Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ_5В050300-Психология.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
472 Кб
Скачать
☆

7 Дәріс. Қазіргі кезеңдегі білім

Дәріс тезистері

Білім беру әлеуметтік институт ретінде анықталады, ол қоғамның әлеуметтік бір құрылымы болып табылады. Білім мен мәдениет бір-бірімен тығыз байланысты. Себебі, біріншіден, білім беру ол әлеуметтік институт, күрделі жүйе, өзіне көптеген элементтер мен байланыстарды біріктіреді. Оған: басқару, ұйымдастыру, кадрлар және т.б. жатады. Бұл жүйе мақсат, мазмұн, оқу бағдарламалары мен жоспарлар арқылы сипатталады.

Білім беру үш өлшеммен қарастырылады:

1.Әлеуметтік масштабта қарастыру, яғни әлемдегі, белгілі бір елдегі, қоғамдағы, аймақтағы, ұйымдағы және т.б. білім. Бұл жерде мемлекеттік, жеке, қоғамдық білім беру жүйесі бар.

2.Білім сатысы. Мектепке дейінгі, бастауыш мектеп, толық емес орталау және орта білім, әр түрлі деңгейдегі жоғарғы білім, бакалавриат, магистратура, біліктілікті жоғарылату, аспирантура, докторантура, мамандарды тереңдетіп даярлау.

3.Білім профилі: жалпы, арнайы, математикалық, гуманитарлы, қоғамдық – ғылыми және т.б.

Білім беру мазмұнынын қалыптастырудың негізгі

Қазіргі кезде білім мазмұнының мақсаты жеке тұлға қоғамға қажетті әлеуметтік құндылықты іс-әрекет арқылы меңгеруге тиісті жағдайда қажетті.

Білім беру мазмұнын орнықтырудың орнықтыру оқыту процесінің жаңартуды және сонымен бірге гуманитарландыруға негіз болады яғни оқушылар артық білімдік ақпараттардан босатылып, жеке өзінің шығармашылығының дамуына мүмкіндік алады. Жалпы білім беру мазмұнының барлық компоненттері және жеке тұлғаның негізгі мәдениеті бір-бірімен тығыз байланысты. Білімсіз дағды мүмкін емес, шығармашылық іс- әрекет белгісі бір біліммен дағдының негізінде қалыптасады, тәрбиелік осы іс-әрекеттегі білімге байланысты, яғни біреумен қарым-қатынас жасағанда өзінің немесе басқанын білдіретін эмоциясына тәртіптілік дағдысын, іскерлігін қарастырады.

Оқытуды ұйымдастыру тәсілі бойынша оқытудың белсенді формалары мен әдістері және дәстүрлі, яғни ақпаратты, хабарлаушы оқыту бөлініп шығады. Білім беруде дәстүрлі оқытудан басқа бағыттар да қалыптасқан. Олар: проблемалық оқыту, бағдарламалық оқыту, ақыл-ой әрекеттерін кезең бойынша қалыптастыру теориясына негізделген оқыту (П.Я. Гальперин, Н.Ф. Талызина), оқытудың алгоритмизациясы (Л.Н. Ланда), жобалап оқыту және т.б. Е. А. Климовтың жіктеуі бойынша педагогтың кәсібі «адам –адам» типтегі мамандықтарға жатады. Оқытушының іс әрекетінде мұғалім еңбегінің пәні болып келетін басқа адамға ықпал ете алу принципиалды болып келетіндігін көрсетеді. Басқаныфң тұлғасын қалыптастырып, дамыту мақсатында оған әсер ету – педагогтың іс әрекетінің мақсаты болып табылады. Басқа іс әрекет түрлері секілді педагогикалық іс әрекеттің өз формасы мен мазмұны, мақсаты мен оған жету құралдары болады.

Негізгі әдебиеттер: 2,3,9,10,12.

Қосымша әдебиеттер:16,18, 24, 25, 26.

8.дәріс : ТӘРБИЕ ПСИХОЛОГИЯСЫ

Дәріс тезистері.

Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты тәрбие мақсатын жүзеге асырумен тығыз байланысты

Бұл жалпы стратегиялық мақсат әр түрлі бағыттағы тәрбие мен оқытудың нақты

міндеттерін шешуге бағытталған.

Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты – тарихи құбылыс. Ол әлеуметтік даму тенденциясының көрінісі ретінде өңделіп қалыптасады, адамның рухани және табиғи мүмкіндіктерін ескере отырып талап қояды.

Тұтас педагогикалық процесте жүзеге асырылатын педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері оқыту (преподавание) және тәрбие жұмысы болып табылады.

Тәрбие жұмысы - жеке тұлғаның жан-жақты даму міндетін шешу мақсатында тәрбие ортасын ұйымдастыру мен тәрбиеленушілердің әр түрлі іс-әрекетін басқаруға бағытталған педагогикалық әрекет. Ал оқыту – ол оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға бағытталған тәрбие әрекетінің түрі.

Білім беру мазмұнының проблемасымен айналысатын ғалымдар (В.В.Краевский, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин және т.б.) оқытудың білім мен іскерлік компонеттерінен басқа, адамның оқыту процесінде игеретін шығармашылық әрекет тәжірибесін және қоршаған ортаға деген эмоционалды-бағалы қатынасын жатқызады.

Оқыту мен тәрбие жұмысының бірлігінсіз білім беру элементтерін жүзеге асыру мүмкін емес. Біртұтас педагогикалық процесс – ол «тәрбиелеп отырып оқыту» мен «оқыта отырып тәрбиелеу» бірігетін процесс (А.Дистервег).

Оқыту прцесінде ерекше орын алатын оқыту әрекеті мен тұтас педагогикалық процесте жүзеге асырылатын тәрбие жұмысын салыстырып өтейік.

Кез келген ұйымдастыру формасы сияқты, оқыту да уақытты, нақты мақсатты, оған жету варианттарын қажет етеді. Оқытудың тиімділігінің маңызды критерийі оқу мақсатына жету болып табылады.

Ал тәрбие жұмысы кез келген ұйымдастыру формасы ретінде нақты мақсатқа жетуді талап етпейді. Тәрбие жұмысында мақсатқа бағытталған нақты міндеттерді алдын-ала көруге болады. Тәрбие міндеттерін шешу тиімділігінің маңызды критерийі эмоция, мінез-құлық, іс-әрекетте көрінетін тәрбиеленушілер санасының өзгеруі.

Оқыту логикасын нақты түрде бағдарламалауға болады, ал тәрбие жұмысында жоспарлауға қоғамға, еңбекке, адамдарға, ғылымға, табиғатқа, заттарға, қоршаған орта құбылыстарына өз-өзіне қатынасы кіреді.

Негізгі әдебиеттер: [,3,9,10,12, 20.

Қосымша әдебиеттер: 6, 11, 17.