- •Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
- •2.Туынды
- •1. Қызметкердiң еңбек қауіпсіздiгіне және еңбекті қорғауға құқықтары:
- •2. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары.
- •1. Өндірістегі жазатайым жағдайларды тергеп-тексерудің және есепке алудың құқықтық негіздері.
- •2. Жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі міндеттері.
- •Оқулықтар мен web сайттар тізімі Нормативтік актілер:
- •Негізгі әдебиеттер:
2. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары.
Жұмыс беруші — жұмыс күшін жалдаушы. Қазақстанда жұмыс берушіге жалдамалы еңбекті пайдаланушы, заңдарда белгіленген тәртіппен тіркеуден өткен кез келген отандық және шетелдік заңи немесе жеке тұлға (соның ішінде шетелдік азамат, елде тұратын азаматтығы жоқ адам және еңбек шарты бойынша жұмысқа қабылдаушы жеке кәсіпкер, т.б.) жатады. Жұмыс беруші еңбек қатынастарының субъектілерінің бірі болып табылады[
1) жұмыс беруші өз өкілеттігі шегінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөнінде актілер шығаруға;
2) қызметкерлерден қауіпсіздік нормаларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды сақтауды талап етуге;
3) жұмыс орындарында қолайлы еңбек жағдайларын жасауға қосқан үлесі, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі өнертапқыштық ұсыныстары үшін қызметкерлерді көтермелеуге;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзған қызметкерлерді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жұмыстан шеттетуге және тәртіптік жауапкершілікке тартуға құқығы бар.
Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттері:
1. Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігінің жағдайлары мемлекеттік стандарттарға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелер талаптарына сәйкес болуға тиіс.
2. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзуы салдарынан жұмыс тоқтап тұрған уақытта қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) және орташа жалақысы сақталады. 3. Өзінің немесе айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп туындаған жағдайда, қызметкердің жұмысты орындаудан бас тартуы оны тәртіптік және (немесе) материалдық жауапкершілікке тартуға әкеп соқпайды.
4. Жұмыс беруші қызметкерді жеке және (немесе) ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етпеген жағдайда, қызметкер еңбек міндеттерін орындауды тоқтатуға құқылы, ал жұмыс беруші осы себеп бойынша туындаған іркіліс кезінде қызметкердің орташа жалақысы мөлшерінде еңбекақы төлеуге міндетті. 5. Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда, келтірілген зиянды өтеу осы Кодексте және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда жүргізіледі.
1) қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге;
2) еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін бақылауды жүзеге асыруға;
3) қызметкерлерді ұйымның аумағында және жұмыс орындарында болуы мүмкін зиянды өндірістік факторлар туралы хабардар етуге;
4) өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерге профилактика жүргізу, оларды неғұрлым қауіпсізіне ауыстыру жолымен жұмыс орындарында және технологиялық процестерде кез келген қатерді болдырмау жөнінде шаралар қабылдауға;
5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызметкерлерді ережелер мен нормативтердің талаптарына сәйкес, соның ішінде жаңа жабдықтар мен жаңа технологиялық процестерді енгізу кезінде оқытудан және даярлықтан өткізуге;
6) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және оларды ұйымда өткізуге арнап қаражат бөлуге;
7) өз қаражаты есебінен қызметкерді арнайы киіммен, арнаулы аяқ киіммен және зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғайтын жеке қорғану құралдарымен белгіленген кию мерзімінде қамтамасыз етуге, жеке ұжымдық қорғану құралдарының, арнаулы киімнің өз мақсатында қолданылуын бақылауды жүзеге асыруға;
8) өндірістік процестер мен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқамалық өткізуге, қызметкерлерді тиісті нұсқамалық құжаттармен (нұсқаулықтармен, ережелермен, әдістемелік нұсқаулармен) қамтамасыз етуге;
9) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін тексеруден өтуге және уәкілетті орган бекіткен ережелерге сәйкес ұйымдарда еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты басшылар мен мамандардың білімін тексеруді ұйымдастыруға;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ еңбек жағдайларын өзгерте отырып басқа жұмысқа ауыстырылғанда не кәсiби аурулардың белгiлерi пайда болған кезде қызметкерлердi мiндеттi түрде алдын ала, мерзiмдiк (еңбек қызметi iшiнде) медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өз қаражаты есебiнен өткізуге;
11) өз қаражаты есебiнен қызметкерлерге қажеттi санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасауға, профилактикалық тазарту құралдарымен, жуу және залалсыздандыру құралдарымен, медициналық дәрi-дәрмек қобдишаларымен, сүтпен, уәкiлеттi орган белгiлейтiн нормалардан кем болмайтын емдеу-профилактикалық тағамдармен, сондай-ақ арнаулы киiмдi және аяқ киiмдi жөндеумен қамтамасыз етуге;
12) уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын, қызметкерлер өкiлдерiн, еңбектi қорғaу жөнiндегi қоғамдық инспекторларды ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгiне, еңбек жағдайлары мен еңбектi қорғаудың жай-күйiне және Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарының сақталуына тексерулер жүргiзуi үшiн, сондай-ақ өндiрiстегi жазатайым оқиғалар мен кәсiби ауруларды зерттеуi үшiн кедергiсiз өткiзуге;
13) уәкiлеттi органға және оның аумақтық бөлiмшелерiне, қызметкерлердiң өкiлдерiне ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгiнiң, еңбек жағдайлары мен еңбектi қорғаудың жай-күйi туралы қажеттi ақпарат беруге;
14) мемлекеттiк еңбек инспекторларының нұсқамаларын қабылдауға және орындауға;
15) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды және кәсiби ауруларды тiркеудi, есепке алуды және талдауды жүзеге асыруға;
16) уәкiлеттi орган бекiткен ережелерге сәйкес қызметкерлер өкiлдерiнiң қатысуымен, өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайларының жай-күйi бойынша мезгiл-мезгiл, кемiнде бес жылда бiр рет аттестаттаудан өткiзуге, сондай-ақ, қайта құрудан, жаңғыртудан өтiп, жаңа техника немесе технология орнатқаннан кейiн мiндеттi аттестаттаудан өткiзуге;
17) қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеуге;
18) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тергеудi қамтамасыз етуге;
19) пайдаланудағы негiзгi қорлардың бәрiн еңбек қауiпсiздiгiнiң және еңбектi қорғаудың қолданылып жүрген нормалары мен ережелерiне сәйкес келтіруге;
20) қызметкер еңбек міндеттерін атқару кезінде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жауапкершiлiктi сақтандыруға;
21) еңбек жағдайлары зиянды және қауiптi жұмыстарда iстейтiн жұмысшылар мен мамандарды гигиеналық оқытуды (жалпы және кәсiби аурулардың алдын алу мәселелерi бойынша санитарлық минимумды) қамтамасыз етуге;
22) авариялық жағдайдың өрiстеп кетуiн және зақым келтiретін факторлардың басқа адамдарға әсерiн болдырмау жөнiнде шұғыл шаралар қабылдауға;
23) егер жазатайым оқиға басқа адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiрмейтiн және авариялық жағдайдағы жай-күйге соқтырмайтын болса, өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеу басталғанға дейiн оқиға болған сәттегi жағдайды сақтауға, ал оны сақтау мүмкiн болмаған жағдайда қалыптасқан жағдайды белгiлеп алуға (схемасын жасауға, соның iшiнде суретке, бейнетаспаға түсiрудi пайдалануға);
24) өндiрiсте болған топтық (екi және одан да көп адам) жазатайым оқиға, жазатайым ауыр оқиға не кiсi өлiмiне әкеп соқтырған жазатайым оқиға туралы бiр тәулiк iшінде тиiстi мемлекеттiк органдарға хабарлауға;
25) қатты улану жағдайлары туралы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның тиiстi аумақтық бөлiмшесiне хабарлауға мiндеттi. Ұйымның қызметi мен жұмыс түрлерiнiң ерекшелiгi, аса жоғары қауіп көздерінің бар болуы ескерiле отырып, жеке еңбек не ұжымдық шарттарда жұмыс берушiнiң қосымша мiндеттерi көзделуі мүмкiн.
3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жұмыс берушінің қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.
Қызметкерлер бұл мақсаттарға шығынданбайды. Қаражат көлемі ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушінің актісімен айқындалады.
Мысалы, ҚР Еңбек кодексінің 312-бабына сәйкес:
1. Жұмыс беруші ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлерді Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімдік медициналық тексеруден және тексерілуден өткізуді өз қаражаты есебінен ұйымдастыруға міндетті.
2. Ерекше қауіпті жұмыстармен, машиналармен және тетіктермен байланысты жұмыстарда істейтін қызметкерлер ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге тиіс. Ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өту талап етілетін кәсіптердің тізімін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
Тақырып:Еңбекті қорғау саласындағы қызметкердің құқықтарына кепілдіктер.
Жоспар:
1.Еңбек шартымен қызметкерлерге еңбекті қорғауға берілетін кепілдіктер.
2.Еңбек қызметі процессінде қызметкерлерің еңбегінің қоғалуына берілетін кепілдіктер.
3.Қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру.
4.Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру және білімін тексеру.
Лекция мақсаты: Студенттерге еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға қызметкерлер құқықтарының кепілдіктерін түсіндіру, жұмысқа қабылдау кезiндегі еңбек қауiпсіздiгіне және еңбекті қорғауға құқықтарының кепілдіктерiн оқытып, үйрету болып табылады.
Лекция мәтіні. Жеке еңбек шартының талаптары Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау туралы нормативтiк құқықтық актілерiнiң талаптарына сәйкес келуге тиiс. Азаматтарды олардың денсаулық жағдайына терiс әсер ететiн жұмысқа қабылдауға тыйым салынады. Қауiптi және зиянды өндiрiстiк факторларды қоса алғанда, жеке еңбек шартында жұмыс орнының шынайы сипаттамасы, Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау туралы заңдарында және ұжымдық шартта көзделген осындай жағдайларда жұмыс iстегенi үшiн берiлетін жеңiлдiктер мен өтемақылар көрсетiлуге тиiс. Еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарға қабылдау кезiнде жұмыс беруші қызметкердi кәсiби аурудың туындау мүмкiндігі туралы ескертуге мiндеттi.
Ұйымдардағы, әрбiр жұмыс орнындағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жағдайлары еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік стандарттар, ережелер талаптарына сәйкес болуға тиіс. Ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзуы салдарынан жұмысын тоқтатқан уақытқа қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталуы тиіс. Қызметкердің өзiнiң немесе айналадағы адамдардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауіп туындаған жағдайда жұмысты орындаудан бас тартуы оны тәртіптiк және (немесе) материалдық жауапқа тартуға әкеп соқтырмайды. Қызметкер жеке және (немесе) ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киiммен қамтамасыз етілмеген жағдайда жұмыс берушiнiң қызметкерден еңбек мiндеттерiн орындауды талап етуге құқығы жоқ және сол себептен бос тұрып қалған уақытқа орташа жалақысы мөлшерiнде ақы төлеуге тиiс. Қызметкер еңбек мiндеттерiн атқару кезiнде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген жағдайда оған келтiрілген зиянды өтеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Қызметкерде еңбек жарақаты, кәсiби ауру немесе зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерi салдарынан денсаулығының өзге де зақымдалу белгілерi байқалған жағдайда жұмыс берушi медициналық қорытындының негiзiнде қызметкердi өзiнің келiсiмi бойынша денсаулығына терiс әсерiн тигiзбейтін басқа жұмысқа ауыстыруға тиiс.
Әйелдердiң және жасы он сегізге толмаған адамдардың еңбегін қорғау.
Ауыр қол еңбегi жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауiптi (ерекше қауiптi) жұмыстарда әйелдердiң және жасы он сегiзге толмаған адамдардың, сондай-ақ бұл жұмыстар денсаулық жағдайына терiс әсер ететiн адамдардың еңбегiн пайдалануға тыйым салынады. Әйелдердiң және жасы он сегiзге толмаған адамдардың еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын ауыр қол еңбегi жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауiптi (ерекше қауіптi) жұмыстардағы өндiрiстердiң, кәсiптердiң тiзiмiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша уәкілеттi орган бекiтедi. Жүктi әйелдер медициналық қорытындыға сәйкес орташа айлық жалақысы сақтала отырып, қолайсыз өндiрiстiк факторлары жоқ басқа жұмысқа ауыстырылады.
Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқаулық беру және білiмдерiн тексеру мынадай нысанда жүзеге асырылады:
1. Қызметкерлердi еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқытуды, нұсқаулық берудi, бiлiмдерiн тексерудi жұмыс берушi өз қаражаты есебiнен жүргiзедi.
2. Қызметкерлердi еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқытудың, нұсқаулық берудiң, бiлімдерiн тексерудiң тәртiбi мен мерзiмi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
3. Жұмысқа қабылданған адамдар кейiннен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша бiлiмдерiн мiндеттi тексеруден өткiзе отырып, жұмыс берушi ұйымдастыратын алдын ала оқытудан мiндетті түрде өтедi. Еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқытудан, нұсқаулық беруден және бiлімдерiн тексеруден алдын ала өтпеген қызметкерлер жұмысқа жіберiлмейдi.
4. Өндiрiс ұйымдарының басшы қызметкерлерi мен еңбек қауіпсiздігін және еңбектi қорғауды қамтамасыз ететін жауапты адамдар мезгіл-мезгіл, кемiнде үш жылда бiр рет тиiстi жоғары оқу орындарында немесе мекемелерде бiліктілігін арттыру курстарында еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімдерiн тексеруден өтуге мiндеттi.
Еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтарына берілетін кепілдіктер Қазақстан Республикасының Заңдары негізінде жүзеге асырылады. Жұмыс беруші ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлерді Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімдік медициналық тексеру және тексерілуден өткіп тұрады.
Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру және білімдерін тексеру басшылық тарапынан немесе комиссия құру арқылы жүзеге асырылады. Жұмысқа қабылданған адамдар кейіннен олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытылып отырады.
Заңда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлер құқықтарының кепілдіктерін айқындайтын құқықтық нормалар мынадай мәселелер бойынша топтастырылған: Еңбек шартын жасасу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтарына берілетін кепілдіктер күрделі болып келеді. Бұлардың ішінде, мысалы, еңбек шартында зиянды және қауіпті өндірістік жағдайлардағы жұмыс үшін берілетін кепілдіктер, жеңілдіктер мен өтемақы төлемдері көрсетілуге тиіс. Еңбек қызметі процесіңде қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтарына берілетін кепілдіктер ауқымдырақ. Бұл ретте мынаны атап айтқан жөн. Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігінің жағдайлары мемлкеттік стандарттарға, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі ережелер талаптарына сәйкес болуға тиіс. Бұлар жұмыс берушінің кінәсінен орындалмаған, бұзылған жағдайларда қызметкерлердің заңды кепілдіктері қолданылады.
Кепілдіктер тобына сонымен бірге жұмыс берушінің қызметкерлерді міңдетті медициналық тексеруден өткізу; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру және білімдерін тексеру жөніндегі міндеттері жатады. Қызметкерлердің және жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласыңдағы құқықтары мен міндеттері Еңбек кодексінің 35-тарауында (314—318-баптар) қаралған.
Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде, мысалы, тиісті жабдықталған жұмыс орнына; белгіленген талаптарға сәйкес санитарлық — тұрмыстық үй-жайлармен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етілуге; қажетті білім алуға және кәсіптік даярлыққа; ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының сақталуына және т.б. құқығы бар. Сонымен бірге заңмен қызметкерлерге бірнеше міндетгер де жүктелген. Атап айтар болсақ, мысалы, қызметкер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніңдегі нормалардың, ережелердің және нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ жұмыс берушінің өндірістегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын сақтауға міндетті.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында жұмыс беруші: қызметкерлерді өнертапқыштық ұсыныстары үшін ынталандыруға және белгіленген тәртіппен жұмыстан шеттетуге және тәртіптік жауапкершілікке тартуға құқылы.
Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңмен бекітілген міндеттеріне мыналарды жатқызамыз: еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі ұйымдастыру — техникалық іс-шараларын жүргізуге; мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға; өңдірістік объектілердегі еңбек жағдайларының жай-күйі бойынша 5 жылда бір реттен сирек болмайтындай етіп мерзімдік аттестаттауды өткізуге; қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және т.б. іске асыруға міндетті.
Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды ұйымдастыру жөніңдегі құқықтық нормалар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласыңдағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау; өндірістік объектілер мен өндіріс құралдарын жобалау, салу және пайдалану кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар; жұмыс орыңдарының қауіпсіздік талаптары туралы мәселелерді реттеуге арналған. (Еңбек кодексінің 319 — 321-баптары).
Зандық жоғары деңгей дәрежесіңде құқықтық реттеумен еңбек қьізметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тергеп тексеру мен есепке алу туралы мәселелер қамтылған. Бұл жөніндегі нормалар Еңбек кодексінің тергеп-тексерудің жалпы жағдайлары және өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу; жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіңдегі міңдеттері; өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі; өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктері; өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу және оларды есепке алу; жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп — тексерілуі мен есепке алынуын бақылау деп аталатын.
2. Жұмысқа қабылдау кезiндегі еңбек қауiпсіздiгіне және еңбекті қорғауға құқықтарының кепілдіктерi Қазақстан Республикасының Заңдары негізінде жүзеге асырылады. Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудағы құқықтары:
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі, сондай-ақ еңбек шартында, ұжымдық шартта кезделген талаптарға сәйкес санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етілуге;
еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға және оның аумақтық бөлімшелеріне өз жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауға тексеру жүргізу туралы өтініш білдіруге;
өзі немесе өз өкілі арқылы еңбек жағдайларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеруге және қарауға қатысуға;
денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде бұл жөнінде тікелей басшысына немесе жұмыс берушіге жазбаша түрде хабарлай отырып, жұмысты орындаудан бастартуға;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек міндеттерін қауіпсіз атқару үшін қажетті білім алуға;
жұмыс берушіден жұмыс орнының сипаты мен ұйымның аумағы, еңбек жағдайларының жай-күйі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы, өмірі мен денсаулығына төнген қатер туралы, сондай-ақ оны зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауілті өндірістік факторлардың әсерінен қорғау жөніндегі шаралар туралы дәйекті ақпарат алуға;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай болмауына байланысты ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының сақталуына;
жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңсыз әрекеттеріне шағымдануға құқығы бар.
Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттері.
Қызметкер:
өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға, кәсіптік аурудың (уланудың) белгілері, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туралы өзінің тікелей басшысына дереу хабарлауға;
міндетті мерзімді медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан, сондай-ақ өндірістік қажеттілікке байланысты басқа жұмысқа ауысу үшін не кәсіптік аурудың белгілері пайда болған кезде медициналық куәландырудан өтуге;
жұмыс беруші беретін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын қолдануға және мақсатқа сай пайдалануға;
медициналық мекемелер ұсынған емдік және сауықтыру іс-шараларын жұмыс беруші қаржыландырған жағдайда соларды орындауға;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормалардың, ережелердің және нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ жұмыс берушінің өндірістегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын сақтауға міндетті.
Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары:
Жұмыс беруші:
қызметкерлерді жұмыс орындарында қолайлы еңбек жағдайларын жасағаны, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі өнертапқыштық ұсыныстары үшін ынталандыруға;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзатын қызметкерлерді осы Кодексте белгіленген тәртіппен жұмыстан шеттетуге және тәртіптік жауапкершілікке тартуға құқылы.
Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттері.
Жұмыс беруші:
профилактикалық шаралар жүргізу, өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерді олардың неғұрлым қауіпсіз түрлерімен ауыстыру жолымен жұмыс орындарында және технологиялық процестерде кез келген тәуекелдерді болғызбау жөніндегі шараларды қабылдауға;
қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту мен даярлаудан өткізуге;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын жүргізуге;
нұсқаулар беруге, өндірістік процесс пен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі құжаттармен қамтамасыз етуге;
еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ережелерге сәйкес білімін тексеруден өтуге және басшылар мен мамандардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін тексеруді ұйымдастыруға;
қызметкерлерге қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасауға, қызметкерлердің арнаулы киімі мен аяқ киімін беруді және жөндеуді, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нормаларға сәйкес қызметкерлерді профилактикалық өңдеу, жуу және зарарсыздандыру құралдарымен, медициналық қобдишамен, сүтпен, емдеу-профилактикалық тағамдармен жабдықтауды қамтамасыз етуге;
еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға және оның аумақтық бөлімшелеріне, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының лауазымды адамдарына, қызметкерлердің өкілдеріне солардың жазбаша сауалы бойынша ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбек жағдайлары және еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы қажетті ақпарат беруге;
мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға;
өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды тіркеуді, олардың есебін жүргізуді және талдауды жүзеге асыруға;
еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ережелерге сәйкес қызметкерлер өкілдерінің қатысуымен өндірістік объектілердегі еңбек жағдайларының жай-күйі бойынша бес жылда бір реттен сирек болмайтындай етіп мерзімдік аттестаттауды еткізуге, сондай-ақ жаңғыртудан, жаңа техника немесе технология орнатудан кейін міндетті аттестаттауды өткізуге;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруді қамтамасыз етуге;
еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгені үшін жауапкершілікті сақтандыруға;
13) қатты улану жағдайлары туралы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның тиісті аумақтық бөлімшесіне хабарлауға;
қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты басқа жұмысқа ауыстыру кезінде не кәсіптік аурудың белгілері пайда болғанда өз қаражаты есебінен қызметкерлерді міндетті, мерзімдік (еңбек қызметі барысында) медициналық тексерулерден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өткізуге;
авариялық жағдайдың өршуін және басқа да факторлардың басқа адамдарға әсер етуін болғызбау жөніндегі шұғыл шараларды қабылдауға міндетті. Қызмет ерекшеліктері мен жұмыстардың түрлері, айрықша қауіптілік кездерінің болуы ескеріле отырып, еңбек шартында не ұжымдық шартта жұмыс берушінің қосымша міндеттері көзделуі мүмкін.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастыру, техникалық, технологиялық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық, физикалық және өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді белгілейді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады. Жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеуді және бекітуді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен тәртіппен жүзеге асырады.
Тақырып:Қызметкерлердің жекелеген түрлерінің еңбегінің қорғалуы.
1.Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін қорғау ерекшеліктері.
2.Әйелдердің және отбасылық міндеттері бар өзге адамдардың еңбегін қорғау.
3. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істеитін қызметкерлердің еңбегін қорғаудың ерекшеліктері.
4. Мүгедектердің еңбегін қорғау ерекшеліктері.
1.Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң еңбек қатынастарындағы құқықтары кәмелетке толғандар құқықтарына теңеледi, ал еңбекті қорғау, жұмыс уақыты, демалыс уақыты және басқа еңбек жағдайлары саласында, осы ҚР Еңбек Кодексте белгiленген қосымша кепiлдiктер қолданылады.
Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін ауыр жұмыстарда (құрылыс, метталлургия кәсіпорындарында және т.б. ), еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда, т.б. жұмыстарда қолдануға болмайды, белгіленген шекті нормалардан артық жүктерді тасуына және қозғалтуына тыйым салынады. Жасы он сегізге толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 31 шілдедегі №185-ө бұйрығымен бекітілген.
Он сегiз жасқа толмаған адамдардың еңбегін: ауыр (ерекше ауыр), еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi (ерекше қауiптi) жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлерге, оларға белгіленген шекті нормалардан артық салмақтарды тасуға және қозғалтуға тыйым салынады. Он сегiз жасқа толмаған адамдардың еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмiн, он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң салмақтарды тасуға және қозғалтуға белгiленген шектi нормаларын еңбек жөнiндегi уәкілеттi орган айқындайды.
Он сегiз жасқа толмаған азаматтармен еңбек шарттары алдын ала мiндеттi медициналық тексеруден кейiн жасалады және одан әрi қызметкерлер он сегiз жасқа толғанға дейiн, жыл сайын мiндеттi медициналық тексерулерден өтуге тиiс.
Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлерге: 1) он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi қызметкерлер үшiн - аптасына 24
сағаттан аспайтын;
2) он алты жастан он сегіз жасқа дейiнгi қызметкерлер үшін - аптасына 36 сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс уақыты белгiленедi.
Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлерге қысқартылған жұмыс уақытында еңбекақы төлеу тиiстi санаттағы қызметкерлерге күн сайынғы жұмыстың толық ұзақтығы мөлшерінде жүргiзiледi. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң өнiм нормалары қызметкерлер өнiмiнiң жалпы нормаларына орай қысқартылған жұмыс уақытына сәйкес белгiленедi.
Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердi түнгi уақыттағы жұмысқа, мерзiмнен тыс жұмысқа, жиынтық жұмыс уақыты режимiндегі жұмысқа, сондай-ақ оларды қызметтiк iссапарға және вахталық әдiспен орындалатын жұмысқа тартуға тыйым салынады.
Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер жұмыс берушіге келтiрiлген зиян үшiн, өзiнiң орташа жалақысының шегiнде материалдық жауапкершілiкте болады. Жұмыс берушіге келтiрiлген зиян үшiн он ceгiз жасқа толмаған қызметкерлерге материалдық жауапкершілiк толық көлемiнде: 1) алкогольды, есiрткi немесе уытқұмарлық масаң болу (оларға ұқсастарды қолдану) күйiнде зиян келтiрген; 2) материалдар, жартылай фабрикаттар, өнiмдер, оның ішiнде оларды жасау кезiнде, сондай-ақ жұмыс берушi қызметкерге пайдалануға берген құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар, арнайы киiмдер және басқа заттар жетiспеген, қасақана жойған немесе қасақана бүлдірген; 3) мемлекеттiк құпияны, қызметтiк, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын, қызметкерге еңбек міндеттерін атқаруына байланысты сеніп тапсырылған құпияны қасақана жариялаған; 4) қызметкер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қылмыстық істерімен зиян келтірген жағдайларда жүктеледі.
Сонымен он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін - 24 сағаттан аспайтын,
Он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі қызметкерлер – 36 сағаттан аспайтын,
Білім беру мекемелерінде оқитын және оқу жылы ішінде оқуды жұмыспен қатар алып жүретін он төрт жастан он алты жасқа дейінгі оқушыларға – күніне 2,5 сағат, он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі оқушыларға – күніне 3,5 сағат жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді. (бұл жағдай туу туралы куәлікпен немесе төлқұжатпен дәлелденеді, сонымен қатар, жұмыскер жұмыс берушіге білім мекемесінде оқитыны туралы растаушы анықтаманы ұсынуға міндетті.)
Он төрт жасқа толмаған балалар оқудан тыс уақытта тек қана ата – аналарының рұқсатымен ғана жұмысқа жіберіледі. Атқарып жүрген жұмысы оқуына кедергі келтірмеуі тиіс.
Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлермен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасасуға тиым салынады.
2.Егер еңбек шарты аяқталған күнi әйел мерзiмi он екi апта және одан көп апта жүктiлiгі туралы медициналық қорытынды ұсынса, оның еңбек қатынастарын ұзарту туралы жазбаша өтiнiшi бойынша жұмыс берушi еңбек шартының мерзiмiн бала үш жасқа толғанға дейiн, оның күтiмi жөнiндегі демалыс аяқталған күнге дейiн ұзартуға мiндетті.
Әйелдер еңбегiн ауыр (ерекше ауыр) жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіптi (ерекше қауiптi) жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады.
Әйелдерге, олар үшiн белгіленген шектi нормадан артық салмақтарды қолмен тасуға және көшiруге тыйым салынады.
Әйелдер еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмiн, әйелдердiң салмақтарды қолмен тасуға және көшiруге белгiленген шектi нормаларын еңбек жөнiндегi уәкілеттi орган белгілейдi.
Жұмыс берушінің жүктi әйелдердi түнгi уақыттағы жұмысқа, демалыс және мейрам күндерiндегі жұмысқа тартуға, егер медициналық қорытынды негізiнде оларға аталған жұмысты орындауға рұқсат етiлмесе, сондай-ақ оларды қызметтiк iссапарға жiберуге құқығы жоқ. Жұмыс берушiнің:
1) үш жасқа дейiн баласы бар әйелдердi және анасы жоқ үш жасқа дейiнгi балаларды тәрбиелеп отырған әкелердi;
2) егер медициналық қорытынды негiзiнде үш жасқа дейiнгi балалар, мүгедек-балалар не отбасының ауру мүшесi қызметкердiң аталған санаттарының күтiмiне мұқтаж болғанда отбасының ауру мүшесiне күтiм жасап не мүгедек-балаларды тәрбиелеп отырған қызметкерлердi түнгi уақыттағы жұмысқа, мерзiмнен тыс жұмысқа тартуға, сондай-ақ iссапарға және вахталық әдiспен iстелетiн жұмысқа жазбаша келiсiмiнсiз жiберуге құқығы жоқ.
Демалу және тамақтану үшiн үзiлiстерден, ауысым ішiндегi және арнайы үзiлiстерден басқа бiр жарым жасқа толмаған балалары бар әйелдерге, анасыз бiр жарым жасқа дейiнгі балаларды тәрбиелеп отырған әкелерге баланы (балаларды) тамақтандыру үшiн, жұмыстың әр үш сағатынан жиi емес ұзақтығы мынадай:
1) бiр баласы бар әйелдерге (әкелерге) - әр үзіліс отыз минуттан кем емес; 2) екi немесе одан да көп баласы бар әйелдерге (әкелерге) - әр үзiлiс бiр сағаттан кем емес қосымша үзілістер беріледi.
Баланы (балаларды) тамақтандыру үшiн үзiлiстер жұмыс уақытына кiредi, үзiлiстер уақытында әйелдердiң (әкелердің, асырап алушылардың) орташа жалақысы сақталып қалады.
Жұмыс берушi жүктi әйелдің, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдiң, сондай-ақ отбасының ауру мүшесiне медициналық қорытындыға сәйкес күтiмдi жүзеге асыратын қызметкердiң жазбаша өтiнiшi бойынша оларға толық емес жұмыс уақыты режимi белгiлей алады.
Жүктi әйелдерге, егер жұмыс күнiнiң ұзақтығы сегiз сағаттан артық болса жиынтық жұмыс уақыты режимi (жұмыс ауысымын) қолдануға тыйым салынады.
Жұмыс берушi медициналық қорытынды негiзiнде жүктi әйелдi, қолайсыз өндiрiстiк факторлардың әcepi болмайтын басқа жұмысқа, бұрынғы жұмысындағы орташа жалақымен есептелген жалақысын сақтай отырып ауыстыра алады. Жүкті әйелге медициналық қорытынды негiзiнде тиiстi жұмыс беру не ол болмаса басқа жұмысқа ауыстыру мәселесiн шешуге дейiн жүктi әйелдi жұмыс берушi, оның салдарынан жұмыс iстемеген күндерi үшiн бұрынғы жұмысы бойынша орташа жалақысын сақтай отыра жұмыстан босатуға тиiс.
Жүктiлiгі және босануына байланысты демалыстар
Әйелдерге босануына дейiн ұзақтығы жетпiс күн және босанғаннан кейiн елу алты (қиналып босанған немесе екi немесе одан да көп, бала туған жағдайда - жетпіс) күнтiзбелiк күн-жүктiлігi және босануына байланысты демалыс беріледi.
Ядролық сынақтардың әсерi тиген аумақтарда тұратын әйелдерге, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес дейiн ұзақтығы жетпiс күн және босанғаннан кейiн жетпiс (қиналып босанған немесе екi немесе одан да көп бала туған жағдайда - жүз қырық) күнтiзбелiк күн жүктiлiгi және босануына байланысты демалыс берiледi.
Жаңа туған балаларды асырап алған әйелге (еркекке), (ата-анасының бiреуіне) баланы асырап алған күннен бастап және бала туған күннен елу алты күн өткенге дейiнгі кезеңге ақылы демалыс берiледi.
Жұмыс берушi қызметкерге бала үш жасқа келгенге дейiн оны күту үшін: 1) ата-анасының қалауы бойынша - баланың анасына не әкесіне; 2) баланы жалғыз тәрбиелеп отырған - ата-анасына;
3) баланы нақты тәрбиелеп отырған әжесiне, атасына, басқа туысына немесе қамқоршысына;
4) жаңа туған баланы асырап алған қызметкерге жалақысы сақталмайтын демалыс беруге мiндеттi.
Бала күтiмi жөнiндегi, ол үш жасқа келгенге дейiн жалақысы сақталмайтын демалыс уақытында қызметкердiң жұмыс орыны (лауазымы) сақталады. Бала күтiмi жөнiндегi, ол үш жасқа келгенге дейiн жалақысы сақталмайтын демалыс уақыты, егер Қазақстан Республикасының заң актiсiнде өзгеше көзделмесе, жалпы еңбек стажына, мамандығы бойынша жұмыс стажына есептеледi.
3. Ауыр (eрeкшe ауыр) жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстарда iстейтiн қызметкерлер үшiн жұмыс уақытының қысқартылған, аптасына 36 сағаттан аспайтын ұзақтығы белгіленеді.
зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайлары - белгілі бір өндірістік факторлардың әсері қызметкердің еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне немесе сырқаттануына не оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;
зиянды өндірістік фактор - әсері қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне және (немесе) оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор; кәсіптік ауру - қызметкердің өз еңбек (қызмет) міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру;
Қысқартылған жұмыс уақытына құқық беретiн өндiрiстер, цехтар, кәсіптер мен лауазымдар тiзiмiн, сондай-ақ ауыр (ерекше ауыр) жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi (ерекше қауiптi) жұмыстардың тiзбесiн еңбек жөнiндегi уәкілетті мемлекеттiк орган белгілейдi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1930 қаулысымен Жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы өндiрiстердiң, жұмыстардың, кәсiптердiң, лауазымдар мен көрсеткiштердiң N 1 Тiзiмiн және Еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы өндiрiстердiң, жұмыстардың, кәсiптердiң, лауазымдар мен көрсеткiштердiң N 2 Тiзiмiн бекiтілген. Мысалы оларға жататындар:
1. Тау-кен жұмыстары
2. Металлургия өндiрiсi (қара металлдар)
3. Кокс, күлкокс, термоантрацит және кокс-химия өндiрiсi т.б
Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілде N 414-I Заңына сәйкес мемлекеттік арнайы жәрдемақы (бұдан әрі - жәрдемақы) - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда осы Заңда белгіленген жұмыс стажы бар адамдарға ақшалай берілетін төлем.
Жәрдемақы ай сайын төленеді және алатын жалақысына қарамастан төленеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің N 1 тізімі бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс стажы бар азаматтардың: еркектер - 53 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 20 жыл болып, оның кемінде 10 жылын аталған жұмыстарда істегенде; әйелдер - 48 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 15 жыл болып, оның кемінде 7 жыл 6 айын аталған жұмыстарда істегенде, жәрдемақы тағайындалуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің N 2 тізімі бойынша еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс стажы бар азаматтардың: еркектер - 58 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 25 жыл болып, оның кемінде 12 жыл 6 айын аталған жұмыстарда істегенде; әйелдер - 53 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 20 жыл болып, оның кемінде 10 жылын аталған жұмыстарда істегенде, жәрдемақы тағайындалуға құқығы бар.
Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің N 2 тізімі бойынша еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда осы Заңға сәйкес талап етілетін жұмыс стажы жеткіліксіз болған жағдайда Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің N 1 тізімі бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы жұмыс стажы есепке алынады.
4. Жалпы мүгедек дегеніміз – бұл өмірлік қызметіне шек келітірп, оның әлеуметтік қорғалуын қажет ететін ағза қызметінің бұзылуы, аурулар, жарақаттар, олардың зардабынан болған дефектілері бар денсаулығы бұзылған тұлға. Бұл мүгедектер қоғамның әлсіз топтарына жатады, сондықтан да олардың құқықтарының айрықша қорғалуына әрбір мемлекет ереше назар аударады.
«Мүгедектік» сөзінің орысша баламасы «инвалидность» сезі латынның «invalidus» сөзінен туындаған және «әлсіз, күші жоқ» деген мағынаны білдіреді.
С.Т.Ожеговтың сөздігінде мугедек «аурудың, жарақаттың салдарынан еңбекке қабілетін жоғалтқан адам» деп анықталған* (Ожегов С. Т. Соч. C.214). В.Дальдың сөздігіне сәйкес, мүгедек - бүл «қызметке қабілетсіз элсіз, жарақаттанған адам»* (Даль В. Тольковый словарь живого великорусского языка. M.9164., т.2. С.99). Шетелдік сөздері сөздігінде мүгедек «аурудың, жарақаттың немесе дамуьндағы туа біткен кемшіліктердің салдарьшан өз кәсібі бойынша жұмыс істеуге қабілетсіз адам» ретінде анықталған* (Словарь иностранных слов.М. 1988, с.190). Медициналық әдебиеттерде мүгедектік ретінде «еңбекке қабілеттің созылмалы аурудың, жарақаттың немесе патологиялық жағдайдың салдарынан бұзылуы немесе мардымсыз шектелуі» түсініледі* (Краткая медицинская энциклопедия в 3 тома. \ Под ред.Б.Е Шетровского. М., 1989,' т.іс.523).
Бұл мәселе жөнінде БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдар қарарларын шығарып отырады. (2006 жылғы 13 желтоқсан Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция).
Қазақстан Республикасы бұл қараларға қосылып, өзі де мүгедектердің құқығын қорғау, оларға әлеуметтік көмек көрсетуге байланысты өзінің заңдарын шығарып отырады және олапрдың орындалуын қамтамасыз етеді. Мүгедектер жалпы 3 топқа бөлініп қарастырылады. Олардың 1-тобы аса ауыр деңгейдегі мүгедектер болып табылады, одан кейін 2 және 3-топтағы мүгедектер болады. Мүгедектердің қай топқа жатуына байланысты сол тобына сәйкес жәрдемақы алады. Бұл рефераттың негізгі бөлімінді міне осы мүгедектердің құқығының әлемдік деңгейде және Қазақстандағы қорғалуы қарастырылады. ҚР заң бойынша мүгедектерге берілетін анықтама және Батыс мемлекеттерінің инвалид сөзінің түсінуі салыстырылады. Және осы жылғы мүгедектерге берілетін ай сайынғы жәрдемақы мөлшері көрсетіледі. 18 жасқа толмаған мүгедек балалары бар отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік көмек аталып өтіледі.
Бiрiншi және екiншi топтағы мүгедек-қызметкерлерге - еңбек-ақысы азайтылмай, аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгiленедi.
Бiрiншi және екiншi топтағы мүгедек-қызметкерлердiң күн сайынғы жұмысының (жұмыс аптасының) ұзақтығы жетi сағаттан аспайды.
Бiрiншi және екiншi топтағы мүгедек-қызметкерлерге жиынтық жұмыс уақытын қолдануға тыйым салынады.
Үшiншi топтағы мүгедек-қызметкерлерге жиынтық жұмыс уақытының режимi, егер оларға медициналық көрсеткiштер бойынша мұндай режимге тыйым салынған болса, белгiлене алмайды.
Мүгедек-қызметкерлердi түнгi, мерзiмнен тыс жұмыстарға, демалыс және мейрам күндерiндегі жұмыстарға тартуға, оларды iссапарға жiберуге олардың жазбаша келiсiмiмен, егер мұндай жұмыс оларға медициналық көрсеткiштер бойынша тыйым салынбаса ғана жол беріледi.
Мүгедек-қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалысы, олардың қалауы бойынша өздерiне қолайлы уақытта беріледi.
Жұмыс берушi бiрiншi және екiншi топтағы мүгедек-қызметкерлерге ұзақтығы он бес күнтiзбелiк күннен кем емес қосымша ақылы еңбек демалысын бередi.
Жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысы жыл сайынғы еңбек демалысымен қатар не қызметкердің қалауы бойынша жұмыс жылының (күнтiзбелiк жылдың) басқа уақытында берiледi.
Тақырып:Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тергеп-тексеру мен есепке алу.
Жоспар:
