Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эталондық бөліктер дұрыс.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
21 Мб
Скачать
☆

Жасыбай өзені

Көктемде суықтың қайтып айналып соғуы және ерте күзде аяздың болуы әдеттегі жағдай, сондықтан аязсыз кезең өте қысқа-не бары 102 күн. Жазықтықта қар жабыны таяз, 25 см-ге дейін, тау сайларында едәуір қалың. Қар жабынындағы күн саны – 150 (қазан ортасынан сәуір ортасына дейін). Аймақта жылдамдығы 15 м/сек. күшті желдер жиі болып тұрады. Дегенмен бақ жеріндегі тауда орман сілемдері мен көлдерге байланысты, ауа райы шамалы жұмсақтау. Мұнда шекаралас жазықтықтардағы сияқты күшті жел мен құм бораны жоқ. Бұл жерлерде ең қатаң жылдары қорексіз қыстарда мал қырылуы болған емес. Қолайсыз ауа райынан қорғалған жануарлар, жапырақты ағаштар мен бұталар бұтақтарымен қоректеніп тірі қалды. Шоқан Уәлиханов жазғандай, Баянауыл аты «Сәтті тау» дегенді білдіреді.

Бақтың көңіл бөлерлік нәрсесі-онымен көптеген белгілі аңыздар мен әңгімелер байланысты. Суы өте жұмсақ көлді Сабындыкөл деп атаған, өйткені белгілі эпостық жырдың кейіпкері Баян Сұлу көлге сабынын түсіріп алған дейді. Баянның құрметіне осы жердің ең биік нүктесі Ақбет (беті аппақ) тауын атаған. Жасыбай көлін XVIII ғасырдың басында пішіні тамақ пісіретін шойын қазанға ұқсас болғандықтан, Шойынкөл деп атаған. Бірақ 1741 жылы жоңғарлармен шайқаста жас қазақ батыры Жасыбай осы жерде қаза болған. Батырдың бейітіне асу арқылы баратын соқпақ жол күні бүгінге дейін сақталған. Сол уақыттан бері асы мен көл Жасыбай батыр атымен аталады.

Көлдердің керемет әдемілігінен басқа, Баянауылда ерекше көркем жартастар көп-ақ, ежелгі сәулетшілердің алып шығармаларына ұқсас-Кемпіртас, Найзатас, Серкетас, Қоғаршық, Асан қайғы. Мұнда адамдардың ежелгі мәдени ескерткіштері де сақталған. Бұлар – неолит және қола дәуірінен бастап, соңғы көшпенділер уақытына дейін әр түрлі дәуірде тіршілік еткен орындары, қорғандары мен бейіттері. Әсіресе Найзатас сайындағы жартас суреттері мен Драверс үңгірінің төбесіне ертедегі адамның жазған жазулары қызық-ақ.

Табиғи бақ жері жекелеген өсімдік бірлестіктері мен топырағының алуантүрлілігімен ерекшеленеді. Мұндағы аталған әрбір төрт өсімдік типі (орманды, бұталы, шалғынды және далалы) белгілі бір топырақ түрімен (орманды қоңыр, аллювиальды, орманды-шалғынды, шалғынды, қара топырақ) байланысты.

Ерекше қорғауды қажет ететін өсімдіктер жабыны ішіндегі ең бағалысы-қарағай, қандағаш, қайың және көктерек ормандары. Баянауылдың қарағайлы ормандар көлемі ХІХ ғасырдың өзінде-ақ қатты қысқарғаны белгілі, 1820 жылғы 114 мың гектардан 1870 жылы 28 мың гектарға азайған. Қазіргі кезде оның көлемі 12 мың га. Ең әдемі қарағайлы ормандар тақта граниттерде, ал ең байы-бұталы қарағайлы ормандар. Бореальды элементтер бар қыналы және мүкті-шөптесінді қарағайлы ормандар сирек. Қара қандағаш ормандары ежелгі торғай флорасы қалдықтары, олар аңғар түбі, көл мен жылға жағаларындағы жақсы ылғалды бай топырақтарда өседі.

Ақбет тауы

Көлемінің аздығына қарамай (не бары 500 га), Баянауыл қара қандағаш ормандары байлығымен және бір текті еместігімен сипатталады. Мұнда 8 әр түрлі бірлестік, өзекті өсімдіктердің 137 түрі, оның ішінде 10 бореальды қалдық түр сипатталып жазылған.

Ландшафты – тұрақты және су қорғау дәрежесінен басқа, барлық орман сілемдері әсемдік, дем алатын және санитарлық-тазалық сақтау маңызды қызметтерін атқарады.

Сонымен қатар сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар түрлердің қатысуындағы флора байлығымен ерекшеленеді, бұлақ маңы мен көл жағалауларындағы шөптесінді батпақтар, шалғындар мен бұталы тоғайлар бағалы.

Ұлттық бақ флорасында жоғарғы өзекті өсімдіктердің 500-дей түрі, яғни Қазақ шоқыларының үштен бір бөлігі белгілі. Сандық қатынасы жағынан күрделігүлділер, астық тұқымдастар, раушангүлділер, бұршақ тұқымдастар, қалампырлар тұқымдасы, сонымен қатар басты бес туыс: қияқөлең, жусан, қазтабан, қоңырбас, жуа едәуір басым.

Мұнда сирек кездесетін өсімдіктердің 59 түрі бар, оның 40 түрі (солтүстік қалампыршөп, сынғыш көбікше, эльба сабақжапырағы, қызыл арша, қара қарақат, кәдімгі мойыл, сібір кәдісі) – бореальды қалдық. Қазақстан Қызыл кітабына жабысқақ қандағаш, Шренк және жатаған қызғалдақтар, қырғыз қайыңы, дала таушымылдығы, көктемгі жанаргүл, ашық құндызшөп, қауырсынды қау енгізілген. Барлық жерде саны қысқарып бара жатқан орхидея түрлері: кәмшатты ұяшөп, біржапырақты стагачка, ал қызыл саусақтамыр ерекше қорғауды қажет етеді.

Қырғыз қайыңы

Ұлттық бақ жануарлар әлеміне бай. Мұнда сүтқоректілердің 36 түрі: елік, қасқыр, түлкі, сілеусін, борсық, аққоян, боз суыр және басқалар кездеседі. Маңызды қорғау нысанасы қазақстан түршесі тау қойы (арқар) болып табылады. Оның саны Қазақ шоқырларында әзірге саны жоғары және оның өмірі үшін онша қауіп жоқ.

Тау қойы (арқар)

Соған қарамай, әл қазір жаңа ерекше қорғалатын жерлерді, оның ішінде шоқының орталық бөлігіндегі Қызылрай тау сілемінде ұйымдастыру қажет. Басқа жолы-қорғалып жатқан аймақтың көлемін кеңейту. Баянауыл ұлттық бағы жері қазіргі кезде үш жеке бөлікке бөлінген. Олардың көлемі шағын, сондықтан ондағы жануарлар үнемі қолайсыздық сезінеді.

Арқар қорегін іздеп, үнемі бар жерінен тысқа шығып кетеді, сөйтіп, қаскерлердің олжасына айналады. Ұлттық баққа тиіп жатқан Қызылтау тауы арқарлардың көбею кезінде шоғырланатын жері болып табылады, ал мұнда қазіргі кезде қорықтық тәртіп шаралары сақталмайды. Сондықтан қорықтық тәртіпті орнату керек.

Құстар әлемі бай әрі алуан түрлі 67 құс түрі ұялайды және 100 – ден астам түр ұшып өтеді. Ірі көлдер жанындағы су маңы және суда жүзетін құстар ерекше көзге түседі. Бұлар – әр түрлі үйрек, шағала, қарқылдақ, үлкен сұқсыр, әупілдек, көкқұтан, шалшықшылар (қызғыш, шөпілдек, бізтұмсық). Өзінің ашық түсті қауырсынмен отүйрек еріксіз назар аудартады, ол ұясын тауда жартастар қуысына, түлкілер мен суырлар ініне салады. Балапандарын шығарып болғаннан кейін, ұзақ та қауіпті жолды жаяу жүріп, қайта суға келеді. Орман сілемдерінде жыртқыш құстар-жамансары, жағалтай, бөктергі, кезқұйрық; қызылкітаптық түрлер-бүркіт, қарақұс, ителгі; Торғайтектестер отрядының көптеген өкілдері-үлкен көк шымшық, ақ шымшық, орман жадырағы, шұбар шымшық, құралай, бақ сарыторғайы және т.б. кездеседі. Далалы жерлерде дала құладыны және біздің фаунамыздың ең ірі шалшықшысы-үлкен шалшықшы ұялайды.

Бауырымен жорғалаушылардың бес түрінің Баянауылда көп кездесетіні – секіргіш кесіртке. Әдебиеттерде жасыл кесірткенің кездескені жайлы айтылады, бірақ бұл мәлімет құжат түрінде әлі анықталмады.

Ұлттық бақ көлдері балыққа бай. Мұнда шортан, алабұға, аққайран, торта, қарабалық және басқалар бар.

Омыртқасыздар фаунасы тіпті зерттелмеген. Бірақ бұлардың басым көпшілігі насекомдар, үнемі көз алдымызда жүреді. Әсіресе әр түрлі көбелектер, аралар, обыр шегірткелері, қоңыздар мен құмырсқалар жақсы байқалады. Бұл бай да ғажайып әлем өз зерттеушілерін күтуде.