- •Мазмұны
- •Қазақстан Республикасындағы қорықтар
- •Қазақстанның мемлекеттік табиғи қорықтары
- •Ақсу-жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы
- •Грейг қызғалдағы
- •Кауфман қызғалдағы
- •Тянь-шань қоңыр аюы
- •Безгелдек
- •Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы
- •Сасықкөлдің төбесінен түсірілген көрінісі
- •Ақ тырна
- •Алматы мемлекеттік табиғи қорығы
- •Сақалтай Көкқұс
- •Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы
- •Батыс алтай мемлекеттік табиғи қорығы
- •Алтай таутобылғысы
- •Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы
- •Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы-еліміздегі қорықтар ішіндегі ең жасы. Ол 2004 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 240 арнайы Қаулысымен құрылған.
- •Қорғалжың мемлекеттік табиғи қорығы
- •Қорғалжың көліне ғарыштан қарағандағы көрінісі
- •Шренк қызғалдағы
- •Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы
- •Күршім жотасының шығыс жағы
- •Алтай бәрпісі
- •Сібір хариусы
- •Сұр тырна
- •Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы
- •Сарғылт кұндызшөп
- •Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы
- •Барылдауық қоңыз
- •Қазақстан мемлекеттік ұлттық бақтары
- •Баянауыл мемлекеттік ұлттық бағы
- •Жасыбай өзені
- •Ақбет тауы
- •Іле алатауы мемлекеттік ұлттық бағы
- •Үлкен Алматы көлі
- •Сиверс алмасы
- •Үнді жайрасы
- •Алтынемел мемлекеттік ұлттық бағы
- •Жоңғар аспарасы
- •Тарантула
- •Көкшетау мемлекеттік ұлттық бағы
- •Зеренді көлі
- •Орман желайдары
- •Орман сусары
- •Қарқаралы мемлекеттік ұлттық бағы
- •Шайтан көл
- •Қарқаралы сылдыршөбі
- •Қара дегелек
- •Дала сколиясы
- •Бурабай мемлекеттік ұлттық бағы
- •Үлкен Чебачье көлі
- •Сұр тырна
- •Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық бағы
- •Рахман көлі
- •Мүкжидек
- •Шарын мемлекеттік ұлттық бағы
- •Замков аңғары
- •Іле сасыры
- •Сайрам-өгем мемлекеттік ұлттық бағы
- •Альберт құртқашашы Колпаковский иридодиктиумы
- •Мензбир суыры
- •Көлсай көлдері мемлекеттік ұлттық бағы
- •Тапу өзендері
- •Жоңғар алатауы мемлекеттік ұлттық бағы
- •Бұйратау мемлекеттік ұлттық бағы
- •Жаушымылдық
- •Сұңқылдақ аққу
- •Қазақстан мемлекеттік табиғи резерваттары
- •«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты
- •«Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерваты
- •«Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерваты
- •«Ырғыз-торғай» мемлекеттік табиғи резерваты
- •Қазақстан мемлекеттік табиғи қаумалдары
- •Қазақстан мемлекеттік табиғи қаумалдар тізімі Зоологиялық қаумалдар
- •Ботаникалық қаумалдар
- •Кешенді қаумалдар
- •Қазақстан мемлекеттік табиғат ескерткіштері
- •Қазақстан мемлекеттік табиғат ескерткіштер тізімі
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Грейг қызғалдағы
Кауфман қызғалдағы
Қорықтың жануарлар әлемі де алуан түрлі. Омыртқалы жануарлар фаунасында 330 түр, оның ішінде 6 отряд 21 тұқымдасқа жататын 50 сүтқоректілер түрі бар. Саны және түр құрамы жағынан басымы – кеміргіштер, оның ішінде тоқалтіс пен тышқанның алуан түрлері. Әсіресе ұясын ағашқа, бұтаға, үй шатырына, тіпті қызметкерлердің азық-түлік жәшігі мен сөмкелеріне дейін салатын орман қарақасы өте әдемі.
Тұяқтылар ішенен әдеттегі түр тау ешкісі, аз санды арқар (тянь-шань түршесі) қорықтың тек солтүстік бөлігінде ғана және өткен ғасырдың 60-шы жылдарында жерсіндірілген маралдар кездеседі.
Жыртқыштардан көбіне тянь-шань қоңыр аюы кездеседі. Бұл қызылкітаптық түрдің барлық таралу аймағы ішіндегі ең жоғаоғы тығыздығы Ақсу-Жабағылы қорығында орналасқан. Арқар мен аюдан басқа, қорықта тағы 5 қызылкітаптық түрлер-барыс, жайра, түркістан сілеусіні, шұбар күзен және тау сусары мекендейді.
Тянь-шань қоңыр аюы
Тек соңғы түр ғана әдеттегі (40-50 дара шамасында), қалғандары өте сирек (2-ден 5 дараға дейін) кездеседі. Кейбір түрлер саны едәуір ауытқиды. Қорықтың 80 жылдық тарихында елік, доңыз, ұзынқұйрық суыр саны өсті, өте төмендеді және қайтадан өсті.
Құстар әлемі едәуір бай. Мұнда 268 құс түрі кездеседі, сонымен қатар 110 жыл құсы және 130 ұялайтын құс бар. Соңғы сан Қырғызстан мен Өзбекстанды қосқанда, Тянь – Шаньның барлық ұялайтын фаунасының 80%- ын құрайды. Едәуір көп санды және барлық жерде кездесетін торғайтектестер, құнақтар, жадырақтар, сандуғаш торғайлар, содырғы торғайлар. Бұлардың ішінде аршалы орманның кәдімгі мекендеушілері (гималай және жирентөс көкшымшық, басбарқылдақ, арша ементұмсығы), өзен жағалауы тоғайларында (мысықторғай, жұмбақ шыбыншы торғайы), шатқалды биік тауларда (қызылтұмсық шәуқарға, сарытұмсық ұзақ, қызылқанат жарқұс) және су маңы биотоптарында (сушылқара – кәдімгі және қоңыр, қазтамақ торғай – қарамойын және көксала) және т.б. Жыртқыштар – құмай, ақбас құмай, қаршыға, тілеміш, күйкентай және т.б. жақсы байқалады. Олардың 6 түрі – бүркіт, сақалтай, жыланшы, жұртшы, бақалтақ-қыран, ителгі өте сирек, бір немесе бірнеше жұп болып ұялайды, қызылкітаптық дәрежеге кіреді. Басқа отряд өкілдерінен осы дәрежеге жататын қара дегелек, үкі және көкқұс қорықта кездеседі. Тағы бес түр (тырналар-сұр және ақбас, дуадақ, безгелдек, лашын) ұшып өту кезінде анда-санда кездеседі.
Безгелдек
Ақсу – Жабағылы қорығында бауырымен жорғалаушылардың 11 түрі бар. Жыландардан қалқантұмсық жылан мен өрнекті қарашұбар жылан, кесірткелерден – алай жалаңкөзі көп кездеседі. Мұнда сирек кездесетін қызылжолақ қарашұбар жылан және аласа тауларда әдеттегі сарыбауыр жылан Қызыл кітапқа енген.
Қосмекенділер не бары үш түрі-бұл көлбақа, жасыл құрбақа және Қызыл кітапқа енген даната немесе ортаазия құрбақасы мекендейді.
Қорықта балық саны аз, бірақ көптеген авторлардың мәліметтері бойынша түрдің саны 5, тіпті 7-ге жетеді. Едәуір белгілісі көкбас балық және қаратау кәдімгі шармайы, олар тек Әулие және Қарабастау палеонтологиялық жеріндегі өзендерде көп кездеседі.
Жердің кез келген нүктесі сияқты, жануарлар әлемінің биологиялық алуантүрлілігінің негізгі бөлігін омыртқасыз жануарлар құрайды. Қорықта толы зерттелген тек насекомдар ғана, бірақ олардың құрамының да қазір жартысынан азы ғана (2124) зерттеліп отыр. Белгілі 27 отряд ішінен Қаттықанаттылар немесе Қоңыздар, Қабыршаққанаттылар (көбелектер), Жарғаққанаттылар және Қосқанаттылар едәуір жақсы зерттелген. Қоңыз фаунасы едәуір толық анықталған-44 тұқымдастың 920 түрі. Бізтұмсықтар, Қысқақанаттылар немесе Стафилинидтер, Барылдауық қоңыздар, Жапырақжегіштер және Тақтамұрттылар тұқымдастары алуантүрлілігі басым. Энтомофаунаның жоғары өзгешелігі ерекше назар аудартады. Қоңыздар ішінде батыс тяньшаньдық эндемик үлесі 15% шамасында, ал шартты эндемиктер (әзірге тек осы жерден ғана белгілі)-2%. Дегенмен насекомдар ішіндегі ең тартымдысы күндізгі көбелектер болып табылады, Ақсу-Жабағылыда оның 120 түрі кездеседі. Бұлардың ішіндегі ең әдемісі желкенділер (махаон және аполонның 7 түрі), құлпырғыштар (5 түрі), сары көбелектер, оның ішінде сирек кездесетіндері-Романов және аждаһа сары көбелектері, сонымен қатар ең ірі тұқымдас өкілдері көгілдір көбелектер (37 түр). Қорық территориясында насекомдардың сирек кездесетін 25 түрі және жауын құртының сирек түрі (жылан тәрізді аллолобофора) мекендейді, ол Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген.
Ақсу – Жабағылының биологиялық алуантүрлілігінің ғажайып әлемі ежелден әр түрлі мамандықтағы ғалымдардың назарын өзіне еліктірген болатын. Бұл қорық ғылыми зерттеулердің ұзақтығы мен нәтижелігі жағынан тек Қазақстанда ғана емес, бұрынғы Кеңес Одағының барлық қорықтарының ішінде алдыңғы орынға ие
