Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РК-ні жалпы скери жарылары.практика нсауы 7.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

4.Бақылау сұрақтары:

1.мандирлердің жалпы міндеттері.

2. Сарбаздар мен матростардың міндеттері.

3. Бөлімше (топ, экипаж) командирінің міндеттері.

4.Әскери қызметшілердің міндеттері.

5.Взвод (топ, мұнара) командирінің міндеттері.

6.Командирлердің жалпы міндеттері.

7. Бөлім (топ, экипаж) командирінің міндеттері.

8.Взводтың (топтың, есептоптың) жеке құрамының атаулы тізімін жүргізу.

9.Вводтың (топтың, есептоптың) жеке құрамының әскери тәртіпті сақтауы.

5. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1 Әскери бөлімнің сарбазы (матрос) міндеттеріне талдау жасау.

2. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес пікір-талас өткізу.

3. Студенттерді бағалау.

6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

1.Әскери бөлім командирлерінің міндеттерін оқытып үйрету әдіс-тәсілдері туралы бейне көрсетілімдер мен материалдар.

2. Әскери бөлім командирлерінің міндеттерін оқытып үйрету әдіс-тәсілдерін толықтыру.

7. Үй тапсырмасы:ҚРҚК-дегі лауазымды адамдардың,сарбаздар мен матростардың міндеттерін оқыту әдістемесі .

8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1.Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.

2. И.К.Тұрметов, Ә.Айтуғанов, Т.Қарғабаев,ҚР Қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары. Түркістан, 2007.

http://mod.go.kz-Қорғаныс министрлігі. asker.kz-Қазақстан Әскері сайты

№ 4. Практикалық/семинар сабақ тақырыбы:" Ішкі тәртіп және әскерлердің қызметі,Әскери қызметшілердің орналастырылуы"

1.Жоспары:

1 Ішкі тәртіп.

2 Әскерлердің қызметі.

3.Әскери бөлімдердің әскери қалашықтарда орналастырылуы.

4.Қоршаған ортаны қорғау.

5.Оқыту әдістемесі

2.Сабақтың мақсаты: Әскери қызметшілердің әскери бөлімде әскери жарғыларда айқындалғандай орналасуы және күнделікті қызмет пен тұрмыс ережелерін қатаң сақтаудың маңызын оқыту, әскери бөлімдердің әскери қалашықта орналасу және қалашықтардағы ғимараттарды пайдалану тәртіптерін түсіндіру.

3.Қысқаша мәтіні: Әскери қызметшілердің әскери жарғыларда айқындалғандай орналасуы және күнделікті қызмет пен тұрмыс ережелерін қатаң сақтаудың маңызын түсіндіру.

1. Ішкі тәртіп.

Ішкі тәртіп - әскери кызметшілердің әскери бөлімде (бөлімшеде) әскери жарғыларда айқындалған орналасу, күнделікті қызмет пен тұрмыс ережелерін катаң сақтауы.

Ішкі тәртіпке:

- барлык әскери қызметшілердің заңдармен және әскери жарғылармен айқындалған міндеттерін терең білуімен, түсінуімен, саналы және дәл орындауымен;

- әскерлердің қызметін жіті ұйымдастыруымен және тәуліктік нарядтың қызметті үлгілі атқаруымен;

- күн тәртібінің және қызметтік уақыт регламентінің дәл орындалуымен;

- нысаналы тәрбие жұмысымен, командирлердің (бастыктардың) жоғары талапшылдығын бағыныстылар туралы ұдайы қамқорлығымен және олардың денсаулығын сақтаумен үйлестірумен;

- жауынгерлік даярлықты жіті қйымдастырумен;

- қару-жарақты, әскери техниканы және басқа да материалдық құралдарды пайдаланудың (қолданудың) ережелерін орындаумен; орналасқан жерлерде әскери қызметшілерге олардың күнделікті қызметі, өмірі мен тұрмысы үшін әскери жарғылардың талаптарына жауап беретін жағдайлар жасаумен;

- өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтаумен, сондай-ақ әскери бөлімнің қызмет ауданында қоршаған ортаны корғау жөнінде шаралар қабылдаумсн қол жеткізіледі.

Әскерлердің кызметі - Қарулы Күштердің гарнизондарында, әскери бөлімдері мен бөлімшелерінде жоғары жауынгерлік даярлыкты, жарғылық әскери тәртіпті және әскерлердің өмірін, тұрмысын, қызметін, сондай-ақ тәуліктік нарядтың бейбіт, сондай-ақ соғыс уақытында қызметінің атқарылуын ұйьмдастыруды реттейтін заңдармен, әскери жарғылармсн, бұйрықтармен, нұсқаулыктармен және тәлімдемедермен белгіленген ережелерді сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың кешені.

- әскерибөлімдерде, бөлімшелерде, парктерде, оқу орталықтары мен лагерьлерде күнделікті төртіпті, ату қаруы мен оқ-дәрілерді сақтау мен берудің дұрыстығын айқындайтын ішкі қызметті;

- әскери бөлімнің (бөлімшенің) ішкі тәртібін ұстау, жеке құрамды, қару-жарақты, әскери техника мен оқ-дәрілерді, үй-жайларды, мүліктерді және басқа да материалдық құралдарды күзетуге, бөлімшелердегі істердің жай-күйін бақылауға және әсксри тәртіп пен қүқық бұзушылықтардың, күн тәртібін бұзулардың алдын алу мен болдырмау жөнінде уақтылы шаралар қабылдауға, ішкі қызмет бойынша баска да міндетгерді орындауға арналған тәуліктік нарядтың қызметін;

- гарнизонның жеке құрамының арасыңда жоғары әскери тәртіпті сақтауы, әскерлсрдің күнделікті өмірі мен даярлығы үшін қажетті жағдайларды және әскерлсрдің қатысуымен гарнизондық шарларды жүргізуді қамтамасыз етуді мақсат етіп қойған гарнизондык қызметті қамтиды.