – кассаның материалды жауапты тұлғасы (кассир), бұл жолды толтыру кезінде Жеке тұлғалар анықтамасы ашылады, одан қажетті мәнді таңдап алу керек. «Жауапты тұлға» деректемелері кезең деректеме болып табылады, бұл деректеме мәнінің өзгеру тарихын «Тарих» түймесін көмегімен тексеруге болады.
Валюта – есеп валютасы.
Ұйым кассасындағы ақшалай қаржылар қозғалысы бойынша проводка құрылатын есеп шоттары «Өту» түймесі көмегімен жүзеге асырылады.
Кіріс касса ордері
Ақшалай қаржылардың касса түсуі операцияларын Кіріс касса ордері құжаты көмегімен жүзеге асырылады. Бұл құжат арқылы келесі шаруашылық операциялар түрлері көрсетіледі:
«Сатып алушының төлемі»
«Есепті тұлғаның ақша қаржыларын қайтаруы»;
«Жабдықтаушылардың ақша қаржыларын қайтаруы»;
«Жұмысшылардың ақша қаржыларын қайтаруы»;
«Банкте қолма – қол ақша қаржыларын алу»;
«Контрагенттермен несие және қарыздар бойынша есеп айырысу»;
«ақша қаржыларының басқалай түсуі».
Операция түрі «Операция» түймесі арқылы орнатылады. Шаруашылық операция түрін таңдауға байланысты Кіріс касса ордері құжатының деректемелік құрамы өзгереді.
«Сатып алушы төлемі» операциясымен сатып алушыдан келіп түскен қолма – қол ақша қаржы тіркеледі. Құжатта ақша қаржысы келіп түсетін контрагентті алып тастап, оны келісім – шартта көрсету керек. Өзара есеп айырысу бойынша келісім – шарт ретінде «сатып алуышымен» түрі орнатылған келісім – шартты таңдау керек. Қосылған құн салығы мөлшерлеме мен сомасын көрсету, проводкаларды құру үшін корреспонденциялық шоттарды көрсету. Құжатты жасау кезінде автоматты түрде келісім – шарт бойынша есеп айырысу жағдайы анықталынады. Егер құжатта «аванс шоты» деректемесі толтырылып тұрса, онда келіп түскен сома автоматты түрде аванс пен төлемге бөлінеді.
Шығыс касса ордері
Ұйым кассасынан ақшалай қаржыны беру операциясын көрсетуге Шығыс касса ордері құжаты арналған.
Берілген құжатта шаруашылық операциялардың келесі түрлері безендіріледі:
«Жабдықтаушыға төлем»;
«Сатып алушыға ақша қаржысын қайтару»;
«Есепті тұлғаға ақша қаражатын беру»;
«Тізімдеме бойынша жалақы төлеу»;
«Жұмысшыға жалақы төлеу»;
«Банкке қолма – қол салым»;
«Ақша қаржыларын инкассациялау»;
«Контрагенттермен несие мен қарыздар бойынша есеп айырысу»;
«Орындау қағазы бойынша төлем»;
«Ақшалай қаржылардың басқалай шығысы».
«Жабдықтаушыға төлем» операциясын таңдау кезінде құжатта жабдықтаушы мен келісім – шартты таңдау керек, контрагентпен келісім – шарт «жабдықтаушымен» түріне жатқызылуы тиіс.
Сатып алушыға ақша қаржысын қайтару операциясын тіркеу «Сатып алушыға ақша қаржысын қайтару» операциясы арқылы жүзеге асырылады. Бұл операцияны таңдау кезінде сатып алушы мен келісім – шартты көрсету керек, контрагентпен келісім – шарт «сатып алушымен» түріне жатқызылуы тиіс.
Егер кассадан ақша қаржысын есепті тұлғаға берсе, онда Шығыс касса ордері құжатында «Есепті тұлғаға ақша қаражатын беру» операциясы таңдалынады. Құжатта есепті тұлға көрсетіледі. Құжаттың кестелік бөлігінде жеткілікті ақпарат беріліп, ақша қандай мақсатқа берілгені және ақша қаржылары қозғалысының баптары көрсетіледі.
«Тізімдеме бойынша жалақы төлеу» операциясы шығыс касса ордері төлем тізімдемесі бойынша, төленген сома бойынша берілсе, таңдалынады. Формада Ұйым төлеуге арналған жалақы құжаты көрсетіледі.
«Жұмысшыға жалақы төлеу» операция түріндегі шығыс касса ордері ұйымның белгілі бір жұмысшысына жалақы төлеу кезінде құрылады. «Жұмысшыға жалақы төлеу» операциясы бар Шығыс касса ордері құжаты Жалақыны шығыс ордерлерімен төлеу өңдігішімен құруға болады.
«Банкке қолма – қол салым» операциясы кассадағы түсім ұйымның есеп айырысу шотына салынған жағдайда таңдалынады. Бұл операцияны құжат түрінде таңдағанда ақша қаржылары салынатын шот пен ақшалай қаржылар баптары көрсетіледі.
Кассалық кітап
Барлық орындалған касса құжаттары, яғни кассадан ақша қаржылары алынып, берілген құжаттар кассир арқылы жиналып, олардың негізінде касса кітабы толтырылады. Бұл есепте әр бір жұмыс күні басындағы кассадағы ақша қаржылары қалдығы, күн ішіндегі ақша қаржыларының келуі мен кету операциялары тіркеліп, күн аяғында кассадағы қолма – қол қалдық есептелінеді. Конфигурацияда бұл Касса кітабы есебін құру үшін Банк және кассалар – Касса кітабі мәзірді таңдау керек.
Есеп түрінің жоғарғы жағында пайдаланушы есепті құру параметрлері өңдемесін бере алады: есеп құрылатын кезең мен касса.
«Беттерді күн бойынша бөлу» параметрі касса кітабын күндер бойынша бөлінген түрінде алуға мүмкіндік береді, егер бұл деректемелерді орнатпаса, касса кітабын кезең ішінде толығымен алуға болады.
«Құжатты түрі бойынша сұрыптау» және құжатты нөмірі бойынша сұрыптау» параметрлері бір күн шегіндегі құжаттары түрі мен нөмірі бойынша сұрыптау жасауға мүмкіндік береді.
Есепте «касса ордерлері негізінде көрсету» жалаушасын орнатқан кезде, кіріс және шығыс касса ордерлерінің «Негіз» жолындағы мәліметтері көрсетіледі.
Аванстық есеп
Есепті ақша қаражаты берілген ұйым қызметкері олар берілген күннен немесе іссапардан қайтқан күннен үш жұмыс күнінен қалдырмай ақша қаржыларының мақсатты пайдаланылғандығы туралы бухгалтерияға есеп беруі және олар бойынша түпкілікті есеп айырысу жүргізуі тиіс. Бұл есеп Аванстық есеп құжаты болып табылады.
Жұмысшымен шығындалған соманы есепті тұлғаға кассадан беру Шығыс касса ордері құжатымен безендіріледі. Жұмысшының шаруашылық қажеттілікке немес іссапарлық шығынға алынған соманың пайдаланылмаған бөлігін қайтару Кіріс касса ордері құжатының «Есепті тұлғаның ақша қаржысын қайтаруы» операциясымен жүзеге асырылады.
Аванстық есеп деректемелерін келесі сызба бойынша толтыруға болады:
Жеке тұлға жолында – Жеке тұлға анықтамасында аванстық есепті ұсынған тұлға көрсетіледі.
Арналым деректемеде – аванстың арналған мәтіні жазылады, мысалы, іссапарлық немес ағымдағы шығындар.
«Аванстар» бет-белгідегі есепті ақша қаржылары қай шығыс касса ордері арқылы берілгенін көрсетеміз.
«ТМҚ» құжатының кестелік бөлігінде есепті тұлғамен қандай тауарлы – материалдық қорлар сатылып алынғандығы толықтай көрсетіледі. ТМҚ дұрыс кірістеу үшін құралдар панелінде «Баға мен валюта» түймесін басып, баға мен валюта түрін таңдап, соманың ҚҚС есеп айырысу нұсқасын таңдау қажет. ТМҚ келіп түсетін қойма құжат нысанының басында орналасады.
