Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РК-ні жалпы скери жарылары.практика нсауы 7.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

4.Бақылау сұрақтары:

1. Гауптвахтада ұстау камау тәртібі

2. Тәртіптік жазалар және оны қолдану тәртібі.

3. Тәртіптік жазалар және оны қолдану түрлері.

5. Қызметтік қамауға ұшыраған адам жазаны өтеуі.

6. Тәртіптік жазалар - қызметтік қамау немесе ақша қаражаты т.б.

5. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес пікір-талас өткізу.

2. Студенттерді бағалау.

6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

1. ҚРҚК-дегі әскери бөлімдереде, көтермелеулер мен тәртіптік жазалардың жалпы тіркеу ережелерін,әскери қызметкерлердің үлгілік лауазымдары бойынша тәртіптік құқықтарының салыстырмалы кестесімен танысып үйрену туралы.

2. Әскери бөлімде (корабльдің) қызмет кітабын,тәртіптік ретпен қолданылған қамауды атқаруға келтірудің тәртібі.Оқыту әдістемесін оқыту туралы.

7. Үй тапсырмасы: 1. ҚРҚК-дегі әскери бөлімдереде, көтермелеулер мен тәртіптік жазалардың жалпы тіркеу ережелерін,әскери қызметкерлердің үлгілік лауазымдары бойынша тәртіптік құқықтарының салыстырмалы кестесімен танысып оқытуды қайталау.

8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1.Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.

2. И.К.Тұрметов, Ә.Айтуғанов, Т.Қарғабаев,ҚР Қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары. Түркістан, 2007.

http://mod.go.kz-Қорғаныс министрлігі. asker.kz-Қазақстан Әскері сайты

№ 10 Практикалық/семинар сабақ тақырыбы Тәуліктік наряд"

1. Жоспары:

1.Жалпы ережелер.

2.Кезекші бөлімше.

3.Қызмет бойынша нарядтағы тағайындаудың тәртібі және олар бойынша есептілік.

4.Тәуліктік нарядқа дайындау.Оқыту әдістемесі.

2.Сабақтың мақсаты: ҚРҚК-дегі Әскери бөлімдерде тәулікті нарядтың міндеттерін, құрамын түсіндіру.

3.Қысқаша мәтіні: ҚРҚК-дегі Әскери бөлімдерде тәулікті нарядтың міндеттерін, құрамын

түсіндіре жеткізу туралы.

1.Жалпы ережелер.Кезекші бөлімше,қызмет бойынша нарядтағы тағайындаудың тәртібі және олар бойынша есептілікпен тәуліктік нарядқа дайындау оқыту әдістемесі.

Тәуліктік наряд жауынгерлік әзірлік пен ішкі тәртіпті ұстау, жеке құрамды, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, зымырандар мен оқ-дәрілерді, материалдық құралдар қорларын, әскери бөлімнің (бөлімшенің) үй-жайлары мен мүлкін қорғау, бөлімшелердегі істердің жай-күйін және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауды бақылау, тәуліктік нарядтың жалпыәскери жарғылармен айқындалған қызметі бойынша басқа да міндеттерін орындау үшін тағайындалады.

Тәуліктік нарядтың құрамы оқу кезеңіне бөлім бойынша бұйрықпен жарияланады.

Бөлімнің тәуліктік нарядының мынадай құрамы көзделеді:

- бөлім бойынша кезекші;

- бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі;

- қарауыл;

- кезекші бөлімше;

- парк бойынша кезекші мен тәуліктік кезекшілер, кезекші тартқыштардың механик-жүргізушілері (жүргізушілері);

- медициналық пункт бойынша кезекші фельдшер (санитарлық нұсқаушы) мен тәуліктік кезекшілер;

- бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші мен кезекшінің көмекшілері;

- қоймалар аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекші мен тәуліктік кезекші;

- асхана бойынша кезекші мен жұмысшылар;

- бөлім штабы бойынша кезекші мен шабармандар;

- кезекші белгі беруші-барабаншы;

- өрт сөндіру наряды.

Күн сайын бөлім бойынша бұйрықпен: бөлім бойынша кезекші, бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі, қарауыл бастығы, парк бойынша кезекші, қоймалар аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекші, кезекші бөлімше, өрт сөндіру наряды, сондай-ақ тәуліктік наряд бөлінетін бөлімше тағайындалады. Қажет кезде бөлім командирінің тәуліктік наряд құрамын өзгертуге құқығы бар.

Әскери бөлім командирі қызмет атқару орындарында қажетті санитарлық-гигиеналық және тұрмыстық жағдайлар жасауы тиіс.

Ротаның тәуліктік нарядына:

- рота бойынша кезекші;

- рота бойынша тәуліктік кезекші тағайындалады.

Роталардағы тәуліктік кезекшілердің ауысым санын бөлім командирі айқындайды. Жатақхана бойынша тәуліктік нарядтың құрамы, сондай-ақ оның міндеттері ротаның тәуліктік нарядына қатысты айқындалады.

Кейбір батальондарда олардың саны мен орналасу жағдайларына байланысты роталар бойынша кезекшінің орнына бөлім командирінің шешімі бойынша батальон бойынша кезекші, ал бірнеше бөлімшелер бірге орналасқан кезде осы бөлімшелер бойынша кезекші тағайындалады. Көрсетілген жағдайларда тәуліктік кезекшілердің саны бөлімшелердің орналасуы, күзетті қамтамасыз ету және ішкі тәртіпті ұстау жағдайларына сүйене отырып айқындалады.

Барлық кезекшілер мен олардың көмекшілерінің кеудесінің сол жағында тиісті жазуы бар кеуде белгісі (бейдж) болуы тиіс. Кеуде белгісін (бейджді) бұрынғы кезекші жаңа кезекшіге кезекшілікті тапсыру және қабылдау туралы баяндағаннан кейін береді.

Жауынгерлік қызметке түсетін әскери қызметшілерге олар дербес жауапты болатын нөмірлік металл кеуде белгілері беріледі. Белгілердің үлгісін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың бірінші басшылары айқындайды.

Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қатарынан тағайындалған бөлім бойынша кезекші, бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі, қарауыл бастығы, парк бойынша, қоймалар аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекші жарақталған екі оқжатары бар пистолеттермен қаруланады.

Сержанттар қатарынан тағайындалған қарауыл бастығы жарақталған екі оқжатары бар автоматтармен қаруланады.

Сержанттар қатарынан тағайындалған парк бойынша кезекші, бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші, бөлім штабы бойынша кезекші, бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшісі, жатақхана бойынша тәуліктік наряд құрамына кіретін әскери қызметші әйелдерден басқа, бөлімшелер бойынша кезекшілер мен тәуліктік кезекшілер, сондай-ақ парк бойынша тәуліктік кезекшілер мен штаб бойынша шабармандар қаптағы сүңгі-пышақтармен қаруланады. Сүңгі-пышақ белдік белбеудің сол жағында тоғадан алақан енінде болуы тиіс.

Қажет кезде Қорғаныс министрінің, Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар басшыларының бұйрығы бойынша кейбір әскери бөлімдерде тәуліктік кезекшілер мен бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшілері, ротаның тәуліктік наряды және парк бойынша тәуліктік кезекшілер жабдықталған екі оқжатары бар автоматтармен (карабиндермен) қарулануы мүмкін.

4.Бақылау сұрақтары:

1. Сержанттар қатарынан тағайындалған парк бойынша кезекші

2. Барлық кезекшілер мен олардың көмекшілерінің белгілері және олардың орналасуы.

3. Ротаның тәуліктік наряды

5.Рота бойынша кезекші;

6. Бөлімнің тәуліктік нарядының мынадай құрамы.

5. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес пікір-талас өткізу.

2. Студенттерді бағалау.

6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

1.ҚРҚК-дегі әскери бөлімдереде, кезекші бөлімше. қызмет бойынша нарядтағы тағайындаудың тәртібі және олар бойынша есептілік.тәуліктік нарядқа дайындау оқыту әдістемесін үйрену туралы.

7. Үй тапсырмасы: 1 ҚРҚК-дегі әскери бөлімдереде, кезекші бөлімше. қызмет бойынша нарядтағы тағайындаудың тәртібі және олар бойынша есептілік.тәуліктік нарядқа дайындау оқытуды қайталау.

8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1.Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.

2.И.К.Тұрметов, Ә.Айтуғанов, Т.Қарғабаев,ҚР Қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары. Түркістан, 2007. 2.Т.Қарғабаев

3.Әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынас., Түркістан, 2007

4. Т.Қарғабаев, Гарнизондық қызметті ұйымдастыру. Түркістан, 2007.

http://mod.go.kz-Қорғаныс министрлігі. asker.kz-Қазақстан Әскері сайты

№ 11 Практикалық/семинар сабақ тақырыбы:" Тәуліктік наряд адамдардың құқықтары мен міндеттері"