Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
основа права семинар каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
175 Кб
Скачать
☆

Тақырып 10. Қазақстан Республикасының іс жүргізу құқығы (2 сағ.)

1.  Іс жүргізу құқығының конституциялық негізі.

2.  Әкімшілік іс жүргізу құқығының ұғымы, әдісі мен қағидаттары.

3.  Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі, міндеттері мен сатылары.

4.  Қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні, кезеңдері мен ерекшеліктері.

Семинардың мақсаты: іс жүргізудің мазмұнын ашу, іс жүргізуге қатысушы тұлғалар мен  сатыларды анықтап,құқықтық даудың кінәлі тарабына заңды жауапкершіліктің тиісті шараларын қолдану қажеттігін талап ету.

Бірінші сұрақты дайындау барысында іс жүргізу құқығының конституциялық негізінің мазмұнын ашу. Іс жүргізу құқығының қайнар көздерін анықтап,  ұлттық құқық жүйесіндегі іс жүргізу құқығының орнын,  рөлі мен маңызын түсіндіруге тырысыңыз. Сот билігін жүзеге асырудың: процесуалдық нысаны мен қағидалары сипаттаңыз. Іс жүргізу заңдарының уақытқа қарай, кеңістікте және тұлғалар арасында әрекет етуі жолдарын түсіне білуде маңызды.

Әкімшілік іс жүргізу – материалдық әкімшілік құқықтық нормаларды жүзеге асыру мақсатында жасалатын әрекеттер жиынтығы. Әкімшілік іс жүргізудің түрі мен әкімшілік іс жүргізудің ерекшеліктеріне назар аударыңыз. ӘҚБтК бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы кез-келген іс бойынша құқық нормасын бірнеше органдар қолдана алады. Іс бір органнан екінші органға жиі беріледі, мұнда олардың әрқайсысы тек өзінің құзыретіне жатқызылған құқық қолдану іс-әрекеттерін ғана атқарады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар мен лауазымды тұлғаларды атаңыз.

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдары соттардың заңдармен өз құзыретіне жатқызылған талап қою және өзге істерді қарау мен шешу барысында сот төрелігін атқаруы кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Азаматтық іске қатысушы тұлғалардың құрамы мен сатыларын анықтаңыз.

Қылмыстық іс жүргізу сатылары -  алдына қойған мақсаты, мерзімі, арнайы субъектер жүргізетін, шығаратын процесуалдық шешімі бар,  бір бірінен дербес, бірақ, өзара байланысты қылмыстық іс жүргізудің бөлімдері болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу сатыларына жеке – жеке тоқталыңыз.

Пысықтау сауалдары

1.  Конституциялық іс жүргізу дегеніміз не?

2.  Әкімшілік іс жүргізуге қатысушыларды атаңыз.

3.  Азаматтық сот ісін жүргізудің қандай міндеттері бар?

4.  Қылмыстық іс жүргізу қандай кезеңдерге бөлінеді?

Баяндамалар тақырыптары

1.  Іске қатысушы тұлғалардың ұғымы мен түрлері.

2.  Іс жүргізу мерзімдері. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру және қысқарту тәртібі.

3.  Сайлауға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша іс жүргізу.

4.   Мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың,  лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне) дау айту туралы іс бойынша іс жүргізу.

5.  Ұл (қыз) асырап алу туралы өтініштер бойынша іс жүргізу.

Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер

1.  Сапаргалиев Г.С. Конституционное право Республики Казахстан: Академический курс. Изд. 3-е, с доп. – Алматы: Жеті Жарғы, 2007. – 544 с.

2.  Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 августа 1995 ж. (2 ақпан 2011 өзгертулер мен толықтырулар).

3.  Жетписбаев Б.А. Административный процесс. (электронный ресурс) Учебник / Алматы, Юрид.лит., 2004. электронная литература.

4.  Егембердиев Е.О. Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу құқығы. – Астана, 2006.

5.  Абдуллина З.К. Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу құқығы. – Алматы, 2003.

6.  Практикум по уголовно-процессуальному праву РК. Под общей ред. А.Новикова, О.Новикова, А.Рустамова. – А., 2002.

Қосымша әдебиеттер

1.  Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан:В двух томах. Т. 1 Общая часть. Учебник. – Алматы: КазГЮА, 2001.

2.  Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексi Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы N 206 Кодексi.

3.  Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексi Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi N 411 Заңы (2007.29.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен).

4.  Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 155 Кодексi.