- •Х.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ішкі аурулар кафедрасы
- •Ауру тарихының
- •(Әдістемелік нұсқаулар)
- •Ауру тарихы
- •Ресми мәлімет
- •1. Науқастың түскен кездегі негізгі шағымдары
- •2. Қазіргі аурудың тарихы.
- •3. Аурудың өмір тарихы.
- •4. Қазіргі кездегі жағдайы Жалпы қарау.
- •5. Жүйелер бойынша қосымша сұрастырудың схемасы
- •1. Аурудың жалпы жағдайы:
- •2. Тыныс жүйесі:
- •3. Жүрек-тамыр жүйесі.
- •4. Ас қорыту жүйесі.
- •5. Несеп бөлу жүйесі:
- •6. Тірек-іимыл жүйесі.
- •7. Нерв жүйесі.
- •8. Сезім мүшелері.
- •Перкуссия
- •Қан айналу жүйесін тексеру
- •Жүрек аускультациясы
- •Тамырларды зерттеу.
- •Ас қорыту жүйесін тексеру.
- •Несеп бөлу жүйесін тексеру.
- •Нерв жүйесін тексеру.
- •Ішкі секрециялық бездердің жүйесі.
- •Қан түзу жүйесін тексеру.
- •7. Алғашқы (болжамды) диагноз және оны дәлелдеу
- •8. Ауруды қосымша зерттеу жоспары.
- •9. Қосымша зерттеудің қорытындылары.
- •10. Дифференциалдық диагноз. (науқас диагнозын ұқсас аурулармен салыстыру жолымен дәлелдеу)
- •11. Клиникалық диагноз және оны дәлелдеу.
- •12. Негізгі аурудың этиологиясы мен патогенезі
- •13. Емдеу.
- •14. Профилактика.
- •15. Аурудың бақылау күнделігі.
- •16. Эпикриз.
- •17. Аурудың болжауы және жұмысқа жарамдылығын анықтау.
- •18. Науқас тарихын жазуға пайдаланған әдебиеттердің тізімі.
5. Жүйелер бойынша қосымша сұрастырудың схемасы
1. Аурудың жалпы жағдайы:
Көңіл-күйі, әлсіздігі, тез шаршауы, жұмыс қабілетінің төмендеуі, тоңғақтығы, қалтырауы, тершеңдігі, дененің қызуы, қызудың көтерілуі, арықтауы, семіруі (қашаннан бері және шамамен неше кг-дейін).
2. Тыныс жүйесі:
Мұрыннан дем алуы: қиналмай, қиналып, мүлдем дем ала алмайды, мұрын ішінің құрғауы, сұйықтықтың ағуы (шамамен мөлшері, иісі, түсі). Көмейдің құрғауы, сөйлегенде, жұтынғанда ауруы. Дауыстың қарлығуы, шықпауы.
Кеуде сарайының ауырғандығы: ауырудың орналасқан жері, түрі (шаншып, түйреп, сыздап), күші (қарқындылығы), ұзақтығы, дене қимылы мен қалыпының әсері, тарауы дем алғанда немесе жөтелгенде күшеюі және оның таралу бағыты.
Демікпе: тұрақты, ұстамалы: жүргенде, баспалдақпен көтерілгенде, күшеюі: ұзақтығы, горизонтальді немесе вертикальді қалыпта пайда болуы және күшеюі.
Тұншықпа: пайда болу уақыты, күші, ұзақтығы, пайда болу себебі, қосалқы белгілері, көмек беретін емдік әрекеттер.
Жөтел: тұрақты, ұстамалы, сирек, құрғақ, қақырықты. қақырықтың шығуы (жеңіл, қиындықпен): біркелкі немесе ұстамалы, жөтелден кейін: қақырықтың тастау уақыты: ертеңгілікте, күндіз, түнде (бір тастағандағы және бір тәуліктің мөлшері) қақырықтың дене қалпына байланысты бөлінуі, түрі, иісі, түсі.
Қан қақыру: пайда болу уақыты, мөлшері, таза қан қақыруы немесе қан аралас қақырық тастауы. Сұйық немесе ұйыған қанмен қақыру. Түсі (алқызыл, қара қоңыр).
3. Жүрек-тамыр жүйесі.
Жүрек, төс маңайындағы ауырғандық: түрі, түйреп, күйдіріп, қысып, басып, шаншып, кұші: ұзақтығы, тұрақты немесе ұстамалығы, тарау бағыты, қандай жағдайда не себептен пайда болады: ауырған кезде науқастың дене қалыпы, қолданатын емдік шарасы.
Ауырғандықпен қосалқы білінетін белгілер: демікпе, терлеу, әл кету.
Жүрек соғуы: тұрақты, ұстамалы, күші, ұзақтығы, “тоқтап”, “үзіліп” соғуы, пайда болу себептері (дене қызметі, толқу, тыныштық жағдайда, тамақтан кейін, горизонтальды қалыпта, ауа райы өзгергенде).
Демікпе: тыныш жағдайда немесе дене қызметінен кейін, қай қалыпта басылады (вертикальды, отырғанында немесе горизонтальды қалыпта).
Ісіну: орналасқан жері, пайда болу уақыты (ертеңгілікте кешке қарай): себебі: сұйықты көп ішу, тұзды тамақтан, ауыр қызметтен кейін, тұрақтылығы.
4. Ас қорыту жүйесі.
Тәбеті: жақсы, орташа, төмендеуі, тәбеттің жойылуы, жоғарылауы, астан жиренуі, тамақ емес заттарға зауықтануы (борға, күлге, топыраққа т.б.), бұрмаланған тәбет, тамаққа тез тойуы.
Дәм сезуі: ауызында жағымсыз дәм тату, “жусан” дәмі (ет тату), “қышқыл” тәтті дәм сезу, дәм сезбеу.
Өт дәмінің пайда болу мезгілі және себебі: ертеңгілікте, горизонтальды қалыпта, еңкейгенде, майлы тағамнан кейін.
Ауыздың құрғауы: толқығанда, шөлдегенде, қызу көтерілгенде.
Сілекейдің көп бөлінуі: шылым шеккенде, аскаридозда, жүктілікте.
Жұтыну: кедергісіз ауырғандықтың болуы, жұта алмау. Дисфагияның тұрақтылығы, тұрақты бір қалыпта өңештің тыртықтанып таралуында (бірте-бірте дамуы), өңештің ісігінде. Тағамның қандай түрін жұта алмайды (сұйық немесе құрғақ тағам).
Кекіру: құрғақ (ауамен), отпен, қышқыл, шірік жұмыртқа дәмді, тағаммен. Пайда болу уақыты, күші, ұзақтығы қандай.
Қалжырау: жиілігі, күші, ұзақтығы, қандай тағамнан кейін пайда болады. Дене қалыпына байланысты (жатқанда, еңкейгенде).
Жүрек айну: жиілігі, ұзақтығы, тағамның түріне байланысы, аш қарынға, бас айналғанда, дене қалпын өзгерткенде.
Құсу: аш қарында, тамақтан кейін. Тамақтанғаннан кейін (қанша уақыт өткенде). Тамақтың түріне, ішкен дәріге байланыстылығы. Құсықтың мөлшері, дәмі (дәмсіз, қышқыл, ащы). Құсықтың түрі: біраз уақыт бұрын ішкен тағамның бөлшектері, көпіршікті, ет араласқаннан түсінің жасыл-сары болуы, қан араласуы. Құсықтағы қанның мөлшері және түрі (өзгермеген, өзгерген), таза қанмен құсу, кофе тұнбасына ұқсастығы, сары немесе қоңыр түсті нәжіс аралас, нәжіс иісі бар құсық. Құсқаннан кейін жеңілдіктің болуы.
Төс шеміршегі астында жағымсыз сезінулердің болуы: оның тағам түріне және мөлшеріне байланысы немесе кез-келген тағамнан кейін пайда болуы.
Эпигастрий аймағындағы ауыру: (ауыру синдромын талдау) орналасуы, ауырудың түрі, күші (күшті, әлсіз, өте күшті).
Аурудың тарауы: омыртқа жотасына тарап тесіп ауыру, оң жақ жауырын астына, оң жақ иыққа тарауы. Пайда болу себебі: тағамның түріне, мөлшеріне байланысты. Тамақтанғаннан кейін қанша уақыттан соң пайда болады? Түнде, аш қарынға білінуі, Сода ішкеннен, құсқаннан кейін басылуы. Дененің қай қалпында басылады? Аурудың жыл мерзіміне байланысты өршуі (жазғытұрым, күзде, көктемде, қыста).
Ауырғандықпен қатар не жүреді: Аурумен бірге жүрегінің айнуы, құсуы, қызуының көтерілуі, басының ауыруы, газ бен дәретінің тоқтап қалуы немесе шығуы, ішінің өтуі, нәжістің қара майға ұқсас болуы.
Іште жағымсыз сезімнің болуы: кебу, құрылдауы, ауыруы және оның түрі (күшті, кесіп, түйіліп, сыздап, ұстамалы түйіліп ауыру).
Ішектің жұмасы: үлкен дәреттің саны, қатпа болғанда неше күннен кейін жұретіні, қандай шара қолданады (клизма, дәрет жүргізетін дәрілер). Тік ішектің толық болмағанын сезіну. Іштің өтуі, тәулігіне неше рет өтеді. Іштің қатуы әрі өтуінің кезектесуі. Дәретті ұстай алмау. Нәжісті сипаттау: қалыпты, қоймалжың, сұйық, қатты, құмалақ тәрізді.
Қан, кілегей қосындылары. Дәретке отырғанда ауырғандықтың болуы. Тенезмаляр. Тік ішектің айналасының қышуы, айналып түсуі.
Газ шығару: жеңіл, аз мөлшерде, иіссіз, өте жағымсыз иісті, көптеп.
