Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эталондық бөліктер дұрыс.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
21 Мб
Скачать
☆

Қазақстан Республикасындағы қорықтар

Қорық аймағы шаруашылық айналымынан босатылып, онда кен өндіру мен құрылыс жұмыстарын жүргізу, аң-құс атып, балық аулау, шөп шабу мен мал жаю және ағаш дайындау сияқты табиғат байлаықтарына нұқсан келтіретін әркеттерге тыйым салынған. Қорық жеріне улы химикаттарды шашуға және басқа жерлердің өсімдіктер мен жануарларын жерсіндіруге болмайды. Бір сөзбен айтқанда, қорық ұйымдастырылған жердің табиғаты, сол аймақтың ландшафтылы-географиялық белбеуінің үлгісі ретінде қорғалуы қажет. Қорықтарда тек саны азайып, жойылып кетуге жақын тұрған хайуанаттар мен аса бағалы өсімдіктер ғана қамқорлыққа айналып қоймай, өлкеміздің көрікті табиғат комплекстері сол қалпында сақталады. Болашақ ұрпаққа табиғат байлаықтарын кемеліне келтіре көркейген қалпында табыс етуге ерекше қорғалатын аймақтардың алатын орны ерекше.

Қазақстанның мемлекеттік табиғи қорықтары

Қазақстандағы қорықтар жабайы табиғат эталондары мен табиғи аймақтардың қорғаудың жоғарғы түрі болып саналады.

Мемлекеттік табиғи қорық – бұл табиғатты қорғаушы және ғылыми мекеме статусындағы ерекше қорғалатын табиғи аймақ, оның қызметтік мақсаты болып оның аймағындағы табиғи процестердің шынайы жүрісі мен көріністерін, өсімдік пен жануарлар әлемінің объектілерін, жеке түрлер мен өсімдіктер мен жануарлар қоғамдастығын, типтік және әмбебап экологиялық жүйелер мен оларды қалпына келтіру, сақтау мен зерттеу саналады.

Мемлекеттік табиғи қорықтардың негізгі қызметтеріне мыналар жатады:

  1. мемлекеттік табиғи қорық пен оның қорғалатын зонасының биологиялық әртүрлілігін қалпына келтіру мен қорғау режимін қамтамасыз ету;

  2. экологиялық жүйелердің мониторингі, мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілерін, табиғат шежірелерін қоса отырып зерттеу бойынша ғылыми ізденістер жүргізу мен ұйымдастыру;

  3. экологиялық-ағарту қызметін жүргізу;

  4. мемлекеттік экологиялық сараптама жобаларына қатысу мен шаруашылық және басқа объектілер схемаларын жасау, олар мемлекеттік табиғи қорықтың экологиялық жүйелеріне зиянды әсер етулері мүмкін;

  5. экологиялық-ағарту, ғылыми және шектелген туристтік мақсаттарда мемлекеттік табиғи қорық аймағын ретелген тәртіп бойынша қолданып, оның зонасын қорғау.

Мемлекеттік табиғи қорықтың барлық территориясында қорғаудың қорықтық режим орнатылады, ол кезде келесілерге қатаң тиым салынады:

  1. территорияың гидрологиялық режимін өзгертетін іс-әрекеттер;

  2. ғимараттар (құрылыстар мен мекемелер), жол, труба жолдарын, электр беру линияларын және басқа да мемлекеттік табиғи қорық қызметіне қажеті жоқ коммуникациялар мен объектілер салу;

  3. геологиялық барлау жұмыстары мен пайдалы қазбалар іздеу;

  4. топырақ жабынын бұзу, минералдар көзін бұзу мен тау жыныстарын жалаңаштау;

  5. орманды қолданудың барлық түрлері, санитарлы отау мен орманнан кетуде отауды қоса, азықтық, дәрілік және техникалық өсімдіктерді, гүлдерді, тұқымдарды даярлау, пішен шабу, мал жаю мен басқа қолдану түрлері;

  6. аңшылық пен балық аулау, мемлекеттік табиғи қорықтың қорғалған аймағындағы тұрғылықты халықтың қажеттілігіне орай әуесқойлық балық аулауды есепке алмағанда, бірақ ол уәкілетті органмен бекітілген заңға сәйкес қана жүргізіледі.

  7. Жануарларды құрту мен аңшылық жасу, ортаны бұзу мен олардың мекендейтін жағдайларын нашарлату;

  8. Жаңа түр жануарлары мен өсімдіктердің интродукциясы, жануарлардың жеке түрлерінің санын көбейту мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру;

  9. Коллекциялық материалдар жинау, мемлекеттік табиғи қорық коллекциясын есептемегенде;

  10. Зиянкестермен, өсімдіктер мен жануарлар ауруларымен биологиялық және химиялық тәсілдермен күрес жүргізу, сонымен бірге жануарлардың санын реттеу;

  11. Үй жануарларын айдау;

  12. Жасанды түрдегі қоршаған ортаны қорғау аумағындағы уәкілетті органмен расталған нормалардан асып түсетін шуылдар және басқа да акустикалық әсерлер;

  13. Қорғалатын ландшафтардың кескінін өзгертетін немесе экологиялық жүйелердің тұрақтылығын бұзатын болса, не аса бағалы табиғи ресурстарды өндіру мен сақтауға қатер төндіретін қызметтер.

Мемлекеттік табиғи қорықтарда қорғау режимдері бекітіліп, мемлекеттік табиғи қорықтың қорғалушы зонасы мен биологиялық әртүрлілігін қалпына келтіру қамтамасыз етіледі; экологиялық жүйелердің мониторингі мен зерттеу бойынша, мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілері, табиғаттың шежіресін жүргізуді міндетті түрде енгізу арқылы ғылыми зерттеулер ұйымдастырылып, жүргізіледі; экологиялық-ағарту қызметтері жүргізіледі; мемлекеттік табиғи қорық территориясын экологиялық-ағарту, ғылыми және шектелген туристтік мақсаттарда қолдану жұмыстары реттеліп отырады. Қорықтар шаруашылық және басқа да объектілердің жобаларына, олар мемлекеттік табиғи қорықтың экологиялық жүйелеріне зиянды әсер етуі мүмкін, мемлекеттік экологиялық сараптама жұмыстарын жасауда қатысады.

Мемлекеттік табиғи қорықтарда аса бағалы экологиялық жүйелері мен объектілері жоқ арнайы бөлінген аймақтарда уәкілетті органдармен бекітілген тәртіп бойынша экскурсиялық жолдар мен бағыттар жасауға, ретті экологиялық туризм түріндегі іс-шаралар жүргізуге рұқсат етіледі.

Қазіргі уақытта (01.07.2006 жыл жағдайында) Қазақстан Республикасының территориясында 10 мемлекеттік табиғи қорықтар құрылған.