- •Х.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ішкі аурулар кафедрасы
- •Ауру тарихының
- •(Әдістемелік нұсқаулар)
- •Ауру тарихы
- •Ресми мәлімет
- •1. Науқастың түскен кездегі негізгі шағымдары
- •2. Қазіргі аурудың тарихы.
- •3. Аурудың өмір тарихы.
- •4. Қазіргі кездегі жағдайы Жалпы қарау.
- •5. Жүйелер бойынша қосымша сұрастырудың схемасы
- •1. Аурудың жалпы жағдайы:
- •2. Тыныс жүйесі:
- •3. Жүрек-тамыр жүйесі.
- •4. Ас қорыту жүйесі.
- •5. Несеп бөлу жүйесі:
- •6. Тірек-іимыл жүйесі.
- •7. Нерв жүйесі.
- •8. Сезім мүшелері.
- •Перкуссия
- •Қан айналу жүйесін тексеру
- •Жүрек аускультациясы
- •Тамырларды зерттеу.
- •Ас қорыту жүйесін тексеру.
- •Несеп бөлу жүйесін тексеру.
- •Нерв жүйесін тексеру.
- •Ішкі секрециялық бездердің жүйесі.
- •Қан түзу жүйесін тексеру.
- •7. Алғашқы (болжамды) диагноз және оны дәлелдеу
- •8. Ауруды қосымша зерттеу жоспары.
- •9. Қосымша зерттеудің қорытындылары.
- •10. Дифференциалдық диагноз. (науқас диагнозын ұқсас аурулармен салыстыру жолымен дәлелдеу)
- •11. Клиникалық диагноз және оны дәлелдеу.
- •12. Негізгі аурудың этиологиясы мен патогенезі
- •13. Емдеу.
- •14. Профилактика.
- •15. Аурудың бақылау күнделігі.
- •16. Эпикриз.
- •17. Аурудың болжауы және жұмысқа жарамдылығын анықтау.
- •18. Науқас тарихын жазуға пайдаланған әдебиеттердің тізімі.
8. Ауруды қосымша зерттеу жоспары.
Бұл тараудың мақсаты: 1. алғашқы диагнозды дәлелдеу. 2. Патологиялық процеске қатысы бар мүшелерді, ағзаларды, жүйелердің және зақымдалу процесінің орналасқан жерін, зақымдалу дәрежесі мен асқынуын барынша анықтау.
3. Созылмалы ауру кездескенде оның белсенділік дәрежесін.
4. Зақымдалған мүшенің функцияларын бағалау.
5. Ұқсас аурулардан айырып алу және т.б.
Көрсетілген сұрақтарға жауап алу үшін қосымша зерттеу лабораториялық (клиникалық, биохимиялық, бактериологиялық тәсілдер), аспаптық жолдармен жүргізіледі. Қосымша зерттеулердің көлемі мен саны алғашқы диагнозға тікелей байланысты болады.
9. Қосымша зерттеудің қорытындылары.
Бұл тарауда зерттеудің қорытындылары көрсетіледі және өзгерген анализдерге түсініктеме беріледі.
10. Дифференциалдық диагноз. (науқас диагнозын ұқсас аурулармен салыстыру жолымен дәлелдеу)
Дифференциалдық диагноздың орынды екенін одан әрі дәлелдеу. Ол үшін осыған дейінгі аурудың клиникалық, лабораториялық белгілерін шығу тегіне байланысты симптомға, синдромға жіктеп бөледі.
Алғашқы диагнозға ұқсас келетін аурулардың аты тізбеленеді. Содан кейін әрбір ұқсас ауруды жеке-жеке саралап, салыстыру жолымен, салыстырып отырған аурудың жоқ екенін түбегейлі фактылармен дәлелдейді. Салыстырып дәлелдеу үстінде тек курацияға алынған аурудың нақты белгілерін ғана негізге алу керек. Екі аурудың ұқсас жағын айта келе, салыстырылып отырған аурудың шағымдары, басталу және даму ерекшелігі, негізгі белгілері (симптомы мен синдромы), лабораториялық мәліметтер, қолданылған емнің нәтижесі жан-жақты сипатталады.
11. Клиникалық диагноз және оны дәлелдеу.
Клиникалық диагнозды дәлелдеу үшін осы уақытқа дейін дәлелденген алғашқы диагнозбен дифференциалдық диагноз ескеріледі. Клиникалық диагноз қосымша зерттеу барысында табылған лабораториялық аспаптық тәсілдердің қорытындысымен дәлелдене тұседі.
Аурудың асқынуы бөлек дәлелденеді. Толық клиникалық диагноздың құрамы сол ауруда қолданылатын клиникалық классификацияның негізінде құрылады. Онда аурудың аты, сатысы мен кезеңі, ауырлық дәрежесі, ауруға шалдыққан жүйелердің зақымдану ерекшелігі мен функциясы орын табады. Негізгі аурудың асқынуы және қосымша (ілеспе) аурулардың аты жазылады.
12. Негізгі аурудың этиологиясы мен патогенезі
Ғылыми монографияларды пайдаланып аурудың шығу тегі мен себептерін қысқаша жазу. Мазмұнын мүмкіндігінше суретпен, белгілі схема тұрінде келтірген жөн. Патогенезді жазған кезде мына мәселелерді ашып анықтау керек.
1. Курация жасаған науқастың негізгі ауруының даму механизмі:
2. Аурудың негізгі белгілерінің, синдромдарының шығу тегі және даму барысы:
3. Айығу барысы.
13. Емдеу.
Бұл тарауда әдеби деректерді пайдаланып аурудың негізгі емдеу жолдары баяндалады.
1. Ауру тәртібі: диетасы: негізгі дәрі-дәрмектер; физиотерапиялық әдістер және санаторий-курорттық емнің түрлері.
2. Дәрі-дәрмекпен емдегенде аурудың патологиялық, патогенездік, симптоматикалық емін атап көрсету қажет.
3. Рецептерді жазып және қолданған дәрілердің емдік қосалқы әсерлерін көрсету керек.
4. Болжамды емдеу мерзімі көрсетіледі.
5. Соңында курацияға алған аурудың емдері көрсетіледі.
