- •Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
- •2.Туынды
- •1. Қызметкердiң еңбек қауіпсіздiгіне және еңбекті қорғауға құқықтары:
- •2. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары.
- •1. Өндірістегі жазатайым жағдайларды тергеп-тексерудің және есепке алудың құқықтық негіздері.
- •2. Жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі міндеттері.
- •Оқулықтар мен web сайттар тізімі Нормативтік актілер:
- •Негізгі әдебиеттер:
1. Өндірістегі жазатайым жағдайларды тергеп-тексерудің және есепке алудың құқықтық негіздері.
2. Жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі міндеттері.
Өндірістегі жазатайым оқиға - өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде, қызметкердің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсіптік ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтырған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың қызметкерге әсер етуі.
еңбектің қауіпсіз жағдайлары - жұмыс берушінің қызметкерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмайтындай не олардың әсер ету деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтындай етіп жасаған еңбек жағдайлары; зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайлары - белгілі бір өндірістік факторлардың әсері қызметкердің еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне немесе сырқаттануына не оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары; зиянды өндірістік фактор - әсері қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне және (немесе) оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор; кәсіптік ауру - қызметкердің өз еңбек (қызмет) міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру; қауіпсіздік нормалары - қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер; қауіпті еңбек жағдайлары - еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда белгілі бір өндірістік немесе жоюға болмайтын табиғи факторлардың әсері қызметкердің жарақаттануына, кәсіптік ауруға шалдығуына, денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе улануына әкеп соқтыратын, соның салдарынан еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуы, кәсіптік ауруға шалдығуы не өлімі туындайтын еңбек жағдайлары; қауіпті өндірістік фактор - қызметкерге әсер етуі еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуға (өндірістік жарақатқа немесе кәсіптік ауруға) немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор; Тергеп-тексерудің жалпы жағдайлары және өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу
1. Қызметкерлердің, сондай-ақ:
1) техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарында оқитын, кәсіптік практикадан өтіп жүрген адамдардың;
2) әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерумен байланысты емес жұмыстарды орындауға тартылған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің;
3) сот үкімі бойынша еңбекке тартылған адамдардың;
4) әскерилендірілген авариялық-құтқару бөлімдері, әскерилендірілген күзет жеке құрамының, авариялардың, дүлей зілзаланың салдарларын жою жөніндегі, адам өмірін және мүлікті құтқару жөніндегі ерікті командалар мүшелерінің еңбек қызметіне байланысты және еңбекке қабілетсіздігіне не өліміне әкеп соққан денсаулығының зақымдану жағдайлары осы Кодекске сәйкес тергеп-тексеруге және есепке алуға жатады.
2. Өндірістік жарақаттар мен қызметкердің денсаулығына еңбек міндеттерін атқарумен байланысты келтірілген өзге де зақымданулар не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша еңбекке қабілетсіздігіне не өлімге әкеп соққан басқа да әрекеттер жасау, егер олар:
1) жұмыс уақыты басталар алдында немесе аяқталғаннан кейін жұмыс орнын, өндіріс құрал-жабдықтарын, жеке қорғану құралдарын және басқаларын дайындау және ретке келтіру кезінде;
2) жұмыс орнындағы жұмыс уақыты ішінде немесе іссапар кезінде не жұмыс берушінің немесе ұйымның лауазымды адамының тапсырмасы бойынша еңбек немесе өзге де міндеттемелерді орындауға байланысты басқа жерде болғанда;
3) қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлар әсерінің нәтижесінде;
4) жұмысы қызмет көрсету объектілері арасында жүрумен байланысты қызметкер жұмыс уақытында жұмыс берушінің тапсырмасы бойынша жұмыс орнына бара жатқан жолда;
5) қызметкердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде жұмыс берушінің көлігінде;
6) жеке көлігін қызмет бабында пайдалану құқығына жұмыс берушінің жазбаша келісімі болғанда өзінің жеке көлігінде;
7) жұмыс берушінің өкімі бойынша өз ұйымының немесе басқа ұйымның аумағында болған кезеңде, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлкін қорғау не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша өзге де іс-әрекеттер жасау кезінде болса;
8) вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлердің вахта кезіндегі жұмыс уақытының алдында немесе одан кейін жиналу орнынан (вахта кезеңінде тұратын жерінен) жұмыс беруші берген көлікпен жұмысқа бару немесе кері қайту жолында болса, өндірістегі жазатайым оқиғалар ретінде тергеп-тексеріледі және есепке алынады.
Мәселен, Өңтүстік облыстық еңбек инспекциясының мәліметтері бойынша жыл басынан бергі алты айдың көлемінде орын алған 53 жазатайым оқиғаның салдарынан 56 адам зардап шексе, 10 адам қайтыс болды. Соңғы жылдары жазатайым жағдайлар азайды деген энергетика саласының өзінде соңғы айларда салдары өлімге апарып соққан 3 жазатайым оқиға орын алып отыр. Олардың барлығының әлі нақты бағасы берілер, бірақ, бүгінде бір жағдай анық: Мақтаралда электр есептегіш құралын орнату бойынша шебер Б.Тұрғанбаевтың өлімі өндіріспен байланысты және оның қайғылы жағдайға ұшырауына мекемедегі ұйымдастырушылық жұмыстардың жеткіліксіз дәрежеде екені болғаны айдан анық. Осы қайғылы 3 жағдайдан кейін, облыс бойынша осы саладағы барлық қызметкерлерді қайта оқытып, олардың «білімдерін тексеру қажет» деген қорытындыға келіп отырмыз. Жалпы алғанда, өндірістегі жазатайым оқиғалардың негізгі себептері ретінде қауіпсіз еңбек тәсілдеріне жеткілікті үйретпеу, жұмыстарды қанағаттанғысыз дәрежеде ұйымдастыру, өндірістік және еңбек тәртібінің бұзылуы, жоғары қауіптілік жағдайында жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге қадағалаудың болмауы, техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтың өткізілмеуі секілді кемшіліктерді айтуға болады.
Күнделікті тіршілікте еңбек қауіпсіздігіне оқытуға, нұсқаулықтан өткізуге көпшілік басшылар мән бермейді. Ал, бірақ, дана халқымыз «күзе мың күнде емес, бір күнде сынады» деген емес пе? Кезінде қырым қанды безгенінен көз жұмған Түркістандық дәрігерлерге қатысты оқиғаға байланысты сол кездегі денсаулық сақтау министрі ақ халаттылардың өздерін кінәлаған жағдай болғанын білесіз. Мен бұған қарсы болдым. Өйткені, өзгенің өмірін аман алып қалам деп, өздері ажал құшса, қалай біз оларды кінәлауымыз керек? Менің білуімше, марқұм хирург өте тәжірибелі дәрігер болған. Бірақ, адам қанша тәжірибелі болса да, қателеседі. Оның ота жасау барысында медициналық қолғабы жыртылып кетіп, отаны жалаңаш қолмен жалғастыра берген. Ота ұзақ болған. Негізінде мұнда жұмыс берушінің де кінәсі бар. Жұмыс беруші ота жасайтын бөлмеге еңбек қауіпсіздігі бойынша арнайы нұсқаулықты іліп, онымен маманды таныстыру қажет еді. Тауардың сертификаты болуы керек. Барлық салада тәуекел көзі болады, сондықтан басшылар тарапынан осының барлығы орындалып, бақылауға алынуы қажет. Осыны жасамады ма, демек, жұмыс беруші кінәлі. Ал, аталған талаптардың барлығы орындалып, осыдан кейін де мамандар қателікке жол беріп жатса, онда жұмыскердің өзі ғана кінәлі болып шығады. Біздің қызметтің қиындығы сол - әр жағдайға жіті көңіл бөліп, әділ қарау керек.
Тергеп-тексеру барысында жарақаттар мен зақымданулардың:
1) зардап шеккен адамның өз бастамасы бойынша жұмыстарды немесе өзге де іс-әрекеттерді функционалдық міндеттеріне кірмейтін және жұмыс берушінің мүддесімен байланысты емес, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істеу кезінде ауысымаралық демалыс және тынығу мен тамақтануға арналған кезеңде, сондай-ақ алкогольдік мас болу, уытты және есірткі заттарды (олардың аналогын) пайдалану күйіне байланысты себеппен орындаған кезде;
2) өз денсаулығына қасақана (әдейі) зиян келтіру нәтижесінде немесе зардап шеккен адам қылмыс жасаған кезде;
3) зардап шеккен адам денсаулығының медициналық қорытындымен расталған, қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлардың әсерімен байланысты емес кенеттен нашарлауынан болғаны нақты анықталса, олар өндірістік жарақаттар және қызметкерлер денсаулығының өндірістегі өзге де зақымданулары ретінде ресімделмейді.
Әрбір жазатайым оқиға туралы зардап шеккен адам немесе куәгер жұмыс берушіге немесе жұмыстарды ұйымдастырушыға дереу хабарлауға міндетті. Денсаулық сақтау ұйымдарының жауапты лауазымды адамдары қызметкерлердің өндірісте жарақат алуына немесе өзге де зақымдануына байланысты бастапқы өтініш жасауының әрбір жағдайы туралы жұмыс берушіні және мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық бөлімшелерін, сондай-ақ қатерлі кәсіптік ауру (улану) жағдайлары туралы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органды екі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге тиіс.
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыруға, ресімдеуге және тіркеуге жұмыс беруші жауапты болады.
Жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі міндеттері
1. Жұмыс беруші:
1) зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді және қажет болған кезде, оны денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыруға;
2) авариялық жағдайдың өршуінің және жазатайым оқиғаның орын алуына себеп болған факторлардың басқа адамдарға әсер етуін болғызбау жөніндегі шұғыл шараларды қабылдауға;
3) жазатайым оқиға болған жердегі ахуалды (жабдықтар мен тетіктердің, еңбек құрал-жабдықтарының жай-күйін), егер бұл басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірмесе, ал өндірістік процестің үзіліссіз жұмысын бұзу аварияға әкеп соқпайтын болса, оқиға болған кездегі күйде сақтауға, сондай-ақ жазатайым оқиға болған жерді фотосуретке түсіруге;
4) өндірістегі жазатайым оқиға жөнінде зардап шеккен адамның жақын туыстарын дереу хабардар етуге және осы Кодексте, өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мемлекеттік органдар мен ұйымдарға хабарлама жіберуге;
5) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мен есепке алуды осы тарауға сәйкес қамтамасыз етуге;
6) арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүшелерін өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру үшін оқиға болған жерге кіргізуге;
7) өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тіркеуді, есепке алу мен талдауды жүзеге асыруға міндетті.
Жұмыс беруші өндірістегі жазатайым оқиға туралы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша:
1) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек испекциясының аумақтық бөлімшелеріне;
2) қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жергілікті органдарға;
3) кәсіптік ауру немесе улану жағдайлары жөнінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне;
4) қызметкерлер өкілдеріне;
5) қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымына хабарлайды.
Осы тарауға сәйкес арнайы тексерілуге тиіс жазатайым оқиға болған кезде жұмыс беруші:
1) жазатайым оқиға болған жердегі құқық қорғау органына;
2) өндірістік және ведомстволық бақылау мен қадағалаудың уәкілетті органдарына хабарлауға тиіс.
3. Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссияның талабы бойынша жұмыс беруші өз қаражаты есебінен:
1) техникалық есептеулердің орындалуын, зертханалық зерттеулердің, сынақтардың, басқа да сараптама жұмыстарының жүргізілуін және осы мақсаттарда сарапшы мамандардың тартылуын;
2) оқиға орнын және зақым келтірілген объектілерді фотосуретке түсіруді, жоспарлар, эскиздер, схемалар жасауды;
3) көлік, қызметтік үй-жай, байланыс құралдарын, арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және тексеру жүргізу үшін қажетті басқа да жеке қорғау құралдарын беруді;
4) мыналарды:
жұмыс орнының жай-күйін, қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлардың бар-жоғын сипаттайтын құжаттарды (жоспарларды, эскиздерді, схемаларды, ал қажет болғанда оқиға орнында түсірілген фото- және бейнематериалдарды және т.с.с);
нұсқау берулерді тіркеу журналдарынан және зардап шеккен адамдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімін тексеру хаттамаларынан, жазатайым оқиға куәгерлері мен лауазымды адамдардан жауап алынған хаттамалардан, зардап шеккен адамдардың түсініктемелерінен, мамандардың сараптама қорытындыларынан үзінді көшірмелерді;
зертханалық зерттеулер мен эксперименттердің нәтижелерін;
зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зақымданудың сипаты мен ауырлық дәрежесі немесе оның өлімінің себебі туралы, алкогольдік, есірткілік немесе уыттық мас болу белгісінің бары (жоғы) туралы медициналық қорытындыны;
зардап шеккен адамға арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдары берілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін;
аталған өндірісте (объектіде) мемлекеттік еңбек инспекторлары мен аумақтық мемлекеттік қадағалау органының лауазымды адамдарының (егер жазатайым оқиға осы орган бақылайтын ұйымда немесе объектіде орын алса) бұрын берілген нұсқамаларынан үзінді көшірмелерді, сондай-ақ қоғамдық еңбек инспекторларының анықталған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік талаптарды бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларынан үзінді көшірмелерді;
комиссияның қалауына қарай істің қаралуына қатысы бар басқа да құжаттарды береді.
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі ҚР Еңбек кодексінің 324-бабына сәйкес
1. Арнайы тергеп-тексерілуге тиіс жағдайларды қоспағанда, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жазатайым оқиға болған кезден бастап жұмыс берушінің актісімен жиырма төрт сағат ішінде құрылатын, мынадай құрамдағы комиссия жүргізеді:
төраға - ұйымның (өндірістік қызметтің) басшысы немесе оның орынбасары;
мүшелері - ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы және қызметкерлердің өкілі.
Жазатайым оқиға болған тиісті учаскедегі еңбек қауіпсіздігіне тікелей жауап беретін лауазымды адам тергеп-тексеруді жүргізу кезінде комиссия құрамына енгізілмейді.
Арнайы тергеп-тексеруге:
1) ауыр немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалар;
2) зардап шеккен адамдар жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қарамастан, бір мезгілде екі және одан да көп қызметкерлер ұшыраған топтық жазатайым оқиғалар;
3) қатерлі уланудың топтық оқиғалары жатады.
Жұмыс берушінің - жеке тұлғаның өндірісіндегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге жұмыс беруші немесе оның уәкілетті өкілі, қызметкерлердің өкілі, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге шарт негізінде де шақырылуы мүмкін еңбекті қорғау жөніндегі маман қатысады.
Қатерлі улану жағдайында комиссияның тергеп-тексеруіне халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілдері қатысады.
Комиссияның жұмысына жұмыс берушімен немесе зардап шеккен адаммен тиісті шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымының өкілі қатысуға құқылы.
Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру мерзімі комиссия құрылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Өндірістік практикадан өтіп жүрген, жалпы білім беретін, кәсіптік мектептерде және жоғары оқу орындарында оқитын адамдар ұшыраған жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді жұмыс берушінің және зардап шеккен адам өкілінің қатысуымен өз аумағында оқиға болған ұйымның басшысы құратын комиссия жүргізеді.
Басқа ұйымның аумағында орналасып, жұмыс жүргізіп жатқан ұйымның қызметкері немесе өндірістік тапсырманы (қызметтік немесе шарттық міндеттерді) орындау үшін басқа ұйымға жіберілген қызметкер ұшыраған жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді аумағында жазатайым оқиға болған ұйымның жауапты өкілінің қатысуымен жұмыс берушінің өзі жүргізеді.
Қызметкер қоса атқаратын жұмысын орындау кезінде ұшыраған жазатайым оқиғаны жұмыс өз аумағында немесе соның тапсырмасы бойынша жүргізілген жұмыс беруші тергеп-тексереді және есепке алады.
Көлік құралдарының авариясы салдарынан болған жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жол полициясының тергеп-тексеру материалдары негізінде жүргізіледі.
Жол полициясы жазатайым, оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасының талабы бойынша көлік оқиғасы болған күннен бастап бес күн мерзімде тергеп-тексеру материалдарының көшірмелерін беруге міндетті.
Әрбір өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссия оқиға куәгерлерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың бұзылуына жол берген адамдарды анықтайды және олардан жауап алады, жұмыс берушіден қажетті ақпарат және мүмкін болса, зардап шеккен адамнан түсініктеме алады.
Жұмыс берушіге уақтылы хабарланбаған немесе нәтижесінде еңбекке қабілетсіздігі бірден туындамаған (талап ету мерзіміне қарамастан) жазатайым оқиғалар зардап шеккен адамның (оның өкілінің) өтініші бойынша немесе мемлекеттік еңбек инспекторының нұсқамасы бойынша өтініш тіркелген, нұсқама алынған күннен бастап он күн ішінде тергеп-тексеріледі.
Жиналған құжаттар мен материалдар негізінде комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептерін анықтайды, жазатайым оқиғаның жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысын және тиісінше, зардап шеккен адамға оқиға орнында өзінің еңбек міндеттерін орындауына байланысты болуы түсіндірілгенін анықтайды, жазатайым оқиғаны өндірістегі жазатайым оқиға ретінде немесе өндіріспен байланысты емес жазатайым оқиға ретінде саралайды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуына жол берген адамдарды анықтап, өндірістегі жазатайым оқиғалардың себептерін жою және алдын алу жөніндегі шараларды белгілейді.
Режимді объектілердегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмыс жағдайлары осы объектілерге кіру, соларда болу ерекшеліктері ескеріліп айқындалады.
Қызметкердің (қызметкерлердің) еңбекке қабілеттілігін жоғалтуына әкеп соққан өндіріспен байланысты әрбір жазатайым оқиға медициналық қорытындыға (ұсынымға) сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жазатайым оқиға туралы актімен қажетті данасы жасалып (әрбір зардап шеккен адамға жеке-жеке) ресімделеді.
Денсаулық сақтау ұйымы белгіленген тәртіппен растаған улану жағдайлары да еңбекке қабілеттіліктің жоғалғанына немесе жоғалмағанына қарамастан, жазатайым оқиға туралы актімен ресімделеді.
Өмірде түрлі күтпеген жағдайлар болып тұрады. Олар біздің жоспарға, тұрақтыға және тіпті жақын деген адамдарға тыныш өмір сүруіне кедергі әкеледі.
Өмірдің заңдарына қарамастан, халықтың барлығы тату-тәтті өмір сүрсі келеді. Ең бастысы жанұяның амандығы мен қаржылық тұрақтылық. Бірақ та күтпеген жерден түрлі оқиғалардың болып тұру салдарынан өмірдің қымбат екені белгілі болғандықтан, сақтандыру ол да өмірдің кепілі бола алады.
Жазатайым жағдайлардан сақтандыру – бұл сенімді және көп жұмысты қажет етпейтін қорғаныс түрі. Қандайда бір күтпеген жағдай немесе оқиға болмасын, сақтанған тұлға өзіне сенімді және жақын, әрі қымбат адамнан алыстамай сонымен қатар жұмыс істеп қаржылық жоспарларын жүзеге асырады. Сізге туған күтпеген проблемаларының бір бөлігін біз өз мойынымызға аламыз.
Сыртқы факторының әсерінен жазатайым жағдайда сақтандыру келесілер жатады:
Жарылыс, күік, үсік, батып кету, электрикалық тоғы, найзағай жарығынан, күн өтсе, зиянкестер мен жануарлардың әрекеті, жылан уы, қурт-құмырсқалар мен шыбын-шіркейлерден келтірілген зиян, заттық құлауы немесе сақтандырылған адамның құлап кетуі,қылқындындырылған, тыныс алу жолына жарақат, жабайы өсімдіктерден ұлану химикаттық заттар, дәріөдәрмектен улану, залалсыз астық тағамдар, травмалар, көлік апаты және көлікке қатысты қаіп-қатерлер, мылтық сияқты басқа да зиян келетін құралдардан зиян шексе, сақтанған тұлғаға қорықпауға болады.
Сақтану келісім шартты төмендегідей болады:
- өндірісте (жұмыста) күтпеген жұмыстың болуы, оған тағы жұмыс орыны мен тұрғылықты жері, қызметі
бойынша тұрып жүрген жерлері мен жұмыс орындарынан берілген транспортта болатын жағдайлардан сақтандыру;
- өндірісте (жұмыста) және күнделікті тұрмыс жағдайында (тәуілігіне 24 сағат бойы) сақтандыру;
- күндігі тұрмыста күтпеген жағдайлардан сақтандыру;
- қыдыру мен демалуға байланысты сапарларда туған келеңсіз жағдайдан сақтандыру;
- уақытша белгілі бір жұмыс түрін сақтандыру;
Сақтандыру сомасы екі жақтың келісімімен құралады.
Сақтандыру борышын өтеу кезінде:
1.сақтанған тұлға жұмысқа жарамсыз болған уақытында жазатайым жағдай болып қалса, 60 күннен көп емес сол аралықта сақтандыру сомасынан күнде 0,05% көлемінде төленеді.
2. сақтандырылған мүгедектің борышын анықтау:
- I топ - 80% пайыз сақтанушының сақтанған сомасынан;
- IІ топ - 60% пайыз сақтанушының сақтанған сомасынан;
- IІІ топтар - 40% пайыз сақтанушының сақтанған сомасынан.
3. сақтанушы қайтыс болған жағдайда сақтандырылған барлық 100% қайтарылады.
Жұмысшы мен қызметіне байланысты сақтандыру тарифы орташа есеппен 0,25%-бен 4,0% аралығы.
Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым жағдайдан сақтандыру Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы №30-ІІІ заңы негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру жағдайы – қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге, оның кәсiптiк ауруға ұшырауына не қайтыс болуына әкеп соққан өндiрiстiк жарақаттану, денсаулығының күрт нашарлауы немесе улануынан болған оқиға.
Сақтандыру сомасы – шартта айқындалады, бірақ шарт жасасу кезінде барлық қызметкерлердің жылдық еңбекақы төлеу қорынан кем болмауы тиіс.
Сақтандыру тарифтері Заңға сәйкес кәсiптiк тәуекел сыныбына және персоналдың санаттарына қарай (өдірістік, көмекші және әкімшілік-басқарушы)экономикалық қызмет түрлерi бойынша сараланған.
Қызметкердің қайтыс болуына немесе оның денсаулығына зақым келуіне байланысты зиян үшін сақтандыру төлемі нақты залал мөлшерінде, бірақ Шартта белгіленген сақтандыру сомасынан аспай жүзеге асырылады.
Қызметкердің қайтыс болуына немесе еңбекке қабілеттілігінен тұрақты айрылуына байланысты жалақысынан (табысынан) айрылуынан болған зиян мөлшері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес айқындалады.
Қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi белгiленген жағдайда, оның денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу жөнiндегi сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерi мынадай мөлшерлерде белгiленедi:
1) 5 пайыздан 29 пайызға дейін, қоса алғанда кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi белгiленген кезде – 500 АЕК;+
2) 30 пайыздан 59 пайызға дейін, қоса алғанда кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi белгiленген кезде – 1000 АЕК;
3) 60 пайыздан 89 пайызға дейін, қоса алғанда кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi белгiленген кезде – 1500 АЕК;
4) 90 пайыздан 100 пайызға дейін, қоса алғанда кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi белгiленген кезде – 2000АЕК.
Сақтандырушы зардап шегуші қызметкер қайтыс болған жағдайда, оны жерлеген адамға жерлеу шығыстарын 100 АЕК мөлшерінде өтейді.
ҚР Еңбек кодексінің 325 бабына сәйкес жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді мемлекеттік еңбек инспекциясы органының аумақтық бөлімшесі құрған комиссия мына құрамда жүргізеді:
төраға - мемлекеттік еңбек инспекторы;
мүшелері - жұмыс беруші және қызметкерлердің өкілі.
Екі адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы басқаратын комиссия жүргізеді.
Қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде комиссия құрамына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор кіреді.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Бұл жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия мүшесі болып табылады.
Қайтыс болған адамдар саны үш адамнан бес адамға дейін болса, топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, ал бес және одан да көп адам қайтыс болғанда - Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған комиссия жүргізеді.
Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелерді шешу үшін арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы ұйымдардың мамандары, ғалымдар және бақылау-қадағалау органдары қатарынан сараптамалық кіші комиссиялар құруға құқылы.
Ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғаны, қызметкерлердің топтық жазатайым оқиғасын және топтық қатерлі улану жағдайын тергеп-тексеру еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандағы арнайы тергеп-тексеру актісімен ресімделеді.
Арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасының келісімінсіз куәлерден, куәгерлерден жауап алуды, сондай-ақ ресми тағайындалған комиссияның жұмыс күндерінде кез келген біреудің немесе өзге де комиссияның осы жазатайым оқиғаға қатысты қатар тергеп-тексерулер жүргізуіне үзілді-кесілді тыйым салынады.
Ұйым объектілеріндегі жарылыстың, аварияның, қираудың, өрттің және басқа да жағдайлардың нәтижесінде зардап шеккен адамды (зардап шеккен адамдарды), жоғалған адамды (жоғалған адамдарды) іздеудің тоқтатылуын арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия авариялық-құтқару бөлімшесі басшысының және сарапшы мамандардың қорытындысы негізінде айқындайды.
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу және оларды есепке алу
1. Жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің және ұйым бөлімшесінің басшылары, сондай-ақ ұйым қызметкерлерінің өкілдері қол қояды және оны жұмыс беруші бекітіп, ұйымның мөрімен расталады.
2. Улану жағдайларында жазатайым оқиға туралы актіге халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілі де қол қояды.
Егер жұмыс беруші жеке тұлға болса, жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған жұмыс беруші қол қояды және нотариалды түрде расталады.
3. Акт тергеп-тексеру материалдарына сәйкес ресімделуге тиіс.
Егер өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссия зиянның туындауына немесе ұлғаюына өрескел абайсыздық себеп болғанын анықтаса, онда комиссия тараптардың аралас жауапкершілігін қолданып, қызметкер мен жұмыс берушінің кінәсін процентпен айқындайды.
Егер жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның бір мүшесі комиссияның (көпшіліктің) қорытындысымен келіспейтін болса, ол өзінің дәлелді пікірін тергеп-тексеру материалына қосу үшін жазбаша түрде ұсынады. Ол арнайы тергеп-тексеру актісіне»"ерекше пікірге қара" деген сілтеме жаза отырып, қол қояды.
Әрбір жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін жұмыс беруші үш күннен кешіктірмей зардап шеккен адамға немесе оның сенімді адамына жазатайым оқиға туралы актіні беруге міндетті, актінің бір данасы жұмыс берушімен тиісті шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымына, ал екіншісі - мемлекеттік еңбек инспекциясына қағаз және электронды жеткізгіште жіберіледі.
Улану жағдайында актінің көшірмесі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға да жіберіледі.
Тергеп-тексеру нәтижесімен келіспеген немесе жазатайым оқиға туралы акт уақтылы ресімделмеген жағдайда, зардап шеккен адам немесе оның сенім білдірген адамы, ұйым қызметкерлерінің өкілі жұмыс берушіге жазбаша түрде жүгінуге құқылы, жұмыс беруші олардың өтінішін он күн ішінде қарап, тиісті шешім қабылдауға міндетті.
Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, ресімдеу және тіркеу мәселелері бойынша жұмыс берушінің, қызметкердің және мемлекеттік еңбек инспекторының не қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектордың арасында туындаған келіспеушіліктерді тиісті жоғары тұрған бас мемлекеттік еңбек инспекторы бағыныштылық тәртіппен қарайды және (немесе) сот тәртібімен қаралады.
Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мәселелері бойынша жоғары тұрған бас мемлекеттік еңбек инспекторының шешімі еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда қорытынды түрінде ресімделеді.
Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісі материалдарының көшірмелерін жұмыс беруші мемлекеттік бақылау органдарына жібереді. Оның үстіне, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін мемлекеттік еңбек инспекторы арнайы тергеп-тексеру актісі материалдары көшірмелерінің бір данасын жеті күн ішінде жергілікті ішкі істер органына жібереді, ол заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылдап, қабылданған шешім туралы жиырма күннен кешіктірмей хабарлайды.
Актімен ресімделген әрбір жазатайым оқиға өндірістегі жазатайым оқиғаларды және денсаулыққа келтірілген өзге де зақымдануларды тіркеу журналына жазылады. Журнал еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша жүргізіледі. Еңбекке уақытша жарамсыздық және жарақаттану туралы алғашқы статистикалық деректер мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес беріледі.
Жұмыс беруші немесе оның өкілі уақыт өте келе ауыр зардаптарға немесе кісі өліміне әкеп соққан жазатайым оқиғалар санатына ауысқан өндірістегі жазатайым оқиғалар туралы тиісті мемлекеттік еңбек инспекциясына, ал сақтандыру жағдайлары туралы - сақтандырушының атқарушы органына (сақтанушы тіркелген жердегі) хабарлайды.
Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары ұйымда қырық бес жыл бойы сақталуға тиіс, ұйым таратылған жағдайда жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары міндетті түрде сол ұйым жұмыс істеген жердегі мемлекеттік мұрағатқа тапсырылуға тиіс.
Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдарында тергеп-тексеру актісімен қатар:
1) зардап шеккен адамның еңбекті қорғау жөнінде оқығаны және нұсқама алғаны, сондай-ақ алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулерден өткені туралы мәліметтер;
2) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша жауап алу хаттамалары және оқиға куәгерлерінің, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына жауапты лауазымды адамдардың түсініктемелері;
3) оқиға болған жердің жоспарлары, схемалары мен фотосуреттері;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын регламенттейтін нұсқаулықтардан, ережелерден, бұйрықтардан және басқа да актілерден үзінді көшірмелер, өндірістегі салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адамдардың міндеттері және басқалар;
5) зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зақымның сипаты мен ауырлығы (өлімге әкеп соққан себеп) туралы медициналық қорытынды;
6) зертханалық және басқа зерттеулердің, эксперименттердің, сараптамалардың, талдаулардың нәтижелері және тағы сол сияқтылар;
7) бас мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы (егер бар болса);
8) жұмыс берушіге келтірілген материалдық залал туралы мәліметтер;
9) жұмыс берушінің зардап шеккен адамға (отбасы мүшелеріне) оның денсаулығына келтірілген зиянды өтеу және жол берілген оқиғаға кінәлі лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы бұйрығы;
10) қоса берілетін құжаттардың тізбесі болуға тиіс.
13. Зардап шеккен адам немесе қызметкерлердің өкілі жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудің бүкіл материалдарымен танысуға және қажетті үзінді көшірмелер жасауға құқылы.
Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерілуі мен есепке алынуын бақылау
Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерілуі мен есепке алынуын, сондай-ақ мұндай оқиғаларды туындатқан себептерді жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары өз құзыреттері шегінде тексерулер жүргізу, азаматтардың шағымдарын, арыздары мен өтініштерін қарау және ұйымдарды тексеру арқылы жүзеге асырады. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, сондай-ақ мұндай оқиғаларды туындатқан себептерді жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау аясында мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізетін тексерулер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика мен арнайы есепке алу туралы заңнамасына сәйкес тіркеуге және есепке алынбайды.
Әдебиеттер тізімі:
1.ҚР Конституциясы. 30.08.1995ж
2.ҚР Еңбек кодексі,2007ж.
3.Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше бір мемлекеттің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше екінші мемлекеттің азаматтары ұшыраған өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі туралы келiсiмге қол қою туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 шілдедегі № 991 Қаулысы
4.Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым жағдайдан сақтандыру Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы №30-ІІІ заңы
5.«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 314 Заңы
6.Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің 2011 жылғы «10» октября№ 46 бұйрығымен келісілген «Өнеркәсіп қауіпсіздігі мониторингін жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар»
Тақырып:Еңбекті қорғау нормаларын бұзған үшін жауапкершілік
1.Еңбек қатынастарындағы тараптардың жауапкершілігі, оның түсінігі мен жалпы ережелері.
2.Тараптарды еңбекті қорғау талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту негіздері
3.Жұмыс беруші мен қызметкерлердің жауапкершіліктерінің түрлері.
Жауапкершіліктің түсінігі. Заңдық жауапкершілік – мемлекет тарапынан шара қолдану,сондай – ақ құқыққа қарсы әрекеті үшін мәжбүрлеу шарасын қолдану.
Заңдық жауапкершіліктің қағидалары:
1/ заңдылық,
2/ әділдік,
3/ ізгілік,
4/ мақсаттылық,
5/ даралық,
6/ тек кінәлі болғаны үшін жауапкершілікке тарту,
7/ бұлтартпаушылық.
Жеке еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі бір тараптың екінші тарапқа келтірген зияны үшін шығынды өтеу міндетінен тұрады. Жеке еңбек шартының екінші тарабына зиян келтірген тарап оны белгіленген тəртіп бойынша өтеуге міндетті. Егер қызметкер өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруына байланысты жұмыс берушінің кінəсінен жарақат алса немесе денсаулығына өзге де зақым келіп, соның салдарынан ол еңбек қабілетін толық немесе ішінара жоғалтса, жұмыс беруші қызметкерге сақтандыру өтемі төленбейтін кезде оған келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тəртіп пен жағдайларда өтеуге міндетті Қолданыстағы заңдарға сəйкес қызметкерлер кəсіпорынның (мекеменің, ұйымның) мүлкіне ұқыптылықпен қарауға жəне зиянның алдын алуға қатысты шаралар қолдануға міндетті. Өз кезегінде, жұмыс беруші қызметкерлерге қалыпты жұмыс жəне өзі сеніп тапсырған мүліктің толық сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті. Сонымен, материалдық жауапкершілік туралы заңдар бір жағынан, жұмыс берушінің меншігін жан-жақты қорғауға, екінші жағынан, қызметкерлердің жалақысын негізсіз ұстап қалудан қорғауға бағытталған.
Басқаша айтар болсақ, зиянды өтеу – еңбек шартының бір тарабының екінші тарапқа қатысты туындайтын міндеті. Шарттың өзінде мұндай жауапкершілік тікелей көзделмейді, алайда, ол осы шарт тараптарының еңбек саласындағы өзінің міндеттерін тиісті дəрежеде орындамауының салдары болып табылады.
Осы айтқандарды қорытындылайтын болсақ, еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі бір тараптың екінші тарапқа келтірген материалдық зиянды заңға сəйкес өтеу міндетінен тұрады. Егер заңдарда өзгеше көзделмесе, еңбек шартының тарабын материалдық жауапкершілікке тартудың негізі болып осы шарттың екінші тарабына құқыққа қайшы жəне кінəлі зиян келтіру табылады. Зиян келтірген тұлғаның кінəсі болмаған жағдайда да шығынды өтеу міндеті заңдарда көзделуі мүмкін.
Құқыққа сəйкес əрекеттермен келтірілген шығын тек заңдарда көзделген жағдайларда ғана өтеледі.
Егер қажетті қорғаныс шегінен асып кетпесе, бұл кезде келтірілген зиян өтелуге жатпайды.
Егер бұл қауіпті осы жағдайда басқа құралдармен тойтару мүмкін болмаса, аса қажеттілік жағдайында, яғни зиян келтірушінің өзіне немесе өзге тұлғаларға төнген қауіпті жою үшін келтірілген зиянды осы үшін кінəлі тұлғалар өтеуі тиіс.
Сот мұндай зиянның келтірілу жағдайларын ескере отырып,шығынды өтеу міндетін зиянды келтірген тұлға кімнің мүддесі үшін əрекет етсе, сол үшінші тұлғаға жүктеуі мүмкін немесе үшінші тұлғаны да, зиянды келтірген тұлға да зиянды өтеуден толығымен немесе ішінара босатуы мүмкін.
Жауапкершіліктің түрлері. Заңдар материалдық жауапкершіліктің екі түрін көздейді:
1) қызметкердің жұмыс берушінің алдындағы материалдық жауапкершілігі;
2) жұмыс берушінің қызметкердің алдындағы материалдық жауапкершілігі.
Материалдық жауапкершіліктің бұл екі түрі бір-бірінен біршама ерекшеленеді.
Заңдар еңбек шарты тараптарының заңды теңдігін тани отырып,
жұмыс берушінің мына ерекшеліктерін ескереді:
1) жұмыс беруші қызметкерге қарағанда əрқашанда экономикалық тұрғыдан күштірек;
2) жұмыс беруші еңбек үрдісін ұйымдастырады жəне осыған байланысты туындауы мүмкін қолайсыз салдарға қатысты жауапкершілікте болады;
3) ол мүліктің меншік иесі ретінде оны ұстау ауыртпалығына жəне кездейсоқ бүліну немесе жойылу тəуекеліне ие болады.
Заңдар адамның басты құндылығы ретінде оның еңбекке қатысты дене жəне ақыл-ой қабілетін таниды, бұларды адам əр түрлі заңды нысандарда, бірақ, ең алдымен еңбек шартын жасасу
жолымен жүзеге асыра алатынын ескереді. Осы аталған жайтматериалдық жауапкершіліктің екі түрінің айырмашылықтарын анықтайды.
Жұмыс берушінің қызметкердің алдындағы материалдық жауапкершілігі оның қызметкерге мына жағдайлардың нəтижесінде келтірген зиянды өтеу міндетін білдіреді:
1) заңды негізсіз немесе белгіленген тəртіпті бұза отырып қызметтен босатса;
2) басқа жұмысқа заңсыз ауыстырса;
3) еңбек кітапшасында жұмыстан босатудың дұрыс емес немесе қолданыстағы заңдарға сəйкес емес себебін көрсетсе жəне бұл себеп қызметкердің жаңа жұмысқа тұруына кедергі келтірсе;
4) жұмыстан босату кезінде еңбек кітапшасын беруді кешіктірсе;
5) соттың қызметтен заңсыз босатылған немесе басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылған қызметкерді қызметке қайта қабылдау туралы шешімін уақтылы орындамаса;
6) жұмысқа қабылдаудан заңсыз бас тартса немесе еңбек шартын уақтылы жасаспаса;
7) қызметкердің денсаулығына зиян келтірсе.
Аталған мəселені тереңірек қарастырып өтелік.
Барлық қызметкерлер өздерінің жұмыс берушімен арасындағы еңбек байланысының сипатына (тұрақты, уақытша, маусымдық жəне т.б.) еңбек стажына жəне т.б. қарамастан өздерінің еңбек міндеттерін орындауымен байланысты жəне ұйымның аумағында не оның аумағынан тыс жерде орын алған жарақатпен немесе денсаулыққа келтірілген зақымның нəтижесінде туындаған зиянды өтету құқығына ие.
Жарақат механикалық, электрлік жəне т.б. зақымның нəтижесінде туындауы мүмкін. Денсаулыққа келтірілген өзге де зиян ретінде кəсіптік ауру жəне улану танылады.
Заңдарға сəйкес зиянды өтеу жəбірленген қызметкерге оның еңбекке қабілетігінің жоғалуы немесе төмендеуі салдарынан айырылған жалақысының, табыстарының (немесе олардың тиісті бөлігінің) мөлшеріндегі ақшалай сомаларды, денсаулыққа зақым келумен байланысты бір жолғы жəрдемақыны жəне өтемақылық шығындарды төлеуден көрініс табады. Жəбірленген тұлға қайтыс болған жағдайда қайтыс болған тұлғаның асырауында болғаннемесе ол қайтыс болған күні одан көмек алу құқығына ие болған еңбекке қабілетсіз келесі тұлғалар зиянды өтету құқығына ие болады: тұлға қайтыс болғаннан кейін туған баласы, сонымен қатар жұмыс істемейтін жəне қайтыс болған тұлғаның 8 жасқа толмаған балаларын, інілерін, қарындастарын, немерелерін күтетін ата-анасының бірі, зайыбы немесе отбасының өзге де мүшесі.
Жарақат алған немесе денсаулығына өзге де зақым келген қызметкердің еңбекке қабілеттін жоғалту дəрежесін (% түрінде) медициналық-əлеуметтік сараптамалық комиссия белгілейді (МƏСК).
Егер еңбек жарақаты тек жұмыс берушінің кінəсінен ғана емес,сонымен қатар қызметкердің өрескел абайсыздығы салдарынан болса да, өтелетін зиянның мөлшері қызметкер кінəсінің дəрежесіне қарай азаяды.
Сонымен қатар, жəбірленушіге еңбек жарақатымен байланысты орын алған қосымша шығындар да төленеді. Мысалы, егер медициналық əлеуметтік комиссия тұлғаны көмек алуға мұқтаж деп таныса, кəсіпорын қызметкерге айырылған жалақысын өтеумен қатар еңбек жарақатымен байланысты туындаған қосымша шығындарды да (қосымша тамақтануға, дəрі-дəрмек алуға, медициналық тексеруден өтуге жəне сауығуға, оны күтуге қатысты шығындар, соның ішінде, емдеу орнына бару жəне одан қайтуға қатысты жол шығындары, қажет болған жағдайларда сол тұлғаны апарған тұлғаның шығындары, арнайы көлік құралдарын,жанармайды жəне т.б. алуға қатысты өзге де шығындар) өтейді.
Жəбір шеккен қызметкерге қатысты жұмсалынған қосымша шығындар оны кім күткеніне байланыссыз өтелуге жатады.
Зиянды өтеуге қатысты төлемдер:
- жəбірленген қызметкерлерге – еңбек жарақатының салдарынан сол кездегі жалақысынан айырылған күннен бастап;
- асыраушысының қайтыс болуына байланысты зиянды өтеуге құқығы бар тұлғаларға – қайтыс болған күннен бастап төленеді.
Еңбектегі жарақатына немесе асыраушысының қайтыс болуына байланысты бұрынғы жалақысынан айырылғаннан кейін 3 жыл өткен соң зиянды өтеу туралы шағым білдірілген кезде зиянды өтеу өтініш берілген күннен бастап жүзеге асырылады.
Медициналық əлеуметтік сараптамалық комиссия еңбек жарақатына қатысты еңбекке қабілеттіктің айырылғанын белгілесе, жəбірленген қызметкерлерге зиянды өтеуді айырылғанжалақысының мөлшерінде жүзеге асырады. Асыраушысынан айырылуына байланысты зиянды өтету құқығына ие тұлғаларға зиянды өтеу келесідей жүзеге асырылады:
· кəмелетке толмағандарға – 18 жасқа толғанға дейін (кəсіби-техникалық, орта арнайы жəне жоғары оқу мекемелерінде оқитындар үшін – оқуын аяқтағанға дейін, алайда 23 жасқа толғанға дейін ғана);
· 60 жастан асқан ер адамдар жəне 55 жастан асқан əйелдерге – өмір бойы;
· мүгедектерге – еңбекке жарамсыздығының бүкіл кезеңінде;
· жұмыс істемейтін не қайтыс болған асыраушысының балаларын, інілерін, қарындастарын, немерелерін бағатын ата-анасына, зайыбына немесе отбасының өзге де мүшесіне – балалар 8 жасқа толғанға дейін.
Жұмыс беруші жəбір көрген қызметкерге (немесе асыраушысынан айырылуына байланысты зиянды өтету құқығына ие тұлғаларға) айырылған жалақысынан, зиянды өтетудің қосымша түрлерінен тыс бір жолғы жəрдемақы береді. Бұл жəрдемақының мөлшері ұжымдық шартта анықталады, алайда ол мыналардан кем болмауы тиіс:
· қызметкер өндірістегі қайғылы оқиғаның немесе кəсіптік аурудың нəтижесінде қайтыс болған жағдайда – оның жылдық жалақысынан 10 еседен;
· еңбектегі жарақаты немесе кəсіптік ауруының салдарынан І немесе ІІ топ мүгедегі деп танылған қызметкердің жылдық жалақысынан 5 еседен;
· еңбектегі жарақаты немесе кəсіптік ауруының салдарынан ІІІ топ мүгедегі деп танылған қызметкердің жылдық жалақысынан 2 еседен;
· қызметкерге мүгедектік тағайындалмастан еңбекке қабілеттігі жоғалды деп танылған кезде – оның жылдық жалақысынан.
Аталған жəне осыған ұқсас жағдайларда қызметкерге сонымен қатар моральдық зиян да өтелуі мүмкін.
Жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігінің туындау жағдайлары. Жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігі туындайтын жалпы жағдайлар болып мыналар табылады:
1) зиянды құқыққа қайшы түрде келтіру;
2) құқыққа қайшы əрекет (əрекетсіздік) пен туындаған зиянның арасындағы себепті байланыс;
3) кəсіпорынның кінəсі.
Бұл жағдайда құқыққа қайшылық қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етпеуді білдіреді. Құқыққа қайшы болып нəтижесінде денсаулықтың денсаулығына зақым əкелген əрекет те, əрекетсіздік те танылуы мүмкін.
Себепті байланыс қызметкерге келтірілген зиянның жұмыс берушінің құқыққа қайшы əрекетінің (əрекетсіздігінің) нəтижесінде туындауын білдіреді.
Кəсіпорынның кінəсі жəбірленген тұлғаға қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етпеген оның қызметкерлерінің кінəсін білдіреді.
Зиянды өтеу туралы өтініші еңбек жарақытымен келтірілген зиян үшін жауапкершілікте болатын жұмыс берушіге беріледі. Егер жəбірленуші жұмысты қоса атқарған ұйымда оның денсаулығына зиян келтірілсе, онда өтініші осы ұйымның басшылығына беріледі.
Ұйым қайта ұйымдастырылған (қосылған, біріккен, бөлінген, бөлініп шыққан, қайта құрылған) жағдайда өтініш оның құқық мирасқорына беріледі.
Жұмыс беруші бұл өтінішті қарауға жəне оны барлық қажетті құжаттарымен қабылдаған немесе қосымша құжаттар түскен күннен бастап 10 күннен кешіктірмей оған қатысты шешім қабылдауы тиіс. Зиянды өтеу туралы шешім жұмыс берушінің бұйрығымен ресімделеді. Бұйрық негізделген болуы тиіс, мұнда зиянның кімге өтелетіні, зиянның отбасының əрбір мүшесіне шаққандағы мөлшері жəне оны төлеу мерзімдері көрсетіледі.
Жұмыс берушінің зиянды өтеу туралы бұйрығының көшірмесі немесе негізделген жазбаша бас тарту мүдделі азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен өтініш берілген күннен бастап он күн ішінде ұсынылады. Өтінішті қарауды немесе бұйрықтың көшірмесін белгіленген мерзімде беруді кешіктіру зиянды өтеуден бас тарту ретінде қарастырылады.
Жұмыс берушінің шешімімен келіспеген жағдайда жəбірленген қызметкер немесе өзге де мүдделі тұлға бұл шешімді сот тəртібімен шағымдау құқығына ие. Жəбірленген тұлғаның зиянды өтеуге қатысты шағымдану құқығы ескіру мерзімімен шектелмеген.
Алайда, жəбірленген тұлға еңбекке қабілетінен айырылғаннан кейін үш жыл өткен соң зиянды өтеуге қатысты шағымданса, зиянды өтеу шағымданған күннен бастап жүзеге асырылады. Зиянды өтеуге қатысты төлемдерді жұмыс беруші, оның құқықмирасқоры, ал олар болмаған жағдайда – төленуге тиіс соманы капиталдандыруға тиіс орган жүзеге асырады.
Қызметкердің материалдық жауапкершілігі. Жауапкершіліктің негіздері жəне жағдайлары. Қызметкердің материалдық жауапкершілігі өзімен бірге еңбек құқығы қатынастарының қатысушысы болып табылатын жұмыс берушіге өзінің кінəсімен келтірілген мүліктік зиянды өтеу міндетінен тұрады. Қызметкердің материалдық жауапкершілігі келесі шарттар бір мезетте орын алған жағдайда туындайды:
1) жұмыс берушіге келтірілген шынайы зиян. Тікелей шынайы зиян ретінде қолдағы, шынайы мүлікке оны (немесе оның бөлігін) жоғалту, өз бетімен иемденіп алу, нашарлату, бүлдіру, құнын төмендету арқлылы келтірілген зиян түсініледі. Бұлардың нəтижесінде жұмыс беруші мүлікті немесе өзге де құндылықтарды сатып алу, қалпына келтіру үшін шығындарға батады немесе қызметкердің кінəсі бойынша басқа субъектіге (жеке немесе заңды тұлғаға) артық төлемдер төленеді.
Азаматтық құқыққа қарағанда еңбек құқығында тек тікелей шынайы зиян ғана өтелуге жатады. Қолданыстағы еңбек заңдары ұйым алуы мүмкін, алайда қызметкердің қате əрекеттері салдарынан ала алмаған табысты өтетуге тыйым салады. Мысалы,жұмысқа бүкіл жұмыс күнінде станоктың тоқтап тұруына байланысты дəлелсіз себептермен келмеген қызметкерді зиянды өтетуге тартуға болмайды. Мұндай қызметкерге тəртіптік немесе қоғамдық əсер ету шаралары қолданылуы мүмкін.
Ақшалай нысанда көрініс тапқан зиян шығын деп аталады. Шынайы зиянды (тікелей шығындарды) жалған зияннан (жалған шығындардан) ажырата білген жөн. Мүліктің шынайы азаюы немесе нашарлауы шын мəнінде болмаса да, материалдық құндылықтарды бухгалтерлік мəліметтер бойынша дұрыс құжаттық ресімдемеу салдарынан жетіпсеушілік анықталса, жалған зиян орын алады.
2) Нəтижесінде зиян келтірілген əрекеттің құқыққа қайшылығы (мысалы, құрылыс материалдарын ұрлау) немесе əрекетсіздіктің құқыққа қайшылығы (мысалы, жанармайды асыра жұмсаудың алдын алуға қатысты шаралар қолданбау), яғни қызметкердің өзіне жүктелген еңбек міндеттерін бұзуы. Құқыққа қайшы ретінде қызметкердің еңбек тəртібін сақтау жəне ұйымның мүлкіне ұқыптылықпен қарау міндетін бұзудан көрініс табатын кез-келген жүріс-тұрыс танылады.
Қызметкердің жүріс-тұрысының құқыққа қайшылығының дəлелі қызметін мүліктің бүлінгені, жоғалғаны немесе бұзылғаны туралы актілер, түсіндірмелер, құзыретті органдардың хабарламалары жəне өзге де құжаттар атқарады. Қызметкердің жүріс-тұрысының құқыққа қайшылығының даусыз дəлелі болып оны қылмыстық немесе əкімшілік жауапкершілікке Тарту табылады.
Алайда, зиян құқыққа сай əрекеттермен де келтірілуі мүмкін. Келтірілген зиян үшін мүліктік жауапкершілікті туындатпайтын құқыққа сай əрекеттерге үлкен зиянның туындауын алдын алу қажеттігі жағдайында жасалған əрекеттер, сонымен қатар аса қажеттілік жағдайында немесе тойтарылмас күштердің салдарынан жасалған əрекеттер жатады.
4) Қызметкердің зиянды келтірудегі кінəсі. Зиян қызметкердің кінəсімен келтірілген жағдайда ғана оған материалдық жауапкершілік жүктеледі. Зиянды келтіруші тұлғаның өз əрекеттерінің салдарын алдын ала білуінен немесе білу мүмкіндігінің болуынан, сонымен қатар оның өзінің жасаған əрекетіне қатынасынан кінəнің материалдық жауапкершіліктің шарты ретіндегі ерекшелігі көрініс табады. Қызметкердің қасақана немесе
абайсызда істеген құқыққа қайшы əрекеті кінəлі болып танылады.
Кінəнің екі нысанын ажыратуға болады: қасақаналық (тікелей немесе
жанама) жəне абайсыздық (менмендік немесе немқұрайдылық). Кінəнің
нысандары қызметкердің материалдық жауапкершілігінің түріне жəне мөлшеріне əсер етеді.
Материалдық жауапкершіліктің мөлшерін дұрыс анықтау үшін құқыққа қайшы əрекетімен немесе əрекетсіздігімен зиян келтірген қызметкердің кінəлілігінің дəрежесін мұқият жəне жан-жақты анықтау қажет. Қызметкер өз жүріс-тұрысының құқыққа қайшы екендігін түсінген, оның зиянды салдарын алдын ала білген жəне олардың туындауын қалаған (мысалы, ұрлық, тонау жағдайлары) кезде тікелей қасақаналық көрініс табады. Қызметкер өз əрекетінің құқыққа қайшы екенін түсініп, зиян туу мүмкіндігін алдын ала білген, алайда оның туындауына саналы түрде жол берген немесе оған немқұрайдылықпен қараған жағдайда жанама қасақаналық орын алады. Абайсыздық нысанындағы зиян кінəлі тұлға зиянныңтуындау мүмкіндігін алдын ала білуі тиіс немесе оны білуге мүмкіндігі болған, алайда оның алдын алуға қатысты шаралар қолданбаған кезде орын алады.
Материалдық зиян жұмыс беруші мен қызметкердің бірдей кінəсімен де келтірілуі мүмкін. Қызметкер өзіне сеніп тапсырылған мүліктің сақталуына тиісінше қарамаған жəне жұмыс беруші аталған мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге қатысты шаралар қолданбаған жағдайда аралас кінə орын алады.
4) Қызметкердің құқыққа қайшы əрекеті мен келтірілген зиянның арасындағы себепті байланыс. Қызметкердің құқыққа қайшы əрекеті немесе əрекетсіздігі дəл осы тұлға зиян келтірген жағдайда ғана материалдық жауапкершілікті өтеудің міндетті шарты болып табылады. Қызметкердің əрекеті (əрекетсіздігі) мен келтірілген зиянның арасында себепті байланыстың болмауы бұл тұлғаны материалдық жауапекршілікке тарту мүмкіндігін жояды.
Сондықтан, қызметкердің зиян келтірудегі кінəсі туралы мəселені шешпестен бұрын, біріншіден, əрекет (əрекетсіздік) пен нəтиженің арасындағы себепті байланысты анықтау, екіншіден, келтірілген зиянның нақты осы əрекеттің (əрекетсіздіктің) тікелей салы болып табылатынын немесе оның басқа жағдайлардың салдарынан туындағанын анықтау қажет.
Қызметкердің материалдық жауапкершілігінің туындауының міндетті шарттары осындай. Аталған шарттардың кем дегенде біреуі болмаса, материалдық жауапкершілік туындамайды.
Жалпы ереже бойынша, қызметкердің материалдық зиян келтірудегі кінəсін дəлелдеу міндеті жұмыс берушіге жүктеледі.Қызметкер өзіне сеніп тапсырылған ақшалай немесе материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі үшін жазбаша шарттың немесе арнайы қаулылардың негізінде толық материалдықжауапкершілікте болатын кездерде ғана дəлелдеу міндеті жұмыс
берушіге жүктелмейді. Мұндай жағдайда, егер қызметкер өзін кінəсіз деп санаса, материалдық зиянды келтіруде өзінің кінəсі жоқ екендігін дəлелдеуі тиіс.
Қызметкерлердің толық материалдық жауапкершілігі. Толық материалдық жауапкершілік қызметкердің зиянды қандай да бір шекке қарамастан толық мөлшерде өтеу міндетін білдіреді. Бұл жауапкершілік тек заңдарда көзделген жағдайларда ғана туындайды. Заңдарға сəйкес қызметкерлер өздерінің кінəсінен жұмыс берушіге келтірілген зиянды мына жағдайларда толық мөлшерде өтейді:
- қызметкер мен жұмыс берушінің арасында қызметкерге берілген мүлік пен басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін өзіне толық материалдық жауапкершілік алу туралы жазбаша шарт жасалған;
- заңдарға сəйкес қызметкерге еңбек міндеттерін орындау кезінде жұмыс берушіге келтірілген зиян үшін толық жауапкершілік жүктелген;
- қызметкер мүлік пен басқа да құндылықтарды бір жолғы сенімхатпен немесе басқа бір жолғы құжаттар бойынша есеп беруге алған;
- қызметкер зиянды алкогольдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық мас болу жағдайында келтірген;
- зиян материалдардың, жартылай фабрикаттардың, бұйымдардың (өнімдердің), соның ішінде оларды дайындау кезінде, сондай-ақ жұмыс беруші қызметкерге пайдалануға Берген құрал-саймандардың, ө л ш е у
а с п а п т а рд ы ң, а р н а у л ы к и і м м е н б а с қ а д а з а т т а р д ы ң
ж е т к і л і к сі здігінен, қасақана жойылуынан немесе қасақана бүлдірілуінен келтірілген;
- зиян коммерциялық құпияны жариялау салдарынан келтірілген;
- зиян қызметкердің қылмыстық тəртіппен қудаланатын əрекеттердің белгісі бар іс-əрекеттерінен келтірілген жағдайларда
Толық материалдық жауапкершілік кезінде келтірілген зиян қызметкердің жалақысына қандай да бір байланыспен қандай да бір шекпен шектеусіз толығымен өтеледі.
Қызметкерлердің толық материалдық жауапкершілікте болатын жоғарыда аталған жағдайлар осымен шектеледі.
Аталған тізімге қоса, қызметкерлердің белгілі бір санаттары толық материалдық жауапекршілік туралы жазбаша шарттардың негізінде толық материалдық жауапкершілікте болады. Бұл шарт бойынша қызметкер өзіне сақтауға немесе өзге де мақсаттарға тапсырылған мүлікті жəне өзге де құндылықтарды сақтай алмаумен байланысты зиянды толығымен өтеу міндетін алады, ал жұмыс беруші қызметкерге қалыпты еңбек жағдайларын жəне өндірістік ортаны жасауға,қызметкерге сеніп тапсырылған құндылықтарды сақтау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге міндеттенеді. Егер жұмыс беруші қалыпты жұмыс үшін жəне қызметкерге
сеніп тапсырылған материалдық құндылықтардың толығымен сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайларды жасамаса, онда бұл материалдық жауапты тұлғаның жауапкершілігінің мөлшерінің азаюына əкеледі.
Литература:
1.ҚР Конституциясы,1995ж.
ҚР Еңбек кодексі,2007ж
Тақырып:Еңбекті қорғау саласындағы еңбек дауларын реттеу ерекшеліктері.
Лекция жоспары:
1.Еңбекті қорғау салдасындағы даулардың түсінігі мен түрлері.
2. Еңбек дауларын қарау жөніндегі органдар.
3. Еңбек дауларын қараудың тәртібі.
Лекция мақсаты: еңбек дауларын түсінігі мен түрлерін анықтау, еңбек дауларын реттеу тәртіптері мен олардың қарау тәртіптерін қарастыру.
Еңбек даулары ретінде қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы тікелей келіссөздермен реттелмеген, қолданыстағы заңдарда қолдану, жаңа еңбек жағдайларын белгілеу және еңбек жағдайларын өзгерту жөніндегі мәселелерге қатысты келіспеушіліктер танылады.
Субъективтік құрам бойынша, яғни, еңбек дауына қатысушылардың құрамы бойынша еңбек даулары жеке және ұжымдық еңбек даулары болып бөлінеді.
Жеке еңбек даулары бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру немесе тануға байланысты, еңбек туралы заңдарға, ұжымдық шартқа және еңбек туралы өзге де келісімдерге байланысты талаптарын жұмыс берушіге білдірген жекелеген қызметкерлердің бастамасы бойынша туындайды.
Жеке еңбек даулары тек еңбек құқығы қатынастарының мазмұнына ғана емес, сонымен қатар, еңбек шартын бекіткенге дейінгі, оның әрекет еткен кездегі және оны бұзғаннан кейінгі жағдайларға да қатысты туындауы мүмкін (мысалы, қызметтен заңсыз босату және т.б.).
Ұжымдық еңбек даулары келесі құқықтық қатынастардан туындайды:
а) еңбек ұжымының басшылықпен, соның ішінде, ең жоғарғы басқару
органмен арасындағы құқықтық қатынастардан;
б) кәсіптік одақтың басшылықпен арасындағы құқықтық
қатынастардан.
Ұжымдық еңбек дауы – бұл тараптардың арасындағы келесі мәселелерге қатысты туындайтын келіспеушіліктер:
а) еңбектің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын және өндірістік тұрмысты өзгерту немесе еңбектің жаңа жағдайларын белгілеуге қатысты;
б) ұжымдық шартты, кесімді бекітуге немесе өзгертуге қатысты;
в) еңбек туралы заңдардың талаптарының орындалмауына қатысты.
Еңбек даулары өзінің сипаты (пәні) бойынша
талап-арыздық
талап-арыз еместік деп бөлінеді
Талап-арыздық еңбек даулары – бұл сотта бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіру туралы тиісті өтініштің (талап-арыздың) негізінде қаралатын даулар.
Талап-арыздық емес еңбек даулары - бұл заңдармен немесе еңбек туралы өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттелмеген еңбек жағдайын өзгерту немесе еңбектің жаңа жағдайларын белгілеу туралы даулар.
Еңбек дауларының себептері болып дауласушы тараптардың еңбек құқықтары мен міндеттерін бағалауындағы қарама-қайшылықтар табылады.
Бұл:
а) жеке сананың қоғамдық санадан қалып қоюы.
б) құқықтық мәдениеттің жеткіліксіз деңгейі, яғни, басшылықтың да,
жалданбалы қызметкерлердің де еңбек туралы заңдарды білмеуі немесе нашар білуі.
Еңбек дауларын қарастыратын органдар
Еңбек дауларын не арнайы уәкілетті органдар, не еңбек дауларын
шешу міндетіне және осы үшін белгілі бір өкілеттіктерге ие соттар қарастырады.
Еңбек дауларын қарастыратын органдарға мыналар жатады:
- басшылық және/немесе кәсіподақ органы (еңбектің жеке
жағдайларын белгілеу немесе өзгерту туралы);
- келісім комиссиялары (тараптардың келісімі бойынша);
- бітімгершілік комиссиялары және еңбек арбитраждары (еңбек және
тұрмыстың жағдайларын өзгертуге және жаңа жағдайларды белгілеуге, ұжымдық шарттарды және өзге де келісімдерді бекітуге және орындауға байланысты);
- жоғары тұрған ұйым;
- сот.
Еңбек дауларын қарастырудың түрлері:
а) жалпы тәртіп, бұл кезде еңбек дауы келісім комиссиясында немесе
сотта қарастырылуы мүмкін. Қызметкер еңбек дауын қарастыру үшін қандай органға шағымданатынын өзі шешеді. Алдымен ол еңбек дауларын шешу жөніндегі келісім комиссиясына шағымдана алады немесе еңбек дауын сот тәртібімен шешу үшін сотқа жолдана алады;
б) ерекше тәртіп, бұл кезде қызметкерлердің белгілі бір санаттарының
еңбек даулары белгіленген ережелерге сәйкес қарастырылады. Қызметкердің штаттық немесе штаттан тыс, уақытша, маусымдық екеніне және кәсіподақтағы немесе партияға мүшелігіне қарамастан келісім комиссиясында да, сотта да жеке еңбек даулары қарастырылады.
Соттарда мынадай еңбек даулары қарастырылады:
а) қызметкердің өтініші бойынша:
- жұмысқа қайта алу туралы;
- жұмыстан босатудың себебін және күнін өзгерту туралы;
- амалсыздан жұмыссыз жүрген немесе жалақысы төмен жұмысты орындаған уақыты үшін ақы төлеу туралы;
ә) басшылықтың өтініші бойынша:
- қызметкердің ұйымға келтірген материалдық зиянын өтету туралы;
б) келесі тұлғаларды жұмысқа алудан бас тарту туралы даулар:
- басқа ұйымнан ауысу тәртібі бойынша шақырылған тұлғаларды;
- жүкті әйелдерді және жас балалы аналарды;
- мүгедектерді және т.б.
Ұжымдық еңбек даулары
Ұжымдық еңбек дауларының пәні болып қызметкерлер ұжымы мен
жұмыс берушінің арасындағы келіспеушіліктердің негізі ретіндегі еңбек ұжымының құқықтары мен мүдделері табылады.
Жалпы алғанда, мынадай келіспеушіліктер орын алуы мүмкін:
а) ұйымда еңбектің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын өзгерту
немесе жаңа жағдайларды белгілеу;
ә) ұжымдық шартты бекіту және орындау.
Ұжымдық еңбек дауларын шешудің келесі кезеңдерден тұрады:
- бірінші кезең – талаптар қою;
- екінші кезең – дауды тараптардың қарауы;
- үшінші кезең – дауды келісім комиссиясының қарауы;
- төртінші кезең – ұжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен шешу (әрқашанда бола бермейді);
Жеке еңбек дауларын қарау тәртіптері:
ҚР еңбек кодексінің 170-бабына сәйкес жеке еңбек дауларын қарау
жөніндегі органдар жатады: келісім комиссиялары және (немесе) соттар қарайды.
Жеке еңбек дауларын еңбек дауы тараптарының өтініші бойынша келісім комиссиясы қарайды.
Еңбек шартының тараптары жеке еңбек дауын шешу үшін өз қалауы бойынша тікелей сотқа жүгіне алады.
Келісу комиссиясын құру және оның жұмысын ұйымдастыру
Келісу комиссиясы тепе-теңдік негізінде жұмыс берушінің және қызметкерлердің өкілдерінің бірдей санынан құрылады.
Келісу комиссиясының сандық құрамы, оның жұмыс істеу тәртібі және келісім комиссиясы өкілеттігінің мерзімі жұмыс беруші мен қызметкерлердің арасындағы келісім бойынша қызметкерлердің жалпы жиналысында (конференциясында) белгіленеді.
Келісу комиссиясының қызметкерлерден құрылатын мүшелері қызметкерлердің жалпы жиналысында (конференциясында) сайланады. Келісу комиссиясының жұмыс берушіден құрылатын мүшелері жұмыс берушінің актісімен тағайындалады. Келісу комиссиясының мүшелері бірінші ұйымдастыру отырысында көпшілік дауыспен өз құрамынан төраға мен хатшыны сайлайды.
Келісу комиссиясы еңбек дауын өтініш берген күннен бастап жеті күндік мерзімде қарайды. Қарау нәтижесі бойынша келісу комиссиясының шешімі қабылданады, ол қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей өтініш иесіне беріледі.
Жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі органдарға жүгіну үшін мынадай мерзімдер белгіленеді:
1) жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша - жұмыс берушінің еңбек шартын бұзу туралы актісінің көшірмесі табыс етілген күннен бастап үш ай;
2) басқа еңбек даулары бойынша - қызметкер немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиісті күннен бастап бір жыл.
Келісу комиссиясы, Енбек Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында қараудың өзгеше тәртібі белгіленген дауларды қоспағанда, ұйымдарда туындайтын еңбек дауларын қарау жөніндегі орган болып табылады.
Егер қызметкер келіспеушіліктерді жұмыс берушімен арадағы өзі немесе өз өкілі қатысатын тікелей келіссөздер барысында реттемеген болса, еңбек дауын келісу комиссиясы қарайды.
Еңбек дауларын келісу комиссиясында қарау тәртібі
Келісу комиссиясына келіп түскен өтініш аталған комиссияда міндетті түрде тіркелуге тиіс.
Келісу комиссиясы еңбек дауын өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде қарауға міндетті.
Дау өтініш берушінің немесе ол уәкілеттік берген өкілдің қатысуымен қаралады. Дауды қызметкердің немесе оның өкілінің қатысуынсыз қарауға тек оның жазбаша өтініші бойынша ғана жол беріледі. Қызметкер немесе оның өкілі аталған комиссияның отырысына келмей қалған жағдайда, еңбек дауын қарау кейінге қалдырылады. Қызметкер немесе оның өкілі дәлелді себептерсіз екінші рет келмей қалған жағдайда, келісім комиссиясы мәселені қараудан алып тастау туралы шешім шығаруы мүмкін, мұның өзі қызметкерді Еңбек Кодексте белгіленген мерзім шегінде еңбек дауын қарау туралы қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.
Келісу комиссиясы отырысқа куәгерлерді шақыртуға, мамандарды шақыруға құқылы. Комиссияның талап етуі бойынша ұйымның басшысы оған қажетті құжаттарды белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті.
Келісу комиссиясының отырысы оған қызметкерлер атынан өкілдік ететін мүшелерінің кемінде жартысы және жұмыс беруші атынан өкілдік ететін мүшелерінің кемінде жартысы қатысқан жағдайда, заңды деп есептеледі.
Келісу комиссиясының отырысында хаттама жүргізіледі, оған комиссияның төрағасы немесе оның орынбасары қол қояды.
ҚР Еңбек кодексінің 175-бабына сәйкес келісу комиссиясы отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің жай көпшілік даусымен шешім қабылдайды. Өтініш берушінің немесе комиссия мүшелерінің бірінің талап етуі бойынша дауыс беру жасырын өткізіледі.
Келісу комиссиясының шешімінде:
ұйымның (бөлімшенің) атауы, комиссияға жүгінген қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, кәсібі немесе мамандығы;
комиссияға жүгінген күн мен дауды қарау күні, даудың мәні;
комиссия мүшелері мен отырысқа қатысқан басқа да адамдардың тегі, аты, әкесінің аты;
шешімнің мәні және оның негіздемесі (заңға, өзге де нормативтік құқықтық актіге сілтеме жасай отырып);
дауыс беру нәтижелері көрсетіледі.
Келісу комиссиясы шешімінің тиісінше расталған көшірмелері шешім қабылданған күннен бастап үш күн ішінде ұйымның қызметкері мен басшысына беріледі.
Келісу комиссиясының шешімі онда белгіленген мерзімде орындалуға тиіс.
Комиссияның шешімі белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда қызметкер немесе жұмыс беруші еңбек дауын шешуді сот тәртібімен жүзеге асыруға құқылы.
Еңбек шарты бұған заңды негізсіз, не басқа жұмысқа заңсыз ауыстыру, басқа жұмыс орнына заңсыз көшіру, еңбек жағдайларын заңсыз өзгерту, жұмыстан заңсыз шеттету себебінен тоқтатылған жағдайда, жеке еңбек дауын қарау жөніндегі орган қызметтерді бұрынғы жұмысына қайта алу туралы шешім шығарады.
Бұрынғы жұмысына қайта алынған қызметкерге амалсыз бос жүрген (жұмыстан шеттетілген) барлық уақыты үшін орташа жалақысы немесе төмен ақы төленетін жұмысты орындағаны үшін, бірақ алты айдан аспайтын уақытқа жалақыдағы айырма төленеді.
Жеке еңбек дауын қарау жөніндегі органның қызметкерді бұрынғы жұмысында қайта алу туралы шешімі дереу орындалуға тиіс. Жұмыс беруші жұмысқа қайта алу туралы шешімнің орындалуын кідірткен кезде, жеке еңбек дауын қарау жөніндегі орган қызметкерге шешімнің орындалуы кідіртілген уақыт үшін орташа жалақысын немесе жалақысының айырмасын төлеу туралы шешім шығарады.
Ұжымдық еңбек дауы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, еңбек және (немесе) ұжымдық шарттардың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша қызметкерлердің талаптары туралы жұмыс беруші жазбаша хабардар етілген күннен бастап немесе жұмыс беруші, жұмыс берушілер бірлестігі өз шешімдерін хабарламаған жағдайда үш күн мерзім өткен күннен бастап туындаған деп есептеледі.
Ұжымдық еңбек даулары бітімгерлік рәсімдер тәртібімен және (немесе) сот тәртібімен шешіледі.
ҚР Еңбек кодексінің 289-бабына сәйкес қызметкерлердің еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеуді белгілеу және өзгерту, қызметкерлер мен жұмыс берушінің, жұмыс берушілер бірлестігінің арасындағы ұжымдық шарттар мен келісімдерді жасасу, өзгерту және орындау мәселелері жөніндегі талаптары қызметкерлердің жалпы жиналысында (конференциясында) қалыптастырылады және бекітіледі.
Қызметкерлер жиналысы, егер оған ұйым қызметкерлерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса заңды деп танылады.
Конференция, егер оған хаттамалық шешімдерге сәйкес қызметкерлер сайлаған делегаттардың кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп танылады.
Қызметкерлер жиналысының (конференциясының) шешімі дауыс берушілердің көпшілік дауысымен қабылданды деп есептеледі. Қызметкерлер жиналысын (конференциясын) өткізуге мүмкіндік болмаған кезде, қызметкерлардің өкілді органы өздері ұсынған талаптарын қолдайтын қызметкерлердің жартысынан астамының қолын жинап, өз шешімін бекітуге құқығы бар.
Қызметкерлердің талаптары жазбаша түрде жазылады және жұмыс берушілерге, жұмыс берушілердің бірлестіктеріне күнтізбелік үш күн мерзімде жіберіледі.
Аталған талаптарды әртүрлі жұмыс берушілердің қызметкерлері қойған жағдайда, бұл талаптарды кәсіптік одақтардың салалық немесе өңірлік бірлестіктері не қызметкерлер уәкілеттік берген өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынуы мүмкін.
Жұмыс беруші, жұмыс берушілердің бірлестігі қызметкерлердің талаптар қою жөнінде жиналыс (конференция) өткізуіне кедергі келтіруге әсер ететін қандай да болмасын араласудан қалыс қалуға міндетті.
Жұмыс беруші қызметкерлердің қойған талаптарын оларды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, жұмыс берушілердің бірлестігі бес жұмыс күнінен кешіктірмей қарауға және оларды шешу үшін шаралар қолдануға, ал көрсетілген мерзімде шешуге мүмкіндік болмаған кезде туындаған келіспеушіліктерді одан әрі қарау үшін өз өкілдерін көрсете отырып, өздерінің шешімдері мен ұсыныстарын қызметкерлерге жазбаша түрде жеткізуге міндетті.
Қызметкерлердің талаптарын шешу мүмкін болмаған кезде олар бітімгерлік рәсімдер тәртібімен қаралады.
Жұмыс беруші, жұмыс берушілердің бірлестігі (олардың өкілдері) қабылдамаған немесе олардың ішінара қанағаттандырған талаптары алдымен бітімгерлік комиссиясында, ал онда келісімге қол жеткізілмесе - еңбек арбитражында қаралады.
Тараптар ұжымдық еңбек дауын қараудың кез келген сатысында делдалға жүгіне алады. Делдалдық рәсім бітімгерлік комиссиясындағы, еңбек арбитражындағы бітімгерлік рәсімдерге қарағанда дербес рәсім болып табылады және солармен қатар жүргізілуі мүмкін.
бітімгерлік комиссиясы - ұжымдық еңбек дауын тараптарды бітімге келтіру жолымен реттеу үшін жұмыс берушілер мен қызметкерлер (олардың өкілдері) арасындағы келісім бойынша құрылатын орган.
Бітімгерлік комиссиясын тараптар жұмыс беруші, жұмыс берушілердің бірлестігі (олардың өкілдері) өз шешімін қызметкерлерге (олардың өкілдеріне) хабарлаған не хабарламаған күннен бастап не ұжымдық келіссөздер барысында келіспеушіліктер хаттамасы жасалған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде құрады.
Бітімгерлік комиссиясы ұжымдық еңбек дауы тараптары өкілдерінен тепе-тең негізде құрылады. Бітімгерлік комиссиясын құру туралы шешім жұмыс берушінің актісімен және қызметкерлер өкілдерінің шешімімен ресімделеді.
Бітімгерлік комиссиясы құрылған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қызметкерлердің (олардың өкілдерінің) талаптарын қарайды. Бітімгерлік комиссиясының талаптарды қарау, көрсетілген мерзімді ұзарту тәртібі тараптардың келісімімен жүзеге асырылады және хаттамамен ресімделеді.
Бітімгерлік комиссиясы бітімгерлік рәсім барысында, қызметкерлермен (олардың өкілдерімен), жұмыс берушімен, жұмыс берушілер бірлестігімен (олардың өкілдерімен), мемлекеттік органдармен және өзге де мүдделі тұлғалармен консультациялар жүргізеді.
Комиссияның шешімі тараптар келісімінің негізінде қабылданады, тараптардың өкілдері қол қоятын хаттамамен ресімделеді және оның тараптар үшін міндетті күші болады.
Бітімгерлік комиссиясында келісімге қол жеткізілмегенде, оның жұмысы тоқтатылады, ал дауды шешу үшін еңбек арбитражы құрылады.
Еңбек арбитражы. Еңбек арбитражын ұжымдық еңбек дауының тараптары бітімгерлік комиссиясының жұмысы тоқтатылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық немесе өңірлік комиссия мүшелерінің қатысуымен құрады.
Еңбек арбитражы мүшелерінің саны, оның дербес құрамы, еңбек дауын қараудың тәртібі тараптардың келісімімен белгіленеді. Еңбек арбитражы кемінде бес адамнан құрылуға тиіс. Еңбек арбитражының құрамына қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, мемлекеттік еңбек инспекторы, мамандар, сарапшылар мен басқа да адамдар енгізіледі.
Еңбек арбитражының төрағасын тараптар арбитраж мүшелері қатарынан сайлайды.
Еңбек арбитражы ұжымдық еңбек дауын ұжымдық еңбек дауы тараптары өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен, ал қажет болғанда басқа да мүдделі адамдар өкілдерінің де қатысуымен қарайды.
Дауды қарау рәсімін еңбек арбитражы белгілейді және ұжымдық еңбек дауы тараптарының назарына жеткізеді.
Еңбек арбитражының шешімі құрылған күнінен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмей арбитраж мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Еңбек арбитражы мүшелерінің дауыстары тең бөлінген кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Шешім дәлелді әрі жазбаша түрде болуға және оған арбитраж мүшелерінің барлығы қол қоюға тиіс.
Бітімгерлік комиссиясында ұжымдық еңбек дауы тараптарының келісіміне қол жеткізілмеген кезде, заң бойынша ереуілдер өткізу тыйым салынған немесе шектелген ұйымдарда, еңбек арбитражы міндетті түрде құрылуға тиіс.
Ұжымдық еңбек дауының тараптары еңбек арбитражының шешімін орындауға міндетті болады.
Ұжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен қарау
Ұжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен қарау тәртібі ұжымдық еңбек дауы тараптарының келісімі бойынша айқындалады.
Тараптар өздеріне қатысты тәуелсіз ұйымдар мен тұлғаларды делдал ретінде белгілейді. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық, өңірлік комиссиялар ұжымдық еңбек дауы тараптарының келісімімен ұжымдық еңбек дауларын реттеу жөніндегі жұмысқа орталық және жергілікті атқарушы органдардың, қауымдастықтардың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің басшылары мен қызметкерлерін, жұмыс берушілерді, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды тарта алады.
Делдалды таңдау жағдайларының бәрінде олардан делдалдық етуге жазбаша келісім алынуға тиіс.
Ұжымдық еңбек дауының тараптары арасында дауды делдалдың қатысуымен немесе онсыз шешу туралы келісімге қол жеткізілген барлық жағдайларда аяқталмай қалған бітімгерлік рәсімдері тоқтатылады, ал тараптар арасындағы келісімнің талаптары дауды шешудің талаптары деп есептеледі.
Ұжымдық еңбек дауының тараптары қол жеткізген келісімдер жазбаша түрде ресімделеді.
Тараптар арасында даудың шешілуі туралы келісімге қол жеткізу, егер ереуіл жарияланған болса, оның тоқтатылуына әкеп соғады.
Ұжымдық еңбек дауының шешілуімен байланысты кепілдіктер
Бітімгерлік комиссиясының мүшелері ұжымдық еңбек дауын шешу жөніндегі келіссөздерге қатысқан уақытта орташа жалақысы сақтала отырып, негізгі жұмысынан босатылады.
Қызметкерлердің, олардың бірлестіктерінің ұжымдық еңбек дауын шешуге қатысатын өкілдері ұжымдық еңбек дауын шешу кезеңінде тәртіптік жазаға тартылмайды, басқа жұмысқа ауыстырылмайды немесе солардың өкілдік етуіне уәкілеттік берген органның алдын ала келісімінсіз жұмыс берушінің бастамасы бойынша олармен еңбек шарты бұзылмайды.
Тараптардың және бітімгерлік органдарының ұжымдық еңбек дауларын реттеу жөніндегі міндеттері
1. Тараптардың ешқайсысы бітімгерлік рәсімдерге қатысудан жалтаруға құқылы емес.
2. Бітімгерлік комиссиясы, еңбек арбитражы реттей алмаған ұжымдық еңбек дауындағы келіспеушіліктер жазбаша түрде тараптардың назарына жеткізілуге тиіс.
3. Егер жұмыс берушінің өкілі өкілеттіктерінің жеткіліксіз болуына байланысты ұжымдық еңбек дауы тараптарының келіспеушіліктерін реттеу мүмкін болмаса, қызметкерлердің талаптары ұйымдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, мүлкінің меншік иелері шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдардың не шетелдік қатысуы бар ұйымдардың мүлік меншік иелеріне, құрылтайшыларына (қатысушыларына) немесе акционерлеріне табыс етіледі.
Егер бітімгерлік рәсімдер арқылы ұжымдық еңбек дауын шешуге қол жеткізілмесе, сондай-ақ жұмыс беруші бітімгерлік рәсімдерден жалтарған не ұжымдық еңбек дауын шешу барысында қол жеткізілген келісімді орындамаған жағдайларда қызметкерлер ереуіл өткізу туралы шешім қабылдай алады.
ереуіл - жұмыс берушімен ұжымдық еңбек дауында өздерінің әлеуметтік-экономикалық және кәсіптік талаптарын қанағаттандыру мақсатында жұмысты толық немесе ішінара тоқтату.
Ереуіл өткізу жөніндегі шешім қызметкерлердің (олардың өкілдерінің) жиналысында (конференциясында) қабылданады.
Қызметкерлер жиналысы, егер оған ұйым қызметкерлерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды деп танылады.
Конференция, егер оған хаттамалық шешімдерге сәйкес қызметкерлер сайлаған делегаттардың кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп танылады.
Қызметкерлер жиналысының (конференциясының) шешімі дауыс берушілердің көпшілік дауысымен қабылданды деп есептеледі. Қызметкерлер жиналысын (конференциясын) өткізуге мүмкіндік болмаған кезде қызметкерлердің өкілді органы ереуілді өткізуді қолдайтын қызметкерлердің жартысынан астамының қолын жинап, өз шешімін бекітуге құқығы бар.
Ереуілді қызметкерлер (олардың өкілдері) уәкілеттік берген орган (ереуіл комитеті) басқарады. Бірнеше жұмыс берушілердің қызметкерлері (олардың өкілдері) бірдей талаптар қойып, ереуіл жариялаған жағдайда, оны осы қызметкерлер өкілдерінің бірдей санынан құрылатын бірлескен орган басқаруы мүмкін.
Ереуілге қатысу ерікті болып табылады. Ешкімді ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеуге болмайды.
Қызметкерлерді ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлейтін тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.
Уәкілетті орган ереуілдің басталуы мен болжамды ұзақтығы туралы жұмыс берушіге, жұмыс берушілердің бірлестігіне (олардың өкілдеріне) оны жариялағанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде ескертуге тиіс.
2. Ереуіл жариялау туралы шешімде:
1) тараптардың ереуіл өткізуге негіз болған келіспеушіліктерінің тізбесі;
2) ереуіл өткізілетін күн, орын мен уақыт қатысушылардың болжамды саны;
3) ереуілді басқаратын органның атауы, бітімгерлік рәсімдерге қатысуға уәкілеттік берілген қызметкерлер өкілдерінің құрамы;
4) ереуіл өткізу кезеңінде орындалатын қажетті жұмыстардың (қызмет көрсетулердің) ең төменгі көлемі жөніндегі ұсыныстар көрсетіледі.
300-бап. Ереуілді басқаратын органның өкілеттіктері
1. Ереуілді басқаратын орган өзіне осы Кодекспен берілген құқықтар шегінде және қызметкерлер (олардың өкілдері) берген өкілеттіктер негізінде әрекет етеді.
2. Ереуілді басқаратын органның:
1) қойылған талаптарды шешу мәселелері бойынша жұмыс берушімен, жұмыс берушілердің бірлестігімен (олардың өкілдерімен), мемлекеттік, кәсіподақ, өзге де заңды және лауазымды тұлғалармен өзара қарым-қатынастарда қызметкерлер мүдделерін білдіруге;
2) жұмыс берушіден, жұмыс берушілер бірлестігінен (олардың өкілдерінен) қызметкерлердің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша ақпарат алуға;
3) қызметкерлердің талаптарын қарау барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отыруға;
4) даулы мәселелер бойынша қорытындылар шығару үшін мамандарды тартуға;
5) қызметкерлердің (олардың өкілдерінің) келісімімен ереуілді тоқтата тұруға құқығы бар.
3. Бұрын тоқтата тұрған ереуілді қайта бастау үшін бітімгерлік комиссиясының, делдалдың немесе еңбек арбитражында дауды қайта қарауы талап етілмейді. Жұмыс беруші, жұмыс берушілер бірлестігі (олардың өкілдері) және еңбек дауларын реттеу жөніндегі орган ереуілдің қайта басталуы туралы үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ескертілуге тиіс.
4. Ұжымдық еңбек дауының тараптары оны реттеу жөніндегі келісімге қол қойған, сондай-ақ ереуіл заңсыз деп танылған жағдайларда, ереуілді басқаратын органның өкілеттіктері тоқтатылады.
5. Ереуілді басқаратын органның өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде жұмыс берушінің, мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің құзыретіне жататын шешімдерді қабылдауға құқығы жоқ.
Ереуіл өткізу кезеңінде ұжымдық еңбек дауының тараптары осы дауды келіссөздер жүргізу жолымен шешуді жалғастыруға міндетті.
Жұмыс беруші, мемлекеттік органдар және ереуілді басқаратын орган ереуіл кезеңінде қоғамдық тәртіпті, ұйымның мүлкін және қызметкерлердің қауіпсіздігін сақтау, сондай-ақ тоқтап қалуы адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төндіретін машиналардың және жабдықтардың жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі өздеріне байланысты шараларды қабылдауға міндетті.
Ереуілді ұйымдастыру немесе оған қатысу қызметкердің еңбек тәртібін бұзуы деп қаралмайды және Еңбек Кодексте көзделген тәртіптік ықпал ету шараларының қолданылуына әкеп соқпайды.
Ереуіл кезінде қызметкердің жұмыс орны (лауазымы), әлеуметтік сақтандыру бойынша жәрдемақы төлеміне құқығы, еңбек өтілі сақталады, сондай-ақ еңбек қатынастарынан туындайтын өзге де құқықтарына кепілдік беріледі.
Ереуілді жалақының төленбеуіне немесе уақтылы төленбеуіне байланысты өткізуден басқа жағдайларда, ереуілге қатысушы қызметкерлердің ереуіл кезіндегі жалақысы сақталмайды.
Заңсыз ереуілдер
1) соғыс жағдайы немесе төтенше жағдай не төтенше жағдай туралы заңнамаға сәйкес айрықша шаралар енгізілген кезеңде; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің органдары мен ұйымдарында, елдің қорғанысын, мемлекеттің қауіпсіздігін, авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару, өртке қарсы жұмыстарды қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу немесе оларды жою мәселелерімен айналысатын басқа да әскери құралымдар мен ұйымдарда; арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында; қауіпті өндірістік объектілер болып табылатын ұйымдарда; жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станцияларында;
2) темір жол көлігі, азаматтық авиация, денсаулық сақтау ұйымдарында, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарда (қоғамдық көлік, сумен, электр энергиясымен, жылумен, байланыспен қамтамасыз ету), жұмысының тоқтатыла тұруы ауыр және қауіпті зардаптарға әкеп соғуы мүмкін үздіксіз жұмыс істейтін өндірістерде;
3) мерзімдер, рәсімдер және талаптар ескерілмей жарияланған жағдайда;
4) адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қатер төндіретін жағдайларда;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда заңсыз болып танылады.
көрсетілген негіздердің біреуі болғанда, сот тиісті шешім шығарғанға дейін прокурор ереуілді тоқтата тұруға құқылы.
