- •Зертханалық жұмыстардың мазмұны Зертханалық жұмыс № 1-2
- •Қысқаша теория
- •Зертханалық жұмыс №3-4
- •Қысқаша теория
- •Жаңа жүйелік платаны орнату
- •Ескі жүйелік платаны алу
- •Зертханалық жұмыс № 7-8
- •Қысқаша теория
- •Зертханалық жұмыс № 5-6
- •Қысқаша теория:
- •Микропроцессорды (cpu) орнату және алып тастау
- •Кэш жады
- •Dimm модульдерін орнату
- •Жады контроллерінің типі
- •Қ ысқаша теория:
- •Зертханалық жұмыс № 11-12
- •Қысқаша теория
- •Зертханалық жұмыс № 13-14
- •Қысқаша теория
- •Зертханалық жұмыс № 15-16
- •Қысқаша теориялық
- •Зертханалық жұмыс № 17-18
- •Зертханалық жұмыс № 19-20
- •Қысқаша теория
- •Зертханалық жұмыс № 21-22
- •Қысқаша теория
- •1. Жүйелік платаға орнатылған (встроенный)
- •2. Бөлек дыбыстық карта (невстроенный)
- •Зертханалық жұмыс № 23-24
- •Қысқаша теория
- •Зертханалық жұмыс № 25-26
- •Қысқаша теория
- •Зертханалық жұмыс № 27-28
- •Қысқаша теория
- •Зертханалық жұмыс № 29-30
- •Қысқаша теория
- •Жалпылама
- •Зертханалық жұмыс № 31-32
- •Қысқаша теория
- •Зертханалық жұмыс № 33-34
- •Қысқаша теория
- •Зертханалық жұмыс № 35-36
- •Қысқаша теория
- •Зертханалық жұмыс № 37-38
- •Қысқаша теория
- •Зертханалық жұмыс № 39-40
- •Қысқаша теория
- •Әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер
Кэш жады
Тез әрекет жасайтын компьютерлерде оперативті жадыға доступты тезеду үшін арнайы өте тез қимылдайтын кэш-жады қолданылады, ол микропроцессормен оперативті жады аралығында орналасады және оперативті жадының өте жиі қолданылатын бөлігінің көшірмесін сақтайды. Микропроцессор жадыға назар аударғанда ең алдымен керекті мәліметтерді кэш-жадыда іздеу жүргізіледі. Кэш-жадыға кіру уақыты жәй жадыға қарағанда бірнеше есе аз болғандықтан, көптеген жағдайларда микропроцессорге қажетті мәліметтер кэш-жадының өзінде болатындықтан, жадыға кірудің орташа уақыты азаяды.
Intel - 80386 DX немесе 80486 SX-ке негізделген компьютерлер үшін 64 Кбайтты кэш-жады қанағаттанарлық болып табылады. 128 Кбайт - толық жеткілікті.
Intel - Pentium, Pentium ІІ, Pentium ІІІ компьютерлерінде әдетте көлемі 256 Кбайт кэш-жадымен толықтырылады. Intel - Pentium IV базасындағы жүйелер үшін, яғни көлемі 256-512 Мбайт оперативті жадысы бар және көптапсырмалы операциялық жүйелерде қолданылатын жүйелер үшін 512 Кбайтты - 1 Мбайт кэш-жады болады. 486 сериалы және Pentium микропроцессорларының кішкене ішкі кэш-жадылары бар, сондықтан кейбір техникалық әдебиеттерде жүйелік платада орналасқан кэш-жадыны екінші деңгейлі кэш-жады деп атайды. (level two cache, L2 cache). Pentium Pro микропроцессорында екінші деңгейлі кэш-жады процессормен бір корпуста болады. (Микропроцессорге орнатылған деп айтуға да болады).
Dimm модульдерін орнату
DIMM модульдері, SIMM-ге қарағанда оңай орнатылады. DIMM модуль SIMM модулінің слотына ұқсас слотқа орнатылады, тек бір ерекшелігі ол тіке орнатылады (ал SIMM болса бұрыш жасап салынады) және де бекіткіштерінде де айырмашылық бар. Слот бос кезде бекіткіштер ашылып, сыртқа шалқайып тұрады. Біз DIMM модульдерін слотқа отырғызғанда бұл бекіткіштер автоматты түрде сарт етіп DIMM модулін қысып қалады. Осы фиксация дыбысы арқылы оның дұрыс отырғызылғанын білуге болады. Ал егер DIMM модулін слоттан алатын болсақ, біз бекіткішті сыртқа қарату үшін бекіткіштің үстінен төмен қарай басамыз. Сол кезде DIMM модулі автоматты түрде алынып тасталынады.
Жады контроллерінің типі
Қазіргі уақытта жадының негізгі үш түрі қолданылады:
S
DR
SDRAM
DDR SDRAM және
RDRAM. SDR SDRAM жадысы ең төмен деңгейдегі жүйелерде ғана қолданылады, өйткені оның өткізгіштік қабілеті (1Гбайт/с-қа дейін) қазіргі орталық процессордың талаптарын қанағаттандырмайды. өте жоғары жиілікте (800 Мгц) жұмыс істейтін жады RDRAM, керісінше өте жоғары өнімділікті қамтамассыз етеді (1,6 Гбайт/с), ал 16-разрядты тар шинаның арқасында каналдар саны бойынша масштабтауды оңай қамтамассыз етеді. 400 МГц шиналы Pentium IV процессорлері үшін тиімді болып RDRAM-ң екіканалды конфигурациясы табылады. Алайда Intel компаниясы RDRAM жадысының контроллері мен микросхемалар жиынын енді шығармайтынын хабарлады. Қазіргі кезде үлкен атаққа DDR SDRAM жадысы ие, ол SDR SDRAM-нан берілгендерді жеткізуде екіеселенген өткізу қабілеттілігімен ерекшеленеді. Жоғары жылдамдықты DDR (DDR400) модификациясының өткізгіш қабілеті Athlon XP жаңа процессорлік шиналарының 400 МГц өткізгіш қабілетіне тең және 3,2 Гбайт/с-ті құрайды. Жаңа Intel Pentium IV 800 МГц жүйелік шиналы процессорлеріне екі есе үлкен өткізгіштік қабілеті керек, сондықтан Pentium IV - ке арналған актуалды микросхема жиындары екіканалды DDR 400 контроллерімен қамтамассыз етіледі.
Бақылау сұрақтары:
Жады дегеніміз не?
Жадының қандай түрлерін білеміз?
1 Мбайт және кішкене жоғары оперативті жадылар қандай жағдайларда қолданылады?
4 Мбайт жадылар ше?
8 Мбайт жадылар қай жерлерде қолданылады?
16 Мбайт жадылар туралы не білеміз?
32 Мбайт және 256 Мбайт оперативті жадылар қалай қолданылады?
512 Мбайт -1 Гбайт жадылар қандай?
Жады контроллерінің типтері?
Зертханалық жұмыс № 9-10
Тақырыбы: Қатты дискілер және оны жөндеу
Мақсаты: Қатты дискілермен танысып оларды меңгеру.
