- •1 Тақырып. Криминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері
- •2. Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің
- •1. Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің ұғымы мен міндеттері
- •2. Қылмыстардың жекеленген түрлерін және топтарын тергеу әдістемесінің пәні мен қағидалары
- •3. Криминалистикалық әдістеменің құрылымы мен негізгі ұғымдары
- •2 Тақырып. Қылмыстың криминалистік сипаттамасы
- •1 Криминалистикалық сипаттаманың түсінігі және оның тарихи аспектілері
- •Жәбірленуші
- •Қылмыс жасау тәсілі
- •2. Криминалистикалық сипаттаманың элементтері
- •Қылмыскердің тұлғасы
- •Қылмыс жасау механизмі
- •Бастапқы тергеу ситуациясы
- •Қылмыс жасау жағдайы
- •Қылмыстық қол сұғушылықтарының заттары
- •Қылмыстың материалдық іздері
- •Қылмыстың ниеті және мақсаты
- •10. Қылмыстың салдары
- •Қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар
- •Қылмыс мән-жайлары бойынша көрсетпелерді қалыптастыруға әсер ететін факторлар
- •Қылмыс іздерін жасыруға бағытталуы мүмкін әрекеттер
- •3 Тақырып Криминалистикалық болжаулар және тергеуді жоспарлау
- •1. Тергеу болжауының және тергеу жоспарының түсінігі, олардың өзара байланысы
- •2. Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементтері және жоспар жасау техникасы
- •Қазақстан Республикасының қк-нің " " бабымен_______қарсы қозғалған
- •3. Тергеушінің жедел-іздестіру, анықтама және басқа да органдармен байланысы
- •4 Тақырып Адам өлтіру және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •1. Адам өлтіру қылмысын тергеу әдістемесінің теориялық алғышарты
- •2. Адам өлтіру қылмысының криминалистикалық сипаттамасы
- •3. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулары және жоспарлануы
- •4 Күш қолдану белгілері бар мәйіт табылған жағдайларда жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері
- •5. Келесі тергеу кезеңдерінің міндеттері (мақсаты)
- •5 Тақырып Ұрлық қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •1. Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Типтік ситуациялар, болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі
- •3. Ұрлық істері бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •6 Тақырып Тонау және қарақшылық жолымен жасалған мүлікті талан-таражға салуды тергеу әдістемесі
- •1. Тонау және қарақшылық шабуылдарының криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеуді жоспарлау
- •3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •7 Тақырып Алаяқтық қылмысын тергеу әдістемесі
- •2.Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу
- •2. Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу болжауы мен жоспары
- •3. Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •4. Кейінгі тергеу әрекеттері
- •8 Тақырып Қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •1. Қорқытып алушылық қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі.
- •3. Кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттері
- •9 Тақырып Бөтен мүлікті иелену және ысырап ету қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •3. Істі қозғау кезеңіндегі тексеру әрекеттері
- •5. Жеке тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •1. Экономика саласында жасалатын қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Сеніп тапсырылған бөтен мұлікті иеленіп алу немесе ысырап ету қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы
- •3. Істі қозғау кезеңіндегі тексеру әрекеттері
- •4. Типтік ситуациялар және тергеудің бастапқы кезеңі
- •5. Жеке тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •10 Тақырып Көліктегі қылмыстарды тергеу әдістемесі
- •1. Көліктегі қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Типтік ситуациялар мен болжаулар және тергеудің алғашқы қезеңі
- •3. Тергеу әрекетінің тактикасы
- •11 Тақырып Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзуды тергеудің әдістемесі
- •1. Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзудың криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Тергеудің типтік ситуациялары, болжаулар және жоспарлау
- •3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •13 Тақырып. Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстарды тергеу. Парақорлықты тергеу.
Қылмыс жасау механизмі
Криминалистикалық талдау жасалғанда қылмыс жасау әдісімен бірге, қылмыс жасау механизмі сияқты түсінік те қолданылады. Егер қылмыс жасау әдісі – қылмыстық нәтижеге жетуге және оның зардабын жасыруға бағытталған әрекеттер туралы ақпаратты қамтыған жағдайларда қылмыс жасау механизмі барлық компоненттермен өзара байланыста болатын қылмыстық әрекеттердің динамикасын көрсетеді. Әрбір жүйе сияқты, қылмыс жасау механизмі белгілі бір заңдылықтардың әсерімен қалыптасады. Көптеген ғалымдар криминалисти-калық сипаттамада элементтің бұл түрін көрсетпейді. Бұл элемент қылмыскер тарапынан болған әрекеттің көп деңгейлілігімен, қылмыстық әрекетке белгілі бір қатысушыларды тартумен және көптеген фактілердің әсер етуімен сипатталады.
Бастапқы тергеу ситуациясы
И.Ф. Пантелеев пен А.Ф. Савкин қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының құрылымындағы осы элементке көп көңіл бөлген. Олар: “Жалпы алғанда, тергеу ситуациясы – нақ сол сәтте қылмысты тергеу жүзеге асырылып жатқан жағдайлардың жиынтығынан тұрады” – деп көрсетті. Ол обьективтік және субьективтік факторлардың әсерімен қалыптасады. Обьективтік факторлар – тергеудің белгілі бір кезеніңде қолданылатын дәлелдемелік және бағдарлаушы ақпараттың көлемі мен сипатынан құралады. Ал субьективтік факторлар – тергеушімен іс бойынша қатысушы тұлғалардың өзара қарым-қатынасының ерекшеліктері мен психикалық жағдайынан тұрады,” - деп нақтылайды. Профессор Н.А. Селиванов өз еңбегінде: “тергеу ситуациясын тергеу жүргізу үшін маңызы бар ақпараттың қосындысы ретінде қарастырады”.
В.К. Гавло “тергеу ситуациясын белгілі бір тергеу сатысындағы оқиғаның маңызды белгілерін көрсететін фактілік мәліметтердің жиынтығы,” - деп көрсеткен.
Ал Л.Я. Драпкин өз пікірі бойынша: “тергеу ситуациясы тергеушінің өз әрекеттерін жоспарлайтын өзіндік “ақпараттық үлгі” - деп ұсыныс жасаған.
Әртүрлі қылмыс түрлерін тергеудің бастапқы кезеңіне тән тергеу ситуациялары өз сипаты мен сапасы бойынша ерекшеленеді. Дегенімен де, алғашқы тергеу ситуациясы мен ол туралы түсініктер әр түрлі мазмұндағы түсінік болып табылады. Тергеу ситуациясы – алғашқы, аралық және соңғы болып бөлінуі мүмкін және қылмыстарды тергеу әдістемесінде елеулі орынға ие. Криминалистикалық сипаттаманың элементі болып тек бастапқы тергеу ситуациясы танылуы мүмкін және осы арқылы тергеуші қылмыс белгілерін анықтау сәтіндегі жағдаймен таныс болады. Осы қылмыстарды тергеудің әдістемесі тергеудің ең тиімді бағытын таңдауда нақты ұсыныстар жиынтығын, негізделінген ғылыми-техникалық әдістер мен құрал-жабдықтарын және тактикалық тәсілдерін қарастырады. Криминалистикалық сипаттамадағы тергеу ситуацияларын дұрыс бағалау – тергеудің тиімді бағыттарын таңдаудағы маңызды шарт болып табылады.
Қылмыс жасау жағдайы
Қылмыс оқиғалары обьективтік шындық процестерімен және қылмысқа қандай да бір қатысы бар тұлғалардың жүріс-тұрысымен өзара байланысты болатын: уақыт, жер және қоршаған ортаның нақты жағдайларында орын алады. Қылмыс жасау жағдайларын анықтау және талдау арқылы қылмыс іздерін, куәларды, т.б. мән-жайларды анықтау жөнінде өте бағалы крими-налистикалық ақпараттарға қол жеткізуге болады.
Р.С. Белкиннің анықтауы бойынша: «қылмыс жасау жағдайы – бұл нақты өмірлік жағдайлар. Оның құрамына оқиғаға қатысушылардың жүріс-тұрысы, осы қатысушылардың әрекеттеріне ықпал ететін немесе кедергі болатын әр түрлі жағдайлар кіреді».
Ал В.А. Образцов заң оқулықтарында қылмыс жасау жағдайларының мазмұнына: “қылмыс жасалған жердің, уақыттың сипаттамасымен қатар, сол жердің территориялық, климаттық, демографиялық ерекшеліктерін де енгізуді” – ұсынған.
Қылмыс жасау жағдайларының элементтерін табу және талдау тергеудің неғұрлым тиімді жолдарын анықтау үшін өте бағалы криминалистикалық ақпаратты ұсынады. Қылмыс жасау жағдайлары туралы осы және басқа да мәліметтерді талдау және жалпылау нақты қылмысты тергеу барысында қылмыскердің жұмыс орны мен мекен-жайын анықтауға көмек келтіреді.
