Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
основа права семинар каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
175 Кб
Скачать
☆

Тақырып 8. Экологиялық және жер құқығы негіздері (1 сағ.)

1.  Экологиялық құқығының пәні, әдісі, жүйесі.

2.  Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидалары.

3.  Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік.

4.  Қазақстан Республикасының жер, су құқығының негіздері.

Семинардың мақсаты: тақырыптың негізгі мәселелерін: мемлекет аумағындағы жер, жер қойнауы, су, орман, атмосфералық ауа, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, табиғаттың көрікті жерлері мен ескерткіштерінің жүйесін қарастыру; қоғамдық  қатынастардың осы саладағы заңдылық  және құқықтық тәртібін нығайту.

Тақырыптың бірінші сұрағы бойынша Қазақстан   Республикасы  экология құқығының тарихын еліміздің әлеуметтік – саяси дамуына байланысты екі кезеңге бөлуге болады. Қазақста Республикасының егемендік алғанға дейінгі  экология құқығының тарихы мен Қазақстан   Республикасының егемендік алғаннан кейінгі  экология құқығының тарихының мазмұнын түсіндіріңіз. Экологиялық қатынастарды ғылыми түрде салаларға бөліп қарастырыңыз.

Экология құқығының принциптері  –  мемлекет, қоғам, кәсіпорындардың, өкімет орындарының, ұйымдардың және басқа құрылымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың экологиялық құқықтық қатынастардағы түпкі бастамасы. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидалары атаңыз.

Экологиялық жауаптылық – бұл кешенді әлеуметтік экономикалық және құқықтық институт. Заңды жауапкершілік құқыққа қайшы әрекеттерден туындайды және әкімшілік құқықтық әдістермен реттеледі. Заңды жауапкершілік табиғатты құқықтық қорғаудағы маңызды құрал болып табылады. Сондықтан заңды жауаптылықтың мақсатын анықтаңыз.

Жер деген түсінікті әртүрлі мағынада қарап, жерді қорғаудың мақсаты мен міндеттерін көрсетіңіз. Су – ерекше экологиялық функцияны орындайтын орны толмас табиғат байлығы екеніне көңіл бөліңіз. Қазақстан Республикасының су құрамын анықтап, олардың мазмұнын түсіндіріңіз.

Пысықтау сауалдары

1.  Қазақстан Республикасының экология құқығының қалыптасу кезеңдерін атаңыз.

2.  Қазақстан Республикасының экология құқығы дегеніміз не?

3.  Қазақстан Республикасының экология құқығының объектілеріне не жатады?

4.  Экология құқығының принциптерін атаңыз?

Баяндамалар тақырыптары

                                

1.  Экология құқығының тарихы мен қайнар көздері.

2.  Айналадағы табиғи ортаны пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау және қадағалау.

3.  Орманның құқықтық ережелері және оны қорғау.

4.  Атмосфералық ауаны құқықтық қорғаудың түсінігі мен жалпы сипаттамасы.

5.  Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін құқықтық қорғау, өсімін молайту және пайдалану.

Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер

1.  Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 9 қаңтар 2007 жыл.

2.  Байдельдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының  Экологиялық құқығы. Оқулық. – Алматы 2007.

3.  Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. – Алматы: Заң әдебиеті, 2009.

4.  Иштаева Ф.Қ. Экология: Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2008.

5.  Стамқұл ұлы Ә. ҚР Экологиялық құқық: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2005.

6.  Абдимуратов Ж.С, Санатова Т.С. Экология. – Алматы, 2007.

7.  Оспанова Г.С, Бозшатаева Г.Т. Экология. – Алматы, 2007.

Қосымша әдебиеттер

1.  Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңы. – Алматы. Юрист, 2004.

2.  Үпішев Е.М. Табиғатты пайдалану. Оқулық. – Алматы, 2006.

3.  Мұқаұлы С. Қоршаған ортаны қорғау. Оқулық. – Алматы, 2006.

4.  Хаджиев А.Х. Земельное право Республики Казахстан. Общая часть: Учебное пособие. – Алматы, 2001.

5.   Бекишева С.Д. Экологическое право Республики Казахстан: Учебное пособие. Караганда, 2001.

6.  Санатова Т.С.,Экология: Әдістемелік нұсқаулар мен  есептер ЕГЖға арналған. – Алматы, 2002.

7.  Сулеев Д.К., Сагитов С.И., Сагитов П.И., Жумагулов К.К. Экология и природопользование. Учебник. – Алматы, 2004.