Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 лаб.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Зертханалық жұмыс №3-4

Тақырыбы: Жүйелік платаны жөндеу

Мақсаты: Ескі жүйелік платаны алып жаңа жүйелік плата орнатуды үйрету

Қысқаша теория

Е гер компьютердің ішін ашатын болсақ, онда оның төменгі жағында немесе бір қырында орналасқан және де барлық платалар осыған қосылған үлкен платаны көруге болады

Бұл плата материнская плата немесе жүйелік плата деп аталады. Компьютеріңізге өзгерту енгізетін болсаңыз, сіз міндетті түрде осы платаны ескеруіңіз керек. Көптеген компьютер сатумен айналысатын фирмалардың рекламаларында осы платаның характеристикалары яғни, процессор түрі, тактілік жиілігі, кэш- жады (L2) көлемі және шинасы жазылады. Бұған қоса мына характеристикаларды да атап көрсетуге болады: платада перифериялық құрылғылардың қолданылуы, процессордың тактілік жиілігінің мүмкін диапозондары, жадының максимальды көлемі және жады модульдерінің разъемдарының саны т.б.

Болашақта егер сіз компьютеріңізге модернизация жасайтын болсаңыз, осы характеристикаларға аса мән беру керек.

Платаның мазмұны және оның компановкасы әртүрлі болуы мүмкін, бірақ негізгі элементтері өзгерусіз қалады.

ПК-дың корпусын ашып, сіз негізгі системалық платаңызды көре аласыз. Егер компьютер корпусы desktop болса, системалық плата оның түбінде орналасады, ал tower модельді болса, қабырғасына тұруызылады. ПК-дың басқа да компоненттері системалық платаға тікелей немесе онда орналасқан көптеген разъемдардың біріне немесе кеңейту картасы арқылы жалғанады.

Жаңа жүйелік платаны орнату

Жүйеік платаның размеріне және типіне қарамастан сіздегі бар жүйелік платаны алмастыру нақты жоспарлауды қажет етеді. Мұндай алмастыру күрделі техникалық процедура сияқты болғанымен сізге жоспар мен шыдамдылық керек. Компьютер корпусын ашпас бұрын дербес компьютерді желіден ажыратуды ұмытпаңыз. Ескі жүйелік платадан барлық компоненттерді асықпай ажыратып, оларды қауіпсіз жерге қойыңыз.

Ескі жүйелік платаны алу

Жүйелік платаны алып тастау үшін төмендегі іс-әрекеттерді орындаңыз:

1) Ең алдымен, барлық байланыстардың схемасын суреттеп алу керек (ленталық кабель, кеңейту картасы, тағы сол сияқтылар). Разъемдардың қосылуына ерекше назар аударыңыз, әсіресе әртүрлі әдіспен қосылатын, мысалы ленталық кабельдер разъемы. Ленталық кабельдердің көбісінің 1 цифрымен белгіленетін 1-ші контактіге қосылу үшін қолданылатын бір жақты қызыл жолақтан тұрады. Жүйелік платаға жалғанатын әрбір элементті міндетті түрде белгілеп қойыңыз. 2) Жаңа жүйелік платада көрсетілетін барлық инструкцияны қайта оқып шығыңыз. Мұнда жүйелік платаны орнатудан бұрын іс-әрекеттер тізімі жазылуы мүмкін.

3) Ескі жүйелік платаны дербес компьютер корпусына қалай қадалғанына назар аударыңыз. Винтердің және металл емес қадағыштардың саны мен орнын ескеріңіз.

4) Жүйелік платадан барлық кеңейту карталарын ажыратыңыз - алдымен әрбір картаның винтін босатып, бұрап алыңыз, сосын асықпай слоттан ш ығарып алыңыз. Кейде картаны слоттан алу үшін оны әрлі-берлі жылжытып алу керек болады. Егер қандай да бір картаға кабель жалғанған болса, оны ажыратып, бирка яғни белгіше қыстырып қойыңыз. Басқа да кабельдерге осыны жасаңыз.

5) SIMM және DIMM жады модульдерін және де процессорды ажыратыңыз. Егер бұны қазір орындау мүмкін болмаса, берілген іс-әрекетті ескі жүйелік плата дербес компьютер корпусынан шығарылғаннан кейін орындаңыз.

Жүйелік платадан қоректену блогына баратын қоректену кабельдерін жалғағанда қара түсті өткізгіш әрдайым бір-бірімен жақын орналасқан екі разъемның ішкі жағынан орналасады. (АТХ-тан басқа барлық жүйелік платалар үшін).

6) Жүйелік платаға жалғаннан барлық кабелдерді ажыратып, биркамен бекітіңіз. Жүйелік платаға жалғанған қоректену кабельдерінің орнына назар аударыңыз. Мұнда мәселе қоректену блогынан жүйелік платаға баратын екі көпөткізгішті, көптүсті кабельдер жөнінде болып отыр.

7) Жүйелік платадан барлық разъемдар мен компоненттер ажыратылғаннан кейін, винтті бұрап, металл емес қадағыштарды алыңыз. Егер жүйелік платадан процессор мен жадыны ажыратпаған болсаңыз, оны қазір орындап, барлығын қауіпсіз жерге қойыңыз.

Жаңа жүйелік платаны құру үшін осы тізім бойынша, тек кері қарай орындау керек.

Жаңа жүйелік платаны орнату үшін, төмендегідей іс-әрекеттер тізбегін орындау керек:

1) Платаны дербес компьютер корпусына орналастырмас бұрын жады мен процессорды орналастырып алу сіз үшін ыңғайлы болады.

2) Жаңа жүйелік платаны компьютер корпусына орнатыңыз және мұнда қадаушы винттер үшін тесіктерінің (отверстия) орналасуында өзгерістер болуы мүмкін.

3) Сызып алған схема бойынша қоректену кабелінің разъемдарын жалғаңыз.

4) Кеңейту карталарын орналастырыңыз. Кейбір ескі жүйелік платаларда процессор үстінде орналасатын кеңейту карталарын орналастыруда қиыншылықтар туындауы мүмкін. Алайда соңғы шыққандарда мұндай қиыншылықтар орын алмайды. Кеңейту карталарына жалғанған барлық кабельдерді қосуды ұмытпаңыз.

Барлығын жүйелік платаға жалғап болғаннан кейін дербес компьютерді қосып, жұмысыңызды тексеріңіз. Егер компьютер істемесе немесе қателер жөнінде хабарламалар берсе, олар туралы түсініп болып, жаңа жүйелік платаға берілген инструкцияны оқып шығыңыз. Тағы да барлық компоненттің жүйелік платаға жалғанғандығын тексеріңіз.

Бақылау сұрақтары:

  1. Аналық плата дегеніміз не?

  2. Аналық платаның орналасу тәртібін сипатта

  3. Ескі жүйелік платаны алу

  4. Жаңа жүйелік платаны орнату

  5. Жаңа жүйелік платаны орнату тәртібін сипатта