Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
met_uka_internet_teh.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

5 Сурет. Фреймды әр-түрлі өлшеммен орналастыру.

<FRAMESET> … </FRAMESET> тәгтері. Фрейм жасау <FRAMESET> тәгінен басталады. Мұнда <BODY> тәгі қолданыдмайды.Бұл тәгтер фреймдер орналасатын төртбұрышты контейнерлерді, яғни мәлімет орналасатын екі жағында да ашылу және жабылу шекаралық жақтаулары бар тәгтерді анықтайды. Олардың пайдалануға болатын атрибуттарымен бірге жазылу синтаксисі:

<FRAMESET [COLS="col1,col2,col3,..."] [ROWS="row1,row2,row3, .„"]

[FRAMEBORDER="1 не 0"] [FRAMESPACING="integer"] >



</FRAMESET>

<FRAMESET> тәгінің мынадай атрибуттары бар.

COLS – фрейм бағаналарының пайызбен (%), пиксельмен немесе салыстырмалы бірлікте (*) берілген ендері. Мысалы, COLS= "25%, 100,*" үш бағанадан тұратын фреймдерді анықтайды, біріншісінің ені – терезенің 25 пайызы, екіншісінің ені — 100 пиксель, ал үшіншісінің ені —броузер терезесінің қалған бөлігі.

Жақтау сызықтарын анықтайтын үш атрибут бар, олар BORDER, FRAMEBORDER және BORDERCOLOR.

FRAMEBORDER – фрейм жақтауларын бөліп тұратын сызық сызады. Ол 1-ге тең болса – дөңес сызық, 0 болса – жай сызық сызылады (мәні берілмесе, келісім бойынша, 1 болып есептеледі).

FRAMESPACING – фреймдер арасындағы бос кеңістік мөлшерін пиксельмен беретін бүтін сан.

BORDER – барлық фреймдер жақтаулары сызығының қалыңдығын пиксельмен анықтайды. Мысалы: <FRAMESET BORDER="10"> . Егер оның мәні 0 болса, жақтау сызығы болмайды. Бұл атрибут көрсетілмесе, келісім бойынша, оның мәні 5 болып қабылданады. Фреймдердің ішкі бөліктері жақтаулары да FRAMEBORDER және FRA­MESPACING атрибуттары мәнімен анықталады, яғни фрейм жасау кезінде бұларды сыртқы тәгте бір рет көрсету жеткілікті.

BORDERCOLOR атрибутының мәні стандартты түс атауларына не­месе түстің оналтылық жүйедегі RGB-мәндеріне сәйкес келе­ді.Мысалы: <FRAMESET BORDERCOLOR="red" ROWS="*,*">

ROWS – фрейм жолдарының пайызбен (%), пиксельмен немесе салыстырмалы бірлікте (*) берілген биіктігін анықтайды. Мысалы, ROWS="25 %,100,*" үш көлденең орналасқан фреймдерді анықтайды, біріншісінің биіктігі — терезе ұзындығынының 25 пайызы, екіншісінің биіктігі — 100 пиксель, ал үшіншісінікі — броузер терезесінің қалған бөлігі.

Төмендегі мысалда үш фреймнен тұратын терезе көрсетілген: биіктігі 100 пиксель, ені терезе енімен бірдей тақырып жазу фреймі және оның төменгі жағында екі фрейм орналасқан. Төменгі сол жақтағы фрейм терезе енінің 20 пайызын алып тұрады, оң жақтағы фрейм – терезенің қалған бөлігінде орналасқан.

<FRAMESET ROWS="100,*">

<FRAME NAME="Тақырып" NORESIZE SCROLLING="NO"

SRC="heading.htm">

<FRAMESET COLS="20%,*">

<FRAME NAME="мазмұны" SRC="contents.htm">

<FRAME МАМЕ="нәтижесі" SRC="results.htm">

</FRAMESET>

</FRAMESET>

<FRAME> тәгі. <FRAME> тәгі жеке бір фрейм қасиеттерін анықтайды. Ол FRAMESET контейнерлік – екі жақты тәгтер ішінде орналасатын жабылмайтын жалқы тәг болып табылады. Мысалы:

<FRAMESET ROWS="*, 2*">

<FRAME> ...

<FRAME> ...

</FRAMESET>

<FRAME> тәгтерінің саны <FRAMESET> тәгінде ашылған кадрлар санына тең болуы тиіс. Жоғарыдағы мысалда екі фрейм ашылған, бірақ әлі тәгтер атрибуттары толтырыл­маған.

<FRAME> тәгінің фрейм қасиеттерін анықтайтын алты атрибуты бар: NAME, MAR­GIN­WIDTH, MARGINHEIGHT, SRC, NORESIZE және SCROLLING. Олардың қолданылу ережелері төмендегідей:

<FRAME SRC="URL" NAME="терезе_аты"

SCROLLING=yes|no|auto MARGINWIDTH="мәні"

MARGINHEIGHT="мәні" NORESIZE>

Барлық атрибуттарды пайдалану міндетті емес. Көбінесе тек SRC атрибуты ғана пайдаланылады.

SRC= ... осы фреймде орналасатын гипермәтіндік құжат атын, яғни фреймде көрсеті­летін файлдың адресін анықтайды. Бұл файл әдетте FRAMESET тәгі жазылған бумада орналасқан кәдімгі HTML құжаты болады. Мысалы,

<FRAME SRC="М1.htm">

М1.htm құжатында HTML, HEAD, BODY, т.с.с. тәгтер болуы тиіс немесе ол суреттік файл да бола алады (орман.gif). Егер SRC атрибуты көрсетілмесе, фрейм бос тұрады.

MARGINWIDTH=n атрибуты фреймнің сол және оң жақтарын­дағы пиксель санымен берілген бос кеңістік мөлшерін анықтайды.

MARGINHEIGHT=n, фреймнің жоғары және төмен жақтарын­дағы пиксельмен берілген бос кеңістік мөлшерін анықтайды. Бұл екеуі­нің мәні әрқашанда абсолютті түрде пиксельмен беріледі. Мысалы:

<FRAME MARGINHEIGHT="5" MARGINWIDTH="6">

кадрдың жоғары және төмен жағында 5 пиксельден, ал сол және оң жақтарында 6 пиксель­ден орын қалдырады. Әдетте бос кеңістік 1-ден 6-ға дейінгі мәндерді қабылдайды.

SCROLLING=... фрейм бойынша жылжу жолақтары. Егер жылжу жолағы болуы керек болса – SCROLLING=YES , ал олар болмайтын болса – SCROLLING=NO , ал егер жолақтардың болуын/болмауын броузер анықтайтын жағдайда – SCROLLING= AUTO деп жазылады. Егер бұл атрибут көрсетілмесе де, келісім бойынша AUTO мәні қабылданады. Мысалы:

<FRAME SCROLLING=yes>

NORESIZE атрибуты фрейм көлемі тұрақты болып, оның өзгермейтінін көрсетеді. Мысалы: <FRAME NORESIZE>

BORDERCOLOR атрибуты <FRAMESET> және <FRAME> тәгтерінің екеуінде де қолданыла береді. Оның мәні стандартты түс атауларына немесе түстің оналтылық жүйедегі RGB-мәндеріне сәйкес келеді. Мысалы:

<FRAMESET BORDERCOLOR="red" ROWS="*,*">

<FRAME SRC="М1.htm" BORDERCOLOR="#FF00FF">

<FRAME SRC="М2.htm">

</FRAMESET>

Мұнда <FRAMESET> тәгінің BORDERCOLOR атрибуты жақтау­лар­ға қызыл түс тағайындайды, ал <FRAME> тәгінің осындай атрибуты күлгін түс (#FF00FF) береді. Осылардың нәтижесінде екінші кадр түсі толық анықталмай қалған, сондықтан оның бірінші кадрмен жанасатын шекарасы күлгін түсті, ал басқа жағы – қызыл түсті болып қалады.

Егер екі кадрдың әрқайсысында өз BORDERCOLOR атрибуттары болса, онда ол екеуі де әсерін жояды. Олардың жақтаулары сыртқы FRAMESET тәгінің BORDERCOLOR атрибуты бекіткен түспен боялады.

Фреймдер арқылы сілтемелер ұйымдастыру. Енді фреймдерді пайдаланып, олардың бірінен біріне ауысу мүмкіндіктерін қарастырайық. Фреймдерді шығарудағы ең негізгі ой – олардың ішкі мазмұндарын автоматты түрде ауыстырып отыру болатын.

Фреймге гиперсілтеме жасау үшін оған ат қойылуы керек. Ат қою <FRAME> тәгінің NAME атрибуты арқылы жүзеге асырылады.

NAME= frame1 – фреймге, яғни кадрға frame1 деген ат қойылады.

TARGET= frame1 – frame1 деген аты бар фреймге гиперсілтеме жасалатындығын көрсетеді.

Мысалы, <FRAME NAME="frame1"> жолы алдыңғы ашылған фреймге "frame1" деген ат қояды, бұдан кейін осы фреймге гипермә­тін­дік сілтеме жасау былай орындалады:

<A HREF="first.htm" TARGET="frame1">бірінші фрейм </A>

мұнда бірінші фрейм сөзін шерткенде, осы frame1 кадрында алғашқы орналасқан файл, яғни М1.htm файлы, first.htm файлымен алмастырылады.

Егер TARGET атрибуты жазылмай қалса, онда first.htm файлы алғашқы сілтеме жазылған кадрға шығады. Сол себепті TARGET атрибуты HREF атрибутында көрсетілген файлды белгілі бір кадрға орналастыру үшін керек. Осы бір кадрда орналасқан файлды екінші бір кадр арқылы басқарып ауыстыру тәсілі сайттардың бірінен біріне көшу ісін жүзеге асыра алады.

Әрбір кадрге ат берілуі тиіс, әйтпесе оған сілтеме жасауға болмайды. Сондықтан ішкі мазмұны өзгертілетін етіп жоспарланған кадрлардың барлығына нақты ат қойылуы тиіс. Кадрлар аттары әріптен немесе цифрдан басталуы керек, ал мағынасы алдын ала берілген кадр аттары төменгі сызықшадан басталады.

Мысалдар: Бір Student деген бума ашып, оның ішіне төменде көрсетілген тәгтері бар frames.html файлын жазыңыздар:

<HTML>

<FRAMESET ROWS="*,*">

<FRAMESET COLS="*,*">

<FRAME SRC="frame1.html" NAME="fr1">

<FRAME SRC="frame2.html" NAME="fr2">

</FRAMESET>

<FRAME SRC="frame3.html" NAME="fr3">

</FRAMESET>

</HTML>

Мұнан кейін frame1.html, frame2.html, frame3.html атты файлдар ашып, оларға төмендегідей мәліметтер жазыңыздар:

frame1.html:

<HTML><BODY BGCOLOR=white>

<H1>1 фрейм</H1>

<A HREF=frame2.html TARGET="fr3"> 2 кадрға сілтеме</A>

</BODY></HTML>

frame2.html:

<HTML><BODY BGCOLOR=red TEXT=yellow>

<H1>2 фрейм</H1>

<A HREF=frame3.html TARGET=_top>3 фрейм толық терезеде</A>

</BODY></HTML>

frame3.html:

<HTML><BODY BGCOLOR=purple>

<H1>3 фрейм</H1>

<A HREF=frame1.html TARGET=_self>1 фрейм осы терезеге</A>

</BODY></HTML>

Енді frames.html файлын екі шертіп, оның нәтижесін қарап шығыңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]