- •Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
- •2.Туынды
- •1. Қызметкердiң еңбек қауіпсіздiгіне және еңбекті қорғауға құқықтары:
- •2. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары.
- •1. Өндірістегі жазатайым жағдайларды тергеп-тексерудің және есепке алудың құқықтық негіздері.
- •2. Жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі міндеттері.
- •Оқулықтар мен web сайттар тізімі Нормативтік актілер:
- •Негізгі әдебиеттер:
2.Туынды
Еңбек заңнамасы саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерге ҚР Конституциясы, конституциялық заңдар, еңбек туралы жекелеген заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары, ҚР Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соттың қаулылары, министрліктердің және өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік бұйрықтары, еңбек мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеттердің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары, мәслихаттар мен әкімдердің еңбекті ұйымдастырудың жергілкті мәселелері жөніндегі нормативтік шешімдері жатады. Еңбек заңнамасы саласындағы туынды нормативтік құқықтық актілерге әр түрлі ережелер, нұсқаулар, ұсыныстар және т.б.жатады. Туынды актілер негізгі нормативтік құқықтық актілердің негізінде қабылданады және олармен бірге біртұтас жүйені құрайды. ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңының 4-бабына сәйкес, Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтік-құкықтық актілердің заң күшінің арақатынасы мынадай төмендей беретін деңгейлерге сәйкес болады: Қазақстандық құқықтың, соның ішінде, еңбек құқығының қайнар көздерінің арасында ерекше орынды Қазақстан Республикасының Конституциясы иеленген. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. Конституцияның жоғары заңды күші мынадан көрініс табады.
1) Конституция заңдар мен заңға сәйкес актілерге қарағанда артықшылық рөлге ие;
2) Конституция тиісті мемлекеттік органдардың заңдар мен заңға сәйкес актілерді қабылдау тәртібін белгілейді.
Басқаша айтар болсақ, конституциялық нормалар заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдау үшін қайнар көз болып табылады. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы ағымдағы заңнама үшін негізгі база, құқықтың басты қайнар көзі болып табылады. Ол жалпы құқық, соның ішінде, еңбек құқығының қайнар көздеріне қатысты бірқатар жаңа ережелерді бекітті. ҚР Конституциясы адам және азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және міндеттерін, заң мен сот алдында жұрттың бәрінің теңдігін заңнамалық тұрғыда бекітті. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды. Конституция әркімнің еңбек ету бостандығын, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау құқығын; еріксіз еңбекке тыйымды және қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету құқығын; еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығын жариялады. Конституция қызметкерлердің заңмен белгіленген тәсілдерді пайдалана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығын мойындады. Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі. Конституциялық нормалардың мазмұны еңбек туралы заңдарда және заңға сәйкес актілерде сипатталады. Еңбек туралы заңдар жүйесінде заң шығарушы актілердің маңызы ерекше. ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңына сәйкес заң шығарушы актілерге мыналар жатады:
-Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар;
-Констиуциялық заңдар;
-ҚР Президентінің конституциялық заң күшіне ие жарлықтары;
-Қазақстан Республикасының кодекстері; заңдар; ҚР Президентінің заң күшіне ие жарлықтары;
- Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары;
- ҚР Парламентінің нормативтік қаулылары;
-Министрлердің нормативтік бұйрықтары; мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары;
-Орталық мемлекеттік органдардың нормативтік бұйрықтары және қаулылары;
-Мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері.
Төменгі деңгейде тұрған нормативтік актілердің ешбірі жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы болмауы тиіс. ҚР Конституциялық Кеңесінің, ҚР Жоғарғы Сотының және ҚР Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары жоғарыдағы иерархиядан тыс тұрады. Заңның өзге заңға сәйкес актілерге қарағанда жоғары күші болады. Бұл заңдылық қағидасының мәнінен де байқалады. Заңдар еңбекті пайдалану саласындағы барлық маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді, жұмыс берушілер мен азаматтардың еңбек қабілеттігі мәселелері жөніндегі негізгі қағидалар мен нормаларды бекітеді, еңбек жағдайы, әлеуметтік қорғау, еңбекті қорғау сияқты маңызды мәселелерді анықтайды. Бұдан өзге қатынастардың барлығы кодекске сәйкес актілермен реттеледі.
Нормативтік құқықтық актілердің кеңістіктегі күші «аумақ» деген түсінікпен тығыз байланысты. Жалпы алғанда аумақ ретінде мемлекеттік шекара шегіндегі жер қабаты, жер қойнауы, су және әуе кеңістігі танылады. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының аумағы нормативтік құқықтық актілердің әрекет ету күшінің құқықтық кеңістігі болып табылады. Егер актілердің өзінде немесе осы актілердің күшіне енуі туралы актілерде өзгеше көзделмесе, ҚР Президенті, ҚР Парламенті және ҚР Үкіметі, орталық атқарушы және өге де орталық Уәкілетті органдары қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің күші Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралады. Нормативтік құқықтық актілердің кеңістіктегі күші туралы сөз қозғай отырып, олардың күші Қазақстан Республикасының елшіліктеріне, өкілдіктеріне, сауда кемелеріне және шетелдегі өзгеде аумақтық құрылымдарына таралатынын ескеріп өткен жөн. Себебі, «Қазақстан Республикасының аумағы» түсінігі жер-аумақтық, теңіз және әуе шектерімен ғана шектеліп қоймайды, сонымен қатар, халықаралық-құқықтық актілермен де анықталады. Атап өтетін тағы бір жайт, егер сыртқы еңбек миграциясы саласындағы халықаралық келісімдерде көзделсе, Қазақстан Республикасы еңбек туралы нормативтік құқықтық актілерінің күші өзге мемлекеттерде жұмыс істеп жүрген азаматтарға да таралады. Жергілікті өкілдік және атқарушы органдар қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің күші тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына ғана таралады. Қазақстан Республикасының жекелеген жерлеріндегі (шалғайелді мекендер, сусыз жерлер, таулы өлке және т.б.) еңбек жағдайының ерекшеліктерін ескере отырып, қызметкерлердің жекелеген санаттарының жалақысына қатысты аудандық коэффиценттерді, әр түрлі жеңілдіктерді, кепілдіктерді және т.б.көздейтін арнайы құқықтық актілер қабылданады.
Нормативтік құқықтық актілердің тұлғалар шеңбері бойынша күші. Бұл ерекшелік белгілі бір тұлғалар санатына қандай да бір нормативтік құқықтық актіні күшінің таралу ерекшелігінен көрініс табады. Егер ҚР Конституциясында, заңдарда және Қазақстан
Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, нормативтік құқықтық актілердің күші Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырушы ҚР азаматтарына, шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға таралады. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құрылтайшылары немесе меншік иелері (толығымен немесе ішінара) шетелдік заңды және жеке тұлғалар болып табылатын ұйымдардың қызметкерлеріне ҚР еңбек заңнамасының нормалары қолданылады. Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтар ретінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өздерінің өзге мемлекетке тиесілігі жөнінде дәлелдері бар тұлғалар танылады. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өздерінің өзге мемлекетке тиесілігі жөнінде дәлелдері жоқ тұлғалар азаматтығы жоқ тұлғалар ретінде танылады. Шетелдік азаматтар еңбек қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарына тиесілі құқықтарды иеленіп, міндеттерді орындайды. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай лауазымға тағайындалу немесе еңбек қызметімен айналысу Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігімен байланысты болса, шетелдік азаматтар белгілі бір лауазымдарға тағайындала алмайды немесе белгілі бір еңбек қызметімен айналаса алмайды (ҚР Президентінің 1995 жылғы 16 маусымдағы«Қазақстан Республикасындағы шетелдік азамтатардың құқықтық жағдайы туралы» заң күші бар жарлығы). Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер азаматтарының Қазақстан Республикасы аумағындағы еңбек қызметі осы мемлекеттер арасында екіжақты, сонымен қатар, көпжақты негізде бекітілген шарттарға және заңға сәйкес жүзеге асырылады (ҚР 1997 жылғы 13 желтоқсандағы «Тұрғындардың көшіп-қонуы туралы» заң). Еңбек саласындағы құқықтық нормалар екі үлкен топқа бөлінеді (бұлай бөлудің негізіне объективтік факторлар, соның ішінде, Қазақстанның әр түрлі аудандарындағы ауыр табиғи-климаттық жағдайлар алынған.
1) экономика саласына және еңбек жағдайына қарамастан, жалданбалы еңбек қызметкерлерінің барлығына таралатын жалпы нормалар. Мысалы, ҚР «ҚР еңбек кодексі» заңының күші тек Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана емес, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы аумағында еңбек қызметін жүзеге асырушы шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларға да таралады;
2) қызметкерлердің жекелеген санаттарына (әйел адамдарға, кәмелетке толмағандарға, бюджет саласының қызметкерлеріне, ауыр және зиянды өндіріс жұмысшыларына, уақытша және маусымдық қызметкерлерге және т.б.) таралатын арнайы нормалар.Осы заңда қызметкерлердің белгілі бір санаттары – еңбек құқық қабілеттігі шектеулі тұлғалар, кәмелетке толмағандар, жасы кіші балалары бар әйелдер үшін жеңілдіктер көзделген.
Бұл заңда 18 жасқа толмаған қызметкерлер үшін еңбек жағдайы саласында бір қатар жеңілдіктер көзделген, түнгі уақытта жұмыс істеуге қатысты, қосымша жұмысқа және т.б. қатысты тыйым-нормалар бар. Мұндай қызметкерлер санатының еңбек қатынастарын реттеу ҚР еңбек кодексімен, сонымен қатар, қызметкерлердің тиісті санаттарының еңбек жағдайын анықтайтын өзге де заң шығарушы актілермен де жүзеге асырылады. Еңбек қабілеттігі шектеулі тұлғалар үшін жекелеген жеңілдіктер көзделген. ҚР 1991 жылғы 21 маусымдағы «Қаз КСР-да мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» заңында мүгедектердің еңбек қатынастары саласындағы құқықтары анықталған. Олар үшін жеке сауықтыру бағдарламасына негізделген еңбек жағдайы жасалады. Ұжымдық шартта мүгедектер үшін еңбек жағдайы, соның ішінде, жалақы төлеу мәселесі, жұмыс уақыты мен демалыс уақыты және өзге де жағдайлар көзделіп өтуі тиіс. Бұл жағдайлар өзге қызметкерлермен салыстырғанда мүгедектердің құқықтарын шектемеуі немесе олардың жағдайын нашарлатпауы керек. Жекелеген қызметкерлер санатының еңбек жағдайы тек ҚР «ҚР еңбек кодексі» мен ғана емес, сонымен қатар, өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттелуі мүмкүн. Мысалы, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы барлық мемлекеттік қызметшілерге таралады. Мемлекеттік қызметке қабылданатын тұлғаларға төмендегідей талаптар қойылады:
1) Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек;
2) жекелген лауазымдарға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, жасы 18-ден төмен болмауы тиіс;
3) қажетті білімі, кәсіби дайындық деңгейі болуы және белгіленген біліктілік талаптарына сай болуы тиіс (ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңының 13-бабы).
Қызметкерлерді санаттарға бөлудің негізгі мәні мынада:
-жалпы ережелермен қатар олар үшін жұмысқа кіру мен жұмыстан босатуда;
-жұмыс уақыты мен демалыс уақытын реттеуде; жалақы төлеудегі жеңілдіктер мен артықшылықтарға;
-тәртіптік және материалдық жауапкершілік және өзге де мәселелерге қатысты арнайы нормалар белгіленеді.
Бұл мысалы, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер үшін –жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы; олардың еңбегі түнгі уақытта пайдалануға қатысты тыйым-нормалар, мерзімнен тыс жұмыстар істеуге тыйым т.б.
Еңбек жөніндегі арнайы орган – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Бұл министрлік еңбекті қорғау, жалақы, халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау және өзге де мәселелер жөнінде актілер қабылдайды. Мәслихаттар және әкімдер өз құзыреті шегінде өздеріне бағынысты аумақтарда еңбекті қолдану және ұйымдастыру мәселелері бойынша нормативтік шешімдер қабылдайды. Қазақстан Республикасының Конституциясының 88-бабына сәйкес маслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында міндетті күшке ие. Егер мәслихаттардың шешімдері ҚР Конституциясына және заң шығарушы актілеріне қайшы болса, олардың күші сот тәртібімен жойылуы мүмкүн. Ал әкімдердің шешімдері ҚР Конституциясы мен заң шығарушы актілеріне қайшы болса, олардың күші ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің немесе жоғары тұрған әкімдердің актілерімен жойылады, сонымен қатар, сот тәртібімен де жойылуы мүмкүн. Нормативтік құқықтық актілер өз күшіне келесі мерзімдерде енеді:
1. Қазақстан Республикасының заңдары, ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары – егер осы актілердің өздерінде не олардың күшіне енуі туралы актілерде өзге мерзім көрсетілмесе, ресми түрде алғаш жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң;
2. ҚР Парламентінің және оның Палаталарының қаулылары –егер осы актілердің өзінде өзге мерзім көзделмесе, ресми түрде алғаш жарияланған күннен бастап;
3. ҚР Конституциялық Кеңесінің қаулылары – қабылданған күннен бастап;
4. ҚР Үкіметінің құрамына кіретін және кірмейтін орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың, соның ішінде, ҚР Жоғарғы Сотының, ҚР Ұлттық Банкісінің нормативтік құқықтық актілері – егер осы актілердің өзінде өзге мерзім көзделмесе, ресми түрде алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң. Бұл заңның тек күшіне енген сәтінен бастап қана құқықтық қатынастарды реттеп, белгілі бір заңды салдарды тудыратынын білдіреді.
ызметкерлердің белгілі бір санаттары – еңбек құқыққабілеттігі шектеулі тұлғалар, кәмелетке толмағандар, жасы кішібалалары бар әйелдер үшін жеңілдіктер көзделген.
Бұл заңда 18 жасқа толмаған қызметкерлер үшін еңбек жағдайы саласында бірқатар жеңілдіктер көзделген, түнгі уақытта жұмысістеуге қатысты, қосымша жұмысқа және т.б. қатысты тыйым-нормалар бар. Мұндай қызметкерлер санатының еңбек қатынастарын реттеу ҚР еңбек кодексімен, сонымен қатар, қызметкерлердің тиісті санаттарының еңбек жағдайын анықтайтын өзге де заң шығарушы актілермен де жүзеге асырылады.Еңбек қабілеттігі шектеулі тұлғалар үшін жекелеген жеңілдіктер көзделген. ҚР 1991 жылғы 21 маусымдағы «Қаз КСР-дамүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» заңында мүгедектердің еңбек қатынастары саласындағы құқықтары анықталған. Олар үшін жеке сауықтыру бағдарламасына негізделген еңбек жағдайы жасалады. Ұжымдық шартта мүгедектер үшін еңбек жағдайы, соның ішінде, жалақы төлеу мәселесі, жұмыс уақыты мен демалыс уақыты және өзге де жағдайлар көзделіп өтуі тиіс. Бұл жағдайлар өзге қызметкерлерме нсалыстырғанда мүгедектердің құқықтарын шектемеуі немесе олардың жағдайын нашарлатпауы керекәЖекелеген қызметкерлер санатының еңбек жағдайы тек ҚР «ҚР еңбек кодексі» мен ғана емес, сонымен қатар, өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттелуі мүмкүн. Мысалы, ҚР«Мемлекеттік қызмет туралы» заңы барлық мемлекеттік қызметшілерге таралады.Мемлекеттік қызметке қабылданатын тұлғаларға төмендегідей талаптар қойылады:
1) Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек;
2) жекелген лауазымдарға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, жасы 18-ден төмен болмауы тиіс;
3) қажетті білімі, кәсіби дайындық деңгейі болуы және белгіленген біліктілік талаптарына сай болуы тиіс (ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңының 13-бабы).Қызметкерлерді санаттарға бөлудің негізгі мәні мынада: жалпыережелермен қатар олар үшін жұмысқа кіру мен жұмыстан босатуда; жұмыс уақыты мен демалыс уақытын реттеуде; жалақы төлеудегі жеңілдіктер мен артықшылықтарға; тәртіптік және материалдық жауапкершілік және өзге де мәселелерге қатысты арнайы нормалар белгіленеді. Бұл мысалы, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер үшін –жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы ; олардың еңбегі түнгі уақытта пайдалануға қатысты тыйым-нормалар , мерзімнен тыс жұмыстар істеуге тыйым т.б.
Тақырып: Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару
Жоспар:
1.Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары.
2.Еңбек қорғау саласында мемлекеттік басқару мен бақылауды жүргізу органдары.
3. Мемлекеттік еңбек инспекцисының қызметінің қағидалары мен құзыреті.
1.Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары. Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мыналар:
1) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік стандарттарды, ережелерді, нормаларды әзірлеу мен қабылдау;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларды әзірлеу;
3) еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды әзірлеу мен жақсарту, қауіпсіз техника мен технологияларды әзірлеу және енгізу, еңбекті қорғау, қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын шығару жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйесін құруға және іске асыру;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мониторингті жүзеге асыру;
5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізу;
6) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілеу;
7) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңдары талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылау;
8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға жәрдемдесу;
9) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардан зардап шеккен қызметкерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін қорғау;
10) өндірістің және еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы техникалық деңгейінде жойылмайтын ауыр жұмыс үшін және еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыс үшін өтемақылар белгілеу;
11) еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсарту жөніндегі жұмыстың отандық және шетелдік озық тәжірибелерін тарату;
12) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды даярлауға және олардың біліктілігін арттыру;
13) еңбек жағдайлары туралы, сондай-ақ өндірістік жарақат, кәсіби ауру туралы және олардың салдары туралы мемлекеттік статистикалық есептілікті ұйымдастыру;
14) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бірыңғай ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
15) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған.
ҚР Еңбек кодексінің 306-бабына сәйкес, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруда мынадай саясаттар жүргізіледі:
- еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы ҚР-ның нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге дәне қабылдау;
- еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлеу;
- еңбек жағдайларын, оның қауіпсіздігі мен қорғалуын әзірлеу және жақсарту, қауіпсіз техникалар мен технологияларды әзірлеу және енгізу;
- еңбекті қорғау, қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өндіру жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйелерін құру және іске асыру;
- еңбек қаіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторинг жүзеге асыру;
- еңбек қаіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу;
- өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды есепке алудың біріңғай тәртібін белгілеу;
- еңбек қаіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ҚР заңнемасының сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылау;
- еңбек қаіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қоғамдық бақылауды жүзеге асыру тәртібін нормативті түрде бекіту:
- өндірістегі жазатайым оқиғалардан және кәсіптік аурулардан зардап шеккен қызметкерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін қорғау;
- ауыр жұмыс және өндіріспен еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы техникалық денгейінде жойылмайтын зиянды ( ерекше зиянда), қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс үшін еңбекақы төлеу шарттарын белгілеу;
- еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау жөніндегі отандық және шетелдік озық жұмыс тәжірибесін таратуға;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру;
- өндірістік жарақат алу, кәсіптік ауру туралы мемлекеттік статистикалық есептілікті ұйымдастыру;
- еңбек қаіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы біртұтас ақпараттық жүйенің жұмысын істеуін қамтамассыз ету;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған. Толық қауіпсіз не зиянсыз кәсіпорындар мүлдем жоқ. Еңбекті қорғаудың мақсаты – жұмыс істеушінің қауіпсіздігіне және ауырмауы үшін қолайлы жағдай жасап, еңбек өнімділігін барынша жоғары көрсете алатындай жағдайлармен қамтамасыз ету. Еңбек өнімділігі адамның денсаулығы мен жұмыс істеу қабілетін сақтау, адам еңбегін жұмыс мезгілін үнемдеу, оның белсенді жұмыс істеу кезеңін ұзарту, өнімнің жоғары сапасын көтеріп, қоғамдық еңбекті үнемдеу, негізгі өндірістік қорларды қолдануды жақсарту апаттар санын азайту және тағы басқалар арқылы артады.
Еңбек жағдайларын жақсарту және оның қауіпсіздігі өндірістік жарақаттануды, кәсіптік ауруларды төмендетеді, бұл еңбекшілердің денсаулығын сақтайды және сонымен қатар қолайсыз жағдайларда жұмыс барысындағы төленетін жеңілдіктер мен қосымша ақша төлемдерін азайтады..
Бұл жүргізілетін саясат мына қағидаттарға негізделеді:
қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының кәсіпорынның өндірістік қызметінің нәтижелеріне қатысты артықшылығына;
меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген өкілдің (жұмыс берушінің) толық жауаптылығына;
еңбекті қорғау міндеттерін бұл мәселелер жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар негізінде кешенді шешуге және еңбекті қорғау саласындағы қызметті экономикалық және әлеуметтік саясаттың басқа бағыттарымен үйлестіруге;
барлық кәсіпорындарға меншік пен шаруашылықты жүргізу түрлеріне қарамастан еңбекті қорғау саласында бірыңғай талап орнатуға;
кәсіпорындарда еңбек қорғау талаптары мен қауіпсіздік техникасының барлық жерде орындалуы үшін мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруға;
еңбекті қорғау жөніндегі ғылымның, техниканың жетістіктері мен ұлттық және шетелдік озық тәжірибені кеңінен пайдалануға;
қауіпсіз техника, технология мен жұмыс істеушілерді қорғау құралдарын, еңбекті қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын әзірлеу мен енгізуді ынталандыруға;
мемлекеттің еңбекті қорғауды қаржыландыруға қатысуына;
кәсіпорындардың еңбектің салауатты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуге, ал қызметкерлердің – еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларын сақтауға экономикалық мүдделілігіне;
кәсіпорынның қызметін еңбекті қорғау тұрғысынан лицензиялауға;
өндірістік мақсатқа қолданылатын өнімнің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сертификаттауды өткізуге;
мемлекеттік сараптама органдарының тікелей жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын, сондай-ақ жаңа салынатын және қайта жаңғыртылатын кәсіпорындардың жобаларындағы өндірістің қауіптілігі мен зияндығын бағалауға;
меншік иесі қаржысы есебінен қызметкерлерді арнаулы киіммен және аяқ киіммен, жеке қорғану құралдарымен, емдеу алдын-алу тамағымен қамтамасыз етуге;
өндірістегі әрбір жазатайым жағдайды және әрбір кәсіби ауруды тексеру мен есепке алудың міндеттілігі, өндірістік жарақаттың, кәсіби аурудың деңгейі туралы және еңбекті қорғауды жақсарту жөніндегі шаралар туралы қызметкерлердің хабардарлығын қамтамасыз етуге;
өндірістегі жазатайым жағдайда немесе кәсіби аурудан зардап шеккен қызметкерлердің мүдделерін әлеуметтік қорғауға;
жоғары және арнаулы орта оқу орындарында енбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы жөнінде мамандар даярлауға;
еңбекшілердің, жұмыс берушілердің өкілетті ұйымдарының, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындар мен жеке адамдардың еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған қызметін барынша қолдауға негізделеді.
Бақылаудың және қадағалаудың қағидаттары мен мiндеттерi
1. Бақылау және қадағалау:
1) заңдылық
2) бәрiнiң заң және сот алдындағы теңдiгi;
3) жеке немесе заңды тұлғаның адалдық презумпциясы; 4) жариялылық
5) бақылаудың және қадағалаудың жоспарлылығы мен жүйелiлiгi; 6) мемлекеттiк органдар лауазымды адамдарының кәсiптiк бiлiктiлiгi мен құзыреттiлiгi; 7) бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының өз лауазымдық мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны және олардың өз өкiлеттiктерiн асыра пайдаланғаны үшiн жауаптылығы;
8) жазалау алдында құқық бұзушылықтың алдын алудың басымдығы; 9) қажеттiлiк пен жеткiлiктiлiк
10) мемлекеттiк органдар арасындағы бақылау өкiлеттiктерiнiң аражiгiн ажырату; 11) адал тексерiлетiн субъектiлердi көтермелеу, құқық бұзушыларға бақылау мен қадағалауды шоғырландыру;
12) тексерiлетiн субъектiлер мен тұтынушылардың өз заңды құқықтарын дербес қорғауға қабiлеттiлiгiн арттыру;
13) мемлекеттiк бақылау және қадағалау жүйесiнiң есептiлiгi мен ашықтығы; 14) тәуелсiздiк;
15) объективтiлiк және турашылдық
16) дәйектiлiк қағидаттарына негiзделедi. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV Заңы
Бақылау iшкi бақылау және сыртқы бақылау болып бөлiнедi. Iшкi бақылау – мемлекеттiк орган өз құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерiнiң, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың мемлекеттiк орган қабылдаған шешiмдердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауды жүзеге асыратын бақылау. Сыртқы бақылау – бақылау және қадағалау органы тексерiлетiн субъектiлер қызметiнiң осы Заңның 5-бабында көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiн тексеру және қадағалау бойынша жүзеге асыратын бақылау.. Сыртқы бақылау нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк, тәртiптiк iс жүргiзудi қозғайды не өз құзыретi шегiнде тиiстi талап арызға бастамашылық жасайды және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қабылдайды.
Iшкi бақылау:
1) құқықтық актiлердiң орындалуын бақылау (орындалуы құқықтық актiлерде көзделген iс-шаралар). Бұл жағдайда орындалуға тиiс iс-шаралар қамтылған барлық құқықтық актiлер бақылауға алынады;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және мемлекеттiк органның басшы лауазымды адамдарының қызметтiк сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын тапсырмаларының орындалуын бақылау болып бөлiнедi.
Iшкi бақылау:
1) қажеттi ақпаратты талап ету;
2) орындалуы туралы есептердi және баяндамаларды тыңдау және талқылау; 3) ревизия және құжаттамалық тексерудiң өзге де нысандары;
4) жергiлiктi жерлерге шыға отырып, тексерулер;
5) заңнамаға қайшы келмейтiн басқа да тәсiлдер арқылы жүргiзiледi.
Iшкi бақылау мынадай өлшемдер:
1) құрылымдық, аумақтық бөлiмшелер, ведомстволық бағаныстағы мемлекеттiк органдар мен ұйымдар және лауазымды тұлғалар қызметiнiң олардың алдына қойылған мiндеттерге сәйкестiгi; 2) орындаудың уақтылығы және толықтығы;
3) орындау кезiнде заңнама талаптарын сақтау бойынша жүргiзiледi. Қадағалау уәкiлеттi мемлекеттiк органның әкiмшiлiк iс жүргiзудi қозғамастан, жедел ден қоюдың құқық шектейтiн шараларын қолдануы болып табылады.
Жедел ден қоюдың құқық шектейтiн шаралары Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделедi және мемлекеттiк органдар, егер тексерiлетiн субъектiнiң қызметi, тауарлары (жұмыстары, көрсетiлетiн қызметтерi) жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтарына және заңды мүдделерiне, адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне тiкелей қатер төндiрген жағдайда қолданады.
Қадағалау: 1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес мемлекет атынан прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;
2) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын қадағалау болып бөлiнедi.
Бақылау және қадағалау нысандары
Тексерiлетiн субъектiлердiң қызметiн бақылау және қадағалау: 1) ұйымдастырылу және жүргiзiлу тәртiбi осы Заңда айқындалатын тексерулер; 2) егер Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде өзгеше көзделмесе, ұйымдастырылу және жүргiзiлу тәртiбi осы бапта және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын алдын алу-профилактикалық сипатта болатын бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысанында жүзеге асырылады.
Бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргiзген кезде тексерiлетiн субъектiнi алдын ала хабардар ету, сондай-ақ құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркеу талап етiлмейдi.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) - өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында басшылық жасауды, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.
Министрліктің ведомствосы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті бар.
Министрліктің негізгі міндеттері:
1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау;
2) жұмыспен қамту;
3) әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру; 4) балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау;
5) азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету; 6) мүгедектерді оңалту және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру, салааралық үйлестіруді
және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер болып табылады.
Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау; жұмыспен қамту; әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру; балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау; азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету; мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оның ішінде медициналық-әлеуметтік сараптама және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы; сондай-ақ мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін; мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды;
Орталықтан және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдерді; жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдерін;
арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайы ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін арнайы жәрдемақыны (бұдан әрі – мемлекеттік арнайы жәрдемақы);
балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны; банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін ай сайынғы төлемдерді;
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған жерлеуге берілетін біржолғы төлемдерді; біржолғы ақшалай өтемақыларды тағайындау және төлеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді; 2) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді; 3) еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында басқа мемлекеттік органдармен, сондай-ақ қызметкерлердің және жұмыс берушілердің өкілдерімен үйлестіруді және өзара іс-қимылды жүзеге асырады; 4) еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді ауыстыру және қайта қарау тәртібін белгілейді;
5) қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді; т.б.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.
Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының үстемдiгiн қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында прокуратура мемлекет атынан:
Конституцияның, заңдардың және Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл әрiбiркелкiқолданылуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады;
Конституцияны, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiбұзушылықтарды анықтайды және оларды жою шараларын қолданады;
3) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдарға және басқа да құқықтық актiлерге наразылық жасайды;
4) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң заңды мүдделерiнiң сақталуын қадағалауды жүзеге асырады; т.б.
3. Ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
Мемлекеттік еңбек инспекторларына:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы - Қазақстан Республикасының еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы; 2) мемлекеттік еңбек инспекциясының бас мемлекеттік еңбек инспекторлары - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекциясының лауазымды адамдары;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекциясының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшесінің басшысы;
4) мемлекеттік еңбек инспекторлары - мемлекеттік еңбек инспекциясы органының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары жатады.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметтік міндеттерін атқару кезінде заңмен қорғалады және Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Мемлекеттік еңбек инспекторына қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтірген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады. Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі
уәкілетті мемлекеттік орган:
1) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органды Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылу фактілері туралы өз құзыреті шегінде хабардар етуге;
2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарының орындалу жай-күйі туралы ақпаратты еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанға сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға тоқсан сайын беріп отыруға міндетті.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметінің принциптері мен негізгі міндеттері
Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын сыйлау, сақтау және қорғау, заңдылық, әділдік, тәуелсіздік және жариялылық принциптері негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік еңбек инспекциясының негізгі міндеттері: ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарау болып табылады.
Мемлекеттік еңбек инспекторларының құқықтары Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік еңбек инспекторларының: 1) еңбек заңнамасының сақталуына тексеру жүргізу мақсатында ұйымдар мен кәсіпорындарда кедергісіз болуға;
2) жұмыс берушілерден өздеріне жүктелген функцияларды орындауға қажетті құжаттарды, түсініктемелерді, ақпаратты сұратуға және алуға; 3) жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар, қорытындылар беруге, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар мен қаулылар толтыруға, әкімшілік жазалар қолдануға;
4) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беруге; 5) ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының қызметі және жабдықтардың, тетіктердің пайдаланылуы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сай келмейтіні анықталған жағдайда, оларды үш күннен аспайтын мерзімге, көрсетілген мерзім ішінде міндетті түрде сотқа талап-арыз бере отырып, тоқтата тұруға (тыйым салуға); 6) жұмыс орындарында белгіленген талаптарға сай келмейтін арнаулы киімнің, арнаулы аяқ киімнің және басқа да жеке және ұжымдық қорғану құралдарының берілуі мен пайдаланылуына тыйым салуға; 7) жұмыс берушіге (оның өкіліне) хабарлай отырып және тиісті акт жасау арқылы арнаулы киім үлгілерін, пайдаланылатын немесе өңделетін материалдар мен заттарды талдау жасау үшін алуға; 8) өндірістегі жазатайым оқиғаларды белгіленген тәртіппен тергеп-тексеруге; 9) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан, нұсқау беруден, білімін тексеруден өтпеген қызметкерлерді жұмыстан шеттету үшін жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар беруге; 10) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу, мемлекеттік еңбек инспекторларының актілерін жұмыс берушілердің орындамауы фактілері бойынша тиісті құқық қорғау органдарына және соттарға ақпарат, талап қою және өзге де материалдар жіберуге;
11) еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген талаптарда көзделген еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімді тексеруге қатысуға; 12) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру кезінде белгіленетін айрықша талаптардың орындалуына тексеру жүргізуге;
13) жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылау жүргізуінің толықтығы мен дәйектілігін бақылауды жүзеге асыруға; 14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Мемлекеттік еңбек инспекторларының міндеттері
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын тексеруді уақтылы және сапалы жүргізуге;
3) анықталған еңбек заңнамасын бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді (олардың өкілдерін) хабардар етуге, кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту жөнінде ұсынулар енгізуге;
4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақтылы қарауға; 5) еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жайларды анықтауға, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру жөнінде ұсынымдар беруге;
6) өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тергеп-тексеруге қатысуға;
7) еңбек заңнамасының бұзылу себептерін жинауды, талдауды, қорытуды жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бұзылуының алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу мен қабылдауға қатысуға;
8) мемлекеттік құпияны, еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;
9) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге;
10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыру кезінде азаматтармен және қызметкерлердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасасуға міндетті.
Жұмыс берушінің мемлекеттік еңбек инспекторы бақылау жүргізген кездегі құқықтары мен міндеттері
Жұмыс беруші Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде:
1) жүргізілген тексеру актілері бойынша мемлекеттік еңбек инспекторына түсініктемелер беруге;
2) егер жүргізілетін тексеру нысанасына қатысы болмаса, мәліметтер мен құжаттарды бермеуге;
3) тексеру нәтижелері туралы актіге және мемлекеттік еңбек инспекторының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде: 1) мемлекеттік еңбек инспекторының тексерілетін объект аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін (болуын) қамтамасыз етуге; 2) тексеру жүргізетін мемлекеттік еңбек инспекторына және ұйым қызметкерлерінің өкілдеріне тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін қағаздағы және электрондық тасығыштардағы құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін беруге, сондай-ақ тексерудің міндеттері мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған деректер базасына (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуіне мүмкіндік жасауға; 3) мемлекеттік еңбек инспекторының актілерін орындау үшін қабылдауға және актінің екінші данасына оны алғаны туралы тиісті белгі жасауға; 4) тиісті мерзімдерде мемлекеттік еңбек инспекторының актілерін орындау жөнінде ақпарат беруге міндетті.
Мемлекеттік еңбек инспекторының актілері Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын бұзушылықтардың анықталуына қарай мемлекеттік еңбек инспекторы мынадай актілер:
1) нұсқама:
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы;
жарақаттану қаупі бар және авариялық жағдайлардың туындауын болғызбау үшін өндірістік объектілер мен жабдықтардағы, сондай-ақ өндірістік процестердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы;
жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындары мен жабдықтардың пайдаланылуына және тұтас алғанда ұйым қызметіне тыйым салу (оны тоқтата тұру) туралы нұсқама шығарады (жасайды). Бұл ретте ұйым қызметіне тыйым салу (оны тоқтата тұру) туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданылады;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;
3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы;
4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығарады. Мемлекеттік еңбек инспекторының актілері жұмыс берушілер мен лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарына ықпал етудің құқықтық шаралары болып табылады. Актілер екі дана етіп жасалады, оның біреуі қолы қойғызылып, жұмыс берушіге тапсырылады.
Лауазымды адамдар, жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік еңбек инспекторының актілерін орындауға міндетті.
Мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің нысанын еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратынмемлекеттік еңбек инспекторының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде жұмыс берушінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, жұмыс беруші мемлекеттік еңбек инспекторының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға, жоғары тұрған мемлекеттік инспекторға және (немесе) сотқа шағымдануға құқылы.
Шағымдану мемлекеттік еңбек инспекторлары берген актілердің орындалуын тоқтатпайды.
Мемлекеттік еңбек инспекциясының басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуы
Мемлекеттік еңбек инспекциясы өз қызметін басқа мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарымен, қызметкерлердің өкілдерімен, қоғамдық бірлестіктермен, басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасаса отырып жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдар мемлекеттік еңбек инспекторына Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерін атқаруына жәрдемдесуге міндетті. Мемлекеттік еңбек инспекторының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі жауапкершілігі
Мемлекеттік еңбек инспекторы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде өз қызметтік міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған, сондай-ақ өзге де заңға қайшы әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының 03.04.2002 № 314 – ІІ «Қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) авария - ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) қауiптi өндiрiстiк объектiде қолданылатын техникалық құрылғылардың бұзылуы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауiптi заттардың шығарындысы; 2) инцидент - қауiптi өндiрiстiк объектiде қолданылатын техникалық құрылғылардың iстен шығуы немесе бұзылуы, технологиялық процестiң режимiнен ауытқуы, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы; 3) мемлекеттік инспектор - Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам; 4) қауіпті өндірістік фактор – қауіпті өндірістік объектілерде авариялар, инциденттер болған кезде туындайтын, жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған ортаға зиян келтіретін физикалық құбылыс; 5) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк - жеке және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен қорғалуының жай-күйi; 6) техникалық құрылғылар – машиналар, жабдықтар және дербес маңызы бар басқа да конструкциялар (есепке алу аспаптары, ысырмалар, крандар және басқалар).
Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
Қазақстан Республикасының Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы; Қазақстан Республикасының Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары; Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары; облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары;
облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторларының орынбасарлары;
облыстар мен қалалардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары жатады. Мемлекеттік инспекторға бірыңғай үлгідегі куәлік, нөмірлі мөртабан, омырауға тағатын белгі және пломбир уәкілетті орган белгілеген тәртіппен беріледі.
Мемлекеттік инспектордың құқықтары:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйіне тексеру жүргізу мақсатында қауіпті өнеркәсіптік объектілерге белгіленген тәртіпті сақтай отырып кіруге; 2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының орындалуын тексеру үшін қажетті құжаттармен танысуға; 3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда бұзушылықтарды жою туралы акт - нұсқама енгізуге, бұзушылықтарға кінәлі тұлғаларды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік жауаптылыққа тартуға;
4) адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін ақауы бар техникалық құрылғыларды олардың ақауын жойғанға дейінгі кезеңде, өндірісті тоқтата тұруға, тоқтауға байланысты жағдайларды қоспағанда, техникалық ақауы бар құрылғыларды пайдалануға тыйым салуға құқығы бар. Мемлекеттік инспектордың міндеттері:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалауды жүзеге асыруға; 2) ұйымдардың Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасын сақтауының жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштерді жинауға, қорытындылауға, жүйелеуге және оларға талдау жүргізуге; 3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге міндетті. Мемлекеттік инспектордың актілері
Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына байланысты жүргізілген мемлекеттік қадағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік инспекторлар мынадай актілер шығарады:
тексеру жүргізу нәтижелері жөніндегі акт;
әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама;
Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы
заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама; Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы бұзылған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулы.
Әдебиеттер тізімі:
1.ҚР Конституциясы,30.08.1995ж.
2.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы.Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV Заңы .
3.Қазақстан Республикасының 03.04.2002 № 314 – ІІ «Қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңы
Тақырып: Қызметкерлердің және жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері.
1.Қызметкердiң еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері.
2.Жұмыс берушінің еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері.
3.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру.
Лекция мәтіні.
Халықаралық еңбек ұйымының ұсынысы бойынша халықаралық қоғамдастық 28 сәуірде Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күнін атап өтеді. Бұл дәстүр өндірісте қаза тапқан және жарақаттанған, кәсіптік аурулардан зардап шеккендерді еске алу мақсатында атап өтіледі және ол кез келген өндірістік жағдайлардағы адамның өмірі мен денсаулығы басымдығына тағы бір мәрте назар аудартудың қажеттілігі ретінде қызмет етеді. Халықаралық еңбек ұйымының деректері бойынша әлемде жыл сайын 270 миллионға жуық жазатайым оқиғалар тіркеледі, 160 миллион азаматтың кәсіптік аурулары айқындалып, 2 миллионнан астам ерлер мен әйелдер өндірісте қаза табады екен. Бұл деректер әлемдік экономика жалпы ішкі өнімнің кемінде 4 пайызынан айырылатындығын көрсетеді. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары - Қазақстанда да көкейкесті мәселелердің бірі. Республиканың ұйымдарындағы еңбекті корғаудың жай-күйі Үкіметтің және уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты қадағалау нысаны болып табылады. Еліміздің кәсіпорындарында еңбекті қорғау жұмыстары заңдық және өзге де нормативтік-құқықтық актілер негізінде әзірленген еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі кешенді жоспарлар мен санитарлық-сауықтыру іс-шараларына сәйкес жүзеге асырылады.
Соңғы жылдары республика өндірісінде жыл сайын үш мыңнан астам жазатайым оқиғалар орын алады. Соның салдарынан 300-350 адам қаза табады, мындаған азамат кәсіптік аурулардан зардап шегеді. Әсіресе, тау-кен металлургия кәсіпорындарындағы және құрылыс саласындағы жағдай ерекше алаңдатушылық туғызып отыр. Өндірісте зардап шеккен барлық азаматтардың 40 пайызынан астамы осы саланың үлесіне тиеді. Жол-көлік апаттары салдарынан да едәуір залал келеді. Өңірлерде өндірістік жарақаттану жағдайы бойынша ең жоғары көрсеткіштер Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында тіркеліп отыр.
Талдау нәтижелеріне қарағанда, қазіргі уақытта еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау төңірегінде қалыптасқан жағдайларға жұмыстардың қанағаттандырғысыз ұйымдастырылуы әсер етуде. Мұндай жағдайдың қалыптасуына, сондай-ақ негізгі өндірістік қорлардың жоғары деңгейде тозуы әсер етіп отыр. Статистика органдарының мәліметтері бойынша, 2003 жылдың басына қарай тау-кен өнеркәсібіндегі негізгі қорлардың тозуы - 25,4 пайызға, химия өндірісінде - 38,4 металлургия өнеркәсібінде - 39,5 пайызға жеткен. Өндірістің техникалық тұрғыдан баяу қайта жарақтандырылуы, өндірісті жаңғыртуға және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қаражаттың жеткіліксіз бөлінуі, сондай-ақ өндірістік қалдықтардың қоршаған ортаны ластауы да оны үлғайта түсуде. Жұмыс орындарындағы жазатайым оқиғалардың өсуіне жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне деген тиісті бақылаудың болмауы, жұмыскерлерді қауіпсіз жұмыс тәсілдеріне жеткілікті үйретпеу, қауіпсіздік талаптарының, еңбек және өндірістік тәртіптің орындалмауы да теріс ыкпалын тигізіп келеді.
Халықаралық еңбек қауіпсіздігі стандарттарын сақтау үшін Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі конвенция және еңбекті қорғауды басқарудың халықаралық жүйесінің жаңа үлгісі бойынша ұсынылған стандарттарды (МОТ-СУОТ 2001) бейімдеп; әлеуметтік әріптестіктің мүмкіндіктерін барынша пайдалану көзделіп отыр. Еңбек қауіпсіздігінің стандарттары мен нормативтерін, ұсыныстарды, ережелерді, еңбек жағдайларының сараптамасын, т.б. еңбекті қорғау заңнамаларына сәйкес ғылыми тұрғыдан әзірлеуді қамтамасыз ету үшін Үкімет үстіміздегі жылы "Республикалық еңбекті қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы шешім қабылдады. Бұл жұмыс Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасы шеңберінде жүргізілуде. Осыған байланысты жақын арада біздің көптеген алдыңғы қатардағы кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігінің халықаралық сертификаттары болуы тиіс. Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың міндетті мониторингі енгізілуде. Еңбекті қорғаудың тиімді жүйесін құру жөніндегі аса перспективалы және экономикалык жағынан негізделген тәсілдерін белгілеу жұмыс берушілерді қауіпсіз технологиялар әзірлеу және енгізу, еңбек қауіпсіздігіне қол жеткізу және өндірістік жарақаттануды барынша төмендету үшін материалдық және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалануда экономикалық ынталандыруга сүйенеді. Бұрын қолданылган заңмен салыстырғанда жаңа заңда еңбек қатынастары тараптарының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау жөніндегі міндеттері нақтыланған. Бұл ретте жұмыс берушілердің қауіпсіз еңбек жағдайларын жасаудың жауапкершілігін арттыру жөнінде шаралар көзделген. Жұмыс беруші жұмыс істейтіндердің саны 50 адамнан асатын әр кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құратын болады. Бұл тұрғыда еңбек жағдайлары бойынша өндірістік нысандарды аттестациялау да маңызды рөл атқарады. Ол жұмыс орындарындагы еңбек жағдайларының нақты жай-күйін, орындалатын жұмыстардың зияндылық, ауырлық және қауырттылық дәрежесін айқындауға мүмкіндік береді. Егер де өндіріс жағдайлары қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келмесе, жұмыс беруші олқылықтарды жоюға және еңбектің қолайлы жағдайларын туғызуға міндетті болады. Аттестаттау нәтижелері өндірістік нысандарды сертифакаттау және паспорттау, қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін арттыру, кәсіптік қатердің класын белгілеу, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі проблемаларды шешуге бағытталған ұйымдық және санитарлық-техникалық іс-шаралардың толық кешенін өткізу мақсатында пайдаланылатын болады. Заңда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалауды күшейту шаралары көзделген, мемлекеттік еңбек инспекторларының құқықтық мәртебесі нақтыланған. Енді жазатайым оқиғаларды зерттеп-тексеру тәртібін бекіту көзделіп отыр. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңнамасын бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында еңбек қатынастары субъектілеріне ықпал етудің экономикалық және әкімшілік шаралары енгізіліп, қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеудің шарттары мен тәртібі белгіленуде.
Бұл қызметкердің өмірі мен денсаулығына қатысты басымдықты, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алуды қамтамасыз етеді. Халықаралық нормалар мен талаптарды ескере отырып, еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау (еңбекті қорғау жоніндегі комитеттер) енгізу көзделіп отыр. Әр ұйымда құрылатын комитеттердің құрамына жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілдері паритеттік негізде енуге тиіс.
