- •Html-құжатын құрудың базалық негізі. Html-құжаттың негізгі тәгтері
- •Теориялық мағлұмат
- •Зертханалық жұмысқа берілген тапсырмалар
- •Зертханалық жұмысты орындау реті
- •Сырғымалы жолдарды және тізімдерді ұйымдастыру
- •Теориялық мағлұмат
- •Зертханалық жұмысты орындау реті
- •Html-құжаттарында кестелермен жұмыс
- •Теориялық мағлұмат
- •Html бірнеше тізім түрлерін ұйымдастыра алады Нөмірленбеген тізімдер
- •Нөмірленген тізім жолдары
- •Зертханалық жұмысқа берілген тапсырмалар
- •Зертханалық жұмысқа берілген тапсырмалар
- •Зертханалық жұмысты орындау реті
- •Теориялық мағлұмат
- •1 Сурет. Терезені көлденең фреймдерге бөлу
- •2 Сурет. Браузерды 3-фреймге бөлу.
- •3 Сурет. Браузерды 3-фреймге бөлу және сурет қою.
- •4 Сурет. Браузерді бірнеше фреймдерге бөлу.
- •5 Сурет. Фреймды әр-түрлі өлшеммен орналастыру.
- •Зертханалық жұмысқа берілген тапсырмалар
- •Зертханалық жұмысты орындау реті
- •Html құжаттарындағы формалар
- •Теориялық мағлұмат
- •5 Кесте
- •Зертханалық жұмысқа берілген тапсырмалар
- •Зертханалық жұмысты орындау реті
- •Html тіліндегі стильдердің сатылы кестелері Жұмыстың мақсаты: Html тіліндегі стильдердің сатылы кестелері пайдалану арқылы сайт құруды үйрену. Теориялық мағлұмат
- •Зертханалық жұмысқа берілген тапсырмалар
- •Зертханалық жұмысты орындау реті
- •Css қасиеттеріне шолу. Түстерді тағайындау
- •Теориялық мағлұмат
- •1 Сурет. Серифтік қаріп
- •2 Сурет. Жұмыр қаріп
- •3 Сурет. Бірдей енді қаріп
- •Түстерді тағайындау. Стильдік қасиеттер түстерді тағайындаудың үш түрлі тәсілін береді:
- •Зертханалық жұмысқа берілген тапсырмалар
- •1 Кесте
- •Зертханалық жұмысты орындау реті
- •JavaScript тілі. Бірінші скриптер
- •Теориялық мағлұмат
- •Alert функциясы бойынша бірнеше тәжірибе жазамыз. Шығу тапсырмасын орындаңыз (сурет-1).
- •Зертханалық жұмысқа берілген тапсырмалар
- •Зертханалық жұмысты орындау реті
- •Бақылау сұрақтары:
- •Рнр скриптерімен жұмыс Жұмыстың мақсаты: рнр тіліндегі қарапайым типтермен жұмыс істеуді үйрену. Теориялық мағлұмат
- •// Выводит: Его зовут "Бекзат", а другого "Азат".
- •Зертханалық жұмысқа берілген тапсырмалар
- •Зертханалық жұмысты орындау реті
- •Php тілінде шартты операторлары мен цикл операторлары Жұмыстың мақсаты:рнр тіліндегі шартты және цикльдерді қолданып бағдарлама құруды үйрену. Теориялық мағлұмат
- •1:7 Цикл работает
- •2:2 Цикл работает
- •1:10 Цикл работает
- •2:5 Новая итерация 2:1 Цикл работает
- •3:1 Цикл работает
- •Зертханалық жұмысқа берілген тапсырмалар
- •Зертханалық жұмысты орындау реті
- •Php тілінде файлдармен жұмыс
- •Теориялық мағлұмат
- •Include 'имя_файла';
- •Include ("имя_файла");
- •Include.Php файлы мәтіні:
- •Зертханалық жұмысқа берілген тапсырмалар
- •Зертханалық жұмысты орындау реті
- •Apache, php, MySql орнату және түзету
- •Теориялық мағлұмат
- •Зертханалық жұмысты орындау реті
- •Php MyAdmin-де жұмыс істеу
- •Теориялық мағлұмат Мәлімет қорын анықтау
- •Зертханалық жұмысқа берілген тапсырмалар
- •Зертханалық жұмысты орындау реті
- •DreamWeaver-мен жұмыс істеу. Қарапайым Web беттерді құру.
- •Зертханалық жұмысқа берілген тапсырмалар
- •Ашылған терезеден file/new таңдаймыз төмендегідей терезе пайда болады.
- •Зертханалық жұмысты орындау реті
- •Қолданылған Әдебиет
- •Мазмұны
Php тілінде шартты операторлары мен цикл операторлары Жұмыстың мақсаты:рнр тіліндегі шартты және цикльдерді қолданып бағдарлама құруды үйрену. Теориялық мағлұмат
Else if операторы. Шартты оператордың тағы да бір кеңейтілген түрі – elseif операторын пайдалану. elseif – бұл else және іf сөздерінің бірігуінен тұрады. Бұл да else сияқты іf шарты орындалмаған жағдайда, бірнеше әрекеттерді тармақты түрде орындау кезінде қолданылады. Мұның еlse операторынан айырмашылығы – elseif шарты дұрыс болғанда ғана альтернативтік әрекеттер орындалады. else және elseif операторлары арқылы кеңейтілген іf операторы құрылымын былай етіп көрсетуге болады:
if (1-өрнек) 1-орындау_блогы;
elseif (2-өрнек) 2-орындау_блогы;
... else N-орындау_блогы;
Бір іf блогында бірнеше elseif операторлары бола береді. Егер алғашқы іf шарты мен алдыңғы elseif шарттары False болып, қарастырылып отырған elseif шарты Тrue болса, онда осы elseif операторы орындалады. Мысалы:
<?
$names = array("Иван","Петр","Семен");
if ($names[0]=="Иван") {
echo "Привет, Ваня!";}
elseif ($names[0] == "Петр"){
echo "Привет, Петя!";}
elseif ($names[0] == "Семен"){
echo "Привет, Сеня!";}
else {
echo "Привет, $names[0]. А ты кто такой?";}
?>
Осы скрипттің жұмысының нәтижесі осындай болады::
Привет, Ваня!
Switch операторы. switch – бұл шарттарды тексеру мен соған байланысты әр түрлі әрекеттерді тармақты түрде орындаудың тағы да бір тәсілі. Бұл оператор аты қазақ тіліне «ауыстырғыш» (переключатель) деп аударылады. Оның мағынасы да осыған сәйкес келеді. Айнымалының қандай мәнге ие болғанына байланысты әр түрлі әрекеттер блогы орындалады. Бұл оператордың атқаратын жұмысы if...elseif...else операторлары тізбегіне немесе if операторлары тобына ұқсас болып келеді. switch құрылымын мынадай түрде жазуға болады:
switch (өрнек немесе айнымалы){
case 1-мән: 1-орындау_блогы break;
case 2-мән: 2-орындау_блогы break;
...
default: келісім_бойынша_орындау_блогы
}
if-тан айырмашылығы – бұл жерде өрнектің мәні логикалық типке келтірілмейді, ол тек case түйінді сөзінен (мәні1, мәні2 және т.б.) кейінгі мәндермен салыстырылады. Егер өрнектің мәні қандай да бір нұсқамен сәйкес келсе, онда сол жолдың орындау блогы атқарылады да, қос нүктеден кейінгі әрекеттер жолдың соңына дейін немесе break операторына (ол бар болса) дейін орындалады. Егер өрнектің мәні бірде-бір нұсқамен сәйкес келмесе, онда келісім бойынша орындау блогы, яғни default түйінді сөзінен кейінгі әрекеттер атқарылады. switch операторында өрнек бір рет қана есептеледі, ал elseif операторында ол әр тексеру сайын есептелінетін еді, сондықтан өрнек күрделі болғанда, switch операторы жылдам жұмыс істейді.
Алдыңғы мысалды осы switch операторын қолданып қайтадан шығарайық.
<?
$names = array("Иван","Петр","Семен");
switch ($names[0]){
case "Иван": echo "Привет, Ваня!"; break;
case "Петр": echo "Привет, Петя!"; break;
case "Семен": echo "Привет, Сеня!"; break;
default: echo "Привет, $names[0].
А как Вас зовут?";
}
?>
Осы скрипттің жұмысы нәтижесі мынадай болады:
Привет, Ваня!
While операторы. while операторының құрылымы:
while (өрнек) { орындау_блогы }
немесе
while (шарт): орындау_блогы endwhile;
түрінде болады. Бұл – қарапайым цикл. Ол өрнек мәні false болғанша, орындау_блогын қайталап отырады (if операторындағы сияқты өрнек логикалық типке келтіріледі). Мұнда өрнек мәні цикл ішінде өзгертіледі де, ол цикл басында қайта есептелініп отырады. Енді осы оператор көмегімен 10-ға дейінгі жұп сандарды анықтау алгоритмін келтірейік.
<?
$i = 1;
while ($i <= 10) {
if ($i % 2 == 0) print $i." ";
$i++;
}
?>
Нәтижесі: 2 4 6 8 10
Do while операторы. do while цикл операторы while-ға ұқсас, оның бір ғана өзгешелігі – өрнектің ақиқаттылығын циклдің басында емес аяғында тексереді. Осының арқасында орындау_блогы кем дегенде бір рет орындалады. Оператордың жазылуы:
do {орындау_блогы} while (өрнек);
Енді бір мысал келтірейік.
<?
$i = 12;
do {
if ($i % 2 = = 0) print $i;
$i++;
} while ($i<10)
?>
Нәтижесі: 12
For операторы. for операторы РНР тіліндегі күрделі циклдер тобына жатады. Ол Си тіліндегі циклге ұқсас болып келеді. Жазылуы:
for (1-өрнек; 2-өрнек; 3-өрнек) { орындау_блогы }
немесе
for (1-өрнек; 2-өрнек; 3-өрнек): орындау_блогы endfor;
Мысалы, 10-ға дейінгі барлық жұп сандарды экранға шығару үшін for циклі келесідей түрде жазылады:
<?php
for ($i=0; $i<10; $i++) {
if ($i % 2 = = 0) print $i." ";
}
Егер оператор жақшасындағы екінші өрнекті ($i<10 шарты) алып тастасақ, онда циклден шығу үшін break операторын қолдану керек болады:
<?php
for ($i=0; ; $i++){
if ($i>=10) break;
if ($i % 2 = = 0) print $i.” “;
}
?>
Жақша ішіндегі барлық үш өрнекті де алып тастауға да болады. Мұндай жағдайда $i санауышының алғашқы мәні де берілмейді және ол циклдің аяғында да өзгертілмейді. Сондықтан осы әрекеттерді жеке команда түрінде – орындау блогында немесе цикл алдында жазу қажет болады:
<?php
$i=0;
for ( ; ; ) {
if ($i>=10) break;
if ($i % 2 == 0) print $i;
$i++; }
?>
for жақшасы ішіндегі үшінші өрнекте бірнеше қарапайым командаларды бірден үтір арқылы жазуға да рұқсат етілген. Мысалы, егер біз барлық сандарды экранға шығарғымыз келсе, онда программаны қарапайым нұсқада жазуға болады:
<?php
for ($i=0; $i<10; print $i, $i++);
?>
Foreach операторы. foreach операторы тағы да бір керекті цикл конструкциясы болып саналады. Ол тек РНР4 тілінен бастап жиымдармен жұмыс істеу колледжында енгізілді. Жазылуы:
foreach ($array as $value) {орындау_блогы}
немесе
foreach ($array as $key => $value) {орындау_блогы}
Бірінші нұсқада цикл $array айнымалысы арқылы берілген жиымның барлық элементтерін қамтиды. Циклдің әр қадамында жиымның ағымдағы элементінің мәні $value айнымалысына жазылады да, ішкі санауыш бірге өседі (келесі қадамда жиымның келесі элементі өңделеді). Орындау_блогы ішінде жиым элементінің ағымдағы мәнін $value айнымалысы көмегімен алуға болады. Цикл $array жиымында қанша элемент болса, сонша рет орындалады.
Жазудың екінші нұсқасында жоғарыда айтылғандарға қосымша циклдің әрбір қадамында жиымның ағымдағы элементінің кілті (индексі) $key айнымалысының мәні ретінде жазылып отырылады, оны орындау_блогында пайдалануға болады.
foreach орындалуы басталғанда, жиымның ішкі көрсеткіші автоматты түрде оның бірінші элементіне орналасады.
<?php
$names = array("Иван","Петр","Семен");
foreach ($names as $val) {
echo "Привет, $val <br>";
}
foreach ($names as $k => $val) {
}
?>
Break операторы.break операторы бірден ағымдағы for, foreach, while, do..while сияқты циклдердің немесе switch операторының орындалуын аяқтайды. break операторының сандық аргументі де болуы мүмкін, ол пайдаланылғанда, сыртқы неше басқару операторларының жұмысы аяқталатыны көрсетіледі.
<?php
$i=1;
while ($i) {
$n = rand(1,10);
echo "$i:$n ";
if ($n= =5) break;
echo "Цикл работает <br>";
$i++;
}
echo "<br> Число итераций цикла $i ";
?>
Осы скриптің жұмысы нәтижесі мынадай болады:
