Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 лаб.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Зертханалық жұмыс № 33-34

Тақырыбы: CMOS Setup бағдарламасы

Мақсаты: CMOS Setup бағдарламасының жұмыс жасау принциптерімен танысу

Қысқаша теория

STANDARD CMOS SETUP бөлімі немесе Standard CMOS Features (CMOS-тың стандартты күйге келтіру) BIOS құрамына жатпайтын, жеке бағдарламадан тұратын кезде, SETUP жабдықтарында пайда болған ең ескі күйге келтіруден тұрады.

Date (Дата) немесе Time (уақыт) өрістері жүйелік дата мен уақытты орнатуға мүмкіндік береді. Егер SETUP жабдықтары іске қосылған болса бұл күйлерді өзгертуге болады, бірақ міндетті емес. Қазіргі уақытта дата/уақытты Windows операциялық жүйесінен өзгерткен ыңғайлы – олда CMOS микросхема жадысында енгізілген өзгерістерді сақтайды.

Осы бөлімде қатқыл дискілердің сипаттамалары беріледі. TYPE (тип) бағанынан Auto(автоматты таңдау) нұсқасын барлық ұсынылатын төрт қатқыл дискілер үшін таңдаған ыңғайлы.

Drive A (А дискіжетегі) және Drive B (В дискіжетегі) өрістері компьютерде орнатылған иілгіш дискілердің дискіжетек типін көрсетуге мүмкіндік береді. Заманауи компьютерлерде А дискіжетегі 1,44М, 3,5” типін иеленеді (жоғары тығыздықты үш дюймдік дискіжетек), ал В дискіжетегі болмайды – None (жоқ). Қажет болған жағдайда басқад үш – және бес дюймдік жискіжетектерді таңдауға болады.

Video (бейне) пункті өзінің мәліметтерін жеткізу үшінBIOS жүйесімен қолданылатын компьютердің бейне жүйесінің типін анықтайды. Себебі бұл мәліметтер экранның мәтіндік редакторында беріледі. BIOS жүйесіне қуатты заманауи бейне адаптерлер туралы білудің қажеті жоқ. Бұнда әрқашан EGA/VGA пунктін таңдаған жөн.

Halt On пункті (қателер кезінде тоқтау) компьютердің өзіндік тестілеу процессін басқаруға мүмкіндік береді. Қателерді анықтаған кезде диагностика келесі типті Press F1 to Continue or Del to Enter Setup(жұмысты жаслғастыру үшін F1 пернесін басыңыз немесе SETUP жабдығын жүктеу үшін Del пернесін басыңыз) мәліметтпен тоқтауы мүмкін. Бұндай мәліметті алудың қауіпі жоқ, сондықтан ең тиміді нұсқа болып All but keyboard (пернеліктен басқа, кез келгені) мәні саналады.

Бақылау сұрақтары және тапсырма:

  1. CMOS Setup бағдарламасының жалпы қызметі

  2. Date (Дата) немесе Time (уақыт) өрістері

  3. Video (бейне) пункті

  4. Halt On пункті

  5. Мәліметтерді толықтыр, CMOS Setup бағдарламасын өз бетіңше зертте

  6. Жинақталған мәліметтер бойынша презентация жаса.

Зертханалық жұмыс № 35-36

Тақырыбы: Plug-and-Play технологиясын пайдалану

Мақсаты: Plug-and-Play технологиясын зерттеу

Қысқаша теория

Plug-and-Play (PnP) жүйелері жүйелік ресурстарды таратудың заманауи технологиясында жаңалық ашты. Олар нарықта ең алғашқы рет 1995 жылы пайда болды. Жаңа жүйелердің көпшілігі осы технологияның артықшылықтарын қолданады. Ертеде жаңа құрылғыларды қосу барысында ДК тұтынушылары ауыстырып қосықыштар мен перемычкалар арқылы өту қажет болған, ал нәтижесінде жүйелік ресурстардың келіспеушілігі мен тақшалардың жұмыс жасамауы жиі кездесті.

Plug-and-Play толықтай аңа технология болып саналмайды, оның мүмкіндіктері MCA және EISA секілді шиналарда жүзеге асырыған болатын, дегенмен көптеген қазіргі компьютерлерде басқа шиналар қолданылады. Қазіргі уақытта Plug-and-Play спецификациясы ISA, PCI, SCSI, IDE және PCMCIA стандарттарында қолданылады.

Бұл принциптің үзеге асуы схемотехникалық шешімдермен ғана байланысты емес, сонымен қатар келесі компоненттердің жасалуымен байланысты:

  • Plug-and-Play аппараттық жабдықтары;

  • Plug-and-Play BIOS

  • Plug-and-Play операцилық жүйелері

Осы компоненттердің әрқайсысы Plug-and-Play стандартын қолдауы керек, яғни белгілі талаптарды қанағаттандыру керек.

Компьютерлер, сонымен қатар адапттерлер тақшалары да аппарттық жабдықтар деп қабылданады. Plug-and-Play компьютерде ISA шинасының ескі адаптерлерін қолдануға болады , бірақ автоматтық конфигурация ұсынатын артылықшылықтар болмайды.

Plug-and-Play адаптерлерінің тақшасы оларға қажетті ресурстар туралы операциялық жүйе мен жүйелік BIOS –ты ақпараттандырады. Өз кезегінде BIOS және ОЖ, мүмкіндігінше конфликтілерді болдырмайды және адаптерлер тақшасына нақты бөлінген ресусртар туралы ақпаратты жеткізеді. Бұдан соң адаптер тақшасы осы ресурстарға автоматты түрде келтіріледі.

DOS, Windows –тің жаңа нұсқалары Plug-and-Play технологиясын қолдайды.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:

  1. Plug-and-Play (PnP) қызыметі.

  2. Plug-and-Play (PnP) қай жылы пайда болды.

  3. Plug-and-Play (PnP) технологиясын терең зертте, қосымша мәліметтермен толықтыр

  4. Жинақталған мәліметтерден презентация жаса (Слайд шоу)