- •Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын тексеруге арналған мәтіндер
- •Инелік пен құмырсқалар
- •Шал мен балалар
- •Тазы мен елік
- •Тасбақа
- •Әр заттың өз орны бар
- •Кемпірқосақ
- •Қазақша ай аттары
- •Балалар мен ғалым
- •Жолдастық кездесу
- •Қызыр ата келген күн
- •Әдептілік
- •Әбунасыр әл-фараби
- •Силинчи ханым
- •Аурудан аянған күштірек
- •Еңбекқордың есесі түгел
- •Түлкіні алдаған қаз
- •Түлкіні алдаған қаз
- •Наурыз көже
- •Асыл шөп
- •Қыз бен дария
- •Түлкі мен құмыра
- •Қос көгершін
- •Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
- •Мақтаншақ бұғы
- •Қаражон
- •Бозторғай
- •Гүлдесте
- •Мейірімді бала
- •Әңгелек
- •Қасиетті адыраспан, сізді бізге берді әзірет оспан
- •Кептер мен қарға
- •Баянауыл
- •Еррболдың қуанышы
- •Тышқандар мәжілісі
- •Қабанмен айқас
- •Қайда бардым, не көрдім?
- •Бақша ағаштары
- •Әже сыры
- •Жүз алтын мен жүз дүре
- •Талаптың пайдасы
- •Үй хайуандарының ата тегі
- •Әке мен бала
- •Дүниеден не күшті
- •Есекқырған
- •Дегелектің сыйы
- •Баланың тапқырлығы
- •Арыстан мен тышқан
- •Әліппемен қоштасқан күн
- •Жеті қазынаның бірі
- •Күнделік беттері
- •Күшік пен мысық
- •Өткел құрылысшылары
- •Қарға баласын «аппағым» дер, кірпі баласын «жұмсағым» дер
- •Құмырсқаның қанағаты
- •Алтынға айналған тас
- •Түлкі мен бөдене
- •Құстар неге сөйлей алмайды?
- •Қоңыр қонжық ертегісі
Бозторғай
Биыл Қызылкесікке көктем ерте келді. Жаңбыр көп жауып, ылғал мол болды. Егін де бітік шықты.
Орылған бидайды тасу үшін қалың шөпті жапыра жол салмақ болды. Дәл сол тұстан бозторғай ұша жөнелді. Құс ұшқан жерді барып қарасақ, бозтоғайдың ұясы бар екен. Ұяда бес-алты жұмыртқа жатыр.
Бозторғай шырылдап ұяның айналасынан ұзап кетпей ұшып жүр.
Ұяны бұзбай, аялай көтеріп, жолдың екінші жағындағы алыстау шалғынның арасына апарып қойдық. Бозторғай ұясының айналасын жөндеп, жұмыртқаларын тұмсығымен ыңғайластырған соң, жаны жай тапқандай болды.
Бозторғай біздің жақсылығымызды сезгендей, ұясының шетінде шоқиып отыр. Ол өзінің шиқ-шиқ еткен үнімен: "Рахмет саған, қайырымды адамзат. Бұл жақсылығыңды өмірі ұмытпаспын. Мен де ұрпағымды өрбітіп мәре-сәре болатын болдым", - деп бізге алғыс айтқандай.
(112 сөз)
Гүлдесте
Жаңа оқу жылы. Мектеп алаңы оқушылардың көңілді шуына толы. Қолдарында гүлдесте мен сөмкелері бар ұстаздарын күтіп балалар тұр. Алтыншаш сөмкесін ұстап, оқушылардан оқшауланып бөлек тұрды. Оның қолында гүлдесте жоқ болатын. Жуықта Монғолиядан көшіп келген, оқушылармен танысып та үлгермеген еді. Сәния ғана Алтыншашпен
танысқан. Оның үйінің жанындағы үйге көшіп келген. Алтыншаштың қасына келіп:
- Неғып тұрсың, жүр? – деп оқушылардың арасына алып келді. Сәния Алтыншашты оқушыларға таныстырды. – Алыстан келген бауырымыз. Бізбен бірге оқиды. Гүлдесте жасап берейік, - деді. Оқушылар келісе кетті. Әрқайсысы өздерінің гүлдестесінен бір-бірден гүл алып берді. Сәния бәрін қосып, гүлдесте жасап еді, әп-әдемі болып шыға келді. Бәрі Алтыншашты ортаға алып, Сәния гүлдестені қолына ұстатты. Ол көңілденіп қуанып кетті.
Айса Хамзеұлы
(108 сөз)
Мейірімді бала
Қытай жұртының ескі заңы бойынша біреуді алдағандығы мойнына түскен кісінің қолын кеседі екен. Бір төре осындай іспен кінәлі болып, әлгі айтылған жазаны өтеуге тұрғанда кінәлі төренің жас қыз баласы:
Әкем үшін жауап беремін, - деп ханға мәлім болыпты. Қызды патшаға алып келеді.
Тақсыр, - дейді қыз, - менің әкем жазаға лайық болғаны рас, соның үшін қолынан айырылу керек болды. Мінеки, тақсыр, әкемнің қолы, - деп өзінің қолын көтерді. Менің бұл қолымда жазық жоқ, жазықты болған атамның қолы, бірақ менімен салыстырғанда ол бала-шағаларын асырау керек. Бұйырыңыз, тақсыр, ол қолын кестіріп, жұмыссыз қарап отырса, бала-шағаларын кім асырайды. Сондықтан бала-шағаларын асырайтын қолын қалдырыңыз.
Патша баланың атасына, жас туғандарына мейірімділігінің мұнша күштілігіне рақымы түсіп, төренің күнәсін кешіріпті.
(112 сөз)
Қандай іске кіріссең де, қолың таза болсын. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып ел болуды ойлаңдар. Бақтығұл ала қол, арамза билерден көп қысым көрді. Ас ішер алдында қолыңды жу. Рахмет бұл жердің сай-саласын бес қолдың саласындай біледі.
Бұл үшін өгей өмір басталды. Өмірі өгей әкенің қабағына жалтақтаумен өтіп жатыр. Жат жердің ой- шұқыры көп: өгей өңір, өгей өлке.
Бұл алқапқа ел қонып, от жақпаған. От ауызды, орақ тілді шешен, домбырашы жігіттің жанары от шашады.
Қуаң даланың кескініне өң кіргендей. Қоңыр күз, қуаң дала. Жаздың басы қуаң болып тұр. Нұрлы беті қуаң тартып кетіпті.
Ақындарға зор мәртебе көрсетілді. Ана баласынының мәртебесіне көтеріліп қуанды. Ақанның ел арасында мәртебесі биіктей түсті.
(114 сөз)
