Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс 7 ОСД.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

7.1 Сурет. Іргетасқа арналған қалып

б)

б)

7.2. Сурет. Арқалықтар мен аражабын тақтайларының (а) және бағаналардың (б) қалыбы

Сұрыпты-ауысатын ағаш қалып ұзақ мерзімге шыдамайды. Оның кейбір элементтері 10-15 айналымға көп шыдай алмайды. Сондықтан да ұзақ мерзімді конструкциялар жасау көзделеді, мысалы металложаймалауды қолдану, яғни ағаш метал және метал қалыптар. Қазіргі таңда еліміздің құрылыс алаңдарында түрлі шетелдік фирмалардың көптеген қалыптау жүйелері қолданылады («Дока», «Мева», «Далли», «Тиссен», «НОЕ», «Утинор» және т.б.). Мұндай жүйелердің ерекшеліктері мынадай конструктивті шешімдер болып табылады. Күш ұстаушы элемент ретінде металды қаңқа (болат немесе алюминді), ал палуба материалы ретінде – суға тұрақты жұқа тақтай немесе түйіршіктелген жабыны бар цинктелген болат беттер қолданылады. Палуба материалы бетінің дұрыс өңделуі оны 200 айналымға дейін қолдануға, бетонды конструкция бетінің жоғары сапасын қамтамасыз ететін, бетон қалдықтарынан оңай және тез тазартуға мүмкіндік береді. Қанқаға қалқалардың жеңіл бекітілуі тозған палубаны тез ауыстыруға мүмкіндік береді. Осыдан басқа, қалып элементтерін өзара байланыстыру үшін тез әсер ететін және универсалды қысушы құралдар қолданылады (7.3 сурет).

Қызмет ету мерзімін 100 немесе одан да көп айналымға дейін ұзарту үшін конструкцияның түрлі түрлерін қолдана отырып қалыптау жүйелерінің пайда болуына алып келеді. Осылайша, әдеттегіден элементтерінің өзараауыстырылатынымен, жоғары беріктігімен және қалыптың жиналуын жеңілдететін инвентарлы құрылғылардың болуымен ерекшеленетін сұрыпты-ауыстырылатын қалып пайда болды. Мысалы,бағаналарды бетондауға арналған «Дока» фирмасының «Фрамкэко» майдақалқалы қалыбы адымы 5 см, көлденең қимасы 75х75 см дейінгі бағаналарды қалыптауға мүмкіндік береді, немесе кез-келген өлшемді аражабындарды бетондауға арналған сұрыпты-ауыстырылатын қалыптар.

7.3 Сурет. Құрастырудағы аражабын қалыбы:

/ —телескопические тіректер; 2 — тренога; 3 — бойлық арқалық; 4 — көлденең арқалық; 5 — ламинирленген жұқа тақтаның беттері; 6 — қоршау

Құрылыс алаңындағы жүккөтеруші механизмдер мен үлкен көлемді жұмыстардың болуы элементтердің іріленуіне және сұрыпты-ауыстырылатын қалыпты жай ауыстырылатына, яғни толығымен ауыстырылатын қалыптарға алып келеді. Мұндай қалыптардың ішінен іргетастар, бағаналар үшін блокты-ауыстырылатын, біруақытта қабырғалар мен аражабындарды бетондауға арналған П-пішінді, биік имараттарды бетондауға арналған көтеріліп-ауыстырылатын, сонымен қатар конусты немесе биіктік қимасы бойынша өзгеретін қалыптарды бөліп айтуға болады.

Ауыстырылатын қалыптар түрінің бірі - пневматикалық қалып. Оны коллектор тұрғызуда, күмбезді имараттар жабындарын және жұқа қабырғалы күмбезді конструкцияларын тұрғызуда ұтымды қолданады.

Қалыптың бұл түрін жоғары беріктікті тілмектелген матадан немесе берік полимерлі қабықшадан, резинолатексті материалды қабықшалрдан иілгіш қабық түрінде орындайды. Шегендеуді дисперсті кесілген әйнекталшықтармен немесе жіңішке шегенді торлармен қолданады. Бетонды шашыратып немесе қабаттап жағады. Жұмысшылар автогидрокөтергіште орналасады, қабаттың қалыңдығы алдын-ала орналастырылған маяктар көмегімен жобаланған қалыңдық бойынша бақыланады.

Тіреуіш қабырға, тоннелдер және ашық әдіспен орындалатын жерасты имараттары мен конструкцияларының коллекторлары сияқты, тұрақты көлденең қимасы бар, желілік ұзындықты имараттарды бетондау үшін бетондалған конструкцияның ішінде қалыптың жиналуы үшін механикалық құрылғысы бар және бетондалатын конструкцияның ішінде теміржолды арбада қондырылған домалағыш қалып қолданылады (7.4 сурет).