Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РК-ні жалпы скери жарылары.практика нсауы 7.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

5.Әскери әдеп және әскери қызметшілердің мінез құлықы туралы.

Бір-біріне бағыныссыз әскери қызметшілер міндеттерін бірлесе орындаған ретте, олардыд қызметтік өзара карым-қатынасын командир (бастық) айқындамаған болса, олардың лауазымы бойынша жоғары тұрғаны, ал лауазымдары бірдей болған ретте әскери атағы бойынша аға шендісі бастық болып табылады

6. Әскери сәлемдесу. Оқыту әдістемесі.

Аға шенділік - әскери қызметшілердің әскери атақтарымен айқындалады. Әскери атағы бойынша аға шенділер кіші шенділер әскери тәртіпті, қоғамдық реттілікті, мінез-қүлық қағидаларын, әскери киім нысанын киіп жүруді және әскери сәлемдесу рәсімін орындауды бұзған жағдайда, олардан осы жолсыздықтарды жоюды талап етуге тиіс. Атағы бойынша кіші шенділер аға шенділердің осы талаптарын сөзсіз орындауға міндетті.

4.Бақылау сұрақтары:

1 Дара басшылық .

2.Командирлер (бастықтар) мен бағыныштылардың міндеттері.

3.Аға және кіші шенділер.

4.Бұйрық, Өкім

5.Әскери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез құлқы.

6. Әскери сәлемдесуді әр түрлі жағдайда орындау тәртібі.

7. Өкім шығару, орындау және бақылау тәртібі.

5. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес пікір-талас өткізу.

2. Студенттерді бағалау.

.6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

1.Дара басшылық .Командирлер (бастықтар) мен бағыныштылардың міндеттері бейне т.б материалдар жинақтау

2. Әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастары туралы материалдарды толықтыру.

7. Үй тапсырмасы:ҚРҚК-дегі Әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастарын оқыту әдістемесі .

8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1.Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.

2.И.К.Тұрметов, Ә.Айтуғанов, Т.Қарғабаев,ҚР Қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары. Түркістан, 2007. 2.Т.Қарғабаев

3.Әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынас., Түркістан, 2007

4. Т.Қарғабаев, Гарнизондық қызметті ұйымдастыру. Түркістан, 2007.

http://mod.go.kz-Қорғаныс министрлігі. asker.kz-Қазақстан Әскері сайты

№ 3. Практикалық/семинар сабақ тақырыбы:"Лауазымды адамдардың,сарбаздар мен матростардың міндеттері"

1.Жоспары:

1 Әскери бөлімнің сарбазы (матрос) міндеттері.

2. Бөлімше (топ, экипаж) командирі.

3.Взвод командирі орынбасарының міндеттері.

4.Взвод командирінің міндеттері (топ, мұнара).Оқыту әдістемесі.

2.Сабақтың мақсаты: Әскери бөлім командирінің және негізгі лауазымды адамдардың, сарбаздар мен матростарының міндеттерін оқыту. Командирінің жалпы міндеттерін оқытып үйрету.

3.Қысқаша мәтіні: Әскери қызметшілердің бөлім командирінің және негізгі лауазымды адамдардың, сарбаздар мен матростарының міндеттерін, әскери қызметшілердің взвод командирінің жалпы(топ,мұнара) міндеттерін оқытып үйрете түсіндіру.

1 Әскери бөлімнің сарбазы (матрос) міндеттері.

Қарулы Күштердің әскери қызметшісі:

- Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және жалпыәскери жарғыларының талаптарын қатаң сақтауға;

- әскери антқа адал болуға, өз халқына шексіз беріліп қызмет етуге, Қазақстан Республикасын батыл, шебер қорғауға, әскери борышын орындауға, әскери қызметтің қиындықтарына табандылықпен төзуге;

- өз Отанының патриоты болуға, өзінің іс-қимылымен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекеттің мүдделерін қорғауға, әскери қызметшілер арасындағы достықты нығайтуға;

- адал, тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын орындау кезінде дұрыс бастама танытуға;

- командирлерге (бастықтарға) мүлтіксіз бағынуға және оларды ұрыста қорғауға, әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын сақтауға;

- әскери кәсіби білімді ұдайы меңгеруге, өз машығы мен әскери шеберлігін жетілдіруге;

- оған сеніп тапсырылған қару-жарақ пен әскери техниканы білуге және қолдануға ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери мүлікті және басқа да материалдық құралдарды сақтауға;

- жауынгерлік жолдастықты бағалауға, әскери қызметшілерді қауіптен құтқаруға, оларға сөзбен және іспен көмектесуге, әрқайсысының ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге, өзіне және басқаларға қатысты дөрекілік пен қорлауға жол бермеуге, олардың лайықсыз қылықтар жасауына жол бермеуге;

- әскери әдептілік, мінез-құлық, әскери сәлемдесу, әскери киім нысанын киіп жүру ережелерін сақтауға, әрдайым және барлық жерде өзін қадір-қасиетпен және абыроймен ұстауға;

- қырағы болуға, мемлекеттік құпияларды қатаң сақтауға міндетті.

Әскери қызметші Қазақстан Республикасының қорғаушысы деген жоғары атақты лайықты ұстауға, Қарулы Күштердің, өз әскери бөлімінің абыройы мен жауынгерлік даңқын және өзінің әскери атағын құрметтеуі тиіс.

Әскери қызметші мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халықтар достығын қастерлеуге міндетті.

Әскери қызметшілердің өзара қарым-қатынасында олардың ұлттық сезімдеріне, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлеріне деген құрметі көрінуі тиіс.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі болып табылады. Қарулы Күштерде қазақ тілімен тең түрде орыс тілі қолданылады.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – әрбір әскери қызметшінің борышы.

Командирлер (бастықтар) мемлекеттік тілді барынша дамытуға, барлық әскери қызметшілердің мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруі үшін барлық қажетті ұйымдастыру, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға міндетті.

Әскери қызметшілер бір-бірінің құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге, командирлер (бастықтар) мен үлкендерге тәртіпті ұстауда жәрдемдесуге міндетті.

Қызметтестері арасындағы жалпыәскери жарғылармен айқындалған өзара қарым-қатынас ережелері бұзылған жағдайда әскери қызметші дереу оған берілген құқықтар мен міндеттер көлемінде жарғылық тәртіпті орнатуға шаралар қолдануға және сонымен бірге өзінің тікелей бастығына, ал ерекше қажет болған жағдайда үлкен бастыққа баяндауы тиіс.

Әскери қызметшімен болған, оның міндеттерін орындауына әсер ететін барлық жағдайлар мен оған жасалған ескертулер туралы ол өзінің тікелей бастығына баяндауға міндетті.

Әскери қызметші салауатты өмір салтын жүргізуі, өз денсаулығын сақтауы және нығайтуы, әскери қызмет қауіпсіздігінің талаптарын, сырқаттанудың, улану мен жарақат алудың алдын алу шараларын сақтауы, дене дайындығы мен жаттығуды күнделікті арттыруы, ағзасын шынықтыруды жүзеге асыруы тиіс. Әскери қызметшіге қызметтік міндеттерін атқару кезінде ішімдік ішуге тыйым салынады. Шылым шегуге тек осы мақсат үшін бөлінген орындарда рұқсат етіледі.

Әскери қызметші қызмет және жеке мәселелері бойынша өзінің тікелей бастығына және оның рұқсатымен команда бойынша келесі бастыққа өтініш жасауы тиіс, ал ерекше жағдайларда ол үлкен бастыққа өтініш жасай алады.

Ұсыныс, арыз немесе шағым түрінде тікелей өтініш жасаған кезде әскери қызметші Қарулы Күштердің тәртіптік жарғысының (бұдан әрі – Тәртіптік жарғы) ережелерін басшылыққа алады.

Әскери қызметшілер әскери мүліктің ұрланғанын немесе бүлінгенін, ақшалай қаражатты заңсыз жұмсауды, әскерлерді жабдықтауда асыра пайдалануды, қару-жарақ пен әскери техниканы ұстаудағы кемшіліктерді немесе мемлекетке зиян келтіретін басқа да фактілерді байқаған кезде бұл туралы тікелей немесе үлкен бастыққа баяндауға, сондай-ақ құқық қорғау орындарына хабарлауға міндетті.

Әскери қызметші мемлекеттік басқару органдарына, құқық қорғау органдары мен соттарға лауазымды адамдардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің заңсыз әрекетіне өтініш жасай алады.

Әскери қызметші халықаралық гуманитарлық құқық ережелерін, соның ішінде әскери іс-қимылдар жүргізудің, жауынгерлік іс-қимылдар ауданындағы жаралылармен, сырқаттармен, қарсыластың қарулы күштері құрамынан кеме апатына ұшыраған адамдармен және азаматтық тұрғындармен, сондай-ақ әскери тұтқындармен қарым-қатынас жасаудың халықаралық ережелерін білуге және мүлтіксіз сақтауға міндетті.

Әскери қызметші жауынгерлік іс-қимылдар барысында, тіпті өзінің әскери бөлімінен (бөлімшесінен) қол үзіп, толық қоршауда қалғанда да тұтқынға түсуден қаша отырып, қарсыласқа батыл қарсылық көрсетуге міндетті. Ол ұрыста өзінің жауынгерлік борышын аяғына дейін орындауға міндетті.

Егер әскери қызметші өз әскерлерінен қол үзіп қалып және қарсылық көрсетудің барлық құралдары мен тәсілдерін тауысып немесе жарақаттану немесе контузия алу салдарынан дәрменсіз жағдайда қала отырып, қарсыластың тұтқынына түсетін болса, ол өзін және басқаларды тұтқыннан босату және өз әскерлеріне қайтып оралу үшін кез келген мүмкіндікті қарастыруы және пайдалануы тиіс. Қарсылас тұтқынға алған әскери қызметшінің жауап алу кезінде тек өз тегін, атын, әкесінің атын, әскери атағын, туған күнін және жеке нөмірін айтуға құқығы бар. Ол жауынгер абыройын ұстауға, мемлекеттік құпияларды қастерлеп сақтауға, табандылық пен батылдық танытуға, тұтқындағы басқа да әскери қызметшілерге көмек көрсетуге, оларды жауға жәрдемдесуден тоқтатуға, қарсыластың әскери қызметшіні Қазақстан Республикасына зиян келтіру үшін пайдалану әрекеттерін тойтаруға міндетті.