Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ_5В050300-Психология.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
472 Кб
Скачать
☆

4 Дәріс танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың негізгі педагогикалық бағыттары

Дәріс тезистері.

Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады.Мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе,ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді.

Әрекет - дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс.» Әрекетіміз дұрыс болу үшін,-дейді Әл-Фараби,-біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін....аңықтап алуға тиіспіз.»Адамды іс-әрекетке итермелейтін оның түрлі қажеттері екені өткен тарауда айтылды.Адам іс-әрекеті –күрделі процесс.Оның құрамына жеке амалдар мен қозғалыстардың әрекеттердің жүйесі кіреді.Іс-әрекетұғымынан әрекет ұғымын ажырату қажет.

Өйткені мұның біріншісінің ауқымы аса кең,ал әрекеттің сипаты шағын. Әрекет іс-әрекеттің шағым бөлігі,единицасы.Ол жеке мақсатты орындауға бағытталады,әрекетті орындау тәсілдері операция деп аталады.

Адам іс-әрекеттің белгілі белгілі түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде байланыс жасап,оны шамасынша өзгертіп отырады.

Іс-әрекет құрылымы жөіндегі проблема жантану теориясының дамуы мен көптеген практикалық міндеттердің тиімді шешім табуда үлкен маңызға ие.Іс-әрекет құрылымын жөніндегі алғашқы теориялық пайымдаулар әрекет элементтерімен байланыстырлыды. Бұл қарапайым элементтер ретінде әрекеттің ең жай түрлері : алу, қою, көтеру қабылдау ( Ф.Тейлер, Д.Джильберт). Әрқандай іс-әрекет осы элементтердің бірізді тізбегі.

Сонымен,іс-әрекет –адамның қоршаған дүниемен өзара ықпалды байланысының қозғалысты жүйесі.Осы жүйеде психикалық бейне пайда болып,обьекті күйіне енеді, ол іс-әрекеттің саналы қабылданған мақсатты түрі болып табылады.

Белгілі мақсатты болуынан әрқандай белсенділікті іс-әрекет деп санауға болады. Ал іс-әрекеттің бүкіл басқа тараптарының бәрі сеп түрткі, іс-әрекетті жоспарлау, ағымдағы ақпаратты өндеу, шешім қабылдау бірде сезілсе,көбіне еске ала бермейді. Алынған күнде толық болмауы, кейде тіпті қате де болуы мүмкін. Іс-әрекет қай деңгейде танылмасын, саналы мақсат оның қажетті белгісі.

Жаттығу, үйрену нәтижесінде қалыптасатын адамның саналы іс-әрекетібірліктерініңавтоматты түрде орындалуы - дағды атамасын алған. Әңгіме әрекет емес, сана қатысынсыз орындалатын қимылдар жөнінде, себебі адамның қалған қалыпта іс-әрекеті сана басқаруымен болатыны белгілі.Бір міндетке байланысты әрекетті екі не одан да көп қайталау барысында адам сол әрекетті орындау әдістәрін қолдану үшін ойланып -толғанбай, бүтін іс-әрекет элементтерінің бірінен екіншісіне жеңіл ауысып отырады, яғни кейбір әрекет қимылдар дағдылық қасиетке айналып, автоматтанған орындалу қалпына түсіп, енді адам жеке қимылдарын реттеп отыру борышынан арылып, өзінің саналы әрекетін күрделірек жүктемелерді атқаруға бағыттайды.

Адамның қай әрекеті болмасын үш тарап тан тұрады:қимылдық, сезімдік және саналық, бұлардың әрбірі өзіне сәйкес қызмет атқарады, ол қызметтер: орындау, бақылау және реттеу.

Әрекет құрылымындағы бірліктердің біршама автоматтанып, дағды қалыптасуынан келесі тәсілдер өзгеріске келеді.

а) әрекет орындалуы- майда қимыл-қозғалыстар біртұтас әрекетке бірігеді, артық, кажетсіз қозғалыстар жойылып, қимыл жеделдей түседі ;

ә) әрекетке сезімдік бақылау- қимылды көзбен бақылауға қажетті бағыт-бағдар сараптау қабілеті дамиды:

б) әрекетті санамен реттеп бару- зейіннің әрекет тәсілдерінен сол әрекеттің орындалу жағдайлары мен нәтижелеріне ауысуы. Осыдан әрекеттегі кейбір есеп-қисаптық санаға байланысты бірлікті әрі ықшам қабылданады.Кейбір қимылға көшуге болған ішкі дайындық алдыңғы әрекеттің орындалуымен бірге жүргізіліп, жаңа әрекетке өту арнайы жоспарсыз-ақ орындалады.

Мақсат дегеніміз- іс-әрекет бағытталған обьект, іс-әрекет нәтижесін көрсету Қажеттілік-міндетті түрде керек нәрсені белгілейді.

Іс-әрекеттің құрылымы: мотив, әрекет, мақсат;

Әрекет : ішкі (ақыл-ой),сыртқы (заттық);

Интериозиация – ішкі әрекет; Экстериозиация – сыртқы әрекет болып табылады. Интериозиация – сыртқы әркеттің ішкі амалға ауысуын айтамыз; Экстериозиация - ақыл ой әрекетінің заттармен әрекет ету түрінде сыртқы шығуын айтамыз. Сонымен ішкі ақыл ойдың психикалық әрекеті және дененің затпен айналысуы сыртқы моторлық болып бөлінеді. Совет психологы Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Б.Я.Гальперин зерттеулері арқылы ақыл ой әрекеті әуелде сыртқы әрекет түрінде көрініп бірте–бірте психикалық амалға ауысаиының дәлелдеді.

Оқу дамытуға септік тигізе алады.

Негізгі әдебиеттер: 2,3,9,10,12.

Қосымша әдебиеттер:24, 25, 26.