- •Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын тексеруге арналған мәтіндер
- •Инелік пен құмырсқалар
- •Шал мен балалар
- •Тазы мен елік
- •Тасбақа
- •Әр заттың өз орны бар
- •Кемпірқосақ
- •Қазақша ай аттары
- •Балалар мен ғалым
- •Жолдастық кездесу
- •Қызыр ата келген күн
- •Әдептілік
- •Әбунасыр әл-фараби
- •Силинчи ханым
- •Аурудан аянған күштірек
- •Еңбекқордың есесі түгел
- •Түлкіні алдаған қаз
- •Түлкіні алдаған қаз
- •Наурыз көже
- •Асыл шөп
- •Қыз бен дария
- •Түлкі мен құмыра
- •Қос көгершін
- •Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
- •Мақтаншақ бұғы
- •Қаражон
- •Бозторғай
- •Гүлдесте
- •Мейірімді бала
- •Әңгелек
- •Қасиетті адыраспан, сізді бізге берді әзірет оспан
- •Кептер мен қарға
- •Баянауыл
- •Еррболдың қуанышы
- •Тышқандар мәжілісі
- •Қабанмен айқас
- •Қайда бардым, не көрдім?
- •Бақша ағаштары
- •Әже сыры
- •Жүз алтын мен жүз дүре
- •Талаптың пайдасы
- •Үй хайуандарының ата тегі
- •Әке мен бала
- •Дүниеден не күшті
- •Есекқырған
- •Дегелектің сыйы
- •Баланың тапқырлығы
- •Арыстан мен тышқан
- •Әліппемен қоштасқан күн
- •Жеті қазынаның бірі
- •Күнделік беттері
- •Күшік пен мысық
- •Өткел құрылысшылары
- •Қарға баласын «аппағым» дер, кірпі баласын «жұмсағым» дер
- •Құмырсқаның қанағаты
- •Алтынға айналған тас
- •Түлкі мен бөдене
- •Құстар неге сөйлей алмайды?
- •Қоңыр қонжық ертегісі
Дүниеден не күшті
Ерте, ерте, ертеде
Ешкі жүні бөртеде,
Қырғауыл балапаны қызыл екен,
Түрі сондай қызық екен.
Мұзға тайып жығылыпты.
Сонда мұздан сұрапты:
Мұз! Мұз! Мені құлататындай неден күшті болдың?
Мен күшті болсам, Күннің жылуына ерір ме едім?
Күн! Күн! Сен неден күшті болдың?
Мен күшті болсам, Бұлтқа бетімді жапқызар ма едім?
Бұлт! Бұлт! Сен неден күшті болдың?
Мен күшті болсам, Жусанға көгімді берер ме едім?
Жусан! Жусан! Сен неден күшті болдың?
Мен күшті болсам, Қошақанға бүрімді жегізер ме едім?
Қошақан! Қошақан! Сен неден күшті болдың?
Мен күшті болсам, Қасқырға жегізер ме едім?
Қасқыр! Қасқыр! Сен неден күшті болдың?
Мен күшті болсам, Мергенге атқызар ма едім?
Мерген! Мерген! Сен неден күшті болдың?
Мен күшті болсам, мылтығымның бауын Тышқанға қиғызар ма едім?
Тышқан! Тышқан! Сен неден күшті болдың?
Мен күшті болсам, інімдегі бидайымды Құмырсқа тасып әкетер ме еді?
Құмырсқа! Құмырсқа! Сен неден күшті болдың?
Күшті болғың келсе егер,
Ерінбе сен жұмысқа.
Еңбекпенен шыныққан,
Менің атым – Құмырсқа!
(166 сөз)
Есекқырған
Бұл – күн ұясына батқаннан кейін батыстан туатын жарық жұлдыз. Халық арасында Сары жұлдыз, Бақташы жұлдыз деген бірнеше атауы бар.
Аңызда былай аталады: «Бір күні есектерге жүгін артқан саудагерлер керуені жолай бір ауылға жетеді. Шаршап-шалдығып келген олар алыс жол алдында тынығып алмақ болып ертерек жатып қалады. Бір мезетте керуен басы ұйқысынан оянып, далаға шықса, айнала жап-жарық. Ол бүкіл адамдарын оятып: «Жүрер уақыт болды. Шолпан туыпты», - деп жүруге қамдана бастайды. Есектеріне жүктерін теңдеп, жолға шығып кетеді.
Жүріп келеді, жүріп келеді. Таң ағарудың орнына, қайта қоюланып қараңғылана түседі. Таң атып болмайды.
Осылай келе жатқанда құмды дауыл басталады. Бүкіл есек дауылға шыдамай қырылып қалады. Жандарын әзер сақтап қалған керуеншілер жаяу, өздері шыққан ауылға зорға жетеді. Есін жиған жұрт: «Шолпан туды деп алып шыққан сенсің», - деп керуен басыдан қырылған есектері үшін құн талап етеді. Керуен басы ақталып: «Мені алдап соққан жұлдыздың өзі, сенбесеңдер көрсетейін», - деп барлығын сыртқа алып шығады. Жарқырап тұрған жұлдызды көрген адамдар «Расында да таң атып қалған ба?» деп жағаларын ұстапты. Сөйтсе бұл күн батқан соң батыстан көтерілетін жұлдыз екен.Содан бері ол «Есекқырған» деп аталып кетіпті».
(177 сөз)
ҚОҢЫР АЮ
Аю - өте ірі аңдардың бірі.
Қоңыр аю біздің еліміздің оңтүстік аудандарында (Тянь-Шант сілемдері мен Алтай тауларында) және ормандарда кездеседі. Олар жазықта да, таулы аймақтарда да, қайда қираған ағаштар, батпақ, көлшік сулары бар меңіреу орман болса, сонда тіршілікі етеді. Олар аса әккі аугер, алайда олар бәрін де жейді, көбінесе жеміс-жидек, шөп тамырларымен қоректенеді, құрт-құмырсқа, личинкаларды қазып жейді, бақа, балықтарды ұстайды. Аю аса балқұмар, ол балға аузы тиген соң араның шаққанына да қарамайды.
Күзде қоңыр аю көктемге дейін тыныш ұйықтап шығатын сенімді баспаның қамына кіріседі. Оның қыста қоректенуі де, қалың қарда жүруі де қиын. Егер күзде семіріп май жинап алмаса, аю апанында жатпайды. Қыс бойы долданып, аш құрсақ жүріп күн кешеді. Мұндай «қаңғыбастар» өте қауіпті. Аюдың ұйқысы сергек болады, ұйқы кезінде дене температурасы төмендейді. Кірекейі апанда былтырғы қондықтарды қарауға көмектеседі, сондықтан өткен жылғы қонжықтарды орыс халқы «пестун» (көмекші) деп атаған. Қонжықтар енесімен екі жылдай бірге жүреді. Аюдың қонжықтары қаңтар-ақпан айларында дүниеге келеді, олар жарты килограмм болып туады және көктемге дейін баяу өседі. Есейе келе аюдың тұрқы 2,5 метрге, салмағы 750 кг-ға жетеді. Қоңыр аюлар 50 жылдай өмір сүреді.
(179 сөз)
