- •Тақырып 1. Мемлекет, құқық және мемлекетік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар (2 сағ.)
- •Тақырып 2. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының негіздері (2 сағ.)
- •Тақырып 3. Қазақстан Республикасы әкімшілік құқығының негіздері (1 сағ.)
- •Тақырып 4. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негіздері (2 сағ.)
- •Тақырып 5. Қазақстан Республикасының отбасы құқығының негіздері (1 сағ.)
- •Тақырып 6. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы (1 сағ.)
- •Тақырып 7. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы (1 сағ.)
- •Тақырып 8. Экологиялық және жер құқығы негіздері (1 сағ.)
- •Тақырып 9. Қазақстан Республикасы қылмыстық құқық негіздері (2 сағ.)
- •Тақырып 10. Қазақстан Республикасының іс жүргізу құқығы (2 сағ.)
- •Мазмұны
- •2014 Ж. Жиынтық жоспары, реті 264
- •«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының көшірмелі-көбейткіш бюросы 050013, Алматы, Байтұрсынұлы көшесі, 126
Тақырып 5. Қазақстан Республикасының отбасы құқығының негіздері (1 сағ.)
1. Отбасы құқығы: ұғымы, негіздері мен принциптері.
2. Некеге тұру және некенің тоқтатылуы. Жұбайлардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері.
3. Ата-аналар мен балаларының құқықтары мен міндеттері.
4. Қамқоршылық және қорғаншылық түсінігі, жалпы сипаттамасы.
5.Ата-аналардың, балалардың және отбасының басқа да мүшелерінің арасындағы алименттік қатынастар.
Семинардың мақсаты: некеге тұрудың тәртібі мен шарттарын, некені тоқтату мен бұзудың мазмұнын, қайнар көздерін және ата-аналардың, балалардың және отбасының басқа да мүшелерінің арасындағы алименттік қатынастардың ерекшеліктерін ашу.
Семинар сабағының бірінші сұрағын зерттеу барысында басты мақсат отбасы заңдары қандай принциптерге негізделетінін түсіндіру. «Неке» мен «отбасы» түсініктерінің мәнін ашыңыз. Отбасы құқығын зерттеуші белгілі кеңес ғалымы Е.М.Ворожейкиннің отбасының бір –біріне деген жеке сенім сипатына деген пікірі. Екінші сұрақта некені заңды түрде рәсімдеу қалай жүзеге асырылатындығына көңіл бөліңіз. Тіркеу кезінде некені қию шарттарының сақталғандығы тексеріледі, осы шарттарының сақталғандығын кім бақылайды? Некеге тұруға кедергі жасайтын қолайсыз жағдайлардың немесе басқа да себептердің болатындығы қарастырыңыз. Заңның некені жарамсыз деп тануға қатысты ережелерінің негіздерін атап көрсету керек.
Тіркелген неке ерлі-зайыптылардың арасындағы жеке және мүліктік құқықтар мен міндеттерді тудырады. «Неке және отбасы туралы» Заңның 29-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарын анықтаңыз. Заңға сәйкес ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттерді атқарады. Ерлі - зайыптылардың жеке құқықтарының теңдігі отбасы өмірінің барлық жалпы мәселелерін (ана, әке болу, балаларға тәрбие мен білім беру мәселелері және отбасы өмірінің басқа да мәселелері) олардың бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді. Алайда, ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да жеке құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылықты пайдалану тиіс еместігін түсіндіріңіз.
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеудің негізгі нысандарын анықтаңыз. Бала асырап алудағы мақсаты мен бала асырап (қыз асырап) алуға рұқсат беру, тыйым салу негіздерін түсіндіріңіз. Қорғаншылық және қамқоршылық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу үшін, сондай-ақ өзінің құқығы мен оған жүктелген міндеттерді өз бетінше жүргізу мүмкіндігінен айырылған адамдардың жеке және мүліктік мүдделерін қорғау үшін белгіленеді. Қазақстан Республикасының Заңдарымен қорғаншылық пен қамқоршылықтың қандай түрлері қарастырылған.
Ерлі – зайыптылардың мүліктік қатынастары оларға тиесілі болған мүлікті меншіктену және бір-бірлеріне өзара материалдық қолдау көрсету міндеттерінен туындайды. Құқықтық қатынастардың бірінші түрі Заңның «Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері» деп аталатын 7-тарауындағы нормалар мен екінші – Заңның «Ерлі-зайыптылардың және бұрынғы ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттемелері» деп аталатын 18-тарауындағы нормаларды салыстырыңыз.
Пысықтау сауалдары
1. Қазақстан Республикасының неке, отбасы заңдары қандай принциптерге негізделеді?
2. Қандай адамдардың некеге тұруына тыйым салынады?
3. Тіркелген неке ерлі-зайыптылардың арасындағы жеке және мүліктік құқықтар қандай міндеттерді тудырады?
4. Бала асырап алу қандай жағдайларда жарамсыз деп танылады?
Баяндамалар тақырыптары
1. Ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу нысандары.
2. Ата-аналар мен балалардың арасындағы құқықтық қатынастар.
3. Отбасы құқығының қайнар көздері.
4. Некенің жарамсыздығы.
Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер
1. «Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы» Заңы,1998 ж. 17 желтоқсан.
2. Байжанов Н. Неке және отбасы. – Алматы, 1997.
3. Ынтымақов С.А. Отбасы құқығы. – Алматы: Заң әдебиеті, 2002.
4. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері. Оқулық 2 кітаптан тұрады / Құрастырған Е.Баянов. 2- ші кітап. – Алматы, 2009. – 384 бет .
Қосымша әдебиеттер
1. «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 8 тамыз 2002 жыл // Егемен Қазақстан, 13 тамыз 2002 ж.
2. Құқық негіздері: Оқу құралы / Б.Ө. Алтынбасовтың редакциялығымен. – Астана, «Мастер По» ЖШС, 2012. – 336 бет.
3. Тулеугалиев Ғ.И. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы: Жоғары оқу орындарына арналған акад. Курс. 1 – том. – Алматы: «Жеті жарғы», 2001 – 376 бет.
4. Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. – Алматы, 2006.
