- •1 Тақырып. Криминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері
- •2. Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің
- •1. Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің ұғымы мен міндеттері
- •2. Қылмыстардың жекеленген түрлерін және топтарын тергеу әдістемесінің пәні мен қағидалары
- •3. Криминалистикалық әдістеменің құрылымы мен негізгі ұғымдары
- •2 Тақырып. Қылмыстың криминалистік сипаттамасы
- •1 Криминалистикалық сипаттаманың түсінігі және оның тарихи аспектілері
- •Жәбірленуші
- •Қылмыс жасау тәсілі
- •2. Криминалистикалық сипаттаманың элементтері
- •Қылмыскердің тұлғасы
- •Қылмыс жасау механизмі
- •Бастапқы тергеу ситуациясы
- •Қылмыс жасау жағдайы
- •Қылмыстық қол сұғушылықтарының заттары
- •Қылмыстың материалдық іздері
- •Қылмыстың ниеті және мақсаты
- •10. Қылмыстың салдары
- •Қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар
- •Қылмыс мән-жайлары бойынша көрсетпелерді қалыптастыруға әсер ететін факторлар
- •Қылмыс іздерін жасыруға бағытталуы мүмкін әрекеттер
- •3 Тақырып Криминалистикалық болжаулар және тергеуді жоспарлау
- •1. Тергеу болжауының және тергеу жоспарының түсінігі, олардың өзара байланысы
- •2. Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементтері және жоспар жасау техникасы
- •Қазақстан Республикасының қк-нің " " бабымен_______қарсы қозғалған
- •3. Тергеушінің жедел-іздестіру, анықтама және басқа да органдармен байланысы
- •4 Тақырып Адам өлтіру және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •1. Адам өлтіру қылмысын тергеу әдістемесінің теориялық алғышарты
- •2. Адам өлтіру қылмысының криминалистикалық сипаттамасы
- •3. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулары және жоспарлануы
- •4 Күш қолдану белгілері бар мәйіт табылған жағдайларда жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері
- •5. Келесі тергеу кезеңдерінің міндеттері (мақсаты)
- •5 Тақырып Ұрлық қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •1. Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Типтік ситуациялар, болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі
- •3. Ұрлық істері бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •6 Тақырып Тонау және қарақшылық жолымен жасалған мүлікті талан-таражға салуды тергеу әдістемесі
- •1. Тонау және қарақшылық шабуылдарының криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеуді жоспарлау
- •3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •7 Тақырып Алаяқтық қылмысын тергеу әдістемесі
- •2.Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу
- •2. Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу болжауы мен жоспары
- •3. Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •4. Кейінгі тергеу әрекеттері
- •8 Тақырып Қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •1. Қорқытып алушылық қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі.
- •3. Кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттері
- •9 Тақырып Бөтен мүлікті иелену және ысырап ету қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •3. Істі қозғау кезеңіндегі тексеру әрекеттері
- •5. Жеке тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •1. Экономика саласында жасалатын қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Сеніп тапсырылған бөтен мұлікті иеленіп алу немесе ысырап ету қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы
- •3. Істі қозғау кезеңіндегі тексеру әрекеттері
- •4. Типтік ситуациялар және тергеудің бастапқы кезеңі
- •5. Жеке тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •10 Тақырып Көліктегі қылмыстарды тергеу әдістемесі
- •1. Көліктегі қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Типтік ситуациялар мен болжаулар және тергеудің алғашқы қезеңі
- •3. Тергеу әрекетінің тактикасы
- •11 Тақырып Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзуды тергеудің әдістемесі
- •1. Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзудың криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Тергеудің типтік ситуациялары, болжаулар және жоспарлау
- •3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •13 Тақырып. Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстарды тергеу. Парақорлықты тергеу.
2 Тақырып. Қылмыстың криминалистік сипаттамасы
Жоспар:
1. Криминалистикалық сипаттаманың түсінігі және оның тарихи аспектілері
2. Криминалистикалық сипаттаманың элементтері
1 Криминалистикалық сипаттаманың түсінігі және оның тарихи аспектілері
Қылмыстарды тергеудің жекелеген әдістемесі олардың криминалистикалық сипаттамасымен тығыз байланысты. Көптеген ғылыми мақалаларда, ҚР-ның және жақын шетелдердегі қорғалған кандидаттық және докторлық диссертацияларда криминалистер аталған түсініктерге байланысты өздерінің пікірлерін дұрыс деп есептейді.
Алғаш рет “криминалистикалық сипаттама” түсінігі Ленинград мемлекеттік университетінің профессоры П.И. Люблинский 1927 жылы ұсынды. Ол криминалистикалық сипаттаманы криминалистикамен қатар, сот медицинасы, криминалдық психологиядан құралатын ілім ретінде қарастырды. Осылардың негізінде қандай да бір оқиғаның криминалистикалық сипаттамасы қалыптасуы қажет. Ол үшін П.И. Люблинский “не, қайда, қашан, кім, кімнің көмегімен, неге, қандай әдіспен” деген классикалық рим формуласын қолданды.
Осы кезден бастап, кеңестік криминалист ғалымдар тергеу тәжірибесін зерттей және жалпылай отырып, жекелеген қылмыс түрлеріне тән белгілермен, бірқатар заңдылықтарды анықтады.
1966 жылы В.А. Сергеев криминалистикалық өзгешеліктері бар қылмыстардың ерекшелігін криминалистикалық сипаттама деп атауды ұсынып, бұл түсініктің күрделі құрылымға ие екендігін атап көрсетті.
1967 жылы А.Н. Колесниченко барлық қылмыстарға криминалистикалық маңызы бар жалпы белгілер тән екендігін айтты. Профессор С.П. Митричев қылмыстарды зерттеу кезінде криминалистикалық маңызы бар типтік белгілерге назар аудару қажет деп есептеді. Аталған зерттеулердің әрқайсысы қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының элементтерін өз тұрғысынан бөліп көрсетті.
1974 жылы Мәскеулік мемлекеттік университетінің заң факультеті ұйымдастырған криминалистика кафедра меңгерушілерінің бүкілодақтық семинары болып өтті. Аталған семинарда барлық қатысушыларға жекеленген қылмыс түрлерінің криминалистикалық сипаттамасын оқып зерттеу, сондай-ақ оны тергеу әдістемесінің құрамдас бөлігі ретінде қарау және криминалистиканың оқу бағдарламасына енгізу ұсынылды. Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы – криминалистикадағы жеке теориялық ілім болып табылатындығын атап өткен жөн.
Барлық криминалистер криминалистикалық сипаттаманы қылмыстың ақпараттық үлгісі (моделі) және қылмыстардың белгілерінің жүйесі ретінде қарастырады. Мамандардың пікірлері бойынша, криминалистикалық сипатта-маның тәжірибелік маңызы – оның ғылыми негізделген нұсқауларды жасауға, тергеушінің дұрыс бағытталған қызметін қалыптастыруға, тергеудің неғұрлым обьективті жолдарын, әдіс-тәсілдерін таңдауға, сондай-ақ жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізудің тактикасын анықтауға мүмкіндік беретіндігінде.
Криминалистикалық сипаттама түсінігінің күрделілігіне барлық криминалис-тер мойындады. Сондықтан, криминалистикалық сипаттама қандай элементтерден тұратындығына келетін болсақ, ол элементтердің саны жөнінде бірыңғай ойлар қалыптаспаған. Криминалистикалық сипаттама түсінігі мазмұнының күрделілігін оңай дәлелдеуге болады, бірақ оның құрамына қандай элементтерді енгізу туралы осы уақытқа дейін біртұтас көзқарас айтылмаған. Криминалистикалық сипаттама түсінігінің қалыптасуының алғашқы кезеңіне кейбір авторлар оның қатарына қылмыстың қылмыстық-құқықтық, процесуалдық сипаттамаларын енгізеді. Атап айтсақ, И.А. Возгрин криминалистикалық сипаттама осы екі сипаттамадан құралу қажеттігін ерекше атап көрсеткен. Дегенмен де, кейінірек ол өз көзқарасын өзгертіп, төмендегілерді криминалистикалық сипаттама элементтері қатарынан шығарып тастады:
бастапқы ақпараттың сипаттамасын;
қылмыстық қол сұғушылықтың пәні туралы мәліметтерді;
қылмысқа дайындалу, орындау, оның ізін жасыру әдістері мен олардың қылмыстық әрекеттерінің зардабы жөніндегі мәліметтерді;
қылмыскер мен жәбірленушінің тұлғалық ерекшеліктері туралы мәліметтерді;
қылмыстың неғұрлым кеңінен тараған ниет-себептері туралы жалпылама мәліметтерді.
Р.С. Белкиннің, И.Ф.Пантелеевтің, А.Ф.Савкиннің пікірлері бойынша, түрлік криминалистикалық сипаттаманы қалыптастыру кезінде қылмыстық-құқықтық сипаттаманы ескеру қажет деп санайды. Бірақ бұл қылмыстық-құқықтық сипаттаманы криминалистикалық сипаттаманың құрылымына енгізудің негізі болып табылмайды. Осы пікірді профессор Г.А.Мозговых та ұстанады. Оның ойы бойынша, дәлелдеу пәні туралы мәселеге де көңіл аудару қажет. Бұрынырақ криминалистикалық сипаттама туралы ілім қалыптаспай тұрып, жеке әдістемеге дәлелденуге жататын мән-жайларды енгізу дұрыс деп есептеген. Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасын жеке әдістемеге енгізгеннен кейін дәлелдеу пәні арқылы криминалистикалық маңызы бар белгілерді айқындаудың қажеттілігі жойылды.
И.Ф. Пантелеев, А.Ф. Савкиндер өз еңбектерінде: “дәлелдеу пәні мен түрлік криминалистикалық сипаттама – әр түрлі түсініктер” деп өте орынды көрсеткен. Дәлелдеу пәнінің түсінігі сот дәлелдемелер теориясына тән және ол дәлелденуге жататын маңызды мән-жайлардың қажетті жиынтығын көрсетеді. Дәлелдеу пәні мен криминалистикалық сипаттама арасында дәлелдеу теориясы мен қылмыс туралы ілім арасындағыдай байланыс бар.
Қазіргі уақытқа дейін криминалистикалық сипаттама элементтерінің саны туралы бірыңғай көзқарас жоқ. Бірақ типтік криминалистикалық сипаттамада мынадай элементтерді бөліп көрсетуге болады:
қылмыс жасау тәсілі;
қылмыстық қол сұғушылықтың пәні;
қылмыскер мен жәбірленушінің ерекшеліктері;
қылмыс механизмі.
Криминалистикалық сипаттаманың осы және өзге элементтері түрлік крими-налистикалық сипаттамада неғұрлым жан-жақты қарастырылса, соғұрлым бұл түсінік тәжірибеде үлкен бағаға ие болады.
Криминалистикалық сипаттама – қылмыстарды табу, тергеу және алдын алудың тиімді әдіс-тәсілдерін дұрыс анықтауға ықпал ететін қылмыс туралы мәліметтердің жүйесі болып табылады.
Криминалистикалық сипаттаманың мазмұнына белгілі бір категориядағы қылмыстарды жасаудың элементтері, осы элементтердің арасындағы кримина-листикалық маңызы бар байланыстар туралы мәліметтер жатқызылады. Криминалистикалық сипаттаманың ақпараттық негізін тергеу тәжірибесін зерттеу нәтижелері құрайды.
Криминалистикалық сипаттама туралы ілім – криминалистикалық әдісте-менің құрамдас бөлігі болып табылады. Криминалистикалық сипаттаманың жалпы ережелері – криминалистикалық әдістеменің жалпы теориялық бөлі-мінің маңызды жағы. Ал жекеленген қылмыс түрлерінің криминалистикалық сипаттамасы осы қылмыстарды тергеудің криминалистикалық әдістемелерінің құрылымдық элементі.
Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы туралы ілімді қалыптас-тыру – криминалистика ғылымының дамуына да, тергеу тәжірибесінің одан әрі жетілдірілуіне де ықпал етеді.
Криминалистикалық сипаттаманы тәжірибелік қолданудың негізгі бағыттары:
қылмысты ашу, болжаулар жасау:
қылмыскер тұлғасы туралы болжау жасау;
қылмыс туралы ақпараттың мүмкін болатын шеңберін дұрыс анықтау үшін із қалдыру механизмі туралы мәліметтерді табу жөніндегі жұмыстарды қолдану;
тергеушінің тергеу әрекеттерін (сезіктіден, айыпталушыдан, жәбірлену-шіден жауап алу және т.б.) жүргізу кезінде тактикалық әдіс-тәсілдерін анықтау үшін;
тиімді және дұрыс тактикалық шешім қабылдау үшін.
Әрі қарай, криминалистикалық сипаттама тергеу әдістемесінің барлық мазмұнына енгізіледі және қандай да бір жеке тергеу ұсыныстарын негіздеу үшін қолданылады деп ойлауға барлық негіз бар.
