- •1 Тақырып. Криминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері
- •2. Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің
- •1. Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің ұғымы мен міндеттері
- •2. Қылмыстардың жекеленген түрлерін және топтарын тергеу әдістемесінің пәні мен қағидалары
- •3. Криминалистикалық әдістеменің құрылымы мен негізгі ұғымдары
- •2 Тақырып. Қылмыстың криминалистік сипаттамасы
- •1 Криминалистикалық сипаттаманың түсінігі және оның тарихи аспектілері
- •Жәбірленуші
- •Қылмыс жасау тәсілі
- •2. Криминалистикалық сипаттаманың элементтері
- •Қылмыскердің тұлғасы
- •Қылмыс жасау механизмі
- •Бастапқы тергеу ситуациясы
- •Қылмыс жасау жағдайы
- •Қылмыстық қол сұғушылықтарының заттары
- •Қылмыстың материалдық іздері
- •Қылмыстың ниеті және мақсаты
- •10. Қылмыстың салдары
- •Қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар
- •Қылмыс мән-жайлары бойынша көрсетпелерді қалыптастыруға әсер ететін факторлар
- •Қылмыс іздерін жасыруға бағытталуы мүмкін әрекеттер
- •3 Тақырып Криминалистикалық болжаулар және тергеуді жоспарлау
- •1. Тергеу болжауының және тергеу жоспарының түсінігі, олардың өзара байланысы
- •2. Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементтері және жоспар жасау техникасы
- •Қазақстан Республикасының қк-нің " " бабымен_______қарсы қозғалған
- •3. Тергеушінің жедел-іздестіру, анықтама және басқа да органдармен байланысы
- •4 Тақырып Адам өлтіру және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •1. Адам өлтіру қылмысын тергеу әдістемесінің теориялық алғышарты
- •2. Адам өлтіру қылмысының криминалистикалық сипаттамасы
- •3. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулары және жоспарлануы
- •4 Күш қолдану белгілері бар мәйіт табылған жағдайларда жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері
- •5. Келесі тергеу кезеңдерінің міндеттері (мақсаты)
- •5 Тақырып Ұрлық қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •1. Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Типтік ситуациялар, болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі
- •3. Ұрлық істері бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •6 Тақырып Тонау және қарақшылық жолымен жасалған мүлікті талан-таражға салуды тергеу әдістемесі
- •1. Тонау және қарақшылық шабуылдарының криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеуді жоспарлау
- •3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •7 Тақырып Алаяқтық қылмысын тергеу әдістемесі
- •2.Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу
- •2. Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу болжауы мен жоспары
- •3. Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •4. Кейінгі тергеу әрекеттері
- •8 Тақырып Қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •1. Қорқытып алушылық қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі.
- •3. Кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттері
- •9 Тақырып Бөтен мүлікті иелену және ысырап ету қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •3. Істі қозғау кезеңіндегі тексеру әрекеттері
- •5. Жеке тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •1. Экономика саласында жасалатын қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Сеніп тапсырылған бөтен мұлікті иеленіп алу немесе ысырап ету қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы
- •3. Істі қозғау кезеңіндегі тексеру әрекеттері
- •4. Типтік ситуациялар және тергеудің бастапқы кезеңі
- •5. Жеке тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •10 Тақырып Көліктегі қылмыстарды тергеу әдістемесі
- •1. Көліктегі қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Типтік ситуациялар мен болжаулар және тергеудің алғашқы қезеңі
- •3. Тергеу әрекетінің тактикасы
- •11 Тақырып Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзуды тергеудің әдістемесі
- •1. Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзудың криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Тергеудің типтік ситуациялары, болжаулар және жоспарлау
- •3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •13 Тақырып. Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстарды тергеу. Парақорлықты тергеу.
2. Криминалистикалық сипаттаманың элементтері
Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасында әрбір элемент белгілі бір мазмұнға ие. Төменде көрсетілетін элементтер профессор Г.А.Мозговыхпен қарастырылған. Оларға жеке тоқталатын болсақ:
Қылмыскердің тұлғасы
Қылмыскер тұлғасы – криминологиялық ғылымның негізгі зерттеу обьектісі. Криминалистика ғылым ретінде қалыптасқан сәттен бастап, қылмыскердің тұлғасын зерттеу мәселесіне көп көңіл бөлініп келеді. Н.П. Яблоков қылмыскердің тұлғасын криминалистикалық зерттеуде екі бағытты бөліп көрсетеді. Бірінші бағыт – әрекеттің түрі, орны мен уақытын, қылмыстық қол сұғушылықтың пәнін ескере отырып белгісіз қылмыскердің тұлғасы туралы мәліметтерді алуды қарастырады. Екіншісі – субьект тұлғасының кримина-листикалық тұрғыдан бағалау мақсатында сезіктінің немесе айыпталушының тұлғасын зерттеу. Аталған екінші бағыттың жалпыланған ғылыми нәтижелері қылмыскер тұлғасының типологиялық ерекшеліктері туралы ақпаратты қалыптастыруда маңызы ерекше. Қылмысты тергеу процесінде белгісіз қылмыскердің тұлғасын криминалистикалық зерттегенде оқиға болған жерден табылған материалдық іздерді зерттеу жолымен, сондай-ақ жәбірленуші мен куәлардың көмегімен қылмыс жасаған тұлғаның биологиялық, физиологиялық, кәсіби белгілері есепке алынады. Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы үшін қылмыскердің әлеуметтік, демографиялық, психологиялық қасиеттері де үлкен маңызға ие. Атап айтсақ:
өмірбаян сипатындағы мәліметтер (жасы, жынысы, ұлты, білімі, отбасы жағдайы);
қоғам өмірінің негізгі салаларында тұлғаның қатысуын сипаттайтын мәліметтер;
тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеттері (темперамент, ерік-сезіктері);
Әр түрлі қылмыстар жасайтын субьектілердің тұлғасы жөніндегі осы мәліметтерді жалпылау – қылмыскер тұлғасын қылмыстың криминалистикалық сипаттамасының маңызды элементері ретінде нақтылауға көмектеседі.
Жәбірленуші
Кейбір қылмыстар бойынша криминалистикалық талдауда жәбірленушінің типологиялық ерекшеліктері алдыңғы орынға ие болады. Себебі, жәбірленуші алдын ала тергеу мен сот мәжілісінің орталық фигурасы болып табылады. Жәбірленуші тұлғасының ерекшеліктері жөніндегі мәліметтер криминалисти-калық жоғары маңызға ие. Олар:
жәбірленуші әрекеттерінің қылмыс механизмінің қалыптасуына тигізе-тін әсерін анықтауға;
жәбірленушінің тұлғасын, оның қылмыскермен қарым-қатынасын зерттеуге;
тергеу кезіндегі жәбірленушінің жүріс-тұрысын болжауға;
жәбірленушінің тұлғасы мен жүріс-тұрысымен байланыста болатын қылмыстың жасалуына итермелеген себептер мен жағдайларды бекітуге;
жәбірленушінің қатысуымен жүргізілетін тергеу әрекеттерінің тактикалық әдістерін таңдауға көмектеседі;
Жәбірленушінің тұлғасы туралы типологиялық мәліметтер жауап алу және оның қатысуымен өзге тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде жәбірленушімен психологиялық байланыс қалыптастыру үшін маңызы бар.
Қылмыс жасау тәсілі
Көптеген криминалистердің пікірлері бойынша, бұл элемент өте үлкен маңызға ие. Әрбір жекелеген жағдайларда қылмыс жасау тәсілі нақты болады. Қылмыстық-құқықтық ғылымында қылмыс жасау тәсілі қылмыс құрамының обьективтік жағын сипаттау үшін қажет. Ал қылмыстық іс жүргізу құқығында бұл элемент қылмыстық іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлардың бірі және айыптау қорытындысы мен айыптау үкімінің құрылымындағы міндетті элементердің бірі ретінде қарастырылады.
Криминалистикада қылмыс жасау тәсілі – қылмыс іздерін қайдан, кімнен іздеуді, ол іздер қандай құралдармен қалдырылғандығы, т.б. мән-жайларды анықтауға көмектесетін ақпараттың маңызды қайнар көзі болып табылады.
Қылмыс жасау тәсілі – деп қоршаған орта жағдайлары мен қылмыскердің психофизиологиялық қасиеттерімен анықталған, қылмысқа дайындалу, оны орындау мен ізін жасыру жөніндегі әрекеттердің жүйесін түсінеміз. Қылмыс жасау әдісі криминалистикалық сипаттаманың негізгі элементерінің бірі екендігі туралы барлық криминалистердің пікірі бір болып есептеледі. Қылмыс жасау әдісін танып-білу – іс бойынша қажетті мән-жайларды танудың кілті десекте болар.
Қылмыс жасау тәсілдері обьективтік және субьективтік факторлар негізделіп қалыптасады. Обьективтік факторларға қылмыскер қол сұққан қоғамдық қатынастардың түрі мен сипатын, қылмыскер әрекет еткен жағдайды, қылмыс-тық қол сұғушылық пәнінің ерекшеліктерін жатқызуға, ал субьективтік факторлардың қатарына қылмыскер мен жәбірленушінің психологиялық ерекшеліктерін, қылмыстың ниеті мен мақсатын кіргізуге болады.
Қылмыс жасау тәсілі күрделі, әрі жинақтаушы ұғым. Қасақана жасалған қылмыстарға байланысты қылмыс жасау әдісі бойынша мынандай элементті көрсетуге болады: дайындалу, орындау, оның ізін жасыру әдістері. Ал абайсызда жасалған қылмыстарда келесідей екі немесе бір элемент орын алуы мүмкін: орындау немесе орындау және жасыру әдістері.
