- •Х.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ішкі аурулар кафедрасы
- •Ауру тарихының
- •(Әдістемелік нұсқаулар)
- •Ауру тарихы
- •Ресми мәлімет
- •1. Науқастың түскен кездегі негізгі шағымдары
- •2. Қазіргі аурудың тарихы.
- •3. Аурудың өмір тарихы.
- •4. Қазіргі кездегі жағдайы Жалпы қарау.
- •5. Жүйелер бойынша қосымша сұрастырудың схемасы
- •1. Аурудың жалпы жағдайы:
- •2. Тыныс жүйесі:
- •3. Жүрек-тамыр жүйесі.
- •4. Ас қорыту жүйесі.
- •5. Несеп бөлу жүйесі:
- •6. Тірек-іимыл жүйесі.
- •7. Нерв жүйесі.
- •8. Сезім мүшелері.
- •Перкуссия
- •Қан айналу жүйесін тексеру
- •Жүрек аускультациясы
- •Тамырларды зерттеу.
- •Ас қорыту жүйесін тексеру.
- •Несеп бөлу жүйесін тексеру.
- •Нерв жүйесін тексеру.
- •Ішкі секрециялық бездердің жүйесі.
- •Қан түзу жүйесін тексеру.
- •7. Алғашқы (болжамды) диагноз және оны дәлелдеу
- •8. Ауруды қосымша зерттеу жоспары.
- •9. Қосымша зерттеудің қорытындылары.
- •10. Дифференциалдық диагноз. (науқас диагнозын ұқсас аурулармен салыстыру жолымен дәлелдеу)
- •11. Клиникалық диагноз және оны дәлелдеу.
- •12. Негізгі аурудың этиологиясы мен патогенезі
- •13. Емдеу.
- •14. Профилактика.
- •15. Аурудың бақылау күнделігі.
- •16. Эпикриз.
- •17. Аурудың болжауы және жұмысқа жарамдылығын анықтау.
- •18. Науқас тарихын жазуға пайдаланған әдебиеттердің тізімі.
14. Профилактика.
(аурудан алдын ала сақтану амалдары).
Профилактиканың алғашқы және екінші ретті шаралары көрсетіледі.
15. Аурудың бақылау күнделігі.
Бұл тарауда күн сайын аурудың шағымдарын, көңіл-күйін, денсаулық жағдайын, жүйелерінен табылған өзгерістерді, емдеу шаралардың тиімділігі көрсетіледі. Күнделік мына үлгімен жүргізіледі.
Күні |
Аурудың жағдайы |
алатын емі |
16. Эпикриз.
Эпикриз - ауру тарихы туралы қысқаша қорытынды. Бұнда науқастың фамилиясын, аты-жөнін, жасын, емханаға түскен күнін жазады. Қысқа түрде ретімен аурудың шағымдарын, анамнездік мәліметтерін, мүшелерінен табылған өзгерістерін, лабораториялық, аспаптық зерттеулердің қорытындылары келтіріледі. Содан кейін толық клиникалық диагноз жазылады. Қысқаша емдеу шаралары, олардың қорытындысы, аурудың бұл кездегі жағдайы, айығу жолдары көрсетіледі. Эпикриз ауруға шығарда беретін кеңестермен бітеді.
17. Аурудың болжауы және жұмысқа жарамдылығын анықтау.
Ауырған адамның өміріне, жазылуына, еңбекке жарамдылығын болжау. Болжау сәтті, сәтсіз, сенімсіз болуы мүмкін. Аурудың өміріне қауіп келмесе болжау сәтті болып есептеледі. Сенімсіз - егер өлім қауіпін тудыратын жағдайлар болса (үлкен жас, аурудың асқынуы, мүшелерінің, жүйелерінің жұмысының төмендеуі). Сәтсіз - егер өлім қалай да болатын болса. Ауру толық жазылуына сенім болмаса - сенімсіз болжау. Сәтсіз - егер ауру емдеуге келмесе.
Егер жарамсыздығын болжауын анықтағанда - аурудың уақытша, болмаса тұрақты жұмысқа жарамсыздығын ескереді.
18. Науқас тарихын жазуға пайдаланған әдебиеттердің тізімі.
Бұл тізім библиографияның тәртібі бойынша жасалынады: автордың фамилиясы, инициалы, еңбегінің аты, басылымның түрі, баспахана орны, шыққан жылы, беті көрсетіледі.
Еңбектердің тізімі, автордың фамилияларының алфавит ретінде келтіріледі. Ауру тарихының ішіне қызуды өлшеу беті салынады. Онда аурудың күнделікті қызуымен қатар, қанның қысымы, негізгі лабораториялық аспаптық зерттеу жасаған күндер, негізгі дәрілердің түрлері мен дозасы (антибиотик не гормондар) көрсетіледі. Аурудың салмағы, үлкен және кіші дәреттердің сипаты т.б. деректер тіркеледі.
Температуралық бет ауру адам ауруханаға түскен күннен басталып (курация басталған күннен емес) толтырылады.
