- •Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын тексеруге арналған мәтіндер
- •Инелік пен құмырсқалар
- •Шал мен балалар
- •Тазы мен елік
- •Тасбақа
- •Әр заттың өз орны бар
- •Кемпірқосақ
- •Қазақша ай аттары
- •Балалар мен ғалым
- •Жолдастық кездесу
- •Қызыр ата келген күн
- •Әдептілік
- •Әбунасыр әл-фараби
- •Силинчи ханым
- •Аурудан аянған күштірек
- •Еңбекқордың есесі түгел
- •Түлкіні алдаған қаз
- •Түлкіні алдаған қаз
- •Наурыз көже
- •Асыл шөп
- •Қыз бен дария
- •Түлкі мен құмыра
- •Қос көгершін
- •Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
- •Мақтаншақ бұғы
- •Қаражон
- •Бозторғай
- •Гүлдесте
- •Мейірімді бала
- •Әңгелек
- •Қасиетті адыраспан, сізді бізге берді әзірет оспан
- •Кептер мен қарға
- •Баянауыл
- •Еррболдың қуанышы
- •Тышқандар мәжілісі
- •Қабанмен айқас
- •Қайда бардым, не көрдім?
- •Бақша ағаштары
- •Әже сыры
- •Жүз алтын мен жүз дүре
- •Талаптың пайдасы
- •Үй хайуандарының ата тегі
- •Әке мен бала
- •Дүниеден не күшті
- •Есекқырған
- •Дегелектің сыйы
- •Баланың тапқырлығы
- •Арыстан мен тышқан
- •Әліппемен қоштасқан күн
- •Жеті қазынаның бірі
- •Күнделік беттері
- •Күшік пен мысық
- •Өткел құрылысшылары
- •Қарға баласын «аппағым» дер, кірпі баласын «жұмсағым» дер
- •Құмырсқаның қанағаты
- •Алтынға айналған тас
- •Түлкі мен бөдене
- •Құстар неге сөйлей алмайды?
- •Қоңыр қонжық ертегісі
Қызыр ата келген күн
Бірде Қызыр ата дүниенің төрт бұрышын аралап жүріп, Қазақ еліне тап болыпты. Әне ел деп осыны айт. Жері қандай кең-байтақ болса, халқы да сондай дарқан. Шетінен мейірімді. Доспын дегенге құшағы айқара ашық. Ата дән риза болады. Әрине, Қызыр атаның жүрген жері қашан да молшылық. «Тойларың тойға ұлассын. Мейрамдарың көп болсын!» деп бата береді.
Қызыр ата келген күн жыл сайын мейрамға айналыпты. Оны өздерінше «Наурыз» деп атап алса керек.
(69 сөз)
СУ ТОРҒАЙЫ
Қыстыгүні қатты аязда таудан аққан өзеннен бу шығып жатады. Екі жағаға көкпеңбек жалтыр мұз қатады. Өзеннің тек ортасы ғана мұзсыз.
Осындай кезде шыр-шыр етіп мұз үстінде жорғалап торғай жүреді. Ол – қайқы құйрық, кішкентай қараторғай. Торғай шолп етіп ағынды суға сүңгіп кетеді. Оның мөлдір судың түбінде жорғалап, тастардың ара-арасын шұқылап жүргенін анық көруге болады.
Бұл қандай ғажап құс! Бұл құсты су торғай дейді. Ол қысы-жазы бірдей жемін су түбінен табады.
(72 сөз)
3-сынып І жарты жылдық
Балалар мен ғалым
Екі бала келе жатып, бір кітап тауып алыпты. Бірінші бала:
Бұл кітап менікі, неге десең, мен сенен бұрын көрдім, - дейді. Екінші бала:
Жоқ, бұл кітап менікі, неге десең, мен сенен бұрын жерден көтеріп алдым, - дейді.
Екі баланың таласының үстінен шыққан ғалым оларға:
Сендер хат танисыңдар ма? – депті. Балалардың екеуі де шынын айтып:
Жоқ, танымаймыз, - дейді. Сонда ғалым:
Кітап сендерге не керек? Бұл кітапты мен алайын. Қай бұрын оқу білгенге беремін, - депті.
(71 сөз)
ҮШ АРҚАР
Ертеде бір күні аңшылар иттерін ертіп, орманға аң аулауға аттанды. Олар осылайша із кесіп, ұзақ жүреді. Кенет бір алаңқайда алдарынан ғажайып көркем үш арқар шыға келеді. Иттер со арада тап береді. Арқарлар тұра қашады. Соңдарынан аңшылар шаба жөнеледі. Ақыры сиқырлы жануарлар көкке қарғып, жұлдыздар мен кометалардың ара-арасымен заулайды. Иттер де қалыспай, ілесе аспанға көтеріледі. Сол кезден бері олар арқарларды қуалап жүр деген аңыз бар. Халық арасында осы шоқжұлдыз Үшарқар таразы атауымен танымал.
(73 сөз)
ЕКІ ДОС
Серік пен Берік – тату дос. Олар үйлеріне келсе, Беріктің әкесі баласын тосып отыр екен.
- Кел, балалар, - деді жұмысқа қамданып. – Күннің ашық кезінде бітіріп тастайық, шешең дәрігерге кетіп еді. Қап, кірпіш әперіп тұратын бір адамның жоқтығын қарашы! Әзірше өзіміз амалдай тұрайық.
- Кірпіш әперетін кісі бар, әке, - деді Берік қасындағы баланы нұсқап. – Мына Серік көмектеседі.
Абдолла ағай Серікке қарады.
Мен көмектесейін, - деді Серік өз ниетін білдіріп.
О, міне азамат! – деп қауынды Абдолла ағай. – Достар осындай болады! Рақмет.
Ж.Мұсаев
(75 сөз)
Жолдастық кездесу
Дулат мектептің "Дауылпаз" деп аталатын аяқдоп командасының капитаны әрі орталық шабуылшысы. Олар бүгін стадионда көршілес ауылдың "Жігер" командасымен жолдастық кездесу өткізбек.
Кездесу "Дауылпаздың" дүркін-дүркін шабуылымен басталды. Бірақ теңбіл доп қақпаға дарымады. Қарсылыстар қорғанысқа көбірек көңіл бөліп, шабуылға сирек шығады.
Дулат қарсылыстарының қорғаныс шебін жарып өту үшін біресе оң қанатқа ойысып, түрлі әдіс-айла қолданып көрді. Алайда доп қақпашының тосқауылына ұшырай берді.
Есеп ашылған жоқ, ойын тең аяқталды. Кездесулерде қақпаға бір доп енгізбей қоймайтын Дулаттың бүгін жолы болмады.
(78 сөз)
ЕКІ БҰҒЫ
Бір күні тауда жайылып жүрген екі бұғы шөпке таласып қалыпты.
Мен жеймін, мен бұрын көрдім, - депті бірі.
Мен жеймін, мен бұрын келгенмін бұл жерге, - депті екіншісі.
Екеуі жанжалдасып, бірін-бірі сүзе бастапты. Кейін шегіне түсіп, сартылдата кеп мүйіздесе сүзісіпті. Аздан соң тіпті қызық болады. Ілініскенше әбден сүзіскен көрінеді. Бір кезде мүйіздері ілінісіп қалған бұғылар бірінен-бірі ажырай алмай әрлі-бері тартысыпты.
Мұны өтіп бара жатқан аңшылар көріп қалыпты да, қуанып, дереу келіп бұғыларды арбасына салып, үйлеріне қарай жөнеле беріпті.
(79 сөз)
ШОЛПАН
Іңір қараңғылығы түскенде аспаннан Шолпан жұлдызын – Венера планетасын көруге болады. Ежелгі гректерде Венера махаббат құдайы деп саналған. Бұл жұлдызда Бақташы планетасы деп те атаған. Шолпан ғашықтарды желеп-жебейді, оларға бір-бірінен хабар жеткізеді.
Шолпаннаң қыста тууы қатты суықтың нышанын білдіреді. Соны алдын ала ескертерде ол айрықша жарқырап көрінеді екен. Осыған байланысты оның Тұл қатын деген тағы бір аты бар.
Ескі наным бойынша, Венера планетасын әлі тумаған адамдардың жандары мекендейді деген ұғым бар. Оның құпия жарығына адамдардың құмар болуы сондықтан шығар.
(80 сөз)
